XV-XVIII ғғ. жыраулар тілінің сөздігі
К.Жанабаев – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, ф.ғ.к., доцент,
У.Ақбердіқызы – гуманитарлық ғылымдардың магистрі
Түйіндеме: Бұл мақалада жыраулар тілінің Сөздігін құру ерекшеліктері, жыраулар мен ақындардың қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы рөлі, жыраулар мен ақындардың көркем-поэтикалық жүйесінің тек әртүрлі әлеуметтік қызметтіріне байланысты ғана емес, сонымен қатар олардың тарихи поэтикалық шығармаларының генезисі, стилі және табиғи жанры туралы айтылады. Әрбір жырау өзінің әлеуметтік қызметін орындайды, өзінің нақты стилі мен жанрында пайда болған, өзінің тек поэтикалық тәсіліне тән мәтінінің мақсаттық тағайындауы болады. Бұл поэтикалық тәсілді біз поэтикалық жүйе немесе ауызша-көркем эстетика деп атаймыз және стилистикалық-семантикалық нормаларындағы табиғатына қарамастан, дәстүрлі сөзді қолдану мен жыраулардың тұрақты сөз тіркестері, олардың поэтикалық шешендігінің ғажаптығы бір-біріне ұқсамайды. Бұл өзгешеліктің себебі көшпелі қоғам мен олардың әлеуметтік ахуалындағы жыраудың қоғамдық қызметтерді орындау табиғатында жасырылынған. Поэтикалық мәдени-көшпенді иерархияда ең жоғарғы дәрежеде хан ордасында тікелей ханның алдында қызмет еткен жыраулар мен ақындар болды. Ол хан кеңесінің атынан шықты, яғни қоғамдық және мемлекеттік мәртебеде болып саналды.
Жырау – болашақ батырлық эпостарды ұлттық желіге қосып, мадақ өлеңдерін құрады. Осы үлгідегі ақынның стилі мен эстетикасы меритократиялық қағидалар мен нормаларды қалыптасады, яғни «ата-бабаға апарар білім», «таңдаулылық», «білімділік» және т.б. Біз лирикалық бастауды, сөзсіз оның шығармашылығынан кездестіреміз, сондай-ақ өзінің көтеріңкі шабытымен, жалқы металлизімімен, шамасымен, өзінің тілі мен стилінен алған кескінімен ерекшеленеді.
Түйін сөздер: жанр, меритократия, монументализм, поэтикалық жүйе, сөз, салттық өкіл, синкретизм, жыраулар тілінің Сөздігі, мәтін, дәстүрлілік, эпостық стиль, тіл.
Жыраулар тілінің Сөздігін құру түсінігі қиын шаруа ғана емес, сондай-ақ өте жауапты іс. Біз бұл жердегі әңгіменің эпосты құрған, ертеректегі және орта ғасырлық ақындардың тілі ғана емес, сонымен қатар қазақ және түркі халықтарының мәдени-тілдік құбылыстарының ерекшеліктері туралы екенін білеміз. Жыраудың тілі, қазақтың жалпыхалықтық тілінің жоғарғы түрі ретінде, поэтикалық тұрғыдан (біз жыраулар тілінің Сөздігін құрып жатқандықтан), ертерек кезде, яғни жай қазақ тілі емес астарлы сөз, тіл белгілері, метатіл, ерекше мінәжатты орындайтын тіл абыздары мен салт-жоралғылардың дәнекері. XV-XVIII ғасырлардағы жыраулардың поэтикалық тілі – қазақ халқының ұзаққа созылған тіл үдерісі дамуының нәтижесі болып табылады және XX ғасырдың басында Ш.Ш. Уәлиханов атап өткендей, ешқандай басқа тілдің әсері кездеспеді. Бұл әдеби қалыптасудың және жалпыхалықтық қазақ тілінің гүлденген, оның стилінің өңделуі мен әдеби нормасының белсендірек болған уақыты. Қазақ хандығындағы білім мен басқада түркі ұлттық-аумақтық біліміне тарихи шақырылған үдеріс болды. Жырау тілі жалпыхалықтық қазақ тілінің даму ерекшеліктері үш ғасыр бойы тойтарыс беріп келді және өз уақытында жалпыхалықтық тілдік белгілерді едәуір толық сақтаған. Және «қазақ әдебиеті де, барлық әдеби тіл сияқты жалпыхалықтық жоғарғы формасы бар, яғни оның фольклорлық-поэтикалық, ұлттық нақышы және т.б көркем-әдебиетке мінсіз қатынасының деңгейі арқылы жеке алынған жыршы (жырау немесе ақын) – бұл тілдің көркем-эстетикалық заңдылықтарын, көрнекілігін, ақиқаттылық мүмкіндіктерінің көрсеткіштері» [1, 332].
XV-XVIII ғасырлардағы ауызша поэтикалық мәдениеттің өкілдері әдебиеттің жазбаша емес шарттарымен халықтың барлық әндік-ертегісіне , өзі «тілшығарушы» (Вл. Маяковский) және фольклорлық, салт-жоралғылық, мифологиялық және тарихи білімдердің өкілі болып саналатын жанрға қатысты барлық байлығын көрсетті. Көшпелі қоғамдық-өндірістік қызметтің ешбір саласында өткір және қызыл тіл, жарқылдағын әзіл, астарлы әзіл, өткір сатира, жасырын қоқан-лоққы немесе асыра мақтаншақтық болған емес. Сол себептен А. Янушкевич өзінің күнделігінде: «Демосфен мен Цицерон туралы ешқашан естімеген, дауласқан екі партиялардың арасында болып жатқан қақтығысқа куә болдым және шешенге таң қалғанымнан қол шапалақтадым, ал бүгін менің алдымда мені өздерінің дарындылығымен таңқалдырған ақындар сөйлеп жатыр. . .», - деп жазған. [2, 4]. Алайда, егер жыршының әлеуметтік қызметіне сүйенетін болсақ, оның мәтіні, оның қойған мақсаты мен мазмұны, көркем құрылғылардың таңдау қағидаларынан оларға сөзсіз әрбір ән салатын типтер өзіне ғана тән соңғы нәтижесінде нақты стилі мен жанрында жүзеге асатын поэтикалық нақышын көрсетеді. Біз бұл поэтикалық нақышты ауызша-көркем эстетика деп атаймыз. Жыршылардың жіктеуінің өзі алғашқы кезде Е.Д. Тұрсыновтың, Е. Исмаиловтың және А.Х. Марғұланның еңбектерінде ұсынылды[3, 267], [4, 21].
Бұл поэтикалық тәсілді біз поэтикалық жүйе немесе ауызша-көркем эстетика деп атаймыз және стилистикалық-семантикалық нормаларындағы бірыңғай грамматикалық, синтаксистік, орфографиялық, орфоэпиялық табиғатына қарамастан, дәстүрлі сөзді қолдану мен жыраулардың тұрақты сөз тіркестері, олардың поэтикалық шешендігінің ғажаптығы бір-біріне ұқсамайды. Бұл өзгешеліктің себебі көшпелі қоғам мен олардың әлеуметтік ахуалындағы жыраудың қоғамдық қызметтерді орындау табиғатында жасырылынған. Және бұл жерде «қазақтың әдеби-көркем шығармашылығының бейнелі-мәнерлі мүмкіндіктерін байытатын, ұлттық шығармаларына жаңалық енгізетін түсінік туралы халықтық көркем дәстүрлерін жан-дүниемен сезіну туралы» сөз қозғалып отыр. [5, 3]. Бірақ шын мәнінде қазақтың жалпыхалықтық тілі мен түркі мәдени-тарихының даму нәтижесі болып тұрып, жыраудың поэтикалық (абыздық,жоралғы-дәнекерлік) тілі, қазақтың біртуар мифологы С.Қонысбай өзінің монографиясында көрсеткендей, символикалық тілді білетін, стратегиялық реттегі мәдени-рухани құбылыс болды. Мұны Г.Вирт және Р.Генон сияқты зерттеушілер дұрыс түсінді, Және бүгінгі күні қазақ тілі сияқты бұл мәдени құбылыс мәдениеттанушылардың, тіл философтарының, діндарлардың, тілтанушылардың, тарихшылардың, этнографтардың және т.б. ерекше қызығушылығын арттырып отыр. Бұл жерде расымен де біздің алдымызда мәдени танымның едәуір кеңірек феномені немесе «Бастапқы дәстүрлер» (Р. Генон) немесе «адамзаттың қасиетті атажұрты» (Г.Вирт, С. Кондыбай) тұр. Біз бұл жерде «алтайлық» теория деп аталатын белгілерді көреміз (Бенцинг, Рамстедт және т.б.). Кез келген жағдайда, біз ертеректегі бірыңғай мәдени-тілдік өрістің мәні туралы түсінікке айналасына ұзақ және сәтсіз үйірілген неміс мифологиялық мектебі, «бірыңғай ежелгі миф», «бірыңғай атажұрт», «бірыңғай ана тіл» дамушы концепцияларына көшіп, оның мүмкін болатын дереккөздері туралы нақты білмей жатып, сол ойларға қайта ораламыз. Біз мұндай ежелгі «жалпы ана тілді» түркі, ежелгі түркі деп санаймыз, ал Орал-Алтай мәдени-тілдік алабы, Г. Вирт адамзаттың «бірыңғай атажұртын» дәлелдеуге тырысты. Әрине, бұл даусыз емес. Бірақ символикалық табиғаттан бастау алатын көптеген негіздер түркі (қазақ) тілі және тілдің құрылымы (жалғамалылық және үндестік), әртүрлі деңгейдегі дыбыстық қайталаулар, жұмбақ кодтар мен қалыптамалар құратын, мәтіннің қандай да бір түпкі және ерекше белгілік-символдық бейнесі, -сондай-ақ жыраулар тілінің, жеке поэтикалық тіліне келетін болсақ, едәуір күрделірек сакралдық-символикалық реттігі тіркес, мұның барлығы біз білетін еуропа және шығыс тілдерінің табиғатынан емес.
Бұрынғы зерттеушілердің көпшілігі сөзсіз осыған келісті: мәдениет пен тіл деңгейінің даму деңгейі әлеуметтік-экономикалық дамуға тікелей байланысты. Сол себепті қазақ тілінің дамымауы жылқы шаруашылығымен айналысқан, көшпенді қоғамның өндірістік күшінің тікелей дамымауынан шыққан. Бірақ адамзат түйсігі әлеуметтік даму деңгейінен тәуелсіз зерделей алады және кез келген тіл барлығын түсіндіре алады және кез келген уақытта өзінің қажетті тілдік құрылғысы арқылы, тіпті бейнелеу арқылы болсада, бірақ нақты түсіндірмесін табады. Басқа жағдайды алатын болсақ, адамдар мен қоғам бірнеше уақытқа дейін әртүрлі тарихи өлшемдерде өмір сүрді, бірақ күндердің күнінде олар бір-бірін түсіну үшін шарасыз бірлікке келеді. Және бұл үлкен деңгейге заманауи жаһандану, Интернет желісі мүмкіндік береді. Сол себепті кез келген халықтың эстетикасы мен көркем мүмкіндіктері олардың отырықшы өмір салты мен еңбек сипатының бөлінуі және осы еңбектің нәтижелерімен, Еуропа мен Азияның көшпенділердің өндірістік күш пен өндіріске деген мүлдем басқа көзқарасы болса да, тек өндірістік күш пен өндірістік қатынастың сипатының даму деңгейін ескеріп қарамауымыз керек.
Қазақ халқының отандық тіл біліміндегі әдеби тілінің қалыптасу тарихын халық тұтас бір этнос болып танылған кезден, яғни 1465 жж. Қазақ хандығы мен 1456-дағы Қазақ Ордасының қалыптасу кезеңі XV ғасырдан бастап қарастыруға болады. Бұл жерден біз көптеген заманауи түркі халықтарының поэзиялары мен сөйлеулерінен жалпы байланыстар мен ескінің жаңғырығы болса да, қазақ мемлекетінің, ұлттық философиясы мен әдебиетіне есептеулер жүргіземіз. Жалпы ұлттық қазақ әдеби тілінің деректерінде тұрған ақындар да, жыраулар да аса қымбат ауызша әдебиетті құрды. Бірақ халықтың ауызша шығармашылығының көптеген туындылары (тақпақтар, салттық-тұрмыстық өлеңдер, эпостар, дастандар, толғаулар, жырлар, айтыстар, мифтер және аңыздар, шежірелер, сырласу лирикасының үлгілері ) Алтын Орда дәуірінен көп уақыт бұрын болды. Олар түркі халықтарының қатары, әсіресе эпостары, батырлар аңызы үшін жалпы болып табылады. Зерттеушілер айтуынша «сөзсіз ежелгі тек, жеке (әндік) халық лирика жанрының даму соңы, көптеген халық (еңбек, салттық, тұрмыстық) әндерінен пайда болған. Қазақтың ұлттық-поэтикалық өнерінде сонау уақыттағы кейбір өлеңмен жазылған формалар (мысалы, жеті-сегіз қатарлы жыр) сақталған» [6, 5].
XV-XVIII ғасырлардағы көшпендінің әлемдік көзқарасы, эстетикасы және поэтикасының едәуір анық белгілерін, олардың көнелігі мен тұтастығын (бөлінбестік немесе синкретизм), табиғилығын (жоғары бейнелілік және этика, көшпендінің табиғатқа тәуелділігі), негізгілігін (румен, тайпамен, әруақтармен, ата-баба рухтарымен бірлікте болу), оның батырлық романтизмі мен пайымдаушылығын (әлемге сүйсіну), әлемнің ашықтығын (шексіздігі) көрсетеді.
XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар тілі туралы нақты сұраққа қатысты, біз оған кесімді немесе Сөздікпен жауап беруіміз міндет – тарихи-тілдік жинақ, тілдерді көркем-стилистикалық және поэтикалық тұрғыдан бақылау, осы тілдің ерекшеліктерін немесе анық көлемін және көтерілген мәселелердің бір мәнді еместігін ескере отырып, жыраулар тілі туралы сұрақтың дұрыс қойылуы әзірге тек уақытша шектеледі. Алайда оның поэтикалық Сөздігі, жыраулар тілінің көркем әлемін құру, әртүрлі тілдік және тілдік емес материалды зерттеу амалдарының өзі терең және маңызды орнықтыруды қажет етеді. Бірақ біз әзірге ештеңе айта алмаймыз және қазақ әдеби тілін қалыптастырған ауызша-поэтикалық дәстүрлерді қолданушылар туралы айтамыз: жырау және жыршы, билер мен ақындар, шешендер, ертегі айтушылар мен тіпті бақсылар, А.А. Потебня айтқандай ғылым тілінде «поэтикалық жүйе» деп аталатын көркем-тілдік кешеннің үнемі қозғалыста болатын, көп ғасырлық дамуы, жалпы «тірі» суреттеу үлгілері, байлықты бейнелейтін, нақты салыстырулар, метафораның терең мағынасы бойынша теңеулердің бейнелілігі және өзінің көркем сұлулығы бойынша таңқаларлық және діни-сакралдық лексика, қолдағы символика элементтері ғана емес таңқаларлық сенімділігімен анықтайды. Өйткені «оның көркем-эстетикалық көзқарастарымен, халықтың тарихи өмірі мен поэзияның ерекше айқындылық байланысы пайда болатын маңызды жақтары поэтикалық тілдің көркемдігін көрсетеді» [5, 3] .
Поэтикалық мәдени-көшпенді иерархияның ең жоғарғысы болып, сөзсіз хан әулетінде жұмыс жасайтын жырау, ақын болып саналады. Хан кеңесінің атынан шығатын, хан ордасында тікелей болатындар, мемлекеттік маңызы бар жыршы болып табылады. Зерттеушілерден Е.Д.Тұрсыновқа бұл жыршылардың ерте кезде әскери жерлеу салты, қайтыс болған батырлардың құрметіне өлең шығарғаны белгілі болды. Бұл ұлттық эпостағы батырлық жырлар әруақтардың құрметіне мадақ өлеңдер болып қалыптасқан сюжеттік өзек. Сол себепті бұл типтегі жыршының стилі мен эстетикасы меритократикалық принциптер және нормалармен қалыптасады, яғни «ата-бабалардан келе жатқан білім», «таңдаулылық», «арнайылық» және т.б. Барлық жағдайда, біз алғаш рет Қазақстандық ғылымға жыраулардың поэткалық тілі арқылы келеміз, бастапқыда пайда болған, (магиялық салттық тіл ретінде), осы күнге дейінгі ерте кездегі үздіксіз және дамушы қозғалыс жүйесі бәлкім ең алғашқы қарапайым тіл болуыда мүмкін. Құдыретті сөз, сиқырлы және жақтық ән салу (шындығында ежелгі шамандық поэзия), орындалған миф поэзияға еліктеуден болғаны белгілі (Аристотель, мимесис). Және ежелгі салт пен дәстүрді рухани-интеллектуалмен толықтыра отырып, алдымен құдайлардың (табиғат күші) күшіне, содан кейін адамдарға (батырларға, аруақтарға) қарайды. Алайда, ежелгі түркі (қазақ) тілдерінің (адамзат тарихындағы ерекше рөлі), ерекшеліктері, мәні, шығу тегі туралы пайда болған ең нақтыларынан жұмбағына дейінгі және басқа да мүмкін болатын барлық теориялардың үлкен көлемі бар. Мұндай өткір әрі өзекті түркі (немесе арғы түркі) тілі туралы жалпы, бастапқы, алғашқы жазуды әлемге алып келген сұрақ болып қалады.
Өзінің шығу тегіндегі тарихи-генетикалық теориялардың негізгі түркі-моңғол халықтарындағы ауызша-поэтикалық өкілдерді атақты зерттеуші Е.Д.Тұрсынов біздің дәуірімізге дейінгі I мыңжылдықта құрылған деп болжайды. Ол жырау, ақындар сияқты жалпы салттық өкілдер түріне, яғни шаман немесе қазақша бақсыға жатады деп дәлелдейді.
Ақындар бұқара халықтыңи арасында өмір сүреді және оның демократиялық көңіл-күйін, оның күнделікті қамын, мүддесін, қуанышын, қайғысын көрсетеді. Олар өздерін жырауларға қарағанда, өзінің лирикалық жағдайын тыңдаушыларының көңіліне арнап, еркін сезінеді. Е.Д.Тұрсынов айтқандай, жыраудан айырмашылығы, олар нақты бір рудың атынан айтыстарға қатысады, ұлттық мерекелер мен үйлену тойларын өткізгенде үлкен рөл атқарады. Бұл жерде ақындардың поэтикасы, сөздігі, көркем-стилистикалық құралдарды таңдауы бар. Олардың жыраулардан ерекшелігі, артықшылығығы, олар қазақ музыкалық-поэтикалық мәдениетінің лирикалық бастауындағы өкілдер болып табылуында. Өздерінің қағидаттарын еркін және азат түрде айта алады, халықпен тығыз байланысы бар көркем-эстетиканы көрсетеді:
1. Құлмамбет, сөз сөйлейсің анықтамай
2.Айтатұғын кісінің өзіне айтқын
3.Делбе сүзек кісідей шалықтамай!
4.Ерлігім ерлігіңе дөп келеді,
5.Байлығыңа байлығым еп келеді.
6.Кісіні дым білмейтін тапқандай-ақ,
7.Есіріп көрген жерден ентеледің.
Жамбыл Жабаев.
Бұл айтылымдардан революцияға дейін, ақын шығармашылығының кеңестік кезеңі емес екенін байқаймыз. Әртүрлі ақынның поэтикасы мен эстетикасын ажырату үшін, олардың Сөздігін құру үшін, олардың поэтикасын, негізгі үлгісі мен әлеуметтік дәрежесін зерттеу қажет.
Жырау кез келген жағдайда қазақ халқының тілі мен көркем ойлауының реформашысы болған. Олар батырлық классикалық эпостың деректерінде тұрған және түркі (қазақ) эпостық айтылымдары мен тарихи өлеңдердің негізгі бөлігін қалыптастырған. Олар философияның, педагогиканың, психологияның ұлттық негізін салып кеткен. Осы мәдени-тарихи және тілдік феномені өзінің келешектегі дамуы мен қазақтың жеке ауызша поэзиясын, оның лирикалық бастауын және XVIII және XIX ғасырлардың басындағы жеке кәсіби поэзия, Махамбеттің жалындаған шығармашылығының алдында тұрды.
Махамбеттің алдында тұрған шығармашылық – көркем ойлаудың, эпостың, барлық поэзия тарихының даму нәтижесі. З.Ахметованың «қазақ поэзиясының тілі туралы» жұмысында Махамбеттің ұлттық-фольклорлық деректермен байланысын терең зерттеген, бірақ кеңес дәуірінде жазылған бұл жұмысты бүгінде толық емес көрсетуімен қоймай, өзінің базалық деңгейінде артық деректермен, поэзия жырауы – Махамбеттің қалыптасқан эпостық-батырлық стилі мен шынайы тілімен көрсетілген. Дәстүрлі көркем-стилистикалық құрылғы, тұрақты сөз тіркесі, тұрақты эпитеттер, негізгі эпостық сарындардың мәселесі, стилистикалық бірыңғай типтік құрылғылар, интонациондық-синтактикалық стереотиптердің үлгілері, әртүрлі деңгейлердің қайталаулары, фоносемантикалықтан бастап және синтактикалық (толық тирадалармен) және кеңірек қолданатын қайталаулармен аяқтайтын, нақтырақ айтсақ – жалпы орындар мен мотивтер, әлемдік эпоста кездесетін – жырау стилі мен құдыретті тілді, ежелгі дәстүрдің өкілі Махамбеттің поэзиясынан көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |