1 ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ БІЛІМДІ ЕСЕПКЕ АЛУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ
БАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ, ҚЫЗМЕТІ
1.1 Білімді бақылау және бағалаудың түрлері мен формалары
1.2. Қазіргі кезде оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және
бағалаудың жаңа технологиялары
Білім беру саласында оқу-таным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке алу, тексеру және бағалаудың білім, білік, дағдының нәтижесін арттыруда қызметі ерекше. Сөйтіп, оның технологиясын әркезде өмір талабына сай жетілдіріп отыру оқыту міндеттерінің өзекті мәселелерінің бірі.
Күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік және дағдыны тексеру мен бағалаудың «5» баллдық жүйесі, оның сапасын, дәрежесін анықтап, белгілеуде барлық жағдайда объективтік тұрғыда қамтамасыз етпейді.
Тест – ағылшын сөзі (test) аударғанда «байқау, бақылау, зерттеу» деген сөз. Педагогика тарихында тест пайдалану 130 жылдан артық уақыты қамтиды. Ең алдымен, педагогикалық тесті 1964 жылы Джордж Филлер қарастырып, оны Гринвич госпиталіндегі мектепте пайдаланған. Кейбір мамандар білімді тест түрінде тексеруде американ психолог-педагогы С. Пресси мен оның қызметкерлері шығарған де есептейді.
С. Пресси оқу жылында оқушының білімін тексеруге мың сағаттан астам уақыт қажеттігін есептеген. Сондықтан ол алдына оқушы білімін бағалауға жіберілетін уақытты қысқартуды мақсат етіп қойды. Бұл мәселені шешуде тест тапсырмалары бар бағдарламамен жұмыс істейтін қарапайым технологиялық құрылымдар шығаруға болады.
Содан бері мектептегі үлгерімді тест бойынша тексеру Америка штаты, Франция, Англия, Жапония, Дания, Канада, Австралия, Израиль және т.б. елдерде кеңінен тарай бастады.
Мысалы, алдын ала тексерудің мақсаты – жаңа материалды игеруге қажетті білім, білік, дағды деңгейін анықтау. Мұндай тексерудің нәтижесінде мұғалім оқушылардың біліміндегі олқылықтарды дер кезінде байқап, анықтап, қосымша сабақ, кеңес ұйымдастыра алады. Алдын ала тексеруге арналған сұрақтар мектеп бағдарламасына сәйкес құрылады.
Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып жүр. Оқыту саласында тест қолдану білімді тексеру әдісін жетілдіруге қосылып отырған үлкен үлес болып есептеледі.
Тест «тәжірибе, тексеру» деген мағыналарды білдіреді. Тест сөйлесім, тілдесім, жазылым әрекеттерінің дәрежесін бақылауға өте тиімді әдіс болып табылады.
Тестік жүйенің басты мақсаттары:
• өтілген тақырыптардан, модульдерден алған білімдерінен олқылықтар кеткен оқушылармен жеке-дара қосымша жұмыс жасап, көмек беру;
• оқушылардың білім алуда іскерлік қабілеттерін, ой-өрісін дамытуды көздеу;
• оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, саралау;
• білім беруде бағдарлама сапасын, оқыту мақсатын зерттеу;
• бақылау барысында кемшіліктерді анықтап, оларды жоюға жол іздеу;
• өтілген тақырыптар бойынша қайталау, еске сақтау қабілеттерін арттыру;
• оқушылардың білімін саралай отырып, сыныптағы оқушылардың жетістіктерін салыстыру;
• оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандартқа лайықтау және салыстыру;
• оқушылардың арасынан дарынды, білімділерін анықтап, оларға тіл үйренуде қосымша тапсымалар беріп, шығармашылық деңгейге көтеру.
Тестік бақылаудың тиімділігі:
1. Өтілген тақырыптар, модульдерді тексеру барысында оқу процесінің уақыты үнемделеді;
2. Тест алу оқушының белсенді, қисынды ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасайды;
3. Әр оқушыға жекелей тапсырмалар беріліп, жеке тұлға мәселесі жоғары қойылады;
4. Оқушылардың білімін бағалау, қабілетін анықтау мүмкіндегі артады;
5. Бұл жүйе оқушыларды шапшаң қимылдап, тез шешімге келуге машықтандырады;
6. Тест барысында әр сұраққа дқрыс, нақты жауап іздеуде оқушылар ұшқырлыққа, ептілікке, жинақылыққа дағдыланады;
7. Тест жүйесі аз уақыт аралығында барлық оқушылардың білім сапасын анықтауға өте қолайлы;
8. Бұл жүйемен білім сапасын анықтауға бірыңғай талап қойылады әрі стандартқа сәйкестілігі анықталады;
9. Тындалым әрекетінің қаншалықты дәрежеде меңгерілгенін, түсінген-түсінбегенін анықтау үшін де өте қолайлы болып саналады;
10. Тест жүйесі пәнаралық байланысты да толық қамтып, оқушының әр саладан хабардар болуына өз септігін тигізеді.
Тестік жүйедегі сақталатын шарттар:
1. Жалпыға ортақ емес, әрбір оқушыға деңгейіне байланысты тапсырмалар жазылған жеке қағаздар дайындау қажет;
2. Әрбір тест түрінде 3-5 жауап қарастырылуы керек;
3. Тест сұрақтары түсінікті, жауаптары қатесіз берілуі тиіс;
4. Тест тапсырмалары бір модуль немесе бір тақырып көлемінде бағдарламаға сәйкес жүргізілуі қажет;
5. Тест тапсырмасын орындауға уақыт тест көлеміне, күрделілігіне сай берілуі тиіс;
6. Тест тапсырмаларында оқушылардың жас ерекшелігі мен қызығушылығы қатаң ескерілуі қажет.
Негізінен ізденіп, ойлана білсе, сөз үйретудің де, жауапты қадағалаудың да амалдары мен тәсілдері сан алуан. Оны әр оқытушы өз сабағында тақырып өзгещелігі мен мазмұнына байланысты таңдауы керек.
Белгілі ғалым, педагогика ғылымының докторы Ф. Оразбаева «Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі» атты еңбегінде тестің төмендегі түрлерін атап көрсеткен. Олар
Баламалық тест;
Таңдамалық тест;
Қосымшалық тест;
Жұмбақтық тест;
Толықтырмалық тест;
Өлшемдік тест;
Баламалық тест – жауаптың үлгілері «иә-жоқ», «дұрыс-бұрыс» түрінде беріледі де, оқушы осылардың біреуін ғана тандап алады.
Қазақстан жалауының түсі көк пе?
Иә, жоқ
Кит кішкентай ма?
Иә, жоқ
Мұғалім бала оқыта ма?
Иә, жоқ
Кітапханашы кітап бере ме?
Иә, жоқ
Ит мияулай ма?
Иә, жоқ
Орманда балық бола ма?
Иә, жоқ
Аспанда ұшақ ұша ма?
Иә, жоқ
Жирафтың мойыны ұзын ба?
Иә, жоқ
Бор ақ па?
Иә, жоқ
Таңдамалық тестте бір сұраққа бірнеше (3-5) жауап беріліп, оның біреуде дұрыс болып, оқушы ең дұрысын тауып, дәлдеп алуы керек.
Қыста не жауады?
а) жаңбыр
ә) гүл
б) қар
в) су
г) жел
Қардың түсі қандай?
а) ақ
ә) қызыл
б) сары
в) көк
г) қара
Кім мектепте оқиды?
а) құрылысшы
ә) суретші
б) оқушы
в) дүкенші
г) кітапханашы
Қосымшалық тест – «қазақ тілінің жалғамалы ерекшелігін оқушы меңгерді ме әлде жоқ па» деген сұраққа жауап іздегенде қолданылатын тест түрі. Сөздер, сөйлемдер беріліп, оның сыртында нөмірленген бірнеше жұрнақтар, жалғаулар тізбегі көрсетіледі. Сөйлемдегі қай сөздің қосымшасы түсіп қалған (көп нүктенің орнына, т.б.) соны оқушы нөмірлеп тауып, цифрмен белгілейді. Бұл тест түрінде мақалдары да ұтымды пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |