Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы №1353 Қаулысы «Электр энергетикасы туралы»


Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасын ұйымдастыру бойынша жалпы талаптар



бет2/14
Дата12.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#130609
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
3. Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасын ұйымдастыру бойынша жалпы талаптар

 

30. Қолданыстағы электр қондырғыларындағы жұмыстар осы Қағидалардың 2-қосымшасында келтірілген нысаны мен оны толтыру нұсқауы көрсетілген наряд бойынша және осы Қағидаларда көзделген жағдайларда өкім бойынша жүргізіледі.

31. Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасын ұйымдастыру болып мыналар табылады:



1) жұмыс жүргізуге наряд немесе өкім беру;

2) олардың тізбесіне сәйкес ағымдағы пайдалану тәртібімен орындалатын жұмыстарды ұйымдастыру;

3) жұмыс орнына кіруге рұқсат беру;

4) жұмыс орнына жіберу;

5) жұмысты орындау кезіндегі бақылау;

6) басқа жұмыс орнына ауыстыру;

7) жұмыстағы үзілістерді, жұмыстың аяқталуын ресімдеу.

32. Мыналар жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне жауапты болып табылады:



1) ағымдағы пайдалану тәртібімен орындалатын жұмыстардың тізбесін бекітетін, наряд, өкім беретін тұлға;

2) жұмыстарға жауапты басшы;

3) жұмыс орнына жіберуге рұқсат беруші тұлға;

4) жұмыс орнына жіберуші;

5) жұмыс жүргізуші;

6) бақылаушы;

7) бригада мүшесі.

33. Наряд, өкім беруші жұмыс орындарын дайындау шараларын қабылдайды және нарядта көрсетілген қауіпсіздік шараларының жеткіліктілігіне, дұрыстығына, бригаданың сапалық және сандық құрамына және жауапты тұлғаларды тағайындауға, сондай-ақ нарядта көрсетілген қызметкерлердің электр қауіпсіздігі бойынша топтар орындайтын жұмыстарға сәйкестігіне жауап береді.

34. Кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында наряд, өкім беру құқығы әкімшілік-техникалық персонал арасынан электр қауіпсіздігі бойынша V топқа, ал кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында электр қауіпсіздігі бойынша IV топқа жататын жұмыскерлерге беріледі.

Наряд беру құқығы бар қызметкерлер болмаған жағдайда, апаттарды болдырмау немесе олардың зардаптарын жою жұмыстары кезінде аталған электр қондырғысының жедел персоналы арасынан IV топқа жататын жұмыскерлердің наряд пен өкім беруіне рұқсат етіледі. Жедел персоналға наряд беру құқығын беру ұйым басшысының жазбаша нұсқауымен ресімделеді.

35. Жауапты басшы төмендегі жұмыстардың орындалуы кезінде тағайындалады:



1) механизмдер мен жүк көтергіш машиналар пайдаланылғанда;

2) осы Қағидалардың 42-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, электр жабдығын ажырату кезінде;

3) электр жалғауларының схемасы күрделі электр қондырғыларында;

4) электр қозғалтқыштары және ТҚ-ның қосылымдарында;

5) тума кернеуде;

6) ӘЖ, КЖ, кәбілдік байланыс желісі (одан әрі - КБЖ), оның ішінде жұмыс кернеуіндегі ӘЖ;

7) адамды жерден оқшаулау арқылы ток өткізгіш бөліктерден кернеуді алмастан;

8) электр жабдықтарын сынау бойынша, оның ішінде электр қондырғыларынан тыс жерде (жұмыс істемейтін электр қондырғыларында, қоймаларда, кәсіпорын аумағында, далада);

9) жерасты коммуникациялары орналасқан аймақтарда, көліктің қарқынды жүру аймақтарында;

10) диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары жабдығында (діңгектік өту құрылғысы, КБЖ сынау, қызмет көрсетпейтін күшейткіш пункт аппаратурасымен (бұдан әрі - ҚККП) жұмыс істеу кезінде, қосылым сүзгілерінде байланыс конденсаторының жерге тұйықтау пышағын қоспай жұмыс істеген кезде).

Басқа жұмыстар кезінде жауапты басшыны тағайындау қажеттілігін наряд беруші анықтайды.

Жұмыстардың жауапты басшысы кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларындағы жұмыс кезінде тағайындалады.

Жұмыстарға жауапты басшы нарядта көрсетілген барлық қауіпсіздік шараларының орындалуына және олардың жеткіліктілігіне, қабылданған қосымша қауіпсіздік шараларына, бригаданың мақсатты нұсқаулықтарының оның ішінде жұмысқа рұқсат беруші мен жұмыс жүргізушімен орындалатын нұсқаулардың толықтығы мен сапасына, электр қауіпсіздігі және басқа да өндірістік факторлардан жұмыс жасаушылардың қауіпсіздігіне жауапты болады. Жауапты басшылар мынадай:

кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында электр қауіпсіздігі бойынша V тобы бар;

кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында электр қауіпсіздігі бойынша IV тобы бар мамандарды тағайындайды.

36. Жұмыс орнына жіберуге рұқсат беруші кезекшіге және жедел жөндеу персоналына ажырату мен жерге тұйықтау көлемі бойынша тапсырманың дұрыс берілуіне, сол персоналға ажырату мен жерге тұйықтау бойынша алдын ала орындалған операциялардың көлемі туралы хабарланған мәліметтердің дұрыстығына, жұмысқа жіберілген бригадалардың жұмыс орны мен уақытын үйлестіруге, сонымен қатар, аталған электр қондырғысында жұмыс істеуге жіберілген барлық бригадалар жұмысты толық аяқтаған соң электр қондырғысының іске қосылуына жауап береді.



Жұмыс орнына жіберуге рұқсат беруді электр қондырғысын жедел басқарушы кезекші персонал жүзеге асырады.

37. Жұмысқа рұқсат беруші:



1) нарядта, өкімде көрсетілген жұмыс орнын әзірлеу бойынша техникалық іс-шаралардың дұрыс және дәл орындалуына, техникалық

іс-шаралардың жұмыстың сипаты мен орнына сәйкестігіне;

2) жұмысқа дұрыс рұқсат берілуіне;

3) бригада мүшелеріне өткізілген нұсқаулықтың толықтығы мен сапасына жауапты болады.

Жұмысқа рұқсат беруші жедел персонал арасынан тағайындалады. Кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында жұмысқа жіберуші электр қауіпсіздігі бойынша IV топқа, ал кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларда - III топқа ие болуы керек.

38. Жұмыс жүргізуші:



1) жұмыс орнының наряд нұсқауларына сәйкестігіне, жұмыстардың орындалу шарттары бойынша қажетті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге;

2) бригада мүшелерімен өткізілген нұсқаулардың айқындығы мен толықтығына;

3) қорғаныс құралдарының, құрал-саймандардың, мүлік пен құрылғылардың болуына, жарамдылығына және дұрыс қолданылуына;

4) жұмыс орнында қоршаулардың, плакаттардың, жетектерді жабатын құрылғылардың сақталуына;

5) жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне, өзінің және бригада мүшелерінің осы Қағидаларды сақтауына;

6) бригада мүшелеріне тұрақты түрде бақылауды жүзеге асыруға жауап береді.

Кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында наряд бойынша орындалатын жұмыстарды жүргізуші электр қауіпсіздігі бойынша IV топқа, ал кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында - ІІІ топты болуы тиіс.

Зиянды газдар пайда болуы мүмкін жерасты құрылыстарындағы жұмыстар үшін, кернеулі және кернеуі 1000 В дейінгі ӘЖ сымдарды тарту, ауыстыру бойынша, тіректерге ілінген кернеуі 1000 В жоғары ӘЖ жұмыстар үшін жұмыс жүргізушінің электр қауіпсіздігі бойынша тобы IV болуы тиіс.

Өкім бойынша орындалатын жұмыс жүргізушінің осы Қағидалардың 193-тармағында көрсетілген жұмыстардан басқа кернеуі 1000 В дейінгі және одан жоғары электр қондырғыларында жұмыстарды орындау үшін электр қауіпсіздігі бойынша III тобы болуы жеткілікті.

39. Бақылаушы электр қондырғыларында өз бетінше жұмыс істеуге құқығы жоқ жұмыскерлер бригадасын қадағалауды жүзеге асырады.



Бақылаушы:

1) әзірленген жұмыс орнының нарядта қарастырылған нұсқауларға сәйкестігіне;

2) жұмыс орнында орнатылған жерге тұйықтау құрылғыларының, қоршаулардың, қауіпсіздік плакаттары мен белгілерінің, жетектерді жабатын құрылғылардың болуына және сақталуына;

3) бригада мүшелерінің электр қондырғысының электр тогынан зақымдануына қатысты және басқа да өндірістік факторлардан қауіпсіз болуына жауапты болады.

Құрамына кіретін бригаданы басқаратын және жұмыс орнында үнемі болатын жұмыскер жұмыс технологиясына байланысты қауіпсіздікке жауапты болып саналады. Оның аты-жөні нарядтың «Жекелеген нұсқаулар» деген жолында көрсетіледі.

40. Бригаданың әрбір мүшесі:



1) Осы Қағидалар талаптарының, жұмысқа рұқсат берілген кезде және жұмыс кезінде алынған нұсқама өкімдердің орындалуына;

2) тиісті ұйымдардың еңбекті қорғау жөніндегі нұсқауларды орындауына;

3) жеке қорғаныс құралдарының, құрал-саймандар мен арнайы киімнің болуына, олардың жарамдылығына және дұрыс қолданылуына жауапты.

41. Жұмыскерлерге мына құқықтар:



1) наряд, өкім беруші;

2) рұқсат беруші;

3) жұмысқа жауапты басшы;

4) жұмыс жүргізушісі (бақылаушысы), сондай-ақ жеке тексеру құқығын беру ұйым басшысының жазбаша нұсқауымен ресімделеді.

42. Жұмысты қауіпсіз жүргізуге жауапты тұлғалардың міндеттерін қоса атқару шектелмейді және жұмыс жүргізуші мен рұқсат берушінің міндеттерін қоса атқарудан басқа наряд берушімен анықталады, өйткені төмендегі жағдайлардан басқа рұқсат берілмейді:



1) жедел жөндеу жұмыскерлері ішінен жұмыс жүргізуші - жұмысқа рұқсат беруші;

2) ӘЖ-дегі жөндеу персоналының ішінен жұмыс жүргізуші - жұмыс орнын әзірлеу үшін кернеудің жоқтығын тексеру және жұмыс орнында тасымалды жерге тұйықтау құрылғысын орнату талап етіледі.

43. Жұмыс жүргізуші мен жұмысқа рұқсат берушінің міндеттерін қатар орындаған кезде, оларға жұмысты қауіпсіз жүргізуге жауапты басқа адамдардың міндеттерін қоса орындауға рұқсат берілмейді.

44. Жұмысты өз бетінше орындауға, сондай-ақ нарядпен немесе өкіммен белгіленген жұмыс орындарын және тапсырыс көлемін кеңейтуге рұқсат берілмейді.

45. Басқа наряд жұмыс істеп жатқан аймақта кез келген жұмысты орындау жұмысқа бұрын жіберілген бригаданың жұмыс басшысымен немесе жұмыс жүргізушімен (егер басшы тағайындалмаса) келісіледі.

47. Келісім келесі бригадаларға рұқсат берерден бұрын нарядтардың жиегінде өзара ресімдей отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаның 2-кестесінің жанындағы «Келісілді» деген жазумен және келісуші адамның қолымен жүргізіледі.

 

 



4. Наряд бойынша жұмыстар Наряд бойынша жұмыстарды ұйымдастыру

 

48. Наряд екі данада жазылады, оның бірі жауапты жұмыс басшысына (жүргізушісіне) арналады, екіншісі - жұмысқа рұқсат берушіге немесе егер аталған учаскеде кезекші персонал болмаса наряд берген жергілікті кезекші персоналға арналады.

49. Жұмыс жүргізу нарядтарын телефон, радио арқылы беруге рұқсат етіледі. Бұл ретте наряд үш данада: наряд берушіге, жауапты жұмыс басшысына (жүргізушіге), рұқсат берушіге жазылады.

Бұл жағдайда наряд беруші бір данасын жазады, ал мәтінді телефон немесе радиограмма түрінде қабылдаушы тұлға нарядтың екі данасын толтырады және кері тексеруден кейін наряд берушінің қолы қойылатын жерге оның тегін, аты-жөнін көрсетіп, жазудың дұрыстығын растап, өз қолын қояды.

Жұмыс басшысының (жүргізушінің) және жұмысқа рұқсат берушінің міндеттерін қатар атқарған жағдайда, наряд екі данада жазылады.

50. Қолданыстағы электр қондырғыларында наряд бойынша төмендегі санаттағы жұмыстар орындалады:



1) 1000 В жоғары электр қондырғыларындағы кернеуді (тума және тума кернеусіз); ТҚ-ның жинақтаушы шиналарында және 1000 В дейінгі тарату қалқандарында, сонымен қатар, олардың жинақтаушы шиналарға кернеу берілетін қосылымдарындағы кернеуді алу арқылы;

2) 30-тараудың 30.2-бөліміне сәйкес электр өлшеуіш тістеуіктермен және штангалармен орындалатын жұмыстарды қоспағанда, электр қорғаныс құралдарын қолдана отырып кернеуді түсірмей, сонымен қатар, ағымдағы пайдалану тәртібімен кезекші және жедел жөндеу персоналы орындайтын жұмыстар. Электр қорғаныс құралдарын қолданып, кернеуді түсірмей, ағымдағы пайдалану тәртібімен кезекші және жедел жөндеу персоналы орындайтын жұмыстардың тізбесі жергілікті жағдайға негізделіп әзірленеді және кәсіпорынның техникалық басшысы бекітеді;

3) ток өткізуші бөліктер әлеуетінде кернеуді түсірмей орындайтын жұмыстар.

Сонымен қатар, наряд бойынша кернеуді түсіруді қажет етпейтін, осы Қағидалардың тиісті бөлімдерінде көрсетілген жекелеген жұмыстар орындалады.

51. Электр қондырғыларында орындалатын жұмыстарға берілген өтінімде жұмыс санаты көрсетіледі. Жұмыс орындарын әзірлеу бойынша нақты шаралар тізбесі өтінімде келтірілмейді.

52. Нарядты осы Қағидалардың 55-57-тармақтарында айтылған жағдайларды қоспағанда, бір қосылымның бір немесе бірнеше жұмыс орнына беруге рұқсат етіледі.

Бір жауапты жұмыс басшысына, рұқсат берушіге, жұмыс өндірушіге (бақылаушыға) кезекті рұқсат беру және сол бойынша жұмыс істеуге берілетін нарядтар санын, нарядтың қолданылу мерзімін наряд беруші анықтайды. Нарядты ұзартуға рұқсат берілмейді.

53. Толық аяқталған жұмыстар бойынша нарядтар электр станциялары мен ҚС-да қызмет көрсетуші персоналмен жасалған жұмыстар кезінде наряд берушіде немесе ҚС-да қызмет көрсетуші персоналынсыз және ӘЖ-де жедел шығу бригадасының диспетчерінде 30 тәулік бойы сақталады.



Егер наряд бойынша жұмыстарды орындау кезінде авария немесе жазатайым оқиға орын алған болса, мұндай нарядтар тексеру материалдарымен бірге ұйымның мұрағатында сақталады.

54. Нарядтар және өкімдер бойынша жұмыстардың тәртібі мен есепке алу осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген.

 

 

Бір наряд бойынша бірнеше жұмыс орындарында, қосылымдарда, қосалқы станцияларда жүргізілетін жұмыстар



 

55. Кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында барлық ток өткізуші бөліктерден, оның ішінде электр жеткізудің ӘЖ мен КЖ шықпаларынан кернеу алынды және көрші электр қондырғыларына (1000 В дейінгі құрастырмалар мен қалқандарда кернеуді қалдыруға болады) кіру мүмкін емес кезде, барлық қосылымдарда бір уақытта жұмыс істеу үшін бір наряд беруге рұқсат етіледі. Бұл ретте жұмыстың орындалуына жауапты адам тағайындау қажет емес.

Кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында барлық ток өткізуші бөліктерден кернеу толық алған кезде, ТҚ-ның жинақты шиналарында, тарату қалқандарында, құрастырмаларда, сонымен қатар бұл құрылғылардың барлық қосылымдарында бір мезгілде жұмыс орындауға бір-бірден наряд беруге рұқсат етіледі.

56. Шиналары дара жүйелі және секцияларының саны әрқилы 6-110 ТҚ секциясын түгелдей жөндеуге шығарған кезде, шиналарда және осы секцияның барлық қосылымдарында жұмыс істеу үшін бір наряд беруге рұқсат етіледі. Осы секция шегінде бригадаларды әртүрлі жұмыс орындарына бөліп орналастыруға рұқсат етіледі.

57. Агрегаттарды (илемдік орны, электр пеші) және жекелеген технологиялық құрылғыларды (ұсақтау жүйелері, тасымалдаушылар) жөндеуге шығарған кезде, осы агрегаттардың (құрылғылардың) электр қозғалтқыштарын қоректендіретін ТҚ-ның барлық қосылымдарында жұмыс орындауға бір наряд беруге рұқсат етіледі.

Бір наряд беруге бір кернеудің электр қозғалтқыштарындағы және бір ТҚ-ның қосылымдарындағы жұмыс үшін ғана рұқсат беріледі.

58. Бір электр қондырғысы қосылымдарының әртүрлі жұмыс орындарында бір мезгілде немесе кезекпен жұмыс орындау үшін бір наряд беруге төмендегі жағдайларда рұқсат етіледі:



1) күштік және бақылау кәбілдерін салу және қайта салу, электр қондырғыларын сынақтан өткізу, қорғаныс, өлшеу, бұғаттау, автоматика, телемеханика, байланыс құрылғыларын тексеру кезінде;

2) бір қосылымның коммутация аппараттарын жөндеу кезінде, оның ішінде, олардың жетектері басқа үй-жайда орналасқан жағдайда;

3) үңгіжолда, коллекторда, құдықта, орда, қазаншұңқырда жеке кәбілді жөндеу кезінде;

4) екі қазаншұңқырда немесе ТҚ және жұмыс орындарының орналасуы жұмыс жүргізушіге бригаданы бақылауға мүмкіндік беретін қатар орналасқан қазаншұңқырда кәбілдерді (екіден артық емес) жөндеу кезінде. Бұл ретте бригада мүшелерін әртүрлі жұмыс орындарына бөлек-бөлек орналастыруға рұқсат етіледі. Бір жұмыс орнынан басқа орынға ауыстыруды нарядта ресімдеу қажет емес.

59. Бір типті жұмыстарды бірнеше қосалқы станцияларда немесе бір қосалқы станцияның бірнеше қосылымдарында кезекпен жүргізу үшін бір наряд беруге рұқсат етіледі. Мұндай жұмыстарға:



1) оқшаулағыштарды тазарту; қысқыштарды қыса түсу;

2) сынамаларды алу және майды толтырып құю;

3) трансформатор орамаларын ауыстырып қосу, реле қорғанысы, автоматика құрылғыларын, өлшеу құралдарын тексеру;

4) өзге энергия көзінен жоғары кернеумен сынау;

5) оқшаулағыштарды өлшегіш штангамен тексеру; КЖ-нің бүлінген жерлерін іздеп табу. Мұндай нарядтың қолданылу мерзімі - 1 тәулік.

Әр қосалқы станцияға және әр қосылымға рұқсат беру осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген нарядтың тиісті бағанында ресімделеді.

Әр қосалқы станцияны жұмысқа қосуға онда наряд бойынша жұмыс толық аяқталғаннан кейін ғана рұқсат беріледі.

60. Осы Қағидалардың 55, 56, 58-тармақтары бойынша жұмыс жүргізу кезінде, барлық жұмыс орындары наряд бойынша жұмыс орындауға рұқсат беруге дайын болуға тиіс. Наряд бойынша орындалып жатқан жұмыс толық аяқталғанға дейін, электр қозғалтқыштарын сынап көруге рұқсат берілмейді.

61. Бригада мүшелерін әртүрлі жұмыс орындарына бөліп орналастырған жағдайда, электр қондырғыларын жіберуге III топты жұмыс жүргізушіден бөлек болуына рұқсат етіледі.

Жұмыс жүргізушіден бөлек болуға тура келетін бригада мүшелерін жұмысты жүргізуші жұмыс орындарына ертіп келуге және жұмысты орындау кезінде сақталуы қажет еңбек қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқау береді.

 

 



ӘЖ, КЖ мен диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары учаскелеріндегі тарату құрылғыларында наряд бойынша орындалатын жұмыстар

 

62. ТҚ аумағында орналасқан ӘЖ учаскелеріндегі жұмыс ӘЖ-де қызмет көрсететін жедел жұмыс персоналы беретін нарядтар бойынша жүргізіледі. Шеткі тіректе жұмыс істеу кезінде жергілікті персонал жедел бригадаға нұсқау береді, оны сол тірекке алып келеді. Жергілікті жедел персоналы жоқ электр қондырғыларында желі бригадасының жұмыс жүргізушісіне ТҚ-ның кілтін алуға және тірекке өз бетінше баруға рұқсат беріледі.



АТҚ порталдарында, ЖТҚ ғимаратында, сыртта орналасқан жиынтық тарату құрылғысының (бұдан әрі - СоЖТҚ) шатырындағы жұмыс кезінде, нарядтағы тиісті ресімдерді орындай отырып, желі бригадасына рұқсат беруді жедел персонал арасынан ТҚ-да қызмет ететін адам орындайды.

Желі бригадасымен жұмыс жүргізуші ТҚ-нан өз бетімен шығуға, ал бригаданың жекелеген мүшелері осы Қағидалардың 111-тармағында көзделген тәртіппен шығуға рұқсат етіледі.

63. ТҚ орналасқан КЖ шеткі муфталары мен бітеулеріндегі жұмыстар ТҚ қызмет ететін персонал беретін нарядтар бойынша орындалады. ТҚ мен КЖ әртүрлі ұйымдарға тиісті болған жағдайда, онда мұндай жұмыстар осы Қағидаларда жазылған талаптарға сәйкес жүргізіледі.



Барлық жағдайларда КЖ жұмыстарға рұқсаттаманы ТҚ қызмет ететін персонал жүзеге асырады.

ТҚ аумағынан және кәбіл құрылыстарында өтетін КЖ жұмыстар КЖ қызмет ететін жұмыскер беретін нарядтар бойынша орындалады. Рұқсаттаманы КЖ-де қызмет ететін персонал ТҚ қызмет ететін жедел персоналдың рұқсатын алғаннан кейін жүзеге асырады.

64. ТҚ орналасқан байланыс құрылғыларындағы жұмыстар диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары персоналы беретін нарядтар бойынша жүргізіледі. Мұндай нарядтарды ТҚ қызмет ететін персоналдың беруіне рұқсат етіледі. Байланыс конденсаторындағы және жоғары жиілікті бөгегіштердегі жұмыстар мұндай нарядтарға кірмейді, ондай жұмыстар ТҚ қызмет ететін персонал рәсімдеген нарядтар бойынша ғана жүргізіледі.



Жұмыс орындарын әзірлеуді және диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары құрылғыларындағы жұмыстарға рұқсат беруді ТҚ қызмет ететін персонал орындайды.

 

 



Көп тізбекті, қиылыстардағы, ӘЖ-нің әртүрлі учаскелерінде наряд бойынша орындалатын жұмыстар

 

65. Әрбір ӘЖ, көп тізбекті ӘЖ және әрбір тізбекке жеке наряд беріледі. Бірнеше ӘЖ (тізбектерге) бір наряд беруге төмендегідей жағдайларда рұқсат етіледі:



1) барлық тізбектерден кернеу түсірілген жұмыстарды немесе кернеудегі көп тізбекті әуе желісінің бір тізбегінен де кернеу түсірілмей жұмыстарды орындау кезінде;

2) ӘЖ олардың қиылысқан желілеріндегі жұмыстар кезінде;

3) кернеуі 1000 В дейінгі әуе желілеріндегі кезекпен орындалатын жұмыстар кезінде, егер олардан қоректенетін трансформатор пункті немесе жиынтықты трансформатор пункттері ажыратылған болса;

4) бірнеше әуе желілерінің ток өткізбейтін бөліктеріндегі ажыратуды қажет етпейтін бір типті жұмыстар кезінде.

66. Нарядта жөнделуші ӘЖ тума кернеуде тұрған-тұрмағаны, жөнделіп жатқан желіні қиып өтетін қандай ӘЖ ажырату және жерге тұйықтау (осы Қағидалардың 15-тарауына сәйкес жерге тұйықтау қондырғысы арқылы) талап етілетіні көрсетіледі. Осындай жөнделіп жатқан немесе жақын жерден өтетін ӘЖ қатысты, жұмысқа рұқсат бергенге дейін орындалатын осындай нұсқау нарядқа енгізіледі. Жұмыс толық аяқталғанға дейін, олардан жерге тұйықтау құрылғысын алуға рұқсат берілмейді.

67. ӘЖ басқа ұйымдарға тиісті болған жағдайда, оларды ажыратуды ӘЖ иесінің жауапты өкілі растайды.

68. Фазалық жөндеу кезінде ғана алмастырудың (транспозиция) бір адым учаскесіне жұмыстар үшін наряд беруге рұқсат етіледі.



Ажыратылған ӘЖ, ұзындығы 2 км аспайтын учаскеде (ұзындығы үлкен қарнақты (анкерлі) аралық шегіндегі сымдарды (арқансымдарды) монтаждау және бөлшектеу жұмыстарын қоспағанда), бригаданы бөлек-бөлек орналастыруға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда бір бригаданың жұмыс учаскесінің ұзындығын наряд беруші анықтайды.

Кернеудегі берілген ток өткізуші бөліктерде орындалатын жұмыстар кезінде, бригада бір тіректе (бір аралық өтпелі жерде) немесе екі жалғас тіректе болуға тиіс.

69. Бір наряд бойынша әр басқа учаскелерде, ӘЖ тіректерде бригаданы бір жұмыс орнынан басқа жерге ауыстыру нарядта ресімделеді.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет