Түсінік хат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген МЖМБС редакциясында жәнe бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарларында «Ағылшын тілі» оқу пәні «Шетел тілі» деп өзгертілген.
Шетел тілі бағдарламалары білім алушыларға төмендегі тәсілдер арқылы тілді меңгертуге бағытталған:
талдау, бағалау және шығармашылық ойлау дағдыларының дамуына ықпал ететін әртүрлі тапсырмалар;
ауқымды жазбаша және ауызша дереккөздермен жұмыс жасау.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 3-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.
Шетел тілі бойынша сабақтарды жоспарлауға төмендегі ұсынымдар беріледі:
1-сыныпта оқу және жазу дағдыларын дамыту қарастырылмайды, «Оқу» бөлімі бойынша оқыту мақсаттары таныс сөздер мен сөз тіркестерін танып білуге ғана бағытталған;
сабақта ұсақ моториканы дамытуға байланысты іс-әрекеттер, ойындар, әндер, санамақтар, ұйқастырмалардықолдану;
оқу тапсырмаларын орындауда білім алушылардың жұмыстарын ынталандыру, білім алушыларды ынталандыру мен қолдаудың әртүрлі нысандарын қолдану арқылы білім алуға қолайлы және жайлы атмосфера жасау, жарыс сипатындағы тапсырмаларды қосу;
бастауыш сынып білім алушыларының психологиялық және жас ерекшеліктерін (жоғары эмоционалдылық, қозғалғыштық, сезімталдық, шаршағыштық) ескере отырып, оқытудың әдіс-тәсілдерін, формаларын ойластыру;
бастапқы кезеңде қателесу білім беру процесінің бір бөлігі болып табылатындықтан, білім алушылардың қателерін түзетпеу. Коммуникативті құзыреттілікті меңгерудің негізгі шартының бірі білім алушының білім беру процесіне белсенді қатысуы болыптабылады;
сабақта білім алушыларға таныс ағылшын тіліндегі сөздерді, фразаларды және нұсқауларды жиі қолдану қажет, бұл білім алушылардың тапсырмаларды орындаған кезінде сөздер мен фразаларды тиімді есте сақтауға және тануына мүмкіндікбереді;
мұғалімнің өз сөзін модельдеуі, тиісті интонацияны, дауысты, айтылуын және ым- ишараларды пайдалана отырып, сөздер мен фразаларды баяу және анықайту;
мимиканы, эмоцияны, ым-ишараны, түрлі-түсті көрнекі құралдарды (суреттер, ойыншықтар, постерлер)белсенді пайдалану, бұл білім алушылардың назарын неғұрлым тиімді шоғырландыруға және оларды жаңа сөздерді меңгеру процесіне тартуға ықпал етеді;
білім алушылардың қызығушылығын ынталандыру, жұмыс нәтижелерін көрсету, өткен материалды бекіту мақсатында сыныптағы арнайы бөлінген орындарда («сөйлейтін қабырғалар», көрмелер және т. б.) оқушылардың жұмыстарын орналастыру және жаңартып отыру;
10) іздестіру, өңдеу, тазарту, ақпарат жасау және ұсыну, ақпарат және идея алмасу сияқты АКТ-ға негізделген дағдыларды қолдануға ықпал ету;
11) әр сабақта қысқа аудио және бейне материалдарды, логикалық ойлауды дамытуға арналған тапсырмаларды және флэш карталар мен басқа да көрнекі құралдарды қолдана отырып, өткен тақырыптар бойынша қысқаша театрландырылған көрсетілімдерді үнемі қолдану.
Пән бойынша жиынтық бағалау әр тоқсанда 1 рет тоқсандық жиынтық бағалауды (ТЖБ) және бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты санын жүргізуді көздейді. Төменде бөлім / ортақ тақырып үшін жиынтық бағалау рәсімдерінің саны көрсетілген.
«Шетел тілі/Ағылшын тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау процедураларының саны
Достарыңызбен бөлісу: |