Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. А., 1996.
Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. Т.1-3. Астана, 2005.
Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. А., 2002.
Тақырыбы: ІХ-ХІІ ғасырлардағы араб және парсы деректері. Деректердің негізгі түрлері.
ІХ ғасырдағы араб, парсы деректері (Әл-Балазур, ат-Табари, әл-Жахиз, Тамим ибн Бахр, Ибн Хордадбек, Әл-Якуби, Кудама ибн Жафар, Ибн әл-Факих, Ибн Русте т.б.).
Деректеметануда ІХ-ХУІІ ғ. араб, парсы және түркі әдебиті ерекше орын алады, онда Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихы бойынша маңыздылығы мен сипаты жөнінен едәуір құнды материалдар бар.
Араб халифаты дәуірінде арабтардың Шығысты жаулап алуы, синкретикалық мұсылман мәдениеті мен ислам дінінің ықпал өрісін кеңейту ісіндегі белсенділігі, мұсылман дүниесінің саяси шекарасынан тыс жатқан алыс аймақтармен сауданың дамуы арабтарды Шығыс Европа мен Орталық Азияның көршілес елдерімен және алыстағы халықтар мен тайпалар туралы ақпарат жинауға құлшындырады. Арабтардың орта ғасырладағы тарихнамасының Қазақстан аймағына ерекше ден қоюы олардың Орта Азиядағы жаулап алған жерлерін нығайту және Қазақстанның жауынгер көшпелі тайпаларынан сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігімен де байланысты болды.
Қазақстан тұрғындары туралы ең ертедегі мәліметтер арабтардың классикалық тарихи шығармаларында кездеседі. Мәселен әл-Балазур (ІХғ.) мен ат –Табаридің (ІХғ.) туындыларында УІІ-УІІІ ғ. орта шенінде араб шапқыншылығына қарсы күресте Орта Азия халықтарына елеулі көмек көрсеткен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның жекелеген аудандарында арабтардың басқыншылық жорықтары туралы деректер келтірілген. Арабтың аса ірі тарихшысы, парсы текті әл-Балазур Орталық Азия тарихы жөнінідегі құнды деректемелердің бірі «Елдерді жаулап алу Кітабы» (Китаб футух әл- булдан) деген шығарманың авторы болып табылады, «Пайғамбарлар мн патшалар тарихы» (Трих әр-русул
уә -л-мулук) деген елеулі еңбек жазған ат Табари да парсылық болатын. Ат- Табари халифаттың әр түрлі қалаларын аралап, көп саяхат жасады, сонон соң Бағдатқа орын тепті де, өмірінің ақырына дейін сонда тұрып, өз өмірін ғылымға арнадаы. Оның замандасы, Бағдатта туған, энциклопедиялық білімі бар адам әл-Жаһиз (ІХғ.) «түріктердің қасиеттері» (Манакиб әл атрак) деген кітабында Қазақстанның көшпелі түрік тайпаларын тұңғыш рет этнографиялық тұрғыдан суреттеп берді, Әл-Жаһиз Аббас халифтары ұланының түрік гулямдарымен жақын таныс араб оқырмандарына оның әр түрлі себептермен ерекше қызықты болған тақырыптарды іріктеп алған. Ол түріктердің әскери қасиеттерін, олардың қалада тұратын арабтың көзіне әдеттен тыс ерекшелігімен айрықша көрінген немесе халифтардың саяси төңірегіндегілерге маңызды болған әдет-ғұрпын суреттейді, өйткені Аббас халифатының уәзірлеріне «түрік істерімен» едәуір жиі кездесуіне туар келетін.
Араб Тамим ибн Бахрдың солтүстік- шығыс Қазақстандағы Ертіс аңғарында жатқан кимектер елі арқылы Тоғыз-ғұз қағанының астанасына уақыты жағынаан алғандағы алғашқы саяхаты ІХ ғ. І ж. жатады. Тамим ибн Бахр саяхатының сипаты белгісіз, оның сапары әлдебір дипломатиялық тапсырмаларға байланысты болуы мүмкін. Ол кимектрдің орналасуы, шаруашылығы туралы мәліметтер келтіреді, Тараздан (қазіргі Жамбыл) кимектер патшасының ордасына барған жолын да айтып өтеді.
Нақ сол ІХ ғ. араб тілді географиялық шығармаларда да Қазақстан аумағында мекендеген тайпалар туралы хабарлар пайда болады. Байланыс және хабар беру қызметінің бастығы Ибн Хордадбектің «Жолдар мен мемлекеттер кітабы» деген әкімшілік- географиялық анықтамалығы сақталып қалған әлгіндей шығармалардың ең ертедегі болып табылады. Ол сауда жолдарын сипаттап, әр түрлі елді мекендер арасындағы қашықтықты көрсеткен, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін Ұлы жол бойында орналасқан қалалар мен қоныстарды тізіп келтірген. Ибн Хордадбектің еңбегі көп жағынан халифаттың байланыс, почта қызметінің архивтеріне негізделген. Сірә,оның түріктер туралы айқын мәліметтерінің көбі, соның ішінде түрік тйпаларының жиі-жиі дәйексөз келтіретін тізімі де УІІІ ғ. жататын болса керек. Әл-Якуби (ІХ ғ.)
Мен Кудама ибн Жафардың (Х ғ.) шығармалары жанры жағынан Ибн Хордадбектің еңбегіне жақын.
Тарихшы әрі гоеграф Әл-Якубидің «Елдер кітабы» (Китаб әл- бұлдан) деген - географиялық шығармасында Қазақстан түріктері туралы ауқымды тарихи-этнографиялық материал бар. Оның кең хабардарлығы мен хабардар, қарлұқтар, кимектер, тоғыз-ғұздар мемлекеттіліг туралы мәліметтері ереркше маңызды. Араб географы және филологы Кудама ибн жафардың «Харадж және хатшы өнері туралы кітап» (Китаб әл-харадж уә санъат әл- китаба) деген - географиялық - әкімшілік шығарма жазған. Ол арамей болатын. Ол өз шығармасын жазған кезде өзі қолына түсірген ресми құжататрды кеңінен пайдаланған. Онда халифаттың әкімшілік бөлінісі, аса маңызды қалалар , атулар, өзендер, жеті климат (белдеу) туралы мәлімететр бар. Байланыс жолдарына және жерге орналасуы мен алынатын салықтар туралы деректер келтіреді, провинцияларды суреттеуге едәуір көңіл бөлген. Онда мұсылман елдерімен көршілес жерлер туралы да құнды мәліметтер келтірілген: мәселен, түрік тайпалары: қарлұқтар, кимектер, оғыздар, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу шегіндегі сауда жолдары туралы, маршруттар, қалалар, қоныстар және олардың арақашықтығы туралы нақытыл материал бар.
Қарастырылып отырған дерекктемелер кешені арасында араб географы Ибн әл – Факихтің (ІХ ғ. аяғы – Хғ. басы) «Елдер туралы әңгімелер кітабын» (Китаб ахбар әл-бұлдан) да тапа өткен жөн. Ол өз кітабын көбінесе өзінен бұрынғы авторлардың шығармаларын негізге ала отырып, 903 жылдар шамасында құрастырған. Онда Азия мен Шығыс Европаның көптеген еледрі туралы тарихи-- географиялық материалдар жеткілікті. Түріктер туралы тарау ерекше назар аударарлық, онда түрік тайпалары (қарлұқтар, кимектер, қыпшақтар, оғыздар, тоғвз-ғұздар және басқалар) туралы, олардың елдері, қалалар, сауда жолдары, орналасуы, шаруашылық және мәдени қызметі туралы құнды мәліметтер келтіреді. Ибн Русте көп томды энциклопедиялық шығармасын Ибн әл-Факихпен бір мезгілде жазды деуге
болады. Түркі тілдес тайпалар мен олар мекендеген жерлер туралы бөлімдерінің зор маңызы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |