І . ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
1.1.Геометриялық материалды оқыту әдістемесі
Геометриялық материал бастауыш сыныптарда бөлек тақырып болып қарастырылмайды. Геометриялық материал арифметикалық және алгебралық материалдармен тығыз байланыста қарастырылады. Геометриялық материалдардан бастауыш сыныпта: «кеңістік туралы түсінік», «нақты фигура туралыұғым», «геометриялық фигуралармен байланысты қарапайым ұғымдар , оларды ажырату», «геометриялық шамаларды өлшеу», «фигураларды салудың бастама білігін қалыптастыру», « әр түрлі геометриялық шамалармен таныстыру » және т.б. қарастырылады. Геометриялық фигуралардың 1-сыныпта бұрын беріліп жүргеннен гөрі біршама кеңейтіліп берілу себебі пәнішіндік мұқтаждықтан және қажеттіліктен туындайды. Өйткені олар алдағы уақытта көрнекілік ретінде жиі қолданылады, сондай-ақ дамытушылық сипаттағы жаттығулар мен тапсырмаларды орындауға тірек білім болып табылады; ал олардың ішіндегі шығармашылықпен байланыстылары, көбінесе геометриялықфигураларды бөліктерге бөлу және бөліктерден құрастыруды көздейді. Геометриялық фигуралар жайында түсініктер де біртіндеп тиянақталып, дами түседі. Осы уақытқа дейін геометриялық фигуралар «бір тұтас» деп түсіндіріліп келсе, енді олардың элементтерімен таныстыру жүзеге асырылады. Осыған орай үшбұрыштың және шаршының қабырғалары – кесінділер, ал бұрыштың қабырғалары – сәулелер, олардың төбелері- нүктелер болып табылатынына назар аударылады. Сонымен бірге үшбұрыштың , төртбұрыштың (бес, алты бұрыштың) элементтері ( бұрыштың төбелері, қабырғалары )аталу сандарымен (3,4,5,6) сәйкестендіріледі. Геометриялық фигуралардан бастауыш сыныпта : сызықтар (түзу , қисық, тұйықталған және тұйықталмаған қисық сызықтар); нүкте; сәуле; бұрыштар қарастырылады.
Сондай-ақ , көпбұрыш; тіктөртбұрыш; шаршы; тік , сүйір, доғал бұрыштар; текше; шеңбер; дөңгелек; параллелепипед; параллель ; перпендикуляр түзулер оқытылады.
Тақырыптың міндеттері :
Геометриялық фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру
Сызбалық және өлшеуіш аспаптардың көмегімен және оларды пайдаланбай ( көзбен өлшеу, қолдан сызу, т.с.с) оқушыларда өлшеудің және геометриялық фигураларды салудың машықтық біліктерін қалыптастыру.
Кеңістік ұғымдары жөніндегі білімдерін жалпылау.
Геометриялық фигураларды бір-бірінен ажыратуға машықтандыратын тапсырмалар қайталау және пысықтау мақсатында кездесуі мүмкін және олардың бәрі жаңадан енгізіліп отырған түсініктермен тығыз байланысты қарастырылады.
Тапсырмалар :
Геометриялық материалды оқытуды мынадай қағидалар басшылыққа алынды:
Геометриялық материалдарды оқыту барысында оқушылардың мектепке дейінгі және күнделікті өмірден алынған білімдеріне сүйенеді.
Геометриялық фигуралар тек оқытудың мақсаты ғана емес, оқытудың құралы да, геометриялық материалдар санларды нөмірлеу, арифметикалық амалдар, мәтінлі есептер, үлес сияқты мәселелерді оқыту баысында көрнекі құрал ретінде пайдаланылады:
Геометриялық ұғымдарға (тік бұрыш, шаршы және периметрден басқаларына) анықтама тек қана онтенсивті түрде көрсету арқылы беріледі,
Геометриялық материалдар оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін де пайдаланылады;
Геометриялық материалдар оқушыларға ойлау қабілетін дамыту үшін де пайдаланылады;
Геометриялық материалдар оқушыларда практикалық іскерліктер қалыптастырады.
Жалпы геометриялық материалдар жайлы оқушыларда берік білім қалыптастыру үшін мынадай геометриялық мағынада тапсырмалар қарастырылады:
Геометриялық фигураларды санау материалдары ретінде пайдалана алады.
Геометриалық шамалар ( ұзындық, аудан) және оларды өлшеу жайлы түсінік қалыптастырылатын есептер.
Көптбұрыштың периметрін , ауданын табуға арналған есептер.
Салу есептері
Геометриялық фигураларды саралауға (классификациялау) арналған тапсырмалар. (Бір топ фигуралар ішінен үшбұрыштарды теріп жаз деген сияқты).
Фигураны бөліктерге бөлу немесе керісінше элеметтері бойынша фигура құрастыру.
Әріпті пайдалана отырып геометриялық сызбаларды оқу, жазу.
Нәрселердің немеес оның қандай да бөлігінің геометриялық формасын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |