№7. Микроорганизмдер экологиясы. Адам денесінің қалыпты микробиотасы және оның мәні. Дисбиоз. Дисбиоз себептері. Қалыпты микрофлораның
бұзылыстарын қалпына келтіру принциптары.
Микроорганизмдер экологиясы – микроорганизмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара арақатынасын зерттейді. Микроорганизмдер топырақта, суда,
өсімдіктерде, адам организмінде және жануарларда, космоста табылады. Микроорганизмдер – биоценоздың құрамды бөлшегі, яғни тіршіліктің біркелкі жағдайындағы
суқойма немесе құрғақ аймақта орналасатын биотоп-жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер жиынтығы. Ортаның белгілі аймағында мекендейтін микроорганизмдер
жиынтығы микробиоценоз деп атайды.
Адам денесінің микрофлорасы
Дам организмінде қалыпты микрофлора бірлестігі ретінде микроорганизмдердің шамамен 500 түрі мекендейді. Қалыпты жағдайда өкпеде, жатырда, өңеште
микроорганизмдер болмайды. Адам организмінде тұрақты және транзитті микрофлора болады. Тұрақты (резидентті, индигенді, автохтонды) микрофлора – организмде
тұрақты болатын микроорганизмдер. Транзитті (тұрақсыз немесе аллохтонды) микрофлора – организмде ұзақ тіршілік етуге қабілетсіз микроорганизмдер.
Тұрақты микрофлора облигатты және факультативті деп бөлінеді. Облигатты микрофлора (бифидобактерия, лактобактерия, пептострептококк, ішек таяқшасы,т.б.) –
микробиоценоздың негізі болып, ал факультативті микрофлора (стафилококтар, стрептококтар, клебсиеллалар, клостридиялар, кейбір саңырауқұлақтар,т.б.) –
микробиоценоздың аздаған бөлігін құрайды.
Тері микрофлорасы. Теріде, оның терең қабаттарында (шаш қалтасында, май және тер бездерінде), аэробтарға қарағанда анаэробтар 2-10 есе көп болады. Теріде грам оң
бактериялар, ашытқытәрізді саңырауқұлақтар, сирек жағдайда транзитті микрофлора колонияланады. Организм әлсірегенде теріде грам теріс бактериялар саны өседі.
|