Төлеби ауданының әкімдігі «21» маусым 2010 жыл №251 қаулысы


Территориялық (кеңістіктік) орналасуы



бет11/16
Дата23.02.2016
өлшемі1.43 Mb.
#3790
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Территориялық (кеңістіктік) орналасуы

Аудан 1 қалалық және 14 ауылдық округтерден құрылған, елді мекен саны -62.Төлеби ауданының урбанизация процесі облыстың өзгеде аймақтарындағы осындай процестермен жалпы ұқсастығы бар, олардың негізгілері жоспарлы шаруашылық және индустриалдық принциптегі кеңістіктік даму уақытында құрылған. Бірнеше мыңжылдықтармен есептелінетін, Төлеби ауданының территориясының мекенденуінің бай тарихына орай, оның әлеуметтік-экономикалық дамуында есепке алу міндетті болып табылады, Төлеби ауданының урбанизациясының өзіне тән ерекшеліктері бар.

Ленгер қаласы Төлеби ауданының әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық, білім беру және мәдени орталығы. Бұл қала экономиканың алуан түрлі қызметімен, жан-жақты потенциалымен, тиімді экономика - географиялық орналасуымен ерекшеленеді. Осы салалардың үйлесі Ленгер қаласын Төлеби ауданының инновациялық генераторы және даму локомотиві етеді.

Сондай-ақ Бірінші Мамыр елді мекені әлеуметтік жағдайы тұрақты дамуда, себебі бұл елді мекенде «Балмұздақ» ЖШС-гі жұмыс жасайды. Онда 50 қызметкер жұмыс атқарады, сонымен қатар мұнда жол, электр энергиясы қамтамасыз етілген, және бүгінгі күні табиғи газ құрылысы жүргізілуде. Халық саны 6100 адам.

- Көксайек елді мекені әлеуметтік жағдайы тұрақты дамуда, себебі бұл елді мекенде «ФудМастер Шымкент» ЖШС-гі жұмыс жасайды. Онда 80 қызметкер жұмыс атқарады, сонымен қатар мұнда жол, электр энергиясы қамтамасыз етілген, және бүгінгі күнге дейін табиғи газ құрылысы жүргізілмеген. Халық саны 9648 адам.

Тар маманданған ауыл округтері, әдетте, бір ғана салаға ие (Қазығұрт, Жоғарғы Ақсу, Аққұм - ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу). Тар мамандану ауыл округтерінің өзге қызметтерді дамыту мүмкіндіктерінің болмағандығын, оларға салынған потенциалдарды жүзеге асырмағандығын білдіреді. Бұл қала және ауыл округтерінде өнеркәсіп, кәсіпкерлік, туризм, мәдениет, демалыс салалары әлсіз дамыған.


Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйелері

Билік институттарының қызметін талдау, мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар алдында міндеттемелердің төменгі орындалу тиімділігімен сипатталынатын, ауданның әкімшілік ресурстарының жеткіліксіз нәтижелілігі туралы қорытынды жасауға мәжбүрлейді. Бұл медициналық қызметтердің ұсынылуының тиімділігінің төмендігімен (жас сәби және ана өлімдерінің өсімі, әлеуметтік-маңызды аурулармен ауырудың өсімі), білім беру қызметтерінің ұсынылуының тиімділігінің төмендігімен (орта кәсіби білім беру мекемелерінің жеткіліксіздігі, бұл мекемелерде кәсіби білім беру шеберлерінің жеткіліксіздігі, техникалық мамандықтардағы жұмысшылар еңбек ресурстарының тапшылығы),ауданды дамытудың аймақтық бағдарламаларының жүзеге асырылуының төмендігімен көрінеді. Осы себептермен қатар мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар алдында міндеттемелердің орындалуын қаржыландырудың жеткіліксіздігі орын алады, бірақ сараптама бағасы бойынша, осы соңғы факторға ауданның әкімшілік ресурстарының жеткіліксіз нәтижелілігінің 20% келеді, жоғарыда аталған факторларға - 80%.

Осылайша, Төлеби ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау, Төлеби ауданының басымды бәсекелік артықшылықтарға ие болуына мүмкіндік беретін маңызды ресурстардың бір қатарын, және де – осы уақытта, бұл ресурстардың өте төмендігі қолданылуын анықтады.

Орташа мерзімдегі болашақта территорияның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуында негізгі мәселелердің, тәуекелдердің, тежеуші факторлардың, бәсекелік басымдылықтар мен мүмкіндіктерін кешенді сипаттау

2012 жылы қала және ауыл округтері аймақтарының шеңберінде тепе-теңдес даму дәрежесін бағалау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

- экологиялық-экономикалық дамуы бойынша;

- әлеуметтік сала бойынша;

- инфрақұрылым кешені бойынша;

- аймақтық (кеңістіктік) дамуы бойынша

Кесте 1 – Төлеби ауданының қаласы мен ауылдық округтері

Ленгер қаласы мен ауылдық округтері

Экономикалық әлеуеті бойынша қала және ауылдық округтердің алатын орны

Әлеуметтік сала

бойынша ауданың қала және ауылдық округтердің алатын орны



Инфрақұрылым бойынша ауданың қала және ауылдық округтердің алатын орны

Аумақ дамуы бойынша ауданың қала және ауылдық округтердің алатын орны

Қорытынды орны

Ленгер

8

1

1

1

1

Киелі тас

3

2

7

7

2

Бірінші Мамыр

1

4

5

9

3

Қазғұрт

6

3

4

5

4

Көксәйек

7

5

6

2

5

Жоғарғы-Ақсу

2

9

2

13

6

Кемеқалған

5

6

12

10

7

Тасарық

14

8

10

3

8

Ақжар

4

14

15

12

9

Қасқасу

11

13

9

8

10

Қоғалы

13

10

11

4

11

Қаратөбе

15

7

8

6

12

Алатау

10

11

3

11

13

Аққұм

9

12

13

15

14

Зертас

12

15

14

14

15

Төлеби ауданының территориялық бірліктері бойынша тұрғындарды қайта қоныстандыру типтерін идентификациялау төмендегідей бағалау әдістері негізінде жүргізілді: 1) урбанизациялаудың аймақтық типтерінің негізгі сандық сипаттамалары бойынша; 2) аймақ территориясының тепе-теңдік даму дәрежесі бойынша (кесте 2).

Аймақтың дамуының әлеуметтік-экономикалық нәтижелерін кешенді талдау, аймақтың дамуының күшті және әлсіз жақтарын, оның дамуының шектеулері мен мүмкіндіктерін анықтайтын, басымдықтандырылған SWOT- талдауда көрсетілген. Кесте 3 – Басымдықтары анықталынған SWOT- талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Басымдылық А

1. Егін шаруашылығы өнімдерімен аудан халқы негізінен жеке тұрғындар есебінен қамтамасыз етілген.

2.Тұтыну стандартына сәйкес аудан халқына қажетті азық-түлікке талдау жасалғанда, маңызды тамақ өнімдерімен өзімізге өндірілетін өніммен қамтамасыз ете аламыз.

3. Инвесторлар тарту арқылы аудандық көлемінде құрылыс индустриясы мен инфрақұрылымды дамуға мүмкіндігі бар.

4. Мемлекеттік тапсырыспен жергілікті құрылыс фирмаларына заң аясында басымдылық беріліп, олардың материалдық- техникалық базасы күшейтіліп бәсекелестік қабілеттерді артады.

Басымдылық В

1.Тарихи және мәдени орындардың болуы, бай флора және фаунаның болуы

2.Өнеркәсіп саласы бойынша ауданымызда тамақ өнеркәсібі жақсы жолға қойылған.

3. Әлеуметтік сала бойынша спорт олимпиадалық дайындау орталығының жұмыс жасауы. Және демалыс санаториялары қызмет көрсетіп келеді.

4. Жаңадан сүт және сүт өнімдерін шығаратын цехтардың ашылуы, өсімдік майын өндіретін цехтардың ашылуы және шұжық өнімдерін шығаратын шағын кәсіпорындардың ашылуы.

Басымдылық С

1. Кіші жіне орта бизнес салаларын дамыту.

2. Өңдеу өнімдері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізудің ішкі және сыртқы нарықтарының болуы



Басымдылық А

1. Мал, егін шаруашылығы (астықтан басқа) өнімдерін өндіруде ауылшаруашылығы кәсіпорындарының (ӨК, ШҚ, ЖШС) үлес салмағы өте төмен.

2. Кейбір азық-түлік түрлерімен ауданның қажеттілігі толық қамтамасыз етілмейді.

3.Аталған кәсіпорындардан бөлек құрылыс материалдарын шығаратын шағын кәсіпорындардың материалдық техникалық базаның төмендеуі.

4.Шағын кәсіпорындар шығаратын өнімдер сапасының төмендеуі.
Басымдылық В

1. Елді мекендерде трансформаторлардың шектен тыс жүктемесі.Тұтынушы электр қуаты мен сапалы қамту және трансформаторлармен жабдықтау.

2. Еңбек ресурстарының болуы, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларына инженерлі-техникалық кадрлар дайындау бойынша мамандардың қажет болуы.

Қолданылу уақытының көп болуы және капиталдық салымдардың жеткіліксіздігі салдары ретінде газ, су құбырлары мен жылу тармақ-тарының қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы.

3.Әлеуметтік бағыт көрсеткіштерінің төмендігі, әсіресе аудан бойынша ауруханалардың, бала бақшаларының, мектеп, спорт клубтарының, профилакториялар мен санаториялардың жетіспеушілігі

4.Аграрлық салада кіші тауар өндірісінің басым түсуі.


Басымдылық С

1. Ленгер қаласымен ауылдық округтердегі бизнестің төменгі инновациялық белсендігі төмен.

2.Туристтік инфрақұрылым дамымаған

3.Еңбек басым ауылдық округтерде жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейі (Киелітас – 5,8%, Ақжар –5,9%)

4.Елді мекендердің көшелері мен аудандық және жергілікті мағынадағы жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы (жалпы тармақтардың 43% күрделі жөндеуді талап етеді).


Мүмкіндіктері

Қауіптері

Басымдылық А

1. Энергияның альтернативті көздерін (гидроэнергия, жел, күн) қолдану және жасау жолымен аймақтың энергетикалық тәуелсіздігіне жету

2.Ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау және тасымалдау үшін көлікті-логистикалық терминал салу

3. Кластерлерді құру және дамыту үшін қажетті жағдайларды құру: құрылыс индустриясы, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, фармацевтикалық өнімдер, энергетикалық кластер, туристтік кластер.


Басымдылық В

  1. Ауданның жоғары транзиттік потенциалын, темір жол, автокөлік құралдарымен халықаралақ көліктік коридорға ену мүмкіндіктерін қолдану.


  1. Аудан облыс орталығына жақын болуына байланысты экологиялық және экономикалық мәселелерін шешу мүмкіндігін беретін, технопарктер, бизнес-инкубаторлар құру жолымен инновациялық инфрақұрылымды құру және дамыту.


Басымдылық С

1. Қазіргі туристтік инфрақұрылымды, оның ішінде экотуризмді, діни және аң аулау туризмдерін дамыту.

2. Қолайлы инвестициялық климат құру жолымен құрылыс материалдарының, ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекелік қабілеттілігін арттыру.

3. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, көлік салаларында кіші және орта бизнесті дамыту.



Басымдылық А

1. Иесіз қалған электр жүйелері мен бағаналарды Электротасымалдаушылары және сумен қамтамасыз ету бойынша ауданның көрші мем лекаеттерден тәуелділігін күшейту

2. Азық-түліктік қауіпсіздік қаупі, импорттық тауарлар үлесіне ішкі және сыртқы нарықтарды жоғалту.


Басымдылық В

1. Өндірістік және тұтыну қалдықтарын өңдеу бойынша қазіргі қуаттылықтардың болмауымен байланысты, тіркелмеген қоқыс орындарының көбеюіне орай, санитарлы-эпидемиологиялық қызметтердің төменгі деңгейімен байланысты эпидемиологиялық жағдайлардың нашарлауы.

2. Кәсіпорындар мен көлік құралдарының атмосфераға улы газдардың көптеп шығару салдарынан экологиялық қауіпсіздік қаупі

3. Тұрғындардың жасырын миграциясы мен контрабанданың артып кетуі.


Басымдылық С

1. Ресурстардың тиімсіз қолданылуынан ауданның минералды – шикізат базасының тозуы.






2.4 Территорияның әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеуде қызмет етуші саясаттарды талдау
Төлеби ауданында 7 аймақтық бағдарламалар жүзеге асырылуда. Даму бағдарламаларының жүзеге асырылу тиімділігін талдау Бағдарламалардың өздерінің негізінде, сондай-ақ орындалуына жауапты, жергілікті атқару орындарына ұсынылған. Бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы есеп берулер негізінде жүргізілді.
Бағдарлама тиімділігін бағалау келесі принципке негізделді: мақсаттың нәтижесін нақты түрде өлшеу немесе бағалау мүмкін болмайтын етіп құрылған мақсаттағы Бағдарламалар болмауы тиіс. Мұндай Бағдарламалардағы мақсаттар қайта қойылып немесе бұл Бағдарламалар мүлдем алынып тасталуы тиіс.
5. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ НӘТИЖЕ КӨРСЕТКІШТЕРІ.
Бағыт 1: Аймақ экономикасының дамуы

Мақсаты: бәсекеге қабілетті, динамикалық дамушы, балансталған және әлеуметтік-бағытталған аймақтық экономиканы құру

Мақсатты индикаторлар:

ЖАӨ-нің облыстық ІЖӨ-дегі үлесі 2015 жылы – 10% (2012 жылы – 7,4 %).

Ауданның негізгі капиталға инвестициялар үлесі 2015 жылы 25 млрд 500 млн– (2012 жылы – 9 млрд 620,5 млн).

Ауданның ЖАӨ-дегі өнеркәсіптің үлесі 2015 жылы - 26,2% (2012 жылы – 18,9 %)

ЖАӨ-де ауыл шаруашылық өнімдерінің үлесі 2015 жылы - 40,1 % (2012 жылы – 38,2 %)

Қаржыландырудың барлық көздерінің есебінен тұрғын үй құрылысының көлемі 2015 жылы – 25,6 мың ш.м. (2012 жылы – 20,7 мың ш.м)

ЖАӨ-дегі кіші кәсіпкерлік өнімдерінің үлесі 2015 жылы 30% (2012 жылы - 22%)

Аймақтың жалпы жұмыс бастыларының санында кіші кәсіпкерліктегі жұмыс бастылардың үлесі 2015 жылы – 27 %. (2012 жылы – 20%).

Шетелдік туристтердің саны 2015 жылы – 1,8 мың адам (2012 жылы – 1,5 мың адам), 2015 жылы қазақстандық туристтердің саны – 19,5 мың адам (2012 жылы – 15,8 мың адам).

Аймақтың әлеуметтік саласының дамуы



Мақсаты: тұрғындардың өмір сапасының деңгейін арттыру, сапалы әлеуметтік қызметтердің барлық түрлерімен қамтамасыз ету.

Мақсатты индикаторлар:

  1. Аудан тұрғындарының саны 2015 жылы 138 мың адам (2012 жылы – 132,2 мың адам)

  2. Тұрғындардың жалпы санында өмір сүру деңгейінен төменгі табыстағы тұрғындар саны 2015 жылы – 9,4 % (2012 жылы – 7,9)

  3. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының саны 2015 жылы – 44 бірлік (2013 жылы – 32 бірлік)

  4. Тұрғындардың өлім деңгейі 2015 жылы – 1000 тұрғынға 3,7 адам (2012 жылы - 1000 тұрғынға 4,1 адам )

  5. Мәдениет үйлері, кітапханалар, мұра жайлар мен тарихи-мәдени объектілерге тұрғындардың бару санын арттыру 2015 жылы – тұрғындардың жалпы санынан 40% (2012 жылы - тұрғындардың жалпы санынан 10%)

  6. Ұлттық өнерді насихаттауға бағытталған тұрғындарға ұсынылатын мәдени қызметтердің үлесі 2015 жылы 95 % болады (2012 жылы - 91%).

  7. Халыққа ұсынылатын мәдени іс-шаралар 2015 жылы 800-ге жетеді (2012 жылы - 633)

  8. Облыстық, республикалық байқауларға қатысатын жас дарындар мен таланттардың саны 2015 жылы 46 болады (2012 жылы - 4,8%).

  9. Аудан кітапханаларындағы кітап саны 2015 жылы 420500 данаға жетеді (2012 жылы - 420500).

  10. Аудан кітапханаларындағы оқырмандар саны 2015 жылы 32700-ге жетеді (2012 жылы – 31737 адам).

  11. Тұрғындарға толыққанды мәдени қызметтер көрсету үшін ауылдық мәдениет мекемелерін тиісті қызметкерлермен қамтылуы 2015 жылы 32 болады

  12. Мемлекеттік органдар жүйесінің құжат айналымында мемлекеттік тілдің қолданылу көлемі 2015 жылы 99% болады (2012 жылы - 98%).

  13. Ауданда мемлекеттік тілде әзірленетін іс-қағаздардың үлесі 2015 жылы 99% болады (2012 жылы - 98%).

  14. Мемлекеттік қызметшілер санатындағы өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі 2015 жылы 99% болады (2012 жылы - 91%).

  15. Аудан аумағындағы елді мекен атауларының шығу тарихына ғылыми зерттеулер жүргізулердің саны 2015 жылы 45 болады (2012 жылы – 32).

  16. Дене шынықтыру және спортпен айналысатын, барлық жастағы тұрғындардың үлесі 2015 жылы - 20 % (2012 жылы – 12,6 %)

МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАР

- Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін 2015 жылға дейін 1,3 есе арттыру;



- Қайта өңдеу саласының үлесін ауданның өнеркәсіп структурасындағы үлесін 2015 жылға 92,7 % ұстау;

  • Метал өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін 2015 жылға дейін 1,5 есе арттыру;

  • Метал өнеркәсібіндегі өнім көлемін 2015 жылға дейін 2 есе өсіру;

  • Химия өнеркәсібіндегі өнім көлемін 2015 жылға дейін 2 есе өсіру;

  • Құрылыс материалдарының өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін 2015 жылға дейін 181,3 млн теңгеге дейін арттыру;

  • Жеңіл өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін 2015 жылға дейін 12,9 мың теңгеге дейін арттыру;

  • Инновациялық – белсенді кәсіпорындардың үлесін 2015 жылға дейін 6,6% арттыру (2012г. – 2,2%);

6. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ, МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАР

Жергілікті атқарушы органдар үшін бірыңғай көрсеткіштер тізбесі





























Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет