Xiх ғасырдағы қазақ әдебиеті Сымбат Дулат Бабатайұлының «Шаштараз»



бет17/27
Дата09.12.2022
өлшемі3.35 Mb.
#466924
түріПоэма
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
19 Ғасыр сессия толық

Біржан сал жайлы айт

Өмірі туралы мәлімет. Біржанның бізге дейінгі өмірбаянында, оның туған, өлген жылдары туралы екі-үш түрлі дерек ұсынылып келеді. Біржанның басына қойған ескерткіште оны 1835-1897 жылы өмір сүрген деп көрсеткен. А. Жұбанов өзінің зерттеулерінде Біржанның әншілік, композиторлық өнерінің қалыптасу жайларынан бастап, оның бұл саладағы әрбір шығармасының мән-мағынасын ашып, көркемдік, идеялық талдаулар жасайды. Біржан әндері халық шығармашылығына негізделген туындылар дей тұра, оның қосқан жаңалықтарын, өзі бастаған тың өнер жолдарын анықтайды. Әрбір арнау өлеңдеріне шығарған әндерінің тарихы, әлеуметтік сыры, шеберліктері, үнділік өзгешеліктері көрсетіледі.
Біржанның «Тентек», «Жаймашуақ», «Айтбай», «Ләйлім шырақ», «Бурылтай» т.б. әндерінің шығу жағдайларын зерттеуші автордың өмірімен ұштастыра жеткізе түсіндірген. Оларға тән дыбыстық, әуен ырғақтары талданып, ән бойындағы дыбыс қуаты жастық жалынға сәйкес келетіні көрсетілген.
.
Біржан жас бала кезінде ауыл молдасы Жақыптан оқып, қадімше (ескі араб әріпінде) хат танып, сауатын ашады. Әрі қарайғы уақытта Қожағұл би жеті жасар немересі Біржанды арнайы апарып, өзінің бұрынғы қонысы Бүркеу жақтағы Болатнай медресесіне оқуға береді. Ол қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданындағы Ново-Рыбинка селосының орнындағы қазақ, татар, орыс халықтарының өкілдері аралас тұрған қалашық. Оның маңында үлкен жәрмеңке болған. Біржан сал онда медресені ашқан иесі, әрі сол медреседе дәріс беретін ұстаз Керей Иманғабит Ырғызбекұлының үйінде 1831-1835 жылдары тұрып оқып, оны тәмам етеді. Біржан Қызылжар медресесін де өте жақсы оқып, бітірген. Ол Болатнай, Қызылжар медреселерінде оқып жүргенде, араб, парсы, көне түрік тілдерін үйренген.
1841-1842 жылдың қысында белгілі әнші-ақын, атақты батыр Сегіз сері Баһрамұлы өз тобын бастап барып, Омбыда қолөнермен айналысады. Қожағұл қазы сүйікті немересі Біржанға өзі рұқсат етіп, атбегілік пен құсбегілікті және басқа да өнер түрлерін үйрену үшін оны Сегіз сері тобына қосады. 1842 жылы жазда Біржан ақын атасы Қожағұл биден өнер жолына біржолата түсу үшін рұқсат сұрап, батасын алады.
Біржан он жеті жасында Көкшетау дуанының сол кездегі аға сұлтаны Атығайдың Құдайберді руының Аңдағұл әулетінен шыққан Зілғара Байтоқалұлы мырзаның ортаншы қызы Балқаш сұлуды алады, оған арнап Ғашығым, Балқаш атты әндерін шығарады.
Біржан - қазақтың әншілік-орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген аса дарынды халық композиторы. Біржан сал әндері өзі өмір кешкен заманның неше алуан оқиғаларын, адамгершілік, ізгілік мәселелерін толғап, адам жанының нәзік сезім күйлерін лирикалық әсем сазға бөлейді. Біржанның алғашқы әндерінің бірі - Біржан сал әні. Мұнда жастық шақтың от-жалыны да, салдық, серілік салты да, сұлулык атаулыға қызығу да көрініс береді. Айтбай, Ақтентек, Алтын балдақ, Бірлен, Ғашығым, Мәті-Дәулен сияқты әндер Біржан сал шығармашылығындағы шоқтығы биік, сыршыл шығармалар. Заманының әділетсіздігіне, зорлық-зомбылығына деген Біржан салдың наразылығы, өкініш үні тіпті, оның өмірінің соңғы кезеңінде шығарған Теміртас, Қарасу есік алды деп аталатын трагедиялық әндерінен де айқын сезіледі.
Біржан сал әншілік, ақындық, орындаушылық өнерде де өз үн-бояуымен, өз әуенімен жеке-дара өнерпаз болғандықтан, оның айналасына халықтың таңдаулы ақын, әншілері, өнерпаздары топталып, ақынды ұстаз тұтқан. Бұлардың бір тобы Біржан салдың әншілік, ақындық, композиторлық өнерін өздерінің шығармашылығы арқылы дамытса (Жаяу Мұса, Акан сері, Қанапия, Балуан Шолақ, Үкілі ЬІбырай т. б.), енді бірқатары оның ән шығармашылығы, орындаушылық өнерін, халық арасына кеңінен таратушы, насихаттаушы болды (Құлтума, Жарылғапберді, Ғазиз т. б.). Біржан салдың ізін қуған осындай өнерлі адамдар арқылы біздің заманға оның 44-ке жуық әні жетті.
Кеңес заманында Ғ. Айтбаев, К, Байжанов, Ә. Кашаубаев, К. Бабаков, Қ. Лекеров, Ж. Елебеков, М. Ержанов сынды әншілер Біржанның өз шығармашылығын, оның әншілік-орындаушылық ерекшелігін бүгінгі ұрпаққа жеткізген. Біржан сал әнші-композиторлығымен қатар талантты әрі дарынды суырыпсалма ақын да болған (Біржан мен Сара айтысы т. б.). Оның ақындық өнерін кейінірек Сара, Әсет, Доскей сияқты ақындар жалғастырды. Біржан сал өмірінің сонғы кезеңі трагедиялық жағдайда өтті. Ел ішіндегі руаралық талас-тартыстың салдары Біржанға да соқпай кеткен жоқ. Біржанды жынданды деп ел арасына жалған лақап таратып, қол-аяғын байлап, жан азабын тартқызады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет