Юриспруденция кафедрасы



бет6/9
Дата17.07.2016
өлшемі1.18 Mb.
#205405
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Мақсаты: Құқық шығармашылығының түсінігі мен мазмұны, құқық шығармашылықтың негізгі қағадалары туралы толық мағлұмат беру.

Жоспар:


  1. Құқық шығармашылығының түсінігі және түрлері.

  2. Құқық шығармашылықтың қағидалары

  3. Құқық шығармашылық процесстің кезеңдері.

1. Құқық шығармашылықтың түсінігі және түрлері. Құқық шығармашылық - бұл құзіретті органдардың заң нормаларын қабылдауға, өзгертуге және жоюға байланысты арнайы қызметі Құқык шығармашылык мыналармен сипатталады: ол белсенді, мемлекеттік, шығармашылық қызметті білдіреді, - оның негізгі өнімі - нормативтік актілерден көрініс тапкан заң нормалары:- бұл қоғамды баскарудың маңызды құралы: мұнда оның даму) бағдараламасы қалыптасады, маңызды жүріс-тұрыс ережелері қа былданады;- құқық шығармашылықтың деңгейі мен мәдениеті, қабылдаған нормативтік актілердің сапасы - бұл қоғамның өркениеттілігі мен демократиялылығының көрсеткіші.Субъектілерінің түріне карай құқық шығармашылық келесі түрлерге бөлінеді:

1) халықтың мемлекеттік және қоғамдық өмірдің маңызды мә-селелері бойынша жалпы халықтық дауыс беруін - референдум -жүргізу кезіндегі тікелей құқык шығармашылыгы;



2) өкілетті мемлекеттік органдардың тікелей кұқық орнықтырушы қызметі;

3) әдет түрінде қалыптасқан немесе мемлекеттік емес ұйымдар қабылдаған нормаларды мемлекеттің санкциялауы.

2. Құкық шығармашылықтың қағидалары. Кұкық шығармашылыкқа мына қағидалар тән:1) ғылымилық - нормативтік актілерді дайындау процесінде әлеуметтік-экономикалық. саяси және баска да жағдайларды, қоғамнын, дамуының объективтік қажеттіктерін және т.б. зерттеудің маңызы зор; 2) кәсібилік - мұндай қызметпен құзіретті тұлғалар - заңгерлер, экономистер және т.б. айналысуы тиіс; 3) заңдылык - бұл қызмет Конституцияның және басқа да заңдардың негізінде және шеңберінде жүзеге асырылуы тиіс; 4) демократиялық - азаматтардың бұл процеске қатысу дәре жесін. қоғамдағы процедуралық нормалар мен институттардың даму деңгейін сипаттайды; 5) жариялылық - кұқық шығармашылық процестің көпшілік қауым үшін ашықтығын білдіреді.

3. Құқық шығармашылық процестің кезеңдері. Құқык шығармашылык процессі бірнеше кезендер арқылы жүзеге асырылады:

1. Заң шығару ынтасы - құқықшығарушы органға нормативтік актіні шығару туралы ұсыныс немесе актінің дайын жобасы ұсынылады. Заң шығару құқығына ие субъектілер шеңбері заңнамада катаң түрде анықталған.

2. Заң жобасын талқылау - бұл кезең құжатты кажетты сапаға жеткізу, қарама-кайшылыктарды, ол қылыктарды, түсініксіз мәсе лелерді және т.б. жою үшін қажет. Ерекше маңызды заң жобалары жалпы халықтық талқылауға ұсынылады.

3. Заңды қабылдау.

4. Қабылданған актінің мазмұнын көпшілікке жеткізу. яғни, заңды жариялау.

Талқылау сұрақтары:


  1. Құқық шығармашылық ұғымына сипаттама беріңіз?

  2. Құқық шығармашылықтың негізгі қағидаларын атаңыз?

  3. Нормаьтвті актілердің заңды күшінің уақыты, кеңістігі және адамдарды қамтуы дегенді қалай түсінесіз?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.

  2. Баймаханов М.Т. Проблемы воплощения принципов правового государства в Конституции Республики Казахстан.// Государство и право, 1992, №8.

  3. Сапарғалиев Ғ. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.

  4. Ашитов З.О. т.б. Егеменді Қазақстанның құқығы. Алматы, 1997.

  5. Сапарғалиев Ғ. Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 1995.


11-ДӘРІС

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Мақсаты: Құқықтық қатынастар ұғымы, заңи айғақтар туралы студенттерге мағлұмат беру.

Жоспар:


  1. Құқықтық қатынастар түсінігі мен мазмұны.

  2. Құқықтық қатынастардың құрамды бөлшектері.


Құқықтық қатынастар түсінігі мен мазмұны.Құқықтық қатынастар дегеніміз - бұл адамдардың құқықтармен және міндеттермен өзара байланыстылығы. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары мен субъективтік міндеттері оның мазмұнын құрайды. Субъективтік кұқық дегеніміз құқық берілген адамның байқалатын мінез-құлқының занды жолмен қамтамасыз етілген шарасы. Ол құқық берілген адамның белгілі дәрежеде өзінің әрекет ету (өзінің дұрыс әрекет ету құқығы) мүмкіндігінен немесе міндетгі адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды (бөгде әрекеттер құқығы — талап ету құқығы) талап ету мүмкіңдігінен көрінеді. Мәселен, автордың шығармасын жариялау құқығы, оған қол сұғылмау құқығы оның өз әрекеттерімен жүзеге асырылуы мүмкін. Керісінше, жалға берушінің өз мүлкін жалға беру шартында көрсетілген мерзім өткен соң қайтару жөніндегі құқығын міндетті адамның тиісті әрекеттер жасауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес.

Құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын элементтер -субъекгивтік құқықтар өзіндік және берілетін субъективтік құқықтарға бөлінуі мүмкін. Субъективтік міндет дегеніміз — міндетті адамның байқалуға тиісті мінез-құлқының заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы. Азаматтық-құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын субъективтік құқықтар мен оның қатысушыларының міндеттері өзара тығыз байланысты, әрбір субъективтік құқықтың тиісті міндеті бар және керісінше. Құқықтық қатынастардың бір тарабындағы субъективтік қүқықтың міндетті адамнан белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етуіне келесі тараптың осындай әрекеттер жасауға бағытталған субъективтік міндеті сай келеді. Демек, құқық берілген адамның белгілі бір әрекеттер жасау жөніндегі субъективтік құқығына құқықтық қатынастардың келесі қатысушысының бұл құқықты жүзеге асыруға кедергі жасамау, оны бұзбау міндеті сәйкес келеді.Құқықтық қатынастарды және тиісінше субъективтік азаматтық құқықтарды бөлу (жіктеу) түрлі негіздерге сәйкес жүргізі-летіндікген, әрбір өкілетгіктің әдетте бірнеше белгілері болады. Мәселен, көркем туынды жасаушының оның авторы болу құқығы осымен бір мезгілде оның өзіндік, мүліктік емес, абсолюттік құқығы болып табылады. Осы автордың баспадан қаламақы алу құқығы бір мезгілде берілетін, мүліктік, салыстырмалы құқық болып табылады.

Құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқығы кейде көптеген әрекеттерді жасау мүмкіндігін немесе міндетті адамнан көптеген әрекеттер жасауды талап ету мүмкіндігін қамтиды. Мұндай жағдайда субъективтік құқық күрделі болуы мүмкін, оның мазмұнын қарапайым құрамдас элементтер — жекелеген өкілеттіктер құрайды. Бірақ құқықтық қатынастың шегінде өкілеттіктер біртекті немесе әртекті болуы мүмкін. Мәселен, мүліктік жалдау шартында жалдаушының құқығы жалға алынатын мүлікті иелену және пайдалану мүмкіндігін қамтиды (заттық, абсолюттік өкілеттіктер), сондай-ақ жалға берушіден күрделі жөндеуді дер кезіңде жүргізуді талап ету мүмкіндігін қамтиды (міндеттемелік, салыстырмалы өкілеттік). Заң тұрғысынан алғанда, әртекті өкілеттіктерді қамтитын мұндай күрделі құқықтарды кешенді құқықтар деп атауға болады.

2.Құқықтық қатынастардың құрамды бөлшектері. Құқық қатынастарын сөз еткенде, оны талдағанда біз алдымен құрамдас элементтерін айқындап алуымыз кажет. Әрбір құқық катынастарында қатынастың субьектілері деп аталатын қатысушылары болады, Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері: жеке тұлға, занды тұлғалар, әкімшілік-аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.

Құқық, катынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол себепті бұлардың арасында қатынастарының мазмұнын құрайтын белгілі бір кұқықтар мен міндеттер пайда болады.

Сол қатынаста кұқықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның обьектісі деп аталады. Сөйтіп, кұкық қатынастарына төмендегідей элементтер тән болады: субъектілер (қатысушылар), мазмұны (құқықтар мен міндеттер) және объектілер (құқықтар мен міндеттердің қатысы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер). Осыған орай кұқықтын жалпы теориясының бір мәселесіне тоқтала кеткеннің еш артықтығы жоқ. Әдетте"құкық" сөзі бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ шын мәнінде мүлдем бөлек екі мағына білдіретіндігін айтпасқа болмайды.
Оның біріншісін "Азаматтык кұқық" "құқық нормалары" дегенге қолданамыз. Бұл сөз тіркесіндегі "құқық" дегеніміз мемлекетте қалыптаскан құкықтық рәсімдер жүйесі, жиынтығы. Қажет болған жағдайда онын, жүзеге асырылуы мемлекет күшіне сүйенеді. Осы мағынасында қолданатын "құқықтың
объективті мағынасындағы құқық" деп немесе "объективті құқық" деп атайды.

Біз күнделікті өмірде "Менің меншік кұқығым бар", "Сіз бұлай істеуге кұқығыңыз жоқ", "Оньщ зейнетақы алуға құқығы бар" тәрізді сөздерді жиі айтамыз, ал бұл орайда кездесетін "құқық" сөзі заң дегенді емес, тұлғаның, накты адамның белгілі бір мүддесін ғана білдіреді. Бұл жағдайларда "кұқық" туралы субъективтік мағынасында немесе басқаша айтканда, құқықтық нормалардың құкық тұлғаларына берген қүқықтық мүмкін-діктер болып есептеледі. Құкық катынастарының элементі ретінде айтқанымызда, біз субъективтік құкык туралы да айтамыз. Бұл "құқық" деген сезге беретін екінші мағына.

Әрбір құқық қатынасында катысушының бірінің субъективті құқығына екіншісінің заңдық міндеттілігі сәйкестен-діріледі, ягаи біреуінің екіншісі алдындағы міндеттілік аясы айқындалады. Мысалы, үйді сатып алу-сату шартына сәйкес сатушы мен сатып алушы арасында екі бірдей құқық катынасы пайда болады. Оның біріншісінде сатып алушы үйді алуға құқылы да, сатушы оны беруге міндетті.

Зани айғақтар түсінігі. Азаматтық құкық нормалары өздігінен азаматтық құқық қатынастарын тудырмайды. Қандай да болсын нақтылы азаматтық құқық қатынастары белгілі бір жағдай болғанда ғана пайда болады. Мұның мазмұнынының өзгеруі немесе оның қысқартылуы да белгілі бір жағдайға байланысты. Осындай құқық қатынастарының пайда болуына, өзгеруіне немесе оның қысқартылуына себепкер болатын жағдайларды зандылық фактілер деп атайды. Мысалы, ба-ланьщ тууы, мәміленің бүлінуі т.т. зандылык фактілер болып табылады. Азаматтық кодексте сату-сатып алу, жалдау, мұра қалдыру және тағысын тағылардың кезінде пайда болатын құқық қатынастарын тәртіптейтін баптардың болуы сол жеке түлғалардың арасында немесе сондай-ақ занды тұлғалардын, арасында нақ-тылы құқық қатынастарын ездігінен тудыра алмайды. Белгілі бір азамат пен дүкен араларында сату-сатып алу туралы АК-тің баптарында керсетілген катынастар пайда болу үшін сол азамат дүкенге барып бір нәрсе сатып алуы керек, яғни дүкен-мен сату-сатып алу мәмілесіне кірісуі керек.



Заңдылық оқигалар. Кейбір зандылық фактілер осы фактілер нәтижесінде туатын қүқык катынастарына қатысушы түлғалар-дьщ өздерінің қалауы жәнениетінен тыс пайда болады. Мүндай завдылық фактілерді оқига деп атайды. Адамның өлуі, белгілі бір мерзімнің өтіп кетуі фактілері - осылардың бәрі де оқиғалардың кдтарына жатады.

Заңдылық әрекеттер. Завдылық салдар, яғни белгілі бір кұкық катынастарын тудыратын түлғалардың әрекеттері де зандылық факті болып табылады. Мысалы, мәміле жасасу, ерлі-зайыптылардың айрылысуы, біреуге әдейілеп зиян келтіру заң әрекетгері болып табылады. Алайда, қүқық тәртіптері тұлғалардын, жүріс-түрыстарының бәріне бірдей заң әрекеттері деп маңыз бермейді; біздін, әрекетгеріміздіңкөбі кұкық үшін бейтарап әрекеттер, бүл әре-кеттер зандылық қатынастарды тудырмайды да, өзгертпейді де. Кісі біреумен әңгімелесіп отырғанда, кітап оқып отырғанда, жазатын мақаласын ойланып отырғанда, кәдуілгі жағдайдағы оның қызметтері қүқық шеңберінен тыс жатады. Занда, зандылық салдары бар деп табылатын әрекеттердін мазмүны бірнеше түрде кездеседі және белгілі белсенді бір түрінде — істелген іс немесе айтылған сөз түрінде, сондай-ақ әрекеттен бой тартқан (өзін-өзі үстап қалған) түрде - әрекетсіздік түрінде, үн қатпай калғандык түрінде кездеседі.

Заңды және заңсыз әрекеттер (құқыққа сыйымды және қүқықка сыйымсыз әрекеттер). Көп жағдайларда кұкыктар мен міндеттер кұқық тәртібінде рұқсат етілген әрекеттердің нәти-жесінде пайда болып өзгеріп немесе қысқарып отырады. Заң-мен тыйым салынбаған әрекеттер занды әрекеттер болып та-былады. Белгілі бір құқықтық нәтижелер тудыру ниетімен істелген, ерік берілген, занды әрекеттерге мысал бола алатын, -басқаша айтканда, азаматтар мен заңды тұлғалардың азамат-тық құкықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады (АК-тің 4-ші тарауы). Мәмілелермен қатар, тікелей құқық және міндет тусын деген ниетпен істелмеген, бірак кұқық қатынастарының паі-іда болуына немесе оньщ қысқаруына негіз болып табылатын сан түрлі әрекеттер болады. Мұндай әрекеттерге мысал болатындар: некелесу, әдеби шығарма жазу, өнер табыс, т.с.с. Кейбір әрекеттер құқық тәртібінде тыйым салынғандықтан ғана, яғни заңсыз болғандықтан құқық қатынастарын тудырады. Мәселен, АК-тің 917-бабындабылайделінген: басқа біреудің жеке басына не мүлкіне немесе занды тұлғаға зиян келті-руші сол зиянды толық өтеуге міндетті. Зиян келтіру (деликт) болыптабылатын болғандықтан, яғни зиян келтірушіні азамат-тык, жауапқа тарту салдарын тудыратын заңсыз әрекет болған-дықтан зиянды етеу міндеті зиян келтірушінің еркінен тыс ретте болады.

Талқылау сұрақтары:

  1. Құқықтық қатынастар дегеніміз қандай қатынастар?

  2. Құқықтық қатынастардың қоғамдық қатынастардың ішінде алатын ролі қандай?

  3. Құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру, тоқтатылуна негіз болатын жағдайларды атаңыз?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-Алматы, Жеты Жарғы, 2003.


    1. 11\-",';''
    Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.

  2. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.


12-ДӘРІС

ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. ҚҰҚЫҚТЫ ТҮСІНДІРУ.

Мақсаты: Құқықты жүзеге асырудың негізгі жолдары мен нормативті –құқықтық актілерге түсінік беру.

Жоспар:


1. Кұқықты жүзеге асырудың түсінігі және нысандары.

2. Құқық нормаларын қолданудың түсінігі, белгілері және кезеңдері.

3. Заңды коллизиялар.

4. Құқықтағы ол қылықтар.

5. Құқықтық нормаларды қолдану актілері.

6. Құқықты түсіндіру ұғымы, тәсілдері.

1. Құқықты жүзеге асырудын түсінігі және нысандары. Құқықтык нормалар адамдардың санасы мен еркіне мақсатты түрде әсер ете отырып, оларды заңнамаға сәйкес жүріп-тұруға итерме-леу үшін қажет. Қоғамдык қатынастардың катысушыларының жүріс-тұрыстары арқылы кез-келген заңшығарушы қалайтын нә тижелерге жетуге болады.

Құқықтык нормаларды жүзеге асыру - құқыктық нормалардың ережелері көрініс тапқан адамдардың жүріс-тұрысы, олардың құ қықтарды жүзеге асыру мен заңды міндеттерді орындаумен байла-нысты тәжірибелік қызметі. Субъектілердің әрекеттерінің сипатына қарай құқықты жүзеге асырудың төрт нысанын бөліп қарасты-рады.

1) сақтау - қолданыстағы кұкықпен тыйым салынған әрекет-терден бас тарту;

2) орындау - оң мазмұнды заңды міндеттерді орындауға байла-нысты белсенді әрекеттерді жүзеге асыру;

3) пайдалану - олар арқылы тұлғаның өз мүддесін қанағат-тандырылатын субъективтік құқықтарды жүзеге асыру;

4) қолдану - күзіретті органдардын нақты бір заңды істі шешуге байланысты биліктік қызметі. нәтижесінде сәкес жеке акт кабылданады.



2. Құқық нормаларын қолданудың түсінігі, белгілері және кезеңдері. Құқыкты қолдану - бұл кұқықты жүзеге асырудын ерекше нысаны. Ол субъектілердің билік органдарынын көмегінсіз өз кұқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алмауы жағдайында қажет. Қолдану мына белгілермен сипатталады:

- құқықты тек осыған өкілетті құзіретті органдар ғана кол данады;

- биліктік сипатқа ие;

- іс жүргізушілік нысанда жүзеге асырылады,

- сәйкес жеке, биліктік (құқық колданушы) актіні колданумен байланысты үш кезеңнен құралады:

1) істің іс жүзіндегі негізін анықтау; бұл кезде іс бойынша объективтік шындық анықталып, барлық занды маңызы бар ақпараттарды жинау жүзеге асырылады;

2) істің занды негізін анықтау; бұл кезде құқық колданушы осы коғамдық қатынасты реттейтін құкықтын саласын, институты» және нормасын таңдайды.

3) істі шешу; б.ұл кезде кұкық нормасының негізінде ресми мағынадағы биліктік сипаттағы жеке акт қабылданады. Шешім қабылдау қорытынды әрі негізгі кезең болып табылады. Бұдан кейін шешім орындалуы және нақты қоғамдық қатынас іс жүзінде реттелуі тиіс.



3.Заңды карама-қайшылықтар. Екінші кезеңде. яғни, нақты құкык нормасын таңдауда, нормалардың карама-қайшылығы және құқықтағы ол қылықтар сияқты құбылыстарды кездестіруге болады.

Заңды қарама-кайшылықтар - бұл бір қоғамдық қатынастарды реттеуші құқықтық актілер арасындағы қарама-кайшылықтар. Олар құқықтық жүйеге келіспеушіліктерді, кемшіліктерді әкеледі, кұкық қолдану тәжірибесінде ыңғайсыздықтар туғызады. заңнаманы қолдануды қиындатады.

Қарама-кайшылықтардың түрлері:

1)Конституция мен басқа барлық актілер арасындағы: басым дылық Конституцияға беріледі;

2) заңдар мен заңға сәйкес актілер арасындағы: заңдарга ба сымдылық беріледі;

3) бір органның актілері арасындағы: уақыты бойынша кейін қабылданған актіге басымдылық беріледі;

4) әр түрлі органдар қабылдаған актілер арасындағы: жоғары тұрған органның актісіне басымдылык беріледі.

4.Құқықтағы олқылықтар - бұл колданыстағы заңнамада қажетті заң нормаларының толығымен немесе жартылай болмауы. Олқылыкты жаңа құкық нормасын кабылдау арқылы құқық шығармашылык процесінің көмегімен жоюға болады.

Ол қылыктарды құқык қолдану процессі арқылы жетуте болады себебі, бұл кезде ешбір жаңа нормалар қабылданбайды: не құқық ұқсастығы, не заң ұқсастығы қолданылады.

Заң ұқсастығы - бұл нақты бір заңды істі осыған ұқсас істі шешуге бағытталған құкықтық норманың негізінде шешу.

Құқык ұқсастығы - бұл нақты заңды істі құкыктың жалпы қағидалары мен мәні негізінде шешу. Құкықтағы ол кылықтарды жеңудің бұл әдісі ұқсас істі шешуге байланысты осы құқық саласында, ұксас құқык саласында да накты нормалар болмаған жағдайда ғана колданылады.



5. Құқыктық нормаларды қолдану актілері. Құқықты қолдану актісі - бұл нақты бір заңды істі шешу нәтижесінде кұзіретті орган шығаратын, жеке биліктік ережеден құралған құкықтык акт. Оның мынадай ерекшеліктері болады:

- құзіретті орган шығарады;

- мемлекеттік-биліктік сипатқа ие;

-нормативтік емес, жеке сипатқа ие. себебі, нақты субъект лерге бағытталған:- заңмен анықталған өзше тән нысанға ие. Құқық қолдану актілерін келесі негіздер бойынша түрлерге бөлуге болады:

1) нысаны бойынша - жарлықтар, үкімдер, шешімдер, б.ұйрықтар және т.б.;

2) оларды кабылдайтын субъектілерге байланысты-мемлекет тік және мемлекеттік емес органдардың (мысалы муниципалды органдардың) актілері;

3)құқықтың функциялары бойынша - реттеуші (мысалы, қызметтік бұйрықтар) және қорғаушы (мысалы, қылмыстық істі козғау туралы қаулы);

4) заңды табиғаты бойынша - негізгі және көмекші; негізгі актілер заңды істің соңғы шешімін көрсетеді (мысалы, үкім), ал көмекші актілер негізгі актілерді шығаруға жәрдемдеседі (мысалы, тұлғаны айыпкер ретінде жауапқа тарту туралы қаулы).

5) құқыктық реттеу пәні бойынша - қылмыстық-құқыктық, азаматтық-кұкыктық және т.б. актілер;

6) сипаты бойынша - материалдық және іс- жүргізушілік.



1. Құқықты түсіндірудің түсінігі Құқық нормаларын түсіндіру – бұл мемлекеттің, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жекелеген азаматтардың құқық нормаларының мазмұнын түсіндіруге, оларда көрініс тапқан билік басында тұрған әлеуметтік күштердің еркін ашуға бағытталған қызметі. Түсіндіру процесінде нормативтік ереженің мәні, оның негізгі мақсаты мен әлеуметтік бағыттылығы, түсіндіріліп отырған актінің мүмкін салдары, оның құқықтық реттеу жүйесіндегі орны және т.б. анықталады.

Түсіндірудің мақсаты – заңшығарушының не айтқысы келгенін емес, оның қалыптастырған ережесінің мәнін анықтау. Түсіндіру қолданыстағы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізьейді және енгізе алмайды жа, ол заңдағы ережелерді түсіндіруге және нақтылауға бағытталған. Түсіндіру екі жақтан құралады:



  • норманың мәні мен оны түсіндіруді түсіну (өзі үшін);

  • норманың мазмұнын түсіндіру (өзгелер үшін).

2. Түсіндіру тәсілдері – бұл құқықтық нормалардың мазмұнын анықтауға бағытталған тәсілдер мен бағыттардың жиынтығы. Түсіндіру тәсілдерінің мынадай түрлері бар:

    1. грамматикалық – тіл құралдарының, грамматика ережелерінің, орфографияның және т.б. көмегімен түсіндіру;

    2. логикалық – логика заңдарының және ережелерінің көмегімен түсіндіру;

    3. жүйелік – заң нормасының басқа нормалармен жүйелік байланысын, нақты жүріс – тұрыстың құқық жүйесіндігі орны мен рөлін талдау арқылы түсіндіру;

    4. тарихи – саяси – құқықтық номаны қабылдаудың нақты тарихи және саяси жағдайларының көмегімен түсіндіру;

    5. телеологиялық (мақсатты) – нормативтік актіні қабылдау мақсаттарын анықтаудың көмегімен талқылау;

    6. арнайы – заңды – заңнамадақолданылатын заң терминдерінің мазмұнын ашу арқылы түсіндіру.

3. Субъектілер бойынша түсіндіру түрлері. Субъектілеріне байланысты түсіндірудің мынадай түрлері болады:

      • ресми; мұндай түсіндіруді өкілетті субъектілер ғана береді, олар арнайы актіде көрініс табады және заңды салдарды туындатады;

      • бейресми; мұндай түсіндірудің заңды міндетті мәні болмайды және биліктік күші жоқ.

Ресми түсіндірудің нормативтік (тұлғалар мен жағдайлардың кең шеңберіне таралады) және казуалды (тек нақты бір жағдай үшін міндетті болып табылады) болып екіге бөлінеді. Номативтік түсіндіру, өз кезегінде , аутентикалық (нормативтік актіні қабылдаған органмен беріледі) және легалды (өкілетті субъектілер береді) болып екіге бөлінеді.

4. Көлемі бойынша түсіндіру түрлері. Түсіндірудің нәтижелері заң нормаларының шын мәніндегі мазмұны мен мәтінінің арақатынасына қарай әр түрлі болуы мүмкін. Осындай арақатынастың негізінде түсіндірудің үш түрін бөліп қарастырады (көлемі бойынша түсіндіру):

  1. дәлме – дәл түсіндіру – құқық номасының шын мәніндегі көрінісі сәйкес келген жағдайда мүмкін;

  2. шектелген түсіндіру – құқық нормасыныңшын мәніндегі мағынасы оның мәтіндік көрінісінен тар болған жағдайда қолданылады;

  3. кеңейтілген түсіндіру – құқық номасының шын мәніндегі мағынасы оның мәтіндік көрінісінен кең болған жағдайда қолданылады.

Құқықты түсіндіру актілері. Құқықты түсіндіру актісі – бұл заң номаларының мағынасын түсіндіруге бағытталған құқықтық акт.

Құқықты түсіндіру актілерінің ерекшеліктері:



  • заң нормаларының мағынасын түсіндіруге бағытталған;

  • номативтік емес, нақтылаушы ережелерден құралған;

  • дербес сипатқа ие емес және өзі түсіндіріп отырған нормалармен бірге әрекет етеді;

  • құқықтың қайнар өзі болып табылмайды.

Құқықты түсіндіру актілерінің төмендегідей түрлері болады:

    1. ресми түсіндірудің түрлеріне қарай олар нормативтік (аутентикалық және легалды) және казуалды түсіндіру актілері болып бөлінеді;

    2. түсіндіруді жүзеге асырып отырған органдарға қарай мемлекеттік билік органдарының, басқару органдарының, сот, прокуратура органдарының түсіндіру актілері;

    3. құқықтық реттеу пәніне қарай – қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және т.б. құқықты түсіндіру актілері;

    4. сипатына қарай – материалдық және іс – жүргізушілік түсіндіру актілері;

    5. нысанасына қарай – жарлықтар, қаулылар, бұйрықтар, нұсқаулар және т.б.

Талқылау сұрақтары:

  1. Құқықтық нормаларды іске асырудың ерекшеліктері қандай?

  2. Құқықтық нормаларды қолдану кезеңдерін атаңыз?

  3. Нормативті – құқықтық актілерге түсінік беру тәсңлдері қандай?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-Алматы, Жеты Жарғы, 2003.


    1. 11\-",';''
    Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.

  2. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет