Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»



бет7/18
Дата04.07.2016
өлшемі2.47 Mb.
#176226
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде: шағым Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымда:

жеке тұлға – оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы;

заңды тұлға – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Электронды өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы сотқа жүгінеді.



4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу»


мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

Нысан
_________________________________________

(ветеринариялық ұйымның атауы)

_________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)ЖСН, /заңды тұлғаның атауы БСН)

Мекенжайы _______________________________

Өтініш нөмірі:

Өтініш
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарың (құралдарың) жоғалуына, бүлінуіне, төл алынуына байланысты, тағы басқа кездерде* (қажеттісінің астын сызыңыз) ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіруіңізді және аспалы сырғаның телңұсқасын (телнұсқа алу үшін көрсетіледі ) беруіңізді сұраймын.

жануар түрі _______________________________________________________;


жануарлар саны ___________________________________________________;

Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі (аспалы сырғаның телнұсқасын алу үшін)_____________________________________________

Бірдейлендіру тәсілі (сырғалау, таңбалау, чиптеу, татуировка) (қажеттісінің астын сызыңыз);

Мына құжаттарды қоса беремін:

 Чиптің құнын төлеу туралы түбіртек;

 Ауыл шаруашылығы жануары паспортының көшірмесі:

 Өзге құжаттар (көрсету керек)

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Ұсынылып отырған мәліметтердің шынайылығын растаймын.
Байланыс телефондары _____________________ E-mail ____________________

20 __ жылғы ____________ _________________________

                         (өтініш берушінің қолы)

Қосымша: _____ парақ 1 данада __________________________


Құжаттар 20 __ жылғы _____________ қабылданды

__________________________ (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)


Ескертпе* ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу қажеттлігінің себебін көрсету.

«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
_________________________________________

(ветеринариялық ұйымның атауы)

_________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)ЖСН, /заңды тұлғаның атауы БСН)

Мекенжайы _______________________________
Өтініш нөмірі:
Өтініш
Ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беруді сұраймын. _____________________________________________________________________________________________________________________себебі бойынша

Жануарың түрі __________________________________________________

Жануарлар саны ________________________________________________

Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі:________________________

ветеринариялық паспорттың жоғалуы, бүлінуі фактісін растайтын мынадай құжаттарды қоса беремін:_________________________________________

Байланыс телефондары _____________________ E-mail __________________


Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Ұсынылып отырған мәліметтердің шынайылығын растаймын.
20 __ жылғы ____________ _________________________

(өтініш берушінің қолы)

Қосымша: _____ парақ 1 данада __________________________

Құжаттар 20 __ жылғы _____________ қабылданды


__________________________ (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)
«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша

Нысан
_________________________________________

(ветеринариялық ұйымның атауы)

_________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)ЖСН, /заңды тұлғаның атауы БСН)

Мекенжайы _______________________________


Өтініш нөмірі:

Өтініш
Ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме беруді сұраймын.
Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі:_________________________

__________________________________________________________________


Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Ұсынылып отырған мәліметтердің шынайылығын растаймын.

______________________________________________20__жылғы__________

(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы)

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 6 мамырдағы

№ 7-1/418 бұйрығына

10-қосымша



«Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер
1. «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін –аттестаттау кестесі не сәйкес жүзеге асырылады.

Атестаттау бір күнде өткізіледі және екі кезеңнен тұрады: тестілеу және әңгімелесу.

Көрсетілетін қызметті алушы тестілеуден теріс нәтиже алған кезде атестаттаудың екінші кезеңіне өтпейді (әңгімелесуге)

Мемлекеттік қызметті көрсету стандартында көрсетілген қайта тестілеуден өту тәртібі алғашқы тестілеуден алты ай өткенен кейін.

Комиссия шешімімен қайта әңгімелесуге тиіс. Алғашқы әңгімелесу күнінен бір ай өткенен кейін қайта әңгімелесу өтеді.

Атестаттаудан өтпегенде, көрсетілетін қызметті алушы атестаттау нәтижесін алғанына бір жыл өткенен кейі қайта атестаттауға қатысуға құқылы.

2) құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мынадай шешімдердің бірі көрсетілген аттестаттау парағы:

1) аттестатталды;

2) қайта аттестаттауға жатады;

3) аттестатталған жоқ.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

Аттестаттау парағы электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, оған комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттаудың өткізілетін күні, уақыты, орыны туралы және қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсет нәтижелерін электрондық құжат нысанында хабарлама жолданады.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);

3) соңғы үш жылда біліктілігін арттыру курсынан өткендігі туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);

3) ғылыми дәрежесі, атағы бары туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

порталға:


  1. тұтынушының куәландырылған ЭЦҚ-сымен осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

  2. соңғы үш жылда біліктілігін арттыру курсынан өткендігі туралы сертификаттың электорндық көшірмесі (бар болса);

  3. ғылыми дәрежесі, атағы бары туралы куәліктің электрондық көшірмесі (бар болса).

Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

1) көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылдау күні, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсете отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде: шағын Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымда:


жеке тұлға – оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты(бар болса), почталық мекенжайы;

заңды тұлға – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Электронды өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметтікөрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысанда алу мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы:1414.

«Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша
Нысан/форма


______________________________________________________________________

(ЖАО бөлімшелерінің атауы/наименование подразделения МИО)

_________________________________

___________________________________

(үміткердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)/фамилия, имя, отчество (при наличии) претендента)

Тұрғылықты мекен жайы, байланыс телефоны/Адрес проживания, контактный телефон

___________________________________

___________________________________

Өтініш/Заявление
Сізден ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттауға рұқсат беруіңізді сұраймын/Прошу Вас допустить к аттестации физических и юридических лиц, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии.

Қоса беріліп отырған құжаттар/Прилагаемые документы:

1. ______________________________________________________________________

2. ______________________________________________________________________

3. ______________________________________________________________________

4. ______________________________________________________________________

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісемін.
Ұсынылып отырған мәліметтердің шынайылығын растаймын.
____________________________

(үміткердің қолы/подпись претендента)

____________________________

(толтырылған күні/дата заполнения)


*үміткердің өтініші өз қолымен толтырылады/заявление претендента заполняется собственноручно



«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 7-1/418 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11959 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік тіркей отырып, ветеринариялық препараттарға, жемшөптік қоспаларға тіркеу куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Жаңа жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Ветеринариялық препараттарға және жемшөптік қоспаларға апробация жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.»;

осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес мынадай 11 және
12-қосымшалармен толықтырылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде және экспортқа қолданылатын ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, Астана және Алматы қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары бекіткен тізім негізінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың аумақтық инспекциялары;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.»;

8, 9, 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің:

дүйсенбі – жұма (қоса алғанда) аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

демалыс және мереке күндері – Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші белгілеген жұмыс уақыты кестесіне сай.

Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Белгіленген жұмыс уақыты ұзақтығының шегінен тыс өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді жұмыс уақыты кестесіне сай көрсетілетін қызметті беруші белгілейді.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:



көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты тасымалдау кезінде –сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) көшірмесі;

4) иттер мен мысықтардың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде – ветеринариялық паспорт көшірмесі;

5) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге немесе үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер) әкету мақсатында республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігінен республиканың басқа әкімшілік-аумақтық бірлігіне орны ауыстырылған (тасымалданған) объектілердің орнын ауыстырған (тасымалдаған) кезде және/немесе республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің иесі ауысқанда – ветеринариялық анықтама (ақпараттық жүйеде болмаған жағдайда);

6) ветеринариялық сертификат бланкісі үшін ақы төленгенін растайтын құжатың көшірмесі.



Порталға:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты тасымалдау кезінде – мемлекеттік ветеринариялық зертхана берген сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) электрондық көшірмесі;

3) иттер мен мысықтардың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде – ветеринариялық паспорттың электрондық көшірмесі;

4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге немесе үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер) әкету мақсатында республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігінен республиканың басқа әкімшілік-аумақтық бірлігіне орны ауыстырылған (тасымалданған) объектілердің орнын ауыстырған (тасымалдаған) кезде және/немесе республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің иесі ауысқанда – ветеринариялық анықтаманың электрондық көшірмесі (ақпараттық жүйеде болмаған жағдайда);

5) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда, ветеринариялық сертификат бланкісі үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

Жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, ауыл шаруашылығы жануарының ветеринариялық паспорты, асыл тұқымдық куәлік немесе оған балама құжат туралы, балықтың қайдан ауланғаны туралы, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды ескере отырып экспортауға рұқсат беру туралы, ветеринариялық анықтама туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

1) көрсетілетін қызметті берушіге – көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

10. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті туралы ақпараттың ұсынылған құжаттарға сәйкес келмеуі;

2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің, көлік құралының ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға және қауіпсіздік қағидаларына сәйкес келмеуі;

3) тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауға рұқсаттың болмауы (үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттерге) экспорттау кезінде);

4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасына үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекет) Біріңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардан және олардың өндірілген өнімдерінен ерекшеленетін талаптар бойынша әкету.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізім негізінде мемлекеттік ветеринариялық дәрігер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ветеринариялық анықтама, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Берілген ветеринариялық анықтамалар туралы мәлеметтер ақпараттық жүйеге енгізіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;

9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

бес келіден жоғары балықтарды және басқа су жануарларын (тірі, жаңа, салқындатылған, мұздатылған балықтар, сондай-ақ гаммарус, артемия салина (цисталар) шаяндар) тасымалдау кезінде балық аулау орны туралы анықтама қажет.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден және үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекет терден) әкелінген ветеринариялық (ветеринарниялық-санитариялық) бақылау және қадағалау объектілерін Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдау кезінде – ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектісі әкелінген ветеринариялық құжаттың көшірмесі.

Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, ауыл шаруашылығы жануарының ветеринариялық паспорты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні, уақыты, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

10. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

1) толық емес құжаттар топтамасы;

2) жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың шығу (орналасқан) орнындағы жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайдың өзгеруі (нашарлауы);

3) жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың шығу (орналасқан) орнының қолайсыз аймақ деп белгіленуі;

4) жануардың жеке нөмірінің болмауы;

5) жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың, көлік құралының ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актілерін беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап немесе порталға жүгінген кезде:

орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік алып өтуге – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде және тірі жануарлардың карантиннен өтуіне – күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді талап ететін рұқсаттарды қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға, экспорттауға – 10 (он) жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге немесе қызмет көрсету орталығына құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.»;

«Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу қажет болған жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.».

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет