В. А. Митерев н. С. Реметова



бет80/113
Дата03.01.2022
өлшемі0.76 Mb.
#450151
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   113
Реметова Митерев Мед хим на каз

Тесттік тапсырма

1. Атомдардың әрекеттесуінен жәй және күрделі заттардың түзілуін не деп аталады ?



  1. химиялық байланыс

  2. энергияның ионизациясы

  3. электронға жақындығы

  4. электртерістілік

  5. дұрыс жауабы жоқ

2. Бөліспеген жұп электрондар доноры және бос орбиталь арқылы түзілген ковалентті байланыс тәсілін не деп атайды ?

  1. донорлы-акцепторлы

  2. ортақтасу

  3. жеке

  4. жалпы

  5. дұрыс жауабы жоқ

3. Ортақ электрон жұбының түзілу тәсілі:

  1. донорлы-акцепторлы

  2. ортақтасу

  3. жеке

  4. жалпы

  5. дұрыс жауабы жоқ

4. Әрекеттесуші атомдардың жақындасуынан электорндық бұлттарының қабысуын қалай атайды?

  1. ковалентті байланыс

  2. ионды байланыс

  3. металдық байланыс

  4. сутектік байланыс

  5. дұрыс жауабы жоқ

5. Химиялық байланыс теориясына жатады

  1. валенттілік байланыс әдісі

  2. полимеризация әдісі

  3. ионизация әдісі

  4. құрылымдық анализ әдісі

  5. дұрыс жауабы жоқ

6.Химиялық байланыс теориясына нені жатқызуға болады.

  1. молекулалық орбиталь әдісі

  2. полимеризация әдісі

  3. ионизация әдісі

  4. құрылымдық анализ әдісі

  5. дұрыс жауабы жоқ

7. Ковалентті байланысты сипаттайтын қасиет:

  1. активация көлемі

  2. байланыс ұзындығы

  3. Дебай энергиясы

  4. толқын саны

  5. дұрыс жауабы жоқ

8.Гомолиттік үзілу нәтижесінде түзіледі:

  1. радикалдар

  2. катиондар

  3. аниондар

  4. дипольдар

  5. дұрыс жауабы жоқ

9.Гетеролиттік үзілу нәтижесінде түзіледі:

  1. катиондар және аниондар

  2. катиондар

  3. аниондар

  4. радикалдар

  5. дұрыс жауабы жоқ

10.Екі электртерістілік элементтер арасында сутегі атомымен байланысқан, байланыс:

  1. сутектік

  2. иондық

  3. ковалентік

  4. металдық

  5. дұрыс жауабы жоқ

11.Байланыс түзу үшін бос электрондық жұбын беретін атомды қалай атайды:

  1. донор

  2. акцептор

  3. индуктор

  4. фактор

  5. параметр

  1. Байланыс түзу үшін бос электрондық орбитальды беретін атомды қалай атайды:

  1. акцептор

  2. донор

  3. индуктор

  4. фактор

  5. параметр

  1. ОҒ2 молекуладағы байланыстың түрі:

  1. ковалентті полюсті

  2. ковалентті полюссіз

  3. иондық

  4. сутектік

  5. металдық

  1. Элементтің валенттілігі 3, ал тотығу дәрежесі 0 болатын қосылысты көрсет:

  1. N2

  2. O2

  3. CI2

  4. F2

  5. -Br2

  1. Байланысқан екі атомдарды үзу үшін қажетті энергия қалай аталады ?

  1. байланыс энергиясы

  2. энергиясы активациясы

  3. Гиббс энергиясы

  4. Дебай энергиясы

  5. дұрыс жауабы жоқ

15. Электрөткізгіштік

15.1. Меншікті және эквивалентті электрөткізгіштік

Заттардың электр тогын өткізу қабылеті электрөткізгіштік деп аталады.

L= 1/R ;Ом-1L - электрөткізгіштік

R - кедергі

Екінші ретті өткізгіштерде (электролиттердің ерітінділері мен балқымалары) электр тогын иондар тасымалдайды, бірақ олардың қозғалғыштығы электрондарға қарағанда төмен болады, сол себепті металдардың, мысалы, мыс пен күмістің электрөткізгішітігі ерітінділердікінен 10000000 есе артық болып келеді.

Ерітінділердің электрөткізгіштігі меншікті және эквивалентті болып бөлінеді.

Аудандары 1 см2 және ара қашықтары 1 см болып келген екі электродтың арасындағы ертіндінің электрөткізгіштігі меншікті деп аталады.

χ- меншікті электрөткізгіштік

S - өткізгіштің көлденең қиындысының ауданы

l - өткізгіщтің ұзындығы

L - электрөткізгіштік

Меншікті электрөткізгіштікке температура және концентрация әсер етеді. Температура жоғарыдағанда, меншікті электрөткізгіштік те жоғарылайды.

Концентрленген ерітінділер сұйытылғанда меншікті электрөткізгішітік бастапқыда жоғарылап, одан кейін біртіндеп төмендейді. Меншікті электрөткізгіштің алғашқыда жоғарылауы күшті электролиттерде иондар аралық әрекеттесу күштерінің төмендеуіне, ал әлсіз электролиттерде диссоциациялану дәрежесінің күрт жоғарылауына байланысты болады.

Электролит ерітінділерінің меншікті электрөткізгіштігі негізінен ертінді көлеміндегі иондардың санына және қозғалу жылдамдығына тәуелді болып келеді. Иондардың қозғалу жылдамдығы гидратталған иондардың мөлшеріне, ертіндінің тұтқырлығын және иондардың гидратациясын өзгертетін температураға, иондардың заряд шамасына және электролитің концентрациясына (ертіндінің иондық күші жоғары болса, иондардың қоғалу жылдамдығы қатты төмендейді) байланысты. Иондардың мөлшері электролиттің концентрациясына және диссоцияиациялану дәрежесіне тәуелді, ал диссоциациялану дәрежесі температураға және концентрацияға (Оствальдтың сұйылту заңы) байланысты болады.

Әр түрлі электролиттердің өткізгішітігін салыстыру үшін эквивалентті электрөткізгіштік қолданылады.

Бір бірінен 1 см қашықтықта орналасқан электродтардың арасындағы құрамында 1 моль эквивалент электролиті быр ерітіндінің электрөткізгіштігі эквивалентті деп аталады.



λV - эквивалентті электрөткізгіштік

χ - меншікті электрөткізгіштік

V - ерітіндінің көлемі

Меншікті электрөткізгіштікке әсер ететін факторлар, эквиваленттікке де әсер етеді. Тек қана меншікті электрөткізгіштік үшін тұрақты болып есептелетін ерітіндінің көлемі (1 см3), эквивалентті үшін тұрақсыз болуы мүмкін.

Әлсіз және күшті электролиттердің эквивалентті электрөткізгіштігі сұйылту барысында жоғарылап, шексіз сұйылту (күшті электролиттерде иондар аралық әрекеттесу болмайды, ал әлсіз электролиттерде иондалу дәрежесі ( α) бірге тең кезінде ең жоғарғы мәніне ие болады. Эквивалентті электрөткізгіштік мұндай сұылту кезінде иондардың қозғалу жылдамдығына ғана тәуелді болады.



Күшті электролиттер үшін белгілі және шексіз сұйытылғандағы электрөткізгіштердің қатынасы электрөткізгіштік коэффициентімен (fλ) сипатталады:








    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет