Тозаңды отынды дайындау мен жағуға арналған отын бергіштердің және қондырғылардың жарылыс қауіпсіздігіне қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



бет1/6
Дата16.07.2016
өлшемі374.5 Kb.
#202886
  1   2   3   4   5   6




Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы «18» қазандағы

№ 364 бұйрығымен

бекітілген

Тозаңды отынды дайындау мен жағуға арналған отын бергіштердің және қондырғылардың жарылыс қауіпсіздігіне қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы тозаңды отынды дайындау мен жағуға арналған отын бергіштердің және қондырғылардың жарылыс қауіпсіздігіне қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары (бұдан әрі - Талаптар) қатты отынмен жұмыс істейтін, өнеркәсіптік және жылыту қазандықтарының, электр станцияларының шаңды әзірлеу және қазандық қондырғыларын, отынды беру жабдықтарын, ғимараттары мен құрылыстарын жобалау, дайындау, монтаждау, техникалық қайта қаруландыру, қайта құру және пайдалануға қолданылады.

Талаптар отынды берудің (дымқыл отынды түсіру құрылғысы мен бункерін қоса алғанда) барлық үлкен жолына, шаңды әзірлеу қондырғыларына (шаң бункерлерін қоса алғанда), қазандық қондырғысына, отынды беру, шаңды әзірлеу және қазандықтар қондырғысының технологиялық жабдығы орналасқан өндірістік бөлмелерге қолданылады.




1 - тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Талаптармен отын бергіштің, шаңды әзірлеу және құрғату қондырғыларының, сондай-ақ қазандықтардың жарылуға қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ететін өлшеу, қорғаныс және одақтасу жүйелерімен жабдықталғандығы, жабдықты куәландыру, оны пайдалануға қабылдау, технологиялық регламентті құру тәртібі, персоналдың апат пайда болғанда және оны жою кезіндегі әрекеті реттеледі.




2 - тарау. Қатты отындардың шаңының жарылу қауіптілігі

2. Көмірлер, жанартастар, фрезерлі шымтезек және олардың шаңы сақтау және тасымалдау кезінде өздігінен жануға бейімді. Өздігінен жану қауіптілігі отын қабатына және отынды қыздыру кезінде ауаның кіру мүмкіндігін үлкейтумен өседі. Шаңның өздігінен жануға бейімділігі оның ылғалдылығының азаюымен және кетуімен, ортаның температурасы мен оттегі құрамының көтерілуімен, сондай-ақ тұрып қалған шаңның ыстық беткейлермен түйісуі кезінде өседі. Шаңның өздігінен жануға бейімділігі оның ылғалдылығының азаюымен және кетуімен, ортаның температурасы мен оттегі құрамының көтерілуімен, сондай-ақ тұрып қалған шаңның ыстық беткейлермен түйісуі кезінде өседі.

3. Жарылуға қауіпті деп тұтану көзі болған жағдайда жарылуға қабілетті ауада ілінген шаңды, барлық табиғи қатты отынды санау қажет.

Қатты отын шаңының жарылуға қауіпті қасиеттері олардың табиғатымен негізделген және оның ұшқыш жанатын бөлшектерінің химиялық белсенділігіне, кокс пен күлдің болуына байланысты.

Отындардың жарылуға қауіпті қасиеттері отынның түрі, маркалы құрамы және шыққан жері шеңберінде өзгереді.

4. Табиғи қатты отындардың жарылуға қауіпті қасиеттерін бағалау үшін отындардың элементті және техникалық құрамының нақты мәні бойынша есептеу әдісімен анықталатын Кт жарылу санаты қолданылады (Кт есептеу үлгісі осы Талаптағы 1 - қосымшада келтірілген). Отындар жарылыс қауіптілігінің төрт тобына бөлінеді, олар үшін жарылысты ескерту және жарылыстан қорғаудың қажетті құралдары белгіленеді:

бірінші топ - Кт  1,0;

екінші топ - 1,0  Кт  1,5;

үшінші топ - 1,5  Кт  3,5;

төртінші топ - Кт  3,5.

Кейбір энергетикалық көмірлерді жарылыс қауіптілігі бойынша орналастыру осы Талаптарға 2 - қосымшаның кестесінде келтірілген.

Жарылу қауіптілігі бойынша әр түрлі топтарға жататын отындарды қазандықта бірге немесе бөлек жағу кезінде жарылысты ескерту және жарылыстан қорғаудың құралдары отынның жарылуға неғұрлым қауіптілігі бойынша таңдалады.

Белгісіз маркалы құрамды отындар үшін жарылу қауіптілігінің тобы аттестацияланған ұйыммен анықталады.

5. Шаңды әзірлеу жүйелерінде отынды дайындау үрдісі негізінен үнемі жарылуға қауіпті құрама аумағынан өтеді.

Бәрінен жарылуға қауіпті болып көлемі 0,2 мм кем бөлшектері бар шаңмен ауа өлшемі табылады. Шаңның ылғалдылығы мен күлділігінің төмендеуі, шаң мен ауа қоспасының температурасының жоғарылауы және шаңды ұнтақтау жұқалығы шаң өлшемінің жарылысқа қауіптілігін жоғарылатады.

Отынның бункерлер мен отын күйлеуінде тұрып қалу салдарынан отынды беру үзілістеріне байланысты, сондай-ақ отынмен толтырылғаннан кейін диірменді босату кезінде іске қосу, тоқтату және апаттық режимдер жарылуға қауіпті болып табылады. Инертті газдардың (отынды жағу өнімдерінің) және су буының болуы шаңды ауа қосындысында оттегі құрамының көлемін төмендеуге әкеледі, ол жарылуға қауіпті жағдайдың пайда болу қауіптілігін төмендетеді.

6. Шаңды әзірлеу жүйесіндегі шаң ауа қоспасының жарылуының тікелей себебі тұтану көздерінің болуы, ең алдымен жабдық пен қондырғы элементінің ішіндегі тұтану қалдықтарының, сондай-ақ диірменге берілетін отында жану ошақтарының болуы болып табылады. Тұрып қалған шаңда тұтану ошақтарының пайда болуы қоршаған газды ортадағы оттегінің құрамы 3 % көп емес болғанда мүмкін.

Жабдықты іске қосу немесе резервке не жөндеуге тоқтату кезінде тұрып қалған қалдықтарды қопсыту ерекше қауіп туғызады.

7. Отынның кез келген түрін жағу кезінде пеш құрылғыларында пеште немесе қазандықтың кейінгі газ өткізгішінде, іске қосу кезінде қазандықтың жеткіліксіз желдетілуіне, жану үрдісінің тұрақсыздығына, факелдің, қазандық астындағы шаңды айналдырудың үзілуіне, сондай-ақ отынның басқа түрін жағу кезінде жарылуға қауіпті шоғырланудың пайда болуынан жарылыс болуы мүмкін.

Сондай-ақ қазандықтың «суық» құйғышында, қазандықтың «суық» құйғышы мен қожды әкету құрылғысын біріктіретін ілінген камерада шамшырақтан шаңды айналдырудың және жанудың сапасыз үрдісі нәтижесінде пайда болатын көміртегі монооксиді мен сутегі қоспасын білдіретін су газының жарылысы болуы мүмкін. Су буының жарылысы пешті қождан тазарту кезінде де, сондай-ақ қожды әкету құрылғысында суы бар көміртегінің қызған бөліктерінің байланысынан өздігінен қождан тазалау кезінде болуы мүмкін.

8. Отынды беру, шаңды әзірлеу және қазандық бөлмелеріндегі жоғары шаңдану құрылыс құрылымы мен технологиялық жабдық элементтерінің бетінде отын шаңының жиналуына әкеледі. Осы қалдықтарды қопсыту және тұтану көзінің болуы кезінде бөлме көлемінде жоғары күшті жарылыс болуы мүмкін. Тұтану көздері ретінде шаңның тұтанған қалдықтары немесе ашық от болуы мүмкін (пісіру, шамшырақ, электр байланыстарының ұшқын атуы, сымдардың айқасуы, пештен жалынның шашырауы немесе шаңды әзірлеу жүйесінің жарылыстан қорғайтын қақпақтардың (бұдан әрі - ЖҚҚ) мембраналарының ұшуы, темекі шегу және т.б.).

9. Отынды беру, шаңды әзірлеу және қазандық бөлмелерінде ауаның тазалық нормаларының аясында (10 мг/м3 дейін) шаңдануы кезінде оларда жиналған отын шаңының жарылу мүмкіндігі жоққа шығарылады.

Ғимараттың шаңдануына бақылау жүргізуді айына кем дегенде 1 реттен жүргізу керек. Ауадағы шаң құрамын анықтау және оларды өңдеу үшін үлгі алуды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында зертханалық зерттеулер жүргізуге рұқсат алған, зертханалар жүргізеді. Үлгі алу үшін жұмыс орындарының (жұмыс аймағының) тізімі объектінің техникалық жетекшісімен бекітіледі. Бөлме ішінде тұрып қалған шаңды қопсытуды болдырмайтын, дымқыл тазалауды жүйелі түрде жүргізу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет