Vі. Қазақ хандығының құрылуы және дамуы


Қазақстан территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен құқықтық жүйелер



бет8/46
Дата20.09.2022
өлшемі154.27 Kb.
#461046
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46
МЕМЛЕКЕТ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ

3. Қазақстан территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен құқықтық жүйелер
Бiздiң эрамызға дейiнгi III ғасырдағы көшпелiлер қоғамының дамуы күрделi мемлекеттiк-құқықтық жүйедегi империя түрiн қалыптастыруға алып келдi. Алғашқы мемлекеттер бiрлестiгiнiң құрылуы және олардың өндiргiш күштерiнiң дамуы мен демографиялық өсуi байтақ Қазақстан даласындағы жайылымдарға бiрте-бiрте ауыр салмақтар түсiре бастады. Дамып келе жатқан экологиялық және экономикалық дағдарыс жағдайында өсiп-өнген мал шаруашылығын басқаруда көпшiлiк пен аз ғана билiк басындағылар, сондай-ақ қауымдастықтар мен бiр-бiрiмен iргелес көшпелi мемлекеттердiң арасындағы байланысты жаңа дәрежеде жасауға итермеледi. Сондықтан да тарихи аренада жаңа “көшпелi империяның” пайда болуы заңдылық едi.Ал империя өзiне тән белгiлердi қамтыды.
Империяның ерекше белгiлерi болып саналатын жағдайлар:
1. Жақсы ұйымдастырылған басқару әкiмшiлiгi мен әскери бiр орталыққа бағынған билiктiң болуы;
2. Орталық пен мемлекеттiң өзiнiң шет аймақтарын бағындырған және оларды өзара байланыстырған билiктiң болуы;
3. Ерекше мемлекеттiк идеологияның болуы;
4. Империяның басын бiрiктiретiн әртүрлi формадағы ықпалдардың болуы (экономикалық, саяси, әскери).
Ежелгi ғұн империясы. Қазақстан жерiнде қалыптасқан алғашқы мемлекеттiк құрылымның бiрi— ғұндар мемлекетi. Бұл көшпелi тайпалар мемлекетiнiң алғашқы көрiнiсi.
Бiздiң заманымызға дейiнгi III ғасырда қазiргi Моңғолияның оңтүстiгiндегi Ордостан Каспий өңiрiне дейiнгi Орталық Азияның кең байтақ кеңiстiгiн мекендеген көшпелi ғұн империясы құрылды. Олар бiздiң заманымызға дейiнгi IХ ғасырдың өзiнде-ақ алғашқы мемлекеттiк бiрлестiк ретiнде танылып үлгерген едi. Оларда сайланбалы түрде билiкке ие “сеңгiр” немесе “тәңiрқұты”лауазымымен белгiлi “жоғарғы” мәртебелi басқарды сондай-ақ әскери-потестарлық конфедерациядан тұрды. Ғұндардың жоғарғы билеушiсiн қытай авторлары шанью деп атайды. Бiздiң заманымызға дейiнгi 206 жылы ғұн тайпаларын сеңгiр Мөде (Боғда) шаньюй басқарды. Мөде билiк еткен жылдардың алғашқы кезiнде-ақ, ол Қытайдың шекаралық аудандарына жорықтар жасап отырды. Ол жемiссiз де болған жоқ. Кескiлескен қиын да күрделi шайқаста Мөде әскери-саяси қуаты өзiнен әлдеқайда басым Хань әулетiн сюнну-ғұндардың Ордостағы көшiп жүретiн жерлерiнен дәме етуден бiржола бас тартуға мәжбүр еттi. Хань императоры Гаоцзу әйгiлi Мөде (Боғда) батырдың бiр орталыққа бағынған ұлы держава және империя құрудағы белсендi қызметiнiң алдында тiк тұрып, онымен “тыныштық және туыстық туралы шартқа” қол қойды. Қол қоюмен бiрге оған жыл сайын “сыйлық ретiнде” салық төлеп тұруға да мiндеттендi. Ғұндар тәңiрлiк дiндi ұстанған, олардың мекен-тұрағы Орталық Азия, оның iшiнде негiзiнен қазiргi қазақ даласы едi. Сонымен бiрге олар мал шаруашылығымен айналысты.
Ғұндар мемлекетiнiң құрамына шығыстағы “Шығыс ху” тайпалары мен батыстағы юедилер (юечжи) және үйсiндер және оңтүстiк байян мен лауфань секiлдi көршiлерi жойқын күйретулерден кейiн кiрдi. Ғұндар мен Қытай арасындағы соғыс бiздiң дәуірімізге дейiнгi 188 жылы аяқталып, соңғысы айтарлықтай салық төлеп тұрды. Бiздiң дәуірімізге дейiнгi 90-шы жылдары Қытай тағы да жеңiлiске ұшырады. Бiрақ бiздiң дәуірімізге дейiнгi 47-шi жылы ғұн империясы солтүстiк және оңтүстiк аймаққа бөлiнiп, соңғысы Қытай империясының құрамына қосылды. Б.э. 93 жылы ғұн мемлекетi өмiр сүруiн тоқтатты.
Ал ендi ғұн державасының басқару жүйесiне келсек, билiк басында монарх тұрды. Ол күрделi “жер мен аспаннан туылған, ай мен күн тағайындаған ғұнның ұлы сеңгiрi” лауазымын алды. Сондай-ақ, ол “көктiң (тәңiрдiң) мейiрiмiне ие” “Тәңiр құты” титулын иелендi. Ғұн билеушiсi қасиеттi билеушi қызметiн атқарып қана қоймай, бiрiншi дiн қызметкерi мiндетiн де атқарды.Билiк әкенiң балаға мұра етiп қалдыруымен бiрге тақ билiгi негiзiнен аманат жолыментағайындалатын. Кейде билiктi қысқарту және билiк иесiн сайлау атақты адамдар арқылы жүргiзiлетiн. Сеңгiрдiң өкiлеттiлiгi өте кең болды. Ол саяси және рухани билiк етiп қана қоймай, жоғарғы әскери қолбасшы және дипломатиялық қызметтi де қоса атқарды.
Сеңгiр Си немесе Цяо (Цюлинь)руынан болуы керектiгi мiндеттi едi. Сонымен бiрге атақты үш руы Хуянь, Сюйбу, Лань рулары болды. Сеңгiр олардың арасынан өзiне жар таңдап ала алатын. Аталған рулардың өкiлдерi ғана мемлекетте жоғары лауазымды қызметтердi атқара алатын. Ғұн мемлекетiнiң шенеунiктер қызметi өте күрделi де ыңғайсыз болды. Бес жоғарғы класты шенеунiктер тобы сеңгiрдiң туысқандарынан тұрды. Олар “данышпан князьдар”, “лули князьдар”, “ұлы қолбасшылар”, “бас басқарма”, “ұлы бастықтар” едi. Қалған лауазымдар түрiн белгiлi ру мүшелерi алатын. Барлық лауазым иелерi “оң” және “сол” атанып, сондай-ақ “үлкен” және “кiшi” болып бөлiндi. Ру ақсүйектерiнен басқа ешқандай руға кiрмейтiн “құтты” деген топ болды. Ғұнның мемлекеттiк аппаратында 24 жоғарғы шендегi шенеунiк болды. Олардың әрқайсысында 10 мыңнан 20 мыңға дейiн жауынгерi болып, олар тапсырманы бас сеңгiрдiң өзiнен алды. Уақыт өткен сайын сеңгiрлердiң руы көбейiп ол өзiнiң туысқандарын белгiлi бiр қызметке қою үшiн шенеунiктiк аппаратты ұлғайтып отырды. Сөйтiп, жаңа шендер пайда болды. Олар ұлы цзюй-кюй және жичжо-князь атанды.
Оңтүстiк ғұндардың басқару жүйесiнде бiрнеше өзгерiстер болып, алғашқы екi кластағы шендер өзгерiссiз қалып “төрт мүйiзге” бiрiктi. Аталған қызметтер сеңгiрдiң туысқандарына тиесiлi едi. Одан әрi “алты мүйiздiлер” оң және сол жичжо, вньюйди және чжаньгянди аталып олар белгiлi рулардан сайланды. Одан кейiнгiлер құтты ұлық және жичжо-құтты ұлық аталып, олардан кейiнгiлер “билiк иелерi” сонан соң “меңгерушiлер” узюкуй атанды. Одан басқа оңтүстiк ғұндарда тақ мұрагерлерi үшiн жаңа жүйе пайда болды. Ол басқыштық жүйеде жүргiзiлетiн. Алдымен ағайындылар кезекпен басқарса, одан кейiн олардың балалары басқарып, ең кiшi немерелерiнiң үлкенi басқаратын болды.
Әрбiр 24 жоғарғы шендегi шенеунiктер iстi тиянақты атқару үшiн өздерiне мыңбасы, жүзбасы, онбасы сияқты әскербасыларды тағайындап, олар әлеуметтiк және әскери мiндеттi атқарды. Ғұндардың басқару жүйесiндегi ең басты орынды алатын бiр жылда екi рет жиналатын шенеунiктер кеңесi болды. Онда дiни рәсiмдер мен мемлекеттiк iс жөнiндегi мәселелер қаралатын. Олардың халықты басқарудағы атқаратын рөлi ерекше болып, құдай жолындағы билiктiң рөлiн қуаттап қолдайтын. Әрбiр күз сайын шенеунiктер мен удельдiк басшылары және бөлек-бөлек көшпелi қауымдастық өкiлдерi жиналып, өзiнше ерекше бiр «халық санағын және мал “тексеруiн” жүргiзетiн.
Ғұн империясының территориясы мен тұрғындарына келсек, оның құрамына ғұндардан басқа Орталық Азия аймағындағы барлық көшпелi халықтар, сондай-ақ жеке отырықшылықпен айналысатын аймақтағылар кiретiн. Мемлекеттiң территориясы нақты белгiленiп, ол күзетшiлермен қорғалатын. Территорияның тұтастығы мен ондағы саяси жүйе бiрлiгi Мөде (Боғда) батырдың қатаң қадағалауында болып, соғыстан бас тарту үшiн кез келген жердiң бiр пұшпағы жат жұрттыққа берсiн деп кеңес берген шенеунiктiң басы кесiлдi. Мөде “жер мемлекеттiң негiзi, ол ешкiмге берiлмеу керек” деген принципте қызмет еттi. Сөйтiп, ғұндар санасында мемлекет пен оның территориясының қалыптасуы ерекше орын алды.
Империя батыс және шығыс — қос қанаты болып бөлiнiп, оны “ұлы басшылар” басқарды. Оның әрбiр қанаты әскери бiрлестiктерге бөлiнiп, оларды шенеунiктер биледi. Жаулап алынған территорияларда жергiлiктi жерденәскербасылар тағайындалып, олар салық жинауымен айналысты. Бағындырып алынған жерлер ғұн билеушiсiне бағынышты болып “бiр үйдi құрады”. Яғни, ол бiр мемлекет деген сөз.
Ғұндардың салық салу жүйесi жөнiнде мәлiметтер тым аз. Мөденiң басқару кезiнде халықтан алған малдар мен мүлiктер санағын жүргiзетiн арнаулы кiтап болды. Содан отырықшы және ғұн мемлекетiне бағынышты елдерден жиналған салықтардың есебiн бiлуге болатын. Салықты уақтысында төлемегендердiң әйелi мен балалары алынды. Ғұн мемлекетiнiң шығыс ауданын жайлаған ухуньлықтар жылқы және қой, тағы да басқа малдар терiлерiн салық ретiнде төлеп отырды. Басқарудың тағы бiр жүйесi ол отырықшы аудандарды қоныстанған жұртшылықты империя орталығына көшiрiп әкелiп сiңiстiрiп жiберу едi. Салық жинаумен “әскербасылар” және “наместниктер” айналысты. Сонымен бiрге ғұндар керуен жолдарын қатаң қадағалап, сауда иелерiнен баж салығын алып отырды.
Ғұн империясының егемендiгi мен халықаралық құқық субъектiлiгi. Бiздiң çàìàíûìûç¹à дейiнгi 206 жылдан бiздiң çàìàíûìûç¹à дейiнгi 47 жылға дейiн Ғұн империясы өз егемендiгi мен тәуелсiздiгiн өзiнiң территориясында нық жүргiзiп және оны көршi территорияларға да енгiзе бiлдi. Ғұндардың мемлекеттiк идеологиясы бойынша сеңгiр Аспан өкiлi болып саналып, ол “бүкiл халықтарға патшалық ете алады” және ол күштеп жүргiзiлдi. “Аттың үстiнде соғысу бiздiң мәртебемiз, сондықтан да бiз барлық халықтардың алдында жоғарымыз”, - дейтiн ғұн ақсүйектерi өзiнiң сеңгiрiне.
Әртүрлi жазбалардан бiзге жеткенi ғұндардың көршi мемлекеттермен, сондай-ақ Қытаймен жасасқан шарттары. Бiздiң эрамызға дейiнгi 199 жылғы шарт бойынша қытайлар ғұн сеңгiрiне өз ханшасын берiп, жылына салық төлеп, сонымен бiрге соғыста жеңiлген мемлекеттiң жеңiп шыққан мемлекетке төлейтiн соғыс салығын (контрибуция) төлеп отырды.
Дипломатиялық iс-әрекет және миссиялар арнаулы елшiлер арқылы жүргiзiлдi. Көне жазбалардың айтуынша дунху, юечжи және Қытай елшiлерiнiң ғұн сарайында қабылданып және олардың қытай императорына жiберiлгендiктерi белгiлi.
Бiздiң дәуірімізге дейiнгi 47 жылы оңтүстiк ғұн Қытай протекторатына кiрдi. Соған қарамай ол өзiнiң iшкi басқару құрылымын сақтап қалса, ал солтүстiк ғұндар тәуелсiздiктерiн берген жоқ. Солтүстiк ғұндардың бiр бөлiгi қанғарлармен одақтасып Оңтүстiк Қазақстандағы Талас өзенiнiң бойына өз орталықтарын көшiрдi. Бiздiң çàìàíûìûçдың 93 жылы ғұн империясының қалған қалдығы бұрынғы өз боданындағы халық моңғол тiлдi сяньбилердiң билiгiне көштi. Ғұндардың азғана бiр бөлшегi ғана шектеулi егемендiгiн сақтап V ғасырға дейiн өмiр сүрдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет