Туякбаева Мырзагуль Исембиевна Бастауыш сынып оқушыларының өздігінен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру әдістемесі 7М01301-Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы



бет3/12
Дата22.06.2024
өлшемі123.36 Kb.
#502742
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Туякбаева баст.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныпта оқу пәндеріне оқушылардың қызығушылығын қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеп, оқу үрдісінің тиімділігін арттыру жолдарын көрсету. Сабақта инновациялық технологияларды, соның ішінде ойын, сыни тұрғыдан ойлау, саралау т.б технологиясын пайдаланудың тиімділігі қарастырылған.
Зерттеу міндеттері:
- әр педагогикалық технологияның тиімді жақтарын бөліп алу, қолдана оқыту арқылы пәнге қызығушылығын арттыру жолдарын анықтау;
- инновациялық тәсілдер қолдану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамытуын анықтау; - Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.
- инновациялық технологиялар негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқушылардың рефлексиясын дамытуға даярлаудың құрылымдық- мазмұндық моделін жасау;
Зерттеу әдістері: теориялық (ғылыми-теориялық әдебиеттерді талдау, жинақтау, қорытындылау, салыстыру, нақтылау, нәтижелерді жобалау); эмпирикалық (сауалнама жүргізу, бақылау, эксперимент); статистикалық (алынған нәтижелерді математикалық-статистикалық өңдеу, мониторинг, сараптау).
Зерттеудың ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
Жаңа әдістерді қолдана отырып жас жеткіншектердің интеллектілік, шығармашылық ойлауын дамыту, қазіргі заман талабына сай экономикалық көзқарастары мен белсенділігін қалыптастыра отырып, кәсіпкерлікке баулу, өз бетінше білім алу және еңбек ету дағдыларына негіз салу болып табылады.
Инновациялық технологиялар негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқушылардың рефлексиясын дамытуға даярлаудың құрылымдық- мазмұндық моделі әзірленді.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда қолданылатын инновациялық технологиялардың оқушылардың рефлексиясын дамытудағы әлеуеті сипатталды.
Зерттеу жұмысының практикалық мәнділігі :
1. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқушылардың рефлексиясын дамытуға даярлау мақсатында «Инновациялық технологиялар негізінде оқушылардың рефлексиясын дамыту әдістемесі» тақырыбындағы элективті курс бағдарламасы дайындалды;
2. Зерттеу нәтижелерін жоғары және орта арнаулы педагогикалық оқу орындарында, бастауыш білім беретін мұғалімдердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты мен жалпы орта білім беретін мектептердің білім беру үдерісінде пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет