Ю. А. Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 2021-2022 оқу жылында атқарған жұмыстарының сараптамасы


Мектеп- лицейдің материалдық-техникалық базасы



бет43/99
Дата13.04.2024
өлшемі1.63 Mb.
#498561
түріҚұрамы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   99
Мектеп- лицейдің материалдық-техникалық базасы

Инклюзивті білім беру бойынша кабинетті толықтай жабдықтандыру (пандус,подъемник multykid, you tolk, арнайы оқу құралдары, дамыту ойындары, арнайы жиһаз).
Мектеп кітапханасының медиатекасын құру,компьютерлер санын көбейту, кітапхана қорын оқулықтармен,қазақ тіліндегі көркем әдебиет, анықтамалар мен энциклопедиялармен толықтыру.
Кабинеттерді оқу әдістемелік материалдармен, интерактивті тақталармен қамтамасыз ету.
2020-2021 оқу жылының басталуына байланысты 8 санитариялық-гигиеналық бөлмелер қайта жөнделіп, іске қосылды.
Оның ішінде ЕОҚЕ оқушыларға арнап талаптарға сай дәретханаға реконструкция жүргізілді.
Таза ауада денешынықтыру сабақтарын өткізу үшін шағын футбол-хоккей корты іске қосылды.

Ноутбук «Lenovo» 12.04.2020

30

180000

5400000

Принтер 28.04.2020

1

84000

84000

Инклюзивный кабинет







1000000





2. Әдістемелік-ұйымдастыру іс-әрекеті

Әдістемелік жұмыс тақырыбы: «Бөлінген көшбасшылықты жүзеге асыру арқылы, білім сапасын арттыруда, мектепішілік мәдениетінің жаңа деңгейін қалыптастыру».


Мақсаты: педагогикалық ұжымның ғылыми-зерттеушілік және шығармашыл әлеуетін, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға жағдай жасау арқылы, әдістемелік жетелеуді жүзеге асырып, оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру.
Міндеттері:
1) Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуға ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету;
2) Педагогтердің кәсіби дамуына, шеберліктерін арттыруда өз білімін көтеруге тиімді ахуал туғызу;
3) Үштілдікті – білім беру мазмұнын жаңартудың басты факторларының бірі ретінде, «Көптілді ұстаз» жобасының мақсаттарын жүзеге асыру;
4) Мұғалімнің шығармашыл ізденісін қолдап, өз әдістемелік өнімін шығаруға, білімін жетілдіру арқылы үзіліссіз білім алуға жағдай жасау;
5) Педагогтардың ғылыми-зерттеу, эксперименталдық-инновациялық іс-әрекетін ұйымдастыру, педагогикалық мазмұндық қолдау жасау;
6) Мұғалімдердің инновациялық, жобалық іс-әрекет жасауына, зияткерлік-кәсіби сайыстарға қатысуын, БАҚ-да басылуын талап ету арқылы;
7) Жас және жаңадан келген мамандардың құзыреттіліктері қалыптасуына жағдай жасау;
8) Негізгі пәндерді меңгеруде жаңа талап қою арқылы, бақылау тәсілдерін, әдістемесін өзгерту арқылы оқушылар нәтижелері жоғарылату, функционалдық сауаттылықтарын арттыруды негізге алу.

Әдістемелік жұмыс – мектеп-лицейді басқару жүйесінде ерекше орынға ие және педагогикалық ұжымның, оқушылардың зияткерлік-мәдени және адамгершілікті әлеуетін жан-жақты дамытуға, қажетті педагогикалық құралдарды апробациялаумен енгізуге бағытталған.


Заманауи білім беру идеяларын жүзеге асырылуын мақсат еткен педагогикалық ұжым, өз іс-әрекетінде заманауи талаптарға сай ұйымдастырады:
- әдістемелік апталық, он күндіктер;
- аудандық, облыстық деңгейдегі семинарлар;
- оң, озық тәжірибені айқындау, жалпылау және тарату;
- мұғалімдер құрамының жалпы педагогикалық мәдениетін көтеру.
Әдістемелік жұмыстың мазмұны:
- шынайы қажеттілік пен кәсіби қызығушылықты білдіретін мектеп-лицейідің әдістемелік тақырыбы мен жұмысы;
- аттестаттау механизмі арқылы, педагогтердің өз бетімен білім алуын және өзін-өзі дамытудың әдістемелік сүйемелдеуі;
- тестілік және диагностикалық базаны енгізу арқылы, білім үдерісіне мониторинг жүргізу жүйесін әзірлеу;
- білім беру мен тәрбиелеудің заманауи әдістерін әзірлеу, талдау және енгізу.

Әдістемелік жұмыстың түрлері мен бағыттары:


- пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендер құру;
- әдістемелік әзірлеме-жеке тақырыпты, бөлімді, немесе жалпы оқу пәнін меңгеру әдістемесін ұйымдастыру;
- әдістемелік ұсыныстар, нұсқаулар, дидактикалық материалдар, оқу бағдарламалары және сын-пікірлері және т.б.

Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру формалары:


- облыстық, аймақтық және республикалық біліктілік арттыру институттарының жұмысына қатысу арқылы, біліктілікті арттыру;
- әдістемелік кеңес;
- әдістемелік жиналыстар;
- жас педагог мектебінің жұмысы;
- педагогикалық жұмысының инновациялық тәжірибесін меңгеру, жалпылау және меңгеру;
- пән апталықтары мен олимпиадалары;
- педагогикалық шеберлік конкурстарына қатысу;
- ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет