Төлегенов а. К., Сариева г. М., Несипакынова ф. К., Даленбаев а.Ә. Жаңартылған бағдарлама бойынша қазақстан тарихы пәнін оқыту әдістемесі


Өлкетану жұмыстарын жүргізу (Алматы қаласы музейлері мысалында)



бет9/14
Дата07.06.2024
өлшемі7.53 Mb.
#502423
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Авторлық 2020

2.2 Өлкетану жұмыстарын жүргізу (Алматы қаласы музейлері мысалында)
Еліміз тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болғанынан бергі жылдар ішінде бұған дейін бұрмаланып келген Отанымыздың тарихы жаңа тұрғыдан зерттеліп, оған тиісті оң бағасын беру жүзеге асуда. Бүгінгі таңда еліміз қол жеткізген табыстар бізге жан-жағымызға зер тастауға, өткен жолымызды таразылауға әрі болашаққа батылырақ көз салуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Бүгінгі жаһандану заманында еліміздің тарихы мен айбарын халыққа танытып, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы жоспарлар мен істерді ел ішіне жеткізу маңызды да жауапты міндеттің бірі болып отыр. Осындай тамыры тереңге жайылған тарихи-мәдени орындарды, киелі орындарды халық арасында кеңінен насихаттап, оның құндылығын дәріптеудің болашақ ұрпақ үшін маңызы зор.
Қазақстанның қай өңірінде болмасын, киелі орындар мен қасиетті рухани құндылықтар осы кезге дейін сақталған. Соңғы он бес жыл ішінде еліміздің тарихи-мәдени ескерткіштерін зерттеу «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында ерекше қарқынмен жүргізілді.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Егемен Қазақстан газетінде жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында міндет етіп қойған «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасында жеткіншек ұрпақ әлем елдері мен олардың астаналарын, жер-су атауларын жақсы біледі, шет елдерге сапарлап барып келіп жатқандары да бар. Ал кейбіреулері өз туған жерінің тарихын, топонимикасын, табиғаты мен киелі орындарын біле бермеуі мүмкін. Мұндай мәліметтер айтылмай, өскелең жас өз өлкесімен жете таныспағаннан кейін оның ой-өресі шектеліп қалады, тіпті басқа бір әлемде жүруі ықтимал. Сондықтан «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асырудың маңызы зор. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмірбақи тұратын өлкесі. Осы орайда Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың: «Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе, кім біледі? Ыстық қой, шіркін туған жер!» деген сөзі есіме түседі.
Қазақстандық патриотизмді өз халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін, туған жердің тарихын танып, білу арқылы жасөспірімдердің бойына сіңіруге болады. Бұл бағдарлама білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, этнологияны дамытуға және жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Алдағы уақытта Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өлкенің тарихи ескерткіштері, киелі орындары күрделі жөндеуден өткізіліп, халықтың тағзым ететін, отандық және шетелдік туристердің жиі келетін, қазақ тарихынан сыр шертетін киелі орындарға айналады.
Біздер білім саласында қызмет ететін ұстаздар, қазіргі кезде оқушылардың өз елінің, жерінің тарихын білуіне деген қызығушылығын арттыру үшін не істей аламыз?
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жаһандық бәсекелестік барысында білім саласының алдына бірқатар міндет қойып, өскелең ұрпақтың өмір талабына бейімделуіне баса назар аударған болатын. Бұл бағытта аймағымызда сала бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өлкетану» базалық жобасы бойынша биылғы оқу жылдан бастап орта мектептердің 5-7 сыныптарында «Өлкетану» сабағы оқытылады. «Өлкетану» базалық жобасының мақсатын –ауылымызда орналасқан тарихи орындарға, тарихи тұлғаларға арналып салынған ескерткіштерге, музейлерге саяхат жасау арқылы, оқушының тарихи білімін, рухани байлағын дамыту. Яғни, сабақ барысында оқушылар аймақтың қалыптасуы, табиғи-географиялық ерекшеліктері және туған өлкенің жалпы тарихынан мол мағлұмат алатын болады. Мектеп бағдарламасына енгізілген «Өлкетану» бағдарламасы арқылы оқушының туған жерге деген қызығушылығын арттыра аламыз.
Елімізде қолға алынған, орта білім бағдарламасына енгізілген «музейдегі сабақтар» қазіргі таңда жақсы жолға қойылған. Оқушылар енді музейге тек сабақ барысында ғана емес, демалыс күндері де «Отбасыңмен музейге» фестивалі мен «Музей түні» акциялары барысында да бара алады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет