Жаңа сабақты түсіндіру
«Ортағасырлық Қазақстанның экон омикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы»
1. Дәптермен жұмыс. Жазылым.
«Ұлы жібек жолы кезеңіндегі қала мәдениетінің дамуы»
2. «Ұлы жібек жолы тақырыбы бойынша видео көрсетеді.
Бағалау: «Дирхем» әдісі арқылы. Әр топқа дирхемдер таратылып беріледі. Сол арқылы әрбір топты бағалайды.
дескриптор арқылы
Бекіту: Әрбір тауардың маңыздылығын анықтау. Дәптермен жұмыс.
«Қалалар құпиясы». Әрбір топқа термин сөздер беріледі. Сол сөздердің сипаттамасын табу керек.
Тапсырмасы
Дәптермен жұмыс.
Бағалау: Мұғалімнің жеке бағалауы.
Қорытынды. «Әлем патшалығына саяхат» әдісі бойынша әлемдегі патшалықтарды анықтау. Сабақты қорытындылау.
Жаңа тақырыпты оқып-түсінуде уақыттың үнемдеу мақсатында әр топ басшысының өз топтарын бағалауы дискрипторлармен бекітілген тапсырмалармен ұсынылады.
Негізгі түйінді тұжырымдай алды
Ауызша хабарламалар жасай алды
Тақырыптың өзектілігін аша алады
Нақты дәлел-дәйектер жасай алады
Кері байланыс.
Жазба деректермен жұмыс жасау білім алушыда қарастырылып отырған тақырып жайлы анық әрі түсінікті көріністің қалыптасуына негіз болады. Жазба деректердің қолданбалық бағдарлылығының дұрыс деңгейде ашылуы білім алушының тарихи дерекпен жұмыс жасауының дұрыс ұйымдастырылуына тікелей байланысты. Жазба дерекке жаңа тарихи білім қалыптастырудың көзі ретінде қызығушылықтың қалыптасуы үшін жазба дерек жайлы анықталуы тиіс мағлұматтар.
Ортағасырлық Қазақстан тарихына қатысты тарихи деректердің мазмұнын келесі компоненттердің бар болуына анықтайтын болсақ, олардың орта ғасыр тарихы жайлы берер мағлұматының құндылығы арта түсер еді.
Жазба деректі оның мазмұнында көрсетілген тұлғаның атынан зерттеу. Аталмыш жазба деректі зерделеу әдісін «тілсіз» мәтінге жан бітіріп, өз көзімен баяндаушы мәтін авторы мен жазба деректі талдаушы арасында көрінбейтін мәдени және рухани байланыс орнайды, бұл әдіс көпсубъектілік тұғыры деп қарастырылады.
Кез келген жазба деректі қарастырар болсақ, онда:
Нақты тарихи оқиғаның қатысушысы – белгілі бір тарихи тұлға жайлы баяндалады
Жазба деректе сонымен қатар қарастырылған тарихи оқиғаға жанама қатысушы жайлы айтылады.
Жазба дерек авторы материалдарын қолданатын тарихи оқиғаға қатысып, оны баяндаушы «бірінші автор» тарихшы жылнамашы болады.
Жазба деректің «екінші авторы» болған тарихи оқиғаға немесе құбылысқа өз ойын ашық айтады, өз толғаныстарымен бөліседі.
Жоғарыда келтірілген тарихи тұлғалар мен дерек авторлары арасындағы қарым-қатынасты зерттейтін болсақ, жазба деректе айтылмаған мәліметтердің жаңа қырынан анықталуына септігін тигізеді. Бұл жағдай қосымша тарихи білімнің қалыптасуына жол ашады. Бұл сипатта жұмыс жасау деректің шынайылығын анықтау мақсатында біз ұсынған жүйе бойынша жазба деректерді археологиялық деректермен салыстыра отырып зерттеу, деректе аталған тұлғалардың тарихи оқиғаға байланысты субъективті көзқарасын, пікірін білім алушыға күштеп танытуына жол берілмес еді.
|
Тарих сабағында картаны қолдану: тарихи оқиғалар мен құбылыстарды терең ұғыну (автор Даленбаев А.Ә.)
|
Жазба деректермен жұмыс жасауда білім алушы дайын тапсырмаларды орындай алу икемділігін қалыптастырумен қатар қарастырылып отырған тақырыпқа қатысты жазба деректерді өздігінен жіктеп, қажетті деректер шеңберін анықтай алу дағдысын қалыптастырады.
Білім алушыға тарихи білім қалыптастыруда анықталған тарихи деректерді қолданумен қатар, тарихи деректерді іздеу, сұрыптау, талдау, түсіндіру, мәліметті ұсыну маңызды рөл атқарады.
Ауызша деректер мыңдаған жылдар бойына ел арасында ауыздан-ауызға жетіп, бүгінгі күнге дейін сақталған. Мұндай деректер қатарына ежелден сақталған аңыз-әңгімелер, батырлар жыры, шешендік сөздер мен мақал-мәтелдер жатады. Бүгінгі таңда ауызша деректер негізінде қазақ халқының ауыз әдебиеті мен ауызша тарих айту
|
«Алматы қаласы тарихы музейі» залындағы ортағасыр бөлімі
|
Біздің алға қойған мақсатымыз да гуманитарлық ғылымдар қатарына жататын тарих пен педагогиканың ұштасатын нүктесін тауып, ұлттық құндылықтарды насихаттау жолындағы тарихи деректердің ролі мен орнын айқындап беру болатын әрі қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлықтай ұлттық материалдық құндылықтарын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге және ұлттық тарихи сана қалыптастыруда неге қолданбасқа деген ойдамыз.
Орта ғасырдағы Қазақстан тарихына қатысты тарихи деректердің сипаты мен мазмұнына жасалған талдаулар көрсеткендей олардың барынша күрделілігіне көз жеткіздік. Жазба деректердің тілдік, мазмұндық және жанрлық ерекшеліктері, археологиялық деректердің алуан түрлілігі мен өзіндік ерекшеліктері білім алушыдан оларды танып, білетін және зерделеп, зерттей алатын арнайы білімдік дағдыларды талап етеді. Сонымен бірге осы танымдық тұрғыда танылған білім жүйесін педагогикалық, ғылыми зерттеушілік және қоғамдық-саяси қызметінде қолданудың да әдіс-тәсілдерін меңгеру де білім алушының өз бетінше дербес игеруіне қиындықтар туғызатындығы аңғарылды.
Тарихи деректердің құнды ақпараттары тарихи сананы бекітуші, дәйектеуші педагогикалық фактор ретінде сұрыптап алу, талдау, бағалау және оны нақты жағдайда, нақты мақсатқа қолдану деген педагогикалық бірізділіке сай іске асырылуы қажет болады. Демек, ортағасырлық тарихи деректердің педагогикалық әлеуетін барынша тиімді пайдалану арқылы білім алушы мен оқытушы арасындағы педагогикалық үдеріс тарихи сана қалыптастыру арқылы тұлғаның елжандылық қасиеттерін шыңдап, оның саяси, рухани өмірлік позициясын нығайтуға қызмет ететін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |