Науқастың функциялық қабілеті:
I - өзіне -өзі қызмет көрсету қабілеті сақталған;
II - тірек-қимыл аппаратының жағдайымен өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеті жойылған:
- сақталған;
- жартылай жойылған;
- толық жойылған.
III - көз немесе ішкі ағзалар жағдайымен өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеті бұзылған.
Диагностикасы
Диагностика критерийлері
Физикалық тексеру:
- 3 жəне одан да көп айға созылған артрит;
- 3 айдан жəне одан да кейінірек уақытта пайда болған екінші буынның артриті;
- ұсақ буынның зақымдалу симметриялығы;
- контрактура;
- тендосиновит немесе бурсит;
- бұлшықеттің семуі (атрофия);
- таңертеңгілік қозғала алмаушылық;
- көздің ревматоидты зақымдалуы;
- ревматоидты түйіндер;
- буын қуысындағы жалқық.
Лабораторлық зерттеулер:
- оң ревматоидты фактор;
- синовиалды қабық биопсиясының оң көрсеткіштері;
- классикалық ЮРА кезіндегі жалпы оң белгілер саны - 8, ЮРА анықталған - 4 белгі, болжамды ЮРА - 3 белгі.
Инструменталдық зерттеулер
Рентгенологиялық белгілер:
- остеопороз, эпифиздің сүйектік құрылымның ұсақ кистозды (жылауық) қайта құрылуы;
- буындық саңылаулардың тарылуы, сүйектік эрозиялар, буындар анкилозы;
- сүйек өсуінің бұзылуы;
- омыртқаның мойын бөлімінің зақымдалуы.
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Электрокардиография.
2. Эхокардиография.
3. Кеуде клеткасының рентгенографиясы (бір кескін).
4. Зақымдалған буындар рентгенографиясы (ауруханаға жатқызылу алдында жүргізілмесе).
5. Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ.
6. Иммунограмма.
7. С-реактивтік белокты анықтау.
8. Ревматоидты факторды анықтау.
9. LE - жасушаларын анықтау.
10. Жалпы белок пен белоктық фракцияларды анықтау.
11. Жалпы зəр анализі.
12. Сиалды сынаманы анықтау.
13. Тимолды сынаманы анықтау.
14. АЛТ анықтау.
15. АСТ анықтау.
16. Билирубинді анықтау.
17. Глюкозаны анықтау.
18. Несепнəрді анықтау.
19. Креатининді анықтау.
20. Офтальмолог консультациясы.
Достарыңызбен бөлісу: |