Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»


Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі



бет9/18
Дата04.07.2016
өлшемі2.47 Mb.
#176226
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – диагностикалық зерттеулер немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде.

Диагностикалық зерттеулер немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама мынадай мерзімдерде жүргізіледі:

серологиялық зерттеулер бойынша:

классикалық – бес жұмыс күні ішінде;

иммундық ферменттік талдау (ИФТ) – жиырма жұмыс күні ішінде (сынамалардың жиналуына байланысты);

вирусологиялық зерттеулер – жиырма бес жұмыс күні ішінде (зерттеулер жөніндегі әдістемелерге байланысты);

молекулярлы-генетикалық зерттеулер (МГЗ) – жиырма жұмыс күні ішінде (сынамалардың жиналуына байланысты);

бактериалогиялық зерттеулер бойынша:

микроскопия – екі жұмыс күн ішінде;

биологиялық сынама – жетпіс жұмыс күні ішінде (зерттеулер жөніндегі әдәстемелерге байланысты);

паразитологиялық зерттеулер бойынша – үш жұмыс күні ішінде;

тамақ өнімдерінің, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтау бойынша – сегіз жұмыс күні ішінде;

тамақ өнімдерін міндетті және қосымша зерттеулер бойынша – бір жұмыс күні ішінде.

Сынаманы алу және оны зерханаға зерттеуге жолдау – бес жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – сараптама актісі (сынақ хаттамасы).

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

Сараптама актісі (сынақ хаттамасы) қағаз нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады және мөрмен куәландырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» сараптама актісін (сынақ хаттамасын) алу орны, күні мен уақыты туралы ақпарат жолданады.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетелетін қызметті алушылар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы
10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 3), 5),
6-1), 7) тармақшаларына сәйкес ақылы түрде көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті беруші тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда не зертханалардың кассаларына қолма-қол ақшамен төлейді.

Мемлекеттік орган қызметкерінің мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау объектілерінен диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін сынама алуы ақысыз жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма (қоса алған) аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

мемлекеттік органға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (бірдейлендіру үшін);

порталға:



осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.

Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мемлекеттік орган қызметкері мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

1) мемлекеттік органға – көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

Сынаманы алғаннан және оны зерттеу үшін зертханаға жібергеннен кейін мемлекеттік органның кызметкері нысандағы хабарламамен жолдайды, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ветеринариялық-санитариялық сараптаманың немесе диагностикалық зертеулердің құны мен уақыты туралы хабарлама жолдайды.



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне)
шағымдану тәртібі

10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдардарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, сондай-ақ мынадай мекенжайлар бойынша Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасының не Министрлік басшысының атына беріледі:

1) Комитетке – 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36,


605-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-58-15, 55-59-45, электрондық мекенжайы: priemnaya.kvkn@minagri.gov.kz;

2) Министрлікке – 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36,


301-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-58-48, 55-57-63.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.

Шағымда:

жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;

заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Электронды өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.



4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы ЭЦҚ-сы электронды нысанда алу мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.


«Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

Нысан

____________________________________________



(ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын _________________________________________________жергілікті атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің/

______________________________________________

бөлімшесінің атауы)
___________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ЖСН /

заңды тұлға атауы, БСН)

Мемлекеттік тіркеу анықтамасының (куәлігінің*)

нөмірі ____________________

Мекенжайы_______________________________________


Өтініш нөмірі:
Өтініш

Ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беруді сұраймын _____________________________________________________________

(мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау объектісінің атауы, түрі)

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

Байланыс телефоны __________________ E-mail _______________________________________


Зертхананың тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларына сәйкес зертхана көрсететін қызметтерді төлеуге өз келісімімді растаймын.

Зертхана көрсететін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларымен таныстым.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысын:

 зертхана кассаларына қолма-қол ақша нысанында;

 екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арықылы аудару жолымен қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда;

 шарттағы міндеттемелер шеңберінде жүргізуге міндеттенемін.

Зертхана көрсететін тауардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) құнын төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.

Ветеринариялық инспектордың немесе дәрігердің ветеринариялық бақылау және қадағалау объектілерінен сынамалар алуына келісемін.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растаймын.


___________________________________________ 20__жылғы ____________

(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)


ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы қолданысқа енгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есепке алу) тіркеу (қайта тіркеу) куәлігі заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.

«Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

Нысан
№ _____

ХАБАРЛАМА

20____жылғы «____» __________________

Өтініш беруші __________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ЖСН / заңды тұлғаның атауы, БСН) Мемлекеттік тіркеу анықтамасының (куәлігінің) нөмірі

Жүгінген күн 20__жылғы « » ____________

Сараптама атауы____________________________________________

Сараптама актісін беру мерзімі _________________________________________

Көрсетілетін қызмет құны: ____________________________________________________

_________________________________________________________________

тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің/ бөлімшесінің атауы
Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 24 қарашадағы

№ 7-1/1031 бұйрығына

4-қосымша

«Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық

жағдайды бағалауды ескере отырып,

орны ауыстырылатын (тасымалданатын)

объектiлердiң экспортына, импортына

және транзитiне рұқсат беру»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша


_________________________________________

(уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің атауы)

_________________________________________

(заңды тұлғалар үшін: толық атауы, орналасқан жері, өндіріс объектісінің ведомство берген есептік нөмірі (коды), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмiрi және күнi, сәйкестендіру нөмiрi / жеке тұлғалар үшін: жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), есептік нөмірі (коды) сәйкестендіру нөмірі, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің №, тіркеу күні, телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер болар болса))

Өтініш
Сізден ________________________________ рұқсат беруіңізді сұраймын.

(экспортқа/импортқа (керегінің астын сызу)




1.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің саны, оның өлшем бірлігі




2.

Экспорттаушы ел (импорттаушы ел)




3

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні шыққан жері




4.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттау, импорттау кезінде пайдалану болжанатын көлік түрі




5.

Олар арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні алып өту көзделетін мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін көрсете отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің жол жүру бағдары




6.

Экспорттың, импорттың мақсаттары (тірі жануарлар үшін – көбейту және күтіп-бағу, сату, етке сою; өнімдер үшін – өткізу, өңдеу; жемшөп пен жемшөп қоспалары үшін – оларды жейтін жануарлардың түрі)


7.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні сақтауды (өңдеуді, өткізуді) жүзеге асыратын өндіріс объектісінің атауын және есептік нөмірін көрсете отырып, Кеден одағының (импорттау кезінде), үшінші елдердің (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекет) (экспорттау кезінде) кедендік аумағындағы межелі пункті




8.

Жойылып кету қаупі төнген және Жойылып кету қауіпі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның (бұдан әрі – СИТЕС) ықпалына түсетін тірі жануарларды, аңшылық олжаларын немесе олардың оңай танылатын бөліктері немесе құжаттары, орама жапсырмалары немесе басқа белгілері бойынша жануарлардың бөліктері немесе туындылары (дериваты) болатын немесе бола алатын туындыларын (дериваттарын) әкеткен жағдайда СИТЕС ықпалына түсетін жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге немесе Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге арналған рұқсаттардың берілген күндері және нөмірлері



9.

Ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының шыққан елін және олардың тіркеу куәліктерінің нөмірін (тіркеу, қайта тіркеу күні) көрсете отырып, ұйымдардың - өндірушілердің ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын экспорттау кезінде



10.

Асыл тұқымды жануарларды және асыл тұқымдық өнімді (материалды) импорттау кезінде экспорттаушы елдің ресми органы жануардың әр басына берген асыл тұқымдық куәліктің немесе оған балама құжаттың нөмірі және күні




11.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің сипаттамасы




12.

Объектінің орналасқан жері




13.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні карантинге қою, өндіру, сақтау шарттары




14.

Талаптары бойынша «Кеден одағындағы ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардан ерекшеленетін Қазақстан Республикасына үшінші елдерден әкелінген (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекет) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді және олардан өндірілген өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге шығармауға келісімді растаймын

15.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісемін. Мәліметтердің дұрыстығын растаймын

____________________________________________ ____________________

тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, күні



Об утверждении стандартов
государственных услуг


в сфере ветеринарии

В соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года «О государственных услугах», ПРИКАЗЫВАЮ:

1. Утвердить прилагаемые:

1) стандарт государственной услуги «Выдача действующего внутри Республики Казахстан и на экспорт ветеринарного сертификата на перемещаемые (перевозимые) объекты» согласно приложению 1 к настоящему приказу;

2) стандарт государственной услуги «Выдача ветеринарно-санитарного заключения на объекты государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора» согласно приложению 2 к настоящему приказу;

3) стандарт государственной услуги «Выдача регистрационных удостоверений на ветеринарные препараты, кормовые добавки с их государственной регистрацией» согласно приложению 3 к настоящему приказу;

4) стандарт государственной услуги «Выдача ветеринарной справки» согласно приложению 4 к настоящему приказу;

5) стандарт государственной услуги «Присвоение учетных номеров объектам производства, осуществляющим выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организациям по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок» согласно приложению 5 к настоящему приказу;

6) стандарт государственной услуги «Выдача акта экспертизы (протокол испытаний), выдаваемой ветеринарными лабораториями» согласно приложению 6 к настоящему приказу;

7) стандарт государственной услуги «Выдача лицензии для занятия деятельностью в сфере ветеринарии» согласно приложению 7 к настоящему приказу;

8) стандарт государственной услуги «Выдача разрешения на экспорт, импорт и транзит перемещаемых (перевозимых) объектов с учетом оценки эпизоотической ситуации на соответствующей территории» согласно приложению 8 к настоящему приказу;

9) стандарт государственной услуги «Проведение идентификации сельскохозяйственных животных, с выдачей ветеринарного паспорта» согласно приложению 9 к настоящему приказу;

10) стандарт государственной услуги «Аттестация физических и юридических лиц, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии» согласно приложению 10 к настоящему приказу.

2. Департаменту ветеринарной и пищевой безопасности Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания и в информационно-правовую систему «Әділет»;

3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

Министр сельского хозяйства

Республики Казахстан А. Мамытбеков


«СОГЛАСОВАН»

Министр по инвестициям и развитию Республики Казахстан

__________________ А. Исекешев

«____» _____________ 2015 год

«СОГЛАСОВАН»

Министр национальной экономики Республики Казахстан

___________________Е. Досаев

«____» _____________ 2015 год





«СОГЛАСОВАН»

Исполняющий обязанности

Министра национальной экономики

Республики Казахстан

___________________ Т. Жаксылыков

«___» _____________ 2015 год








Приложение 1

к приказу Министра

сельского хозяйства
Республики Казахстан

6 мая 2015 года

№ 7-1/418



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет