Мұхамеджанов К.
Бұл - біздің соңғы мүмкіндік/Камалтин Мұхамеджанов // Орталық Қазақстан.-2001.-16 мамыр
Балқаш көлі бүкіл жер шарындағы аса ірі көлдердің қатарына жатады. Бүл су қоймасы біздің респүбликамыздың аса ауқымды аймағындағы экологиялық жүйенің барлық түрін (атмосфера, топырақ қабаты, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және басқалар) қамтып отыр. Оған қоса біздің облыс үшін бүл су қоймасының мәніне баға жетпейді.
Су ресурсының жэне пайдалы қазбаларының байлығы Қарағанды облысына қарайтын көлдің солтүстік жағалауында өнеркэсіптік кешен салуға алғышарт болды. Мүнымен бірге Балқаш көлін өнеркэсіптік игеру қоса жүргізілді. Сөйтіп, оның қазіргі өндірістік ауқымында қүрамына Қоңырат жэне Саяқ кеніштері кіретін Балқаш кен-металлургия комбинатының алатын орны ерекше. «Қазақмыс» корпорациясына қарасты Балқаш жылу-электр орталығы, «Балқашбалық» АҚ, «АБС-Балқаш» мемлекеттік республикалық корпорациясы, сол сияқты Приозерск қаласы мен оның инфрақүрылымдары да бар.
Өткен жылы меншіктің барлық түріндегі кэсіпорындар мен үйымдар жэне жеке қүрылыс салушылар Балқаш аймағы бойынша 346,7 млн. теңге инвести-циялық қаржы игерді.
Балқаш көлінің экологиялық жүйесінде су деңгейінің төмендеп кету күрделі мэселе туғызып, көлдің тиімді табиғи гидрологиялық, гидрохимиялық жэне гидробиологиялық режимін бұзуға экеліп соқтырды. Көптеген су қоймаларын (Қапшағай жэне басқалар) салу үшін Іле өзенінің ағысын негізсіз реттеу, толып жатқан суару жүйелері мен каналдар салу, осы гидрожүйелердегі су ағысының бұзылуы көлдің табиғи су балансын бұзуға экеліп соқтырды. Соның салдарынан көлдің деңгейі кейінгі жылдары тіпті төмендеп кетті (Ең төменгі деңгей 341 метр болуы қажет болса, 1999 жылғы жазда ол 341,75 метрге жеткен). Орта есеппен алғанда су деңгейі 3 метрге төмендеп, тұз қүрамы, яғни судың минералдануы екі есеге жуық артқан.
Осылардың барлығы қазіргі кезде өсімдік жэне жануарлар дүниесінің, балықтың түр-түрі мен санының мүлде азайып кетуіне экеліп соқтырды, климат жағдайына да эсер етті. Көлдің жағалауындағы өсімдіктерге орасан зиянын тигізді. Егер Қытай жағы Іле өзенінің суын өздеріне бөліп алатын болса, онда бүл кері процесс одан сайын қиындай түспек. Соңдықтан да Қазақстан мен Қытай шекарасынан өтетін өзендерге қатысты мемлекетаралық келісімге қол қою шарасын тезірек қолға алу керек.
Бүл процесс су қоймасының шаруашылық бағасы мен оның мэні айқындалмай тұрған кезде басталған еді. Көлдің экологиялық жүйесіне қажетті деңгейде бақылаудың жэне мониторингтің жоқтығынан Балқаш-Іле бірыңғай табиғи кешеніндегі экологиялық жүйенің мэні айқындалмай қалған. Соған орай көлдің қүқықтық мэртебесі заң тэртібімен белгіленбеген.
Егер біз Балқаш көлінің реттеуші мэні оның режім деңгейіне тікелей қатысты дейтін болсақ, онда бірінші кезекте, ең қысқа мерзімде, кезек күттірмейтін шара ретінде ең төменгі деңгейден — Балтық жүйесі бойынша 341 метрден төмендетпей үстап түрудың тетігін табуымыз қажет. Жэне де осы ең соңғы деңгей мөлшерінде түрақты үстап түра алғанымызбен ол су қоймасының экологиялық жүйесіндегі қорғану-қалпына келтіру міндетін қамтамасыз ете алмайтын болғандықтан, бүдан эрі гидрогеологиялық режімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді шараны қабылдау керек. Сонда ғана Балқаш-Іле табиғи кешенінің бүзылған экологиялық жүйесін қалпына келтіре аламыз.
Балқаш көлі мен оның маңындағы аймақтардың экологиялық жүйесіне осындағы кэсіпорындар мен Сарышыған эскери полигонын пайдаланудың техногендік қызметі зиянды эсерін тигізуде. Әсересе, Балқаш жағалауының біздің облысқа кіретін солтүстік аймағы техногендік эсерге көбірек үрынып отыр.
Көлдің солтүстік аймағын ластандырушы ең үлкен көз Балқаш кен-металлургия комбинаты. Комбинаттың мыс зауыты, байыту фабрикасы, түсті металл өңдеу зауыты, жылу-электр орталығы, тағы басқа қосалқы өндірістік буындары ондаған жылдар бойы көлге ластанған, тазаланбаған ағын суын жіберіп келеді. Көлге түзды су мен ауыр металдар қосылуын тоқтату мақ-сатында комбинат тоғандары арқылы қайталама су көздерін тазалаудың кешенді шараларын жүзеге асыруда. Мүның өзі судың сапалық қүрамын жақсартуга жағдай жасайды.
Балқаш көлінің солтүстік жағалауының атмосфералық ауасын БКМК көп жыл бойы өзінің күкіртті ангидридімен ластау үстінде. Бүл қазір ғана туындап отырған мэселе емес. Ол Балқаш комбинатындағы ауаны қорғау жүмысының тиімсіз жүргізілуінің салдары.
Комбинаттың ластаушы заттарды шығаруын қысқарту жэне облыс бойынша санитарлық деңгейге жету мақсатында «Балқаш кен металлургия комбинатының қызметіндегі экологиялық бағдарлама» жасалды. Оған БКМК-дан шығатын қалдық газдарды бейтараптандыратын қондырғы салу жөніндегі кешенді шаралар енгізілді. Бағдарламаның сметалық қүны 4 млрд. теңгеден астам, оны игеру 4 жылға жоспарланған. Қазіргі күнге дейін оның 1,5 млрд. теңгесі ғана игерілді. Күкіртті ангидридті бейтараптандыру жөніндегі тэжірибелік-өнеркэсіптік қондырғының жобасы орындалды. Әк тастарын өндіріп, оны күкірт газын бейтараптандыруға қолдану үшін Сарықүм кенішінің қүрылысын салу жөнінде жүмыстар жүргізілді.
Балқаштың солтүстік жағалауының табиғатын басты пайдаланушы кен-металлургия комбинаты тудырып отырған экологиялық мэселелерді шешіп, көлдің техногендік ластану дэрежесін төмендету үшін «Қарағанды облысының 1999-2001 жылдары экологиялық жағдайын сауықтыру» бағдарламасы жасалып, жүмыс істеліп жатыр. Онда Балқаш аймағындағы табиғат қорғау шаралары қамтылған. Егер ол шара жүзеге асырылса, көптеген мэселелер шешіліп, экологиялық жағдай біршама жақсара түсер еді.
Сарышыған эскери полигонына қатысты да көптеген жүмыстар бар. Бірақ
қазіргі кезде біздегі ақпараттың шектеулі болуына байланысты оның ықпалына, бүл объектінің пайда болғаннан бергі барлық кезеңінде Балқаш өңірінің табиғатына қаншалықты зиян келтіргеніне нақты баға бере алмай отырмыз. Сондықтан да полигонның ықпалынан бүлінген аймақтарда кешенді сауықтыру жэне қалпына келтіру шараларын жүргізу эзірше мүмкін емес.
Бү_л мэселені шешу үшін Қазақстан Республикасының табиғат қорғау жөніндегі заңнамаларындағы полигон мен табиғат қорғау органдары арасында белгіленген қарым-қатынасқа сэйкес Ресей-Қазақстан арасында келісім жасалып, ол қабылдануы қажет. Мүндай келісімді қабылдау полигон қызметінің айналадағы ортаға, оның ішінде Балқаш көлінің экологиялық жүйесіне кері эсерін анықтауға жэне оны азайту жөніндегі шаралар жүргізуге мүмкіндік берер еді.
Балқаш-Іле экологиялық жүйесінде байқалған табиғат қорғау занын бүзу аймақдағы коршаған ортаның жағдайын нашарлатуға экепіп соқтырды. Келешекте бүлай жалғаса берсе жағдайдың мүлде қүлдырап кетуі ғажап емес. Ол халықтың қалыпты өмір сүру деңгейін елеулі дэрежеде төмендетуге экеліп соқтырады. Яғни, «Мүндай бірегей көл келешекте бола ма, жоқ қүрып кете ме?» деген сүрақты төтесінен қоюға тура келеді. Өйткені ол Арал тағдырын айна қатесіз қайталап, республимамыздың орталық өңіріндегі ауқымды аймақта тіршілік көзінің қүрып кететіндігіне күмэн келтірмейді.
Балқаш көлінің мэселесін кешенді шешу — күрделі процесс. Олар көптеген факторларға, оның ішінде Балқаш-Іле жүйесіндегі су ресурстарын басқарудың үйымдық-қүрылымдық схемасына — Балқаш көлінің ластану-ының мониторингіне жэне оның бассейніндегі шаруашылық қызметті реттеуге тікелей қатысты.
Қазіргі уақытқа дейін Балқаш көлінің суының ластануына үш облыстың (Алматы, Қарағанды, Жамбыл) айналадағы ортаны қорғау басқармасы бақылау жасап келеді. Геологиялық тіршілікті бақылау жэне биоресурстарды, оның ішінде балық қорын қорғауды жуырда ғана қүрылған биоресурстарды қорғау жөніндегі Балқаш аймақтық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады. Балқаш көлінің барлық бассейндері бойынша су түтынудың бекітілген көліемі бойынша су ресурсын бөлумен Балқаш-Алакөл бассей-нінің су шаруашылығы басқармасы айналысады. Аталған органдардың осы аймақтағы табиғат қорғау қызметін басқарудың тек бір ғана мэселесін шешуге мүмкіндігі бар.
Балқаш көлінің тағдырына қатысты мэселелерді одан эрі шешу үшін су айдынының нормативтік-қүқықтық базасын анықтау жөніндегі бастамада арнайы ғылыми-зерттеу бағдарламасын жасауға жэне оны жүзеге асыруға дейінгі үзақ мерзімдік су деңгейін белгілеу жүмысын жүргізу басты мақсат болып табылады. Бүған көлдің белгіленген гидрогеологиялық қалпына кел-тіру жөніндегі үйымдық-техникалық кешенді жүмыстарының орындалуын бақылау, үкімет деңгейіндегі мемлекеттік қүрылымдар үйымдастыру қажеттігіне кіреді.
Мақсатты түрдегі түрақты қаржыландырусыз Балқаш көлінің экожүйесін
қалпына келтіру жэне қалыпты өмір қызметш қамтамасыз ету мүмкін емес. Біздің ойымызша бүл мақсатқа қаржы эртүрлі көздерден жиналуға тиіс. Бұлар — бюджеттік қаржы, сол сияқты экологиялық қорлар қаржысы, инвестиция тарту, халықаралық қорлар мен үйымдардың демеушілік көмегі, ең ақыры мемлекетаралық қаржылай көмек. Бұ_л қаржылар осы мақсатқа қү_рылған арнайы қорларға жиналып, қатаң түрде осы іске пайдаланылуы қажет. Әрі бү_л қордың қалай орындалып жатқ-андығы туралы кеңінен хабарланып отыруға тиіс. Алдағы уақытта осы қордың негізінде экология-лық банк құру мэселесін де қарастыруға болады.
Біздің бү_л эрекетіміз Қазақстанның кэусары саналатын бірегей көлді сақтап қалу жөніндегі соңғы эрекеттер. Сондықтан да оны мүмкіңдігінше жүзеге асыруымыз қажет.
(Республикалық «Табиғат» экологиялық апталығынан аударылды. 2000 жыл, жеп-тоңсан).
Достарыңызбен бөлісу: |