Аз да болса көппен тең
Жақсысы кеткен ауылдың
Артынан жақсы шықпаса
Өртеніп кеткен шөппен тең, - деп философиялық ой-топшылауын жасайды.
Ақтамберді адам бойындағы асыл, жақсы қасиеттерді өлеңдерінің өзегі еткен. Ақын нақылдарының ішінде талай адамгершілік ақылдар, өмірдің өзінен ойып алған бейнелі өсиеттер, ұзақ өмір тәжірибесінен қорытқан тұспалдар көп.
XVIII ғ. әдебиетіндегі ең көрнекті тұлға – Бұқар жырау. Жыраудың толғаулары негізінен этикалық нақыл-өсиеттен құралған. Мысалы:
Екі жақсы бас қосса,
Санат емей немене,
Қамшылатып жүгірген
Шабан емей немене,
Сұрағанда бермеген
Сараң емей немене [133]– деп толғайды Бұқар. Жырау толғауларының басым көпшілігін құрайтын насихат түріндегі толғауларында адамгершілік мәселелері – адамды ізгілікке, бауырмалдыққа, адалдыққа, әділдікке бағдар жасауына мүмкіндік туғызады.
Келесі ақындар поэзиясының ең көрнекті өкілі – Шал ақын. Шал біршама діндар адам болған. Алайда Шал этикасында тәңірінің, діннің алатын орны шамалы-ақ. Ақынның түсінігіндегі жақсылық пен жамандық, рахым мен зұлымдық құдай атымен байланыса бермейді. Шал ақын моралі діни мораль емес, адамгершілік моралі.
Жақсы атансаң біреудің хақын жеме,
Жақсымын деп момынның малын жесе,
Жаман адам сол болар, мақұл деме [134].
Бұл жерде зұлымдыққа жол бермеу, жамандықты бетке айту әр адамның парызы дейді ақын. Бәрі адамға байланысты деп ұғады Шал ақын. Сондықтан ол өз шығармаларында жақсылық қайдан шығады, жақсы адам дегеніміз кімдер, жамандық неден туады, жаман адамдар қандай деген мәселенің төңірегінде біраз сөз қозғайды. Уағыз түрінде жазылған өлеңдер, таза ақыл беру, үлгі айту тұрғысынан келетін шумақтар ақын шығармашылығында баршылық. Осылай Шал ақын жақсының шапағатын, жаманның кесапатын зерделеп, кейінгіге өнеге боларлық өсиет сөз қалдырған. Бабалар өлең өсиеттері арқылы дүние бөліктерін философиялық мәселе деңгейіне көтеріп, оған психологиялық түсінік береді. Олар дүние құбылыстарын тек түсіндіріп қана қоймай, сол процестердің адам өміріне тікелей байланысын ашады. Осы байланыстарды заң дәрежесіне көтеріп, оны этикалық салауатқа, мінез-құлық нормасына айналдырып отырады. Жалпы халықтық педагогика құралдарын, қазақ ойшылдары мен ағартушыларының, ақын-жыраулардың, ғұлама-ғалымдардың тағылымды мұраларын зерттеу олардың болашақ мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын қалыптастырудағы мүмкіндіктерінің мол екендігіне қол жеткіздік.
Қорыта айтқанда, XV-XVIII ғасырларда өмір сүрген ақындар этика, мораль мәселелерін жоғары бағалай білген. Халықтың дүниетанымын, адамның мінез-құлық, табиғи ерекшеліктерін, моральдық қағидаларын бейнелейтін ақын-жырау туындылары аз сөзге көп мағына сыйғызған нақты ой тереңдігімен ойға қалдырады. Адам бойындағы асыл қасиеттердің барлығы жыраулар өлеңдерінің өзекті арқауы болған. Олардың этикалық нақыл-өсиет сөздері болашақ мұғалімдерді әдептілік, парыздылық, адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеуге тигізетін әсері мол.
Ұлттық қасиеттерімізді болашақ мұғалім бойына сіңіру қоғам игілігі үшін де маңызды. Халықтық педагогика – ұлттық тәрбие негізі деп білеміз. Ал ұлттық тәрбие ғаламдағы құндылықтарды бойына сіңіріп, өз құндылықтарын арттыра береді. Бірақ ол өндіріс және экономика сияқты «ғаламдастыруға» келмейді, өркениеттілікпен дамып, қалыптасады.
«Адамға өткен дәуір бәрі – сабақ» дегендей, бабалар тәжірибесінен сұрыпталған ой-пікірлер кейінгі ұрпаққа аса қымбат. Олар болашақ мұғалімді қызмет барысында ізгі ұстанымдарға жүгінуге, өзін-өзі басқара білуге, өзін-өзі жетілдіре беруге т.б. кәсіби шеберлікке қажетті қасиеттерге жетелеуге бағытталған.
Ата-бабаларымыз сөзге, оның мағынасына терең мән берген. Сондықтан, халықтың өзімен бірге жасасып, өмір сынынан екшеленіп өткен, ата-бабадан мирас болған халық педагогикасы құралдары арқылы ғана болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығын қалыптастыра аламыз деп ой қорыта келе төмендегідей кестені ұсынуды жөн көрдік.
5 – кесте Халықтық педагогика – болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру құралы
|
Халықтық педагогика құралдарының аталуы
Мазмұндық сипаттамасы
|
Осы құралдардың болашақ мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын қалыптастыруға тигізер тәрбиелік мүмкіндіктері
|
1
|
2
|
3
|
1
|
Ауызекі поэтикалық шығармашылық
Түрлері: эпостық шығармалар, мақал-мәтел, шешендік, өсиет сөздер, аңыз әңгімелер, ертегілер, айтыс т.б
Эпостық шығармалар - ел, халық өмірінен алынған, образдары ірі әрі кемелді түрде жасалып, батырлық немесе ғашықтық сюжетке құрылған ауқымды эпикалық жыр-дастандар
|
көркем тілмен жырланатын эпостық шығарма болашақ мұғалімдердің кәсіби мінез-құлқын, іс-әрекетін реттеуге көмектеседі
|
|
Мақал-мәтелдер ойды қысқа қайырып, ұтымды жеткізетін, халық ойы мен өмір тәжірибесінің қорытындысы іспеттес сөздер. Мақал-мәтелдер – халық ауыз әдебиетінде бағзы заманнан келе жатқан, мазмұндық ерекшелігімен көпшіліктің ойын жинақтап бере алатын көркем тіркес.
Айтыс - қазақ фольклорында кең тараған жанрдың бірі. «Айтыс» - сөз айтысу, сөз жарысы, пікір таласы деген ұғымды білдіреді. Түрлері: қайым айтыс, жұмбақ айтыс, бәдік айтыс, қыз бен жігіт айтысы т.б.
|
тарихы талай ғасырға тереңдейтін, қысқа да нұсқа асыл мұра – халықтың моральдық кодексі ретінде болашақ мұғалімнің ақыл-ойын дамытып, деонтологиялық ұстанымдарға сәйкес қызмет етуге қажетті ой-өрісін, сана-сезімін, түйсігін дамытады
|
|
Шешендік сөздер парасатты ойға, ұтқыр шешімге, тапқырлыққа құрылады да, айтылған ойға қисынды әрі жедел жауап қайтаруды талап етеді, басты ерекшелігі тапқырлық пен шапшаңдық. Шешендік сөздерде адамдық қасиеттер мен әлеуметтік талап-тілектер топтастырылып беріледі.
Тыйым сөздер халқымыздың ұлттық әдеп-әдет этиканың бір тармағы ретінде бүгінгі күнге дейін жеткен. Олар – халықтың терең философиялық ойын, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған тұжырымы, негізгі қағидалары іспеттес. [156]
|
мұғалімнің жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамытып, адамгершілік мінез-құлықтың нақты ережелерін құруға мүмкіндік береді;
өзін-өзі басқара білуге, қызмет барысында парыздылық ұстанымдарға жүгінуге жетелейді.
|
5-кестенің жалғасы
|
1
|
2
|
3
|
2
|
Сәндік-қолданбалы шығармашылық
Халқымыздың қайталанбас мәдени байлығы, қолөнер мұралары қоғам тарихымен, күнкөріс кәсібімен біте қайнасып, бірлікте дамып отырған. Сәндік-қолданбалы өнерге тән ерекшеліктер – айналадағы ортамен, өнермен, еңбекпен тығыз байланыста болуы
|
эстетикалық қуат беріп, сұлулықты түйсініп-сезіну, оны жасай білу, өмірді әдемі, өнегелі ету, адам еңбегін бағалау, туған жер табиғатын қорғау, сұлулықты танып-білу дағдылары қалыптасады
|
3
|
Музыкалық шығармашылық
құралдарына ән, күй, жыр жатады.
Ән – халық тарихының құрамдас бір бөлігі, халықтың әр дәуіріндегі басынан өткізген рухани тіршілігінің, әлеуметтік, психологиялық көңіл-күйінің айқын айғағы
|
ақыл-ой, зерде-сезіміне әсер етіп кәсіби шеберлікке қажетті қасиеттерге жетелейді
|
Күй – қазақ халқының аспаптық музыкалық мұраларының бірі, ол әр түрлі аспапта орындалуына байланысты қобыз, сыбызғы және домбыра күйлері деп аталады. Күй мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырған. Күй үнi адамның тiлi жетпейтiн iшкi жан дүниесiндегi ойын жеткiзiп, айнала әсемдiк әлемiн аялап қорғауға нәзiк сезiмін, көңiл-күйiн түсiнуге тәрбиелейді.
|
рухани жан дүниесіне, сана мен сезімнің бірлігіне әсер етеді; әсемдікке, әдемілікке, елдікке, ерлікке
|
4
|
Қазақ халқының моральдық-этикалық нормалары
Моральдық-этикалық нормалар дегеніміз моральдық сана тәжірибесіне ендірілген, адамгершілік қатынас мазмұнында көрініс тапқан моральдық ережелер жиынтығы. Қазақ халқының моральдық-этикалық нормалар жіктемесі: абырой мен намыс, мінез-құлық, сана-сезім тәрбиесі.
|
мұғалімнің кәсіби жауапкершілігін, моральдық-этикалық қарым-қатынасты тәрбиелейді
|
|
|
|
5
| Діни ілімдер
Діни ілімдер – имандылық пен инабаттылыққа, қайырымдылық пен мейірімділікке, адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелейді. Ислам дінінің тәлім-тәрбиелік бірі – мұсылмандардың алла-тағала алдында «бес парызын» орындауы (1.Шахадат айту. 2. Намаз оқу. 3. Ораза тұту. 4. Қажыға бару. 5. Зекет беру.)
|
педагогикалық деонтологияның «Зиян келтірме!» ұстанымына сай қызмет етуге жетелейді, адамның жаны мен тәнін тазалайтын (обал, сауап) тура жолға салатын, рухани дүниесін нұрландыратын ғибадат амалдарының ең ұлысы
|
5- кестенің жалғасы
|
1
| 2 |
3
|
6
| Салт-дәстүр – тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын салт-сана, қоғамдық тәртіп, мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары, қоғамда, ұлтта немесе жекелеген әлеуметтік топтарда ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтік мәдени мұра элементтері; әдетке сіңген ғұрып, мирас; тарихи дамудың нәтижесінде пайда болған мінез-құлық нормасы; қоғамның бір тобынан екіншісіне ауысып отыратын мәдениеттің өткендегі элементі. |
болашақ мұғалімдердің мінез-құлқын, парыздылық сана-сезімін, абырой мен намысын; ұлтына, туған жеріне, тарихына, табиғатқа, ата-анасына, шәкіртіне, еңбекке деген құрмет, сүйіспеншілік сезімін қалыптастырады
|
7
| Әдет-ғұрып – адамдардың белгілі бір жағдайларға байланысты, қайталанып отыратын үйреншікті мінез-құлықтық іс-қимылдары, адамдардың тұрмысындағы қоғамдық қатынастардың тарихи қалыптасқан тұрақты нормалары; дәстүрге айналған жалпыға бірдей қалыптасқан қоғамдық тәртіп, салт-сана |
ұлттық мінезді
қалыптастырады; мейір шапағатқа, ақыл-парасатқа жетелейді; халықтың тұрмыс-тіршілігін, қадір-қасиетін білуге шақырады
|
8
| Ғұлама ойшылдардың педагогикалық, этикалық көзқарастары – ақыл-парасат, ізгілік адамгершілік құндылықтар туралы ой-тұжырымдамалары |
болашақ мұғалімдерді данышпан-кемеңгер ойшылдардың ұшан-теңіз ой-пікірлері ұлағатты тәрбиенің нәрімен сусындатады, өзін-өзі кәсіби тәрбиелеуге ынталандырады
|
9
| Ақын-жыраулардың озық ой-пікірлері – халқымыздың асыл да мол мұрасы, ақыл-ойға, тәлім-тәрбиеге негізделген сөз маржаны, парасатты ойға, ұтқыр шешімге, тапқырлыққа құрылады. Алдарына қойған мақсаттары: еңбеккор, Отанын, елін, ұлтын сүйетін, ата-анасын қадірлейтін, кішіге қамқор болатын, ұлттық намысы бар, ұлтжанды азамат тәрбиелеу |
сөйлеу мәдениеті, тіл мәдениеті шеберлігін дамытып, өсиет-өнегелер парыздылық сананы, сезімді, сенімді қалыптастырады; жаманнан жирендіріп, жақсыға жақындатып отырады
|
Достарыңызбен бөлісу: |