Восточно-казахстанский государственный



бет1/3
Дата17.06.2016
өлшемі312.5 Kb.
#141560
  1   2   3



ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ

ТЕХНИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ им. Д.СЕРИКБАЕВА

Ф2 И ВКГТУ 701.01-01-1-2012


Система менеджмента качества

Силлабус

(программа обучения по дисциплине)


Стр. из




Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ

ШҚМТУ им. Д. Серикбаева


БЕКІТЕМІН

ТКМФ деканы

____________А.К.Адрышев

_________ 2013ж.


АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯ

Силлабус
АНАЛИТИЧЕСКАЯ ХИМИЯ

Силлабус


Ммамандық: 5В072800 – Қайта өңдейтін өндірістер технологиясы

(салалар бойынша)

Оқу түрі: іштей

Курс: 2


Семестр: 3

Кредит саны:2

Сағат саны:90

Дәрістер 15

Зертханалық жұмыс: 15

СОӨЖ: 30


СӨЖ: 30

Экзамен: 3 семестр

Өскемен

Усть-Каменогорск



2013
Силлабус «Химия, металлургии және байыту» кафедрасында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша 5В072800 – Қайта өңдейтін өндірістер технологиясы (салалар бойынша) мамандығының іштей оқу бөлімінің студенттеріне арналып жасалған.

Химия, металлургия және байыту кафедрасының отырысында қаралған

Кафедра меңгерушісі Н.А.Куленова
Хаттама № ________ _______________________
Тау-кен факультетінің әдістемелік кеңесінде құпталды
Әдістемелік кеңес төрайымы Л.А.Нурбаева
Хаттама № ________ _______________________

Әзірлегендер А.А.Тастанбекова

Н.В.Серая
Нормабақылаушы Т.В.Тютюнькова

ОҚЫТУШЫ ЖӨНІНДЕ МӘЛІМЕТ ЖӘНЕ ХАБАРЛАСУ УАҚЫТТАРЫ


Тау-кен факультетінің, «Химия, Металлургия және байыту» кафедрасы. ШҚМТУ-нің бас корпусында Г-1-420-аудиториясында орналасқан.

Оқытушы: Тастанбекова Айжан Амангельдіқызы, аға оқытушы.

кафедраның телефоны 540-911

Оқу жоспарынан көшірме:




Курс

Семе­стр

Кре­дит

Лекция

Зертханалық жұмыс


СӨЖ

СӨОЖ

Барлығы

Бақылау түрі

Аналитикалық химия

2

3

2

15

15

30

30

90

емтихан

1 ПӘНГЕ ҚЫСҚАША СИПАТТАМА ЖӘНЕ ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ ОРНЫ




    1. Оқылатын пәнге қысқаша сипаттама

Аналитикалық заттардың химиялық құрамын анықтайтын химияның бір саласы болып табылады. Белгісіз заттардың құрамын анықтау әрқашан екі түрлі сатыда жүргізіледі: сапалық анықтау, немесе сол заттың құрамына енген элементтерді табу; сандық анықтау, немесе сол заттардың құрамындағы элементтердің, немесе олардың қосылыстардың салмақ арақатынасын дәл тұжырымдау.

Аналитикалық химияның сапалық анықтау деп аталатын бөлімінің міндеті, сол күрделі заттардың, немесе қоспалардың құрамын анықтау болса, ал сандық анықтаудың міндетіне заттар құрамындағы элементтер санын дәл көрсету жатады. Аналитикалық химия пәні нені оқытады аналитикалық химияның теориялық негізін оқып-үйрену, сапалық пен сандық талдауы меңгеру және әртүрлі металлургиялық өндіріс технологиясында қолданылатын композициялық бұйымдарда, балқымаларда, көп компонентті технологиялық ерітінділерде талдау жүргізу болып табылады. Химиялық талдау негізінде металлургиялық өндірісті бақылау дайын өнімдер сапасының жоғары болуына мүмкіндік тудырады


1.2 Пәннің мақсаты және тапсырмалары
Пәнді оқу барысында студент қазіргі заманғы химиялық сараптама жасау әдістерімен танысады, оның ішінде спектроскопиялық, хроматографиялық, электрохимиялық, кинетикалық, биохимиялық сонымен бірге заттарды бөлу және концентрлеу тәсілдерін үйренеді. Студент ғылыми зерттеудің химиялық сараптама жасауға қатысты нақты және глобальды мақсаттары туралы мәлімет алып, теориялық базисті жетілдіру, аналитикалық метрологиялық сипаттамаларын жақсарту тәсілдерімен танысады. Аналитикалық зертханалар, аналитикалық қызмет көрсету орындардың жұмыстарымен танысады және эксперимент қорытындысын математикалық өңдеу тәсілін жақсы меңгеру қажет.

Заманауи сараптама тәсілдерімен, эксперимент қою әдістемесімен таныстыру;



  • Зерттеу объектісінде қажетті параметрлерді анықтау кезінде қолданатын заманауи тәсілдердің мүмкіндігін анықтау;

Заман ауи сараптама тәсілдерін өндірісте т.б. мақсаттарда қолдану мүмкіндігін анықтау

Студент мамандық бойынша туындаған кезкелген мәселені шешуге бейімділік танытуы қажет.




1.3 Пәнді оқу негізінде студент білуі тиіс
Студент аналитикалық химияны өткенде төмендегі білімдерді дағдылардыруы керек:

- Зерттеудің теориясы мен эксперимент қоюдың әдістемесін;

- Сараптама жасаудың заманауи әдістерін;

- Заманауи ғылыми аппаратурамен жұмыс істей алуы;

- Эксперимент жасау нәтижесін қорытындай алуы;


  • Сапалық, сандық және физикалық-химиялық анализдің негіздерін білу қажет;

  • Зертханалық, курстық жұмыстарды және реферат жазғанда, ғылыми-техникалық әдебиеттерді қолдана білулері керек;

  • Химиялық тәжірибе жасағанда: ұсату, еріту, қыздыру, булау, күйдіру, сүзгілеу, титрлеу және әртүрлі тәсілдермен ерітінділерді дайындауда негізгі техникаларын білуді қалыптастыру;

  • Химиялық анализ өткізгенде техникалық қауіпсіздікті сақтай отыра өткізу керек;

  • Алынған мәліметтерді ұғынықты, сауатты рәсімдей білу керек.

Күтілетін қорытынды: студент жаңа бағыттарды дамыта білу керек, практикалық есептерді, өздігінен шеше білу керек, студент әртүрлі әдіс анализдерін салыстыра білуі керек.

Білім:

Аналитикалық химия пәнін оқып-үйрену нәтижесінде талдаудың гравиметриялық, титриметриялық әдістер теориясы арқылы, талдаудың электрохимиялық және хроматографиялық әдістер теориясы арқылы студент элементтердің және олардың қосылыстарының аналитикалық қасиеттерімен жете таныса алады.

Студент пәнді оқу барысында әрқилы талдауды орындауға машықтанады. Өлшеуіш түтікшелерді қолданып аликоват (нақтылы көлемді ерітінді) алуды, өлшеуіш таразыларды көмегімен дәл салмақты ала білуі қажет. Сол сияқты студент талдау кезінде алынған тәжірибелердің нәтижелері арқылы талданып отырған объектінің сандық құрамын есептеп шығара білуі қажет.

Студент өзінің жалпы химиядан алған білімін (химиялық тепе-теңдік, электролиттердің диссоциациялану теориясы, ерігіштік көбейтіндісі, гидролиз, комплексті заттар, тотығу-тотықсыздану реакциялары) сапалық және сандық талдауда қолдана білгені жөн.



Дағдыландыру:

Іс-тәжірибеден алған дағдыларын элементтерді анықтағанда және бөлу әдістерінде анализ әдістерінде қолдана білу керек.

Тұндыру, сүзу, жуу, күйдіру, өлшеу және белгілі концентрацияда ерітінді дайындау, титрлеуді орындауға дағдыландыру керек.



  • Құзыреттілігі:

Негізгі құзыретті :

  • Стандарттан тыс шешім қабылдау;

  • Заманауи компьютерлік технологияны меңгеріп ғылыми аппаратураларда ғылыми жұмыстарды қоя білу;

  • Заманауи теориялық және экспериментті химияның негізгі ғылыми бағыттар туралы түсінігі болуы тиіс;

  • Іс- тәжірибелік жұмыс істеу дағдысы қалыптасуы тиіс

  • Ғылыми әдебиетпен жұмыс істеп, зерттеу жұмыстарын қойғанда арнайы сараптама жасай білу;

  • Тәжірибеден алған мәліметтерге толық сараптама жасап, қорытындылап, ұсыныстарды тұжырымдай білу қажет;

  • Тәжірибе қорытындысына есеп бере білу;


1.4 Пререквизиты
Аналитикалық химия курсын толығымен меңгеру үшін математика, физика, жалпы химия, органикалық химия алған білімдері керек.

Экспериментке есептеу техникасын енгізу үшін студенттердің стандарты бағдарламалы жүйемен жұмыс істеу дағдысы қалыптасуы тиіс, ол эксперименттен алынған материалды математикалық статистика әдістерімен өңдеу үшін қажет.



1.5 Постреквизиты

Аналитикалық химиядан алған білімдерін физикалық, коллойдты, органикалық химия, экология, технологиялық химия курстарын оқығанда керек.


2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ


2.1 Тақырыптардың тематикалық жоспары


Тақырыптың атауы

сағат саны


Қолданылатын әдебиеттер

Дәріс сабақтары

Кіріспе. Аналитикалық химия пәні және оның алатын орны, даму кезеңдері, қолданылатын әдістер, аналитикалық қызмет, химиялық анализдің маңызы және қолдану аясы.



1 сағат

негізгі әдебиеттер

1,2,3,4,5,6,7;

қосымша әдебиеттер

9,10


Тақырып 1. Аналитикалық анықтаулардың жалпы схемасы. Әдістеме таңдаудың негізі, орта сынама және нақты үлгі алу, ыдырату (ажырату), еріту, бөлу және концентрлеу. Сандық өлшемдер.



1 сағат

негізгі әдебиеттер

1,2,3,4,5,6,7;

қосымша әдебиеттер

9,10


1

2

3

Тақырып2 Аналитикалық химияның метрологиялық негіздері. Зат мөлшерінің өлшем бірліктері және концентрацияны өрнектеу жолдары. Анализ әдісін таңдау, сигнал, оны өлшеу. Химиялық анализдің қателері, жіктелуі. Жүйелік және кездейсоқ қателер. Анализ нәтижелерінің дұрыстығы, жинақтылығы, қайталанымдылығы, дәлдігі, орта мән және стандартты ауытқу.Қалыпты таралу. T- таралу. Қосынды мен көбейтіндінің қатесі. Өрескел қатені табу. Екі орташа мәнді салыстыру. Анықтау шегі. Анықталатын мөлшерлердің диапазоны.

1 сағат

негізгі әдебиеттер

1,2,3,4,5,6,7;

қосымша әдебиеттер

9,10


Тақырып3 Ерітіндідегі реакциялардың жалпы сипаттамасы. Химиялық тепе-теңдік, әрекеттесуші массалар заңы. Тепе-теңдік константалары. Идеалды және реалды жұйелер. Активті коэффициент. Ерітіндінің иондық күші. Ерітіндінің иондық күшінің тепе-теңдік константасының әсері.

1 сағат

негізгі әдебиеттер

1,2,3,4,5,6,7;

қосымша әдебиеттер

9,10


Тақырып 4 Титриметриялық анализ. Титриметриялық анализдің мәні және анализ әдістерінің жіктелуі, анализ нәтижелерін есептеу. Стандартты ерітінділер дайындау.

1 сағат

негізгі әдебиеттер

1,2,3,4,5,6,7;

қосымша әдебиеттер

9,10


Тақырып 5 Қышқыл-негіздік реакциялар. Қышқылдар мен негіздердің протолиттік теориясы. Автопротолиз. Қышқылдар мен негіздердің судағы ерітінділеріндегі тепе-теңдік. Күшті қышқылдар мен негіздердің ерітінділері. Әлсіз қышқылдар мен негіздердің ерітінділері. Әлсіз қышқыл мен қосарласқан негіздің немесе әлсіз негізбен қосарласқан қышқылдың ерітінділері. Буферлі ерітінділер. Көп негізді қышқылдар мен негіздердің ерітінділері. Амфолиттердің ерітінділері. Ерітінділер құрамының рН-қа тәуелділігі.

1 сағат

негізгі әдебиеттер

1,2,3,4,5,6,7;

қосымша әдебиеттер

9,10


Тақырып 6 Қышқыл-негіздік титрлеу. Қышқыл-негіздік титрлеудің мәні. Қышқыл-негіздік индикаторлар. Қышқыл-негіздік титрлеу қисықтары. Күшті қышқылды күшті негізбен титрлеу. Әлсіз қышқылды күшті негізбен титрлеу. Әлсіз негізді күшті қышқылмен титрлеу. Көп протонды қышқылдар мен негіздерді және олардың тұздарын титрлеу. Қышқыл-негіздік титрлеудегі қателер. Қышқыл-негіздік титрлеуді практикада қолдану. Карбонатты және фосфатты қоспаларын анықтау. Судың кермектілігін анықтау. Аммоний тұздарын және органикалық қосылыстардағы азотты Къедал әдісімен анықтау.

1 сағат

негізгі әдебиеттер

1,2,3,4,5,6,7;

қосымша әдебиеттер

9,10


Тақырып7 Комплекс түзу реакциялары. Негізгі сипаттамалары, тепе-теңдік константалары. Ерітіндідегі комплекс түзу реакцияларының жылдамдығы.

1 сағат

негізгі әдебиеттер

1,2,3,4,5,6,7;

қосымша әдебиеттер

9,10


Тақырып 8 Комплексонометриялық титрлеу. Әдістің жалпы сипаттамасы. Титрлеу сызықтары. Металхромды индикаторлар. Әдістің практикада қолданылуы. Судың жалпы кермектілігін анықтау. Кальций мен магнийді бірге жүргенде анықтау. Алюминийді анықтау.

1 сағат

негізгі әдебиеттер

1,2,3,4,5,6,7;

қосымша әдебиеттер

9,10


Тақырып9 Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Тотығу-тотықсыздану тепе-теңдігі және реацияларының бағытын анықтау. Тотығу-тотықсыздану потенциалына әртүрлі факторлардың әсері. Ерітіндінің иондық күшінің әсері. Ерітінді рН-ның әсері. Комплекс қосылыс түзілуінің әсері. Тұнба түзу реакциясының әсері.Тотығу-тотықсыздану реакцияларының жылдамдығы.


1 сағат

негізгі әдебиеттер

1,2,3,4,5,6,7;

қосымша әдебиеттер

9,10


1

2

3

Тақырып10Тотығу-тотықсыздану титрлеуі. Әдіске сипаттама, индикаторлары, титрлеу қисығы. Тотығу-тотықсыздану титрлеуіндегі индикаторлық қателер. Әдістің практикада қолданылуы. Перманганатометрия. Бихроматометрия. Иодометрия.

1 сағат

негізгі әдебиеттер

1,2,3,4,5,6,7;

қосымша әдебиеттер

9,10


Тақырып 11 Тұнбаға түсіру және нашар еритін қосылыстардың ерігіштігі. Тұнба мен ерітіндінің арасындағы тепе-теңдік. Ерігіштік көбейтіндісі. Тұнбаға түсіру жағдайлары. Тұнбаны еріту жағдайлары және ерігіштікке әсер ететін факторлар. Тұнбаға түсіру процесін заттарды бөлуде қолдану. Фракциялық тұндыру. Тұнбаға түсіргіштің концентрациясын қадағалай отырып бөлу. Гидроксидтер және сульфидтер түрінде бөлу. Тұнбалардың ерігіштігін пайдаланып, тұнбаларды бір-бірімен комплекстүзгіш қатысында бөлу. Тұнбалардың пайда болуы және олардың қасиеттері. Кристалды және аморфты тұнбалар. Коллоидтардың пептизациясы. Қосарланатұну. Адсорбция. Окклюзия. Изоморфизм (аралас кристалдардың түзілуі). Соңынан тұну.

1 сағат

негізгі әдебиеттер

1,2,3,4,5,6,7;

қосымша әдебиеттер

9,10


Тақырып 12 Тұндырып титрлеу әдістері. Әдістің мәні. Титрлеу қисықтары. Эквивалентті нүктені анықтау жолдары және практикада қолданылуы.

1 сағат

негізгі әдебиеттер

1,2,3,4,5,6,7;

қосымша әдебиеттер

9,10


Тақырып 13 Гравиметриялық анализ. Анализдің негізі. Тұнбаның тазалығы, тұнбаның сүзу және жуу. Гравиметриялық анализде жүргізілетін есептеулер.

1 сағат

негізгі әдебиеттер

1,2,3,4,5,6,7;

қосымша әдебиеттер

9,10


1

2

3

Тақырып 14 Физика-химиялық анализ әдістері. Анализ әдістерінің сезімталдылығы, қайталанымдығы, анықтау шегі, дәлдігі немесе дұрыстығы. Спектральды анализ әдістері, олардың жіктелуі. Электромагниттік толқын табиғаты. Атом құрылысы, спектрінің пайда болуы, молекула құрылысы және молекула спектрінің пайда болуы. Жарық жұтудың негізгі заңы. Бугер-Ламберт-Бер заңынан ауытқу жағдайлары. Аддитивтілік заңы. Спектральды сигналдарды байқау және тіркеу. Анализде қолданылатын құрылғылар. Анализдің практикада қолданылуы. Люминесценция. Электрохимиялық әдістердің жалпы сипаттамасы, олардың жіктеу тәсілдері. Электролиз. Электродтық потенциал, оған әсер ететін факторлар. Потенциометрия және потенциометриялық титрлеу. Индикаторлы электродтың потенциалын өлшеу. Кулонометриялық анализ. Вольтамперометриялық әдістер. Полярографиялық анализ. Амперометриялық тирлеу әдісі. Экстракция. Хроматография. Ионалмасу хроматографиясы.

2 сағат

негізгі әдебиеттер

1,2,3,4,5,6,7;

қосымша әдебиеттер

9,10


Зертханалық жұмыс

Тақырып 1 Қауіпсіздік ережесі. Ыдыстар, құрылғылар, аспаптар. Зертханалық жұмыстың жасалу техникасы.

2 сағат

1, 3,

Тақырып 2 Аналитикалық реакцияның сезімталдылығы. 1-ші топ катиондарына жеке реакциялар және 1-ші топ катиондарының қоспаларына анализ.

1 сағат

1, 3,

қосымша:


9,10


Тақырып3.Әлсіз электролиттердің диссоциациясы. Күшті электролиттер. Иондық тепе-теңдіктің ығысуы. Буферлік ерітінділер. 2-ші топ катиондарына жеке реакциялар және 2-ші топ катиондарының қоспаларына анализ.

1 сағат

1, 3,

қосымша:


9,10


Тақырып 4.Судың диссоциациясы. 4-ші топ катиондарына жеке реакциялар және 4-ші топ катиондарының қоспаларына анализ жасау. Күшті, әлсіз ерітінділерінің электролиттерінде рН және рОН есептеулер. Тұздар гидролизі, гидролизденетін тұздардың рН есептеу. 5-6 - ші топ катиондарына жеке реакциялар.

1 сағат

1, 3,

қосымша:


9,10


Тақырып5.1-6-ші топ катиондарының қоспаларына анализ. Ерігіштік көбейтіндісі. Ерігіштігін және ерігіштік көбейтіндісін табуға есептер.

1 сағат

1, 3,

қосымша:


9,10


Тақырып 6. Ерігіштік көбейтіндісі. Тұздық әсер. Бөлшектеп тұнбалау. 1-3 аниондарына жеке реакциялар. 1-3 топ анион қоспаларына анализ.

1 сағат




Тақырып7.Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Құрғақ затқа анализ.

1 сағат

1, 3,

қосымша:


9,10

Тақырып8. Таразылар. Аналитикалық таразы. Аналитикалық таразыда жұмыс істеу ережелері. Гравиметрияда өлшендіні есептеу. Тиглдерді өлшеу және күйдіру.

Зертханалық жұмыс №2 – ВаС12 ∙ Н2О құрамындағы кристаллизацияланған суды анықтау



1 сағат

1, 3,

қосымша:


9,10


Тақырып9. Фильтрлеу түрлері.

Зертханалық жұмыс

« ҒеС13 · 6Н2О темірдің құрамын анықтау».

Ерігіштік көбейтіндісі Ерігіштік көбейтіндісі Ерігіштік көбейтіндісі Ерігіштік көбейтіндісі



1 сағат

1, 3,

қосымша:


9,10


Тақырып 10.Өлшеуіш ыдыстар. Калибрлеу. Жұмыс істеу ережесі. Титрлеуді үйрету.

Бейтараптандыру реакциясы. Титрлеудің қатысында рН-ты есептеу.



1 сағат

1, 3,

қосымша:


9,10


Тақырып11. Редоксиметрия әдісі. Перманганатометрия.

Зертханалық жұмыс – «Мор тұзындағы темірдің (III) құрамын анықтау».



1 сағат

1, 6,

қосымша:


9,10


Тақырып12. Комплексонометриялық әдіс. Зертханалық жұмыс – « Судың кермектілігі».

1 сағат




Тақырып13.Редоксиметрия әдісі. «Перманганатометрия».

1 сағат




«Зертханалық жұмыс « Белгісіз концентрацияда натрий гидрооксидінің құрамын анықтау».







Тақырып 14.Фотоколориметрия. Зертханалық жұмыс – « Қисық градуирлік әдіспен роданид түріндегі (III)темірдің құрамын анықтау».

1 сағат

1, 6,

қосымша:


9,10


Тақырып15.Потенциометрия. Зертханалық жұмыс – «Потенциометриялық әдіспен ерітіндінің рН-ын анықтау».

1 сағат

1, 6,

қосымша:


9,10


Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ)

Тақырып 1 Аналитикалық химия пәні және оның тапсырмалары. Сапалық анализ әдісі. Аналитикалық реакциялар. Аналитикалық реакциялар және олардың сезімталдылығы.

2 сағат


1, 6,

қосымша:


9,10


Тақырып 2.Катиондарды талдау. Катиондарды талдау схемасын құрастыру жолдары. Аниондарды талдау. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және аналитикалық химия. Қышқылды - сілтілік жүйе әдістері.

2 сағат


1, 6,

қосымша:


9,10


Тақырып3. Массалар әрекеттесу заңы аналитикалық химияның теориялық негізі. Массалар әрекеттесу заңының қайтымды реакцияларға қолданылуы. Электролиттік диссоциоция теориясының негізгі қағидалары. Көп негізді қышқылдар мен көп валентті негіздердің диссоциациясы. Күшті электролиттердің теориясы.

2 сағат


1, 6,

қосымша:


9,10


Тақырып4. Судың иондық көбейтіндісі. су Буферлік ерітінділер. Судың иондық көрсеткіші және сутектік көрсеткіш. Күшті қышқылдар мен негіздер ерітінділеріндегі рН-ты есептеп шығарылуы. Әлсіз көп негізді қышқыл ерітінділеріндегі рН-ты есептеу. Буферлік ерітінділер.

2 сағат


1, 6,

қосымша:


9,10


Тақырып5. Массалар әрекеттесу заңы және гетерогендік жүйелер. Активтілік көбейтіндісі. Ерігіштік көбейтіндісі мен ерігіштікті есептеп табу. Нашар еритін электролиттердің ерігіштігіне біраттас иондардың әсері. Тұздық әсер. Сутегі ионының концентрациясына нашар еритін тұнбаның ерігіштігіне әсері. Бөлшектік (кезекпен) тұндыру. Тұнбаларды еріту. Нашар еритін қосылыстарға айналуы.

2 сағат


1, 6,

қосымша:


9,10


Тақырып 6. Гидролиз реакцияларын қолдану. Гидролиз. Гидролиттік ыдырату механизмі. Гидролиздің дәрежесі мен тұрақтысы. Гидролизденген тұздардың ерітінділеріндегі сутек иондарының қоюлығы. рН-ты және рОН-ты есептеу. Тұздардың гидролизін күшейту және әлсірету. Гидролизді химиялық талдауда қолдану. Гидроксидтердің амфотерлігі.

2 сағат


1, 6,

қосымша:


9,10


Тақырып7. Аналитикалық химияда қолданылатын тотығу-тотықсыздану реакцияларын теориялық негіздері. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының маңызы. Тотығу-тотықсыздану потенциалдары. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының бағыты. Тотығу-тотықсыздану потенциалдарының мәндерінің реакцияның жүру жағдайына тәуелділігі. Нернст теңдеуі. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құру.

2 сағат


1, 6,

қосымша:


9,10


Тақырып 8.Аналитикалық химиядағы комплекстердің түзілуі. Комплекстік иондардың сипаттамалары. Комплекстік қосылыстардың диссоциациясы. Ішкі комплекстік қосылыстар. Комплекс түзілу тәсілін химиялық талдауда қолдану.

2 сағат


1, 6,

қосымша:


9,10


Тақырып9.Көлемдік анализ пәні және ідістері. Көлемдік анализдегі есептеулер. Аналитикалық таразы. Аналитикалық таразыда жұмыс істеу ережелері.

2 сағат


1, 6,

қосымша:


9,10


Тақырып10.Гравиметриялық әдіс. Гравиметрияның мәні. Гравиметриялық анализ әдістерін жіктеу. Тұндыру әдісі. Орташа татпаны таңдап алу. Өлшеу. Еріту. Тұндыру. Тұнбаның ластануы. Сүзу. Тұнбаны жуу, кептіру және қатты қыздыру. Гравиметриялық анализдегі есептеулер. Әдістің жалпы бағалануы және іс жүзінде қолданылуы.

2 сағат


1, 6,

қосымша:


9,10


Тақырып11. Титриметриялық анализ. Әдістің теориялық негіздері. Титриметриялық анализде ерітінділердің концентрацияларын өрнектеу әдістері. Әдістерді жіктеу. Стандартты ерітінділерді дайындау

2 сағат


1, 6,

қосымша:


9,10


Тақырып13. Қышқыл-негіздік реакциялар. Қышқыл - негіздік титрлеу. Комплекс түзу реакциялары. Комплексометриялық титрлеу. Тотығу- тотықсыздану реакциялары. Тотығу- тотықсыздану титрлеуі.

2 сағат


1, 6,

қосымша:


9,10


Тақырып14. Тұнбаға түсіру және нашар еритін қосылыстардың ерігіштігі. Тұндырып титрлеу әдістері.

4 сағат


1, 6,

қосымша:


9,10



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет