Негізгі зерттеу әдістері;
Бактериоскопиялық- жағындыларды Грам әдісіме бояйды, капсуланы анықтау үшін Ребигер, Михин, Гинс немесе Романовский-Гимзе әдістерімен бояйды.
Бактериологиялық- жеткізілген зерттеу затына байланысты сынамаларды келесі
қоректік орталарға; Хоттингер агарына, ЕПА-ға немесе дифференциалды-
диагностикалық орталарға себеді.
Биологиялық- ең жиі қолданылатын зерттеу әдісі.
Аллергиялық – диагноз қою үшін күйдіргі антигенімен сынама жасалынады.
Асколи бойынша термоприцепитация реакцясы- бұл реакция күйдіргі антигенін жара қабыршақтарынан, ескірген заттардан, аурудан өлген жануарлардың терісі мен
ағзаларынан , шірінділерден алнған зерттеу заттарнан табуға мүмкіндік береді.
Зерттеуге алынатын заттар;
Везикула және карбункула бөлінділері, сыдырылып түскен қабыршақ (терілік түрінде); қақырық, нәжіс,қан, мәйіт материалдары, топырақ, тері, жануарлардың жүні,
жемі, су, қоршаған орта объектілерінен шайындылар және т.б.
Патологиялық затты зертханалық зерттеу
келесі кезеңдерден тұрады;
Сынамаларды зерттеуге даярлау. Бастапқы зерттеу затын микоскопта қарау. Қоректік орталарға себу. Зертханалық жануарларға жұқтыру. Антиген және
антиденелерді табу мақсатында серологиялық реакциялар қою.
Зерттеу мерзімдері;
Микроскопиялық – келіп түскен күні. Бактериологиялық – үш тәулікке дейін. Биологиялық – 10 тәулікке дейін.
Қоршаған орта объектілерінен алынған заттарды, мері мен жүнді бөгде микрофлоралардан арылту үшін су моншасында 80градуста 20
минут термиялық өңдеуден
өткізеді. Қоздырғыштың вегетативтік фомасы бар заттарды (науқас адам мен жануарлардан алынған заттар, патологиялықматериалдар, жануарлардың еті және т.б.)
өңдемейді.
Емдеуі. Күйдіргіге қарсы арнайы иммундыглобулин мен патогенетикалық емдеу (аурудың ағымының ауырлығына байланысты енгізілген сұйықтықтың көлемі күн
сайын 0,5-1,0л аралығында болуы керек)жүргізіледі. Пеницилиндер , тетрациклиндер және фторхиналондар қатаына жататын антибиотиктер жақсы нәтиже береді.
Алдын алу; вакцинация қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: