З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет60/76
Дата21.12.2022
өлшемі1.84 Mb.
#467682
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   76
Алканова Пед этика негіздері

Әлеуметтік кикілжің - жағдайда қарым-қатынас жасаушы жақтар, 
субъектілер, бір-біріне қарсы немесе өзара бірін-бірі жоққа шығаратын 
мақсаттарын көздейді. Әлеуметтік кикілжің түрлі əлеуметтік қауымдардың 
соқтығысуынан көрінеді - таптар, ұлттар, мемлекет, əлеуметтік институттар, 
əлеуметтік субъектілер. Қарама-қарсы күресуші жақтар өздерінің түрлі 
қарама-қайшы мақсаттары мен көзқарастарын, даму жолдарын қорғап
көздейді.
Кикілжіңді тудыратын немесе өз еркінсіз осындай жағдайға тап 
болатын адамдар мəселені тез арада өзіне тиімді етіп шешкісі келеді. Осы 
жерде «Кикілжіңді шешудің жолдары қандай?» деген сауал пайда болады.
Адам кикілжіңдік жағдаятқа түскенде белгілі бір стратегияны жəне 
мінез-құлық стилін таңдауы қажет. Кикілжіңдік жағдаяттарды екі тұрғыдан 
алып қарастыруға болады. Біріншіден, оның пайда болып, өрши түсу 
заңдылықтарын біліп жүрген адам дау-дамай басталмай тұрып алдын алады. 
Екіншіден, ол кикілжіңнің неден пайда болғанын анықтайтын жағдаятты 
талдау техникасын меңгеруі тиіс. Кикілжіңдік жағдаятта адамдар саналы 
түрде белгілі бір стилді таңдайды. Нақты жағдайда мінез-құлық стилі өзіндік 
қызығушылықты қанағаттандырумен, пассивті жəне активті əрекетпен, басқа 
жақтың қызығушылығымен, бірлесе отырып не жеке əрекет етумен 
анықталады.
Бекіту сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Кикілжің ұғымына анықтама беріңіз. Өз анықтамаңызды ұсынып
көріңіз.
2. Адам ашуланған кезде өзін қалай меңгеруге болады?
1-тапсырма. Педагогикалық қызметтегі кикілжіңнің пайда болу
себептері, оны шешу жолдары. Оның оқушы тұлғасына əсері. Педагог үшін 
кикілжіңге бару қажет пе? (осындай сұрақ төңірегінде мақалаларды 
жинастырып пікірталасқа дайындалыңыз).
2-тапсырма. «Уорлд-кафе» ойыны. Өз ойыңызды кестеге жазыңыз.
Жазылған сөйлемдерді оқып қорытындылаңыз.


92
Кикілжіңнің туу 
себептері
Кикілжіңді шешудің 
жолдары
Кикілжіңдегі мінез-
құлықтың ережесі
3-тапсырма. «Абайсызда...» жаттығуы. Ойыншылар ортаға шығып
кезегімен бір-бірінің аяғын басады, иығымен соғады, ойнайды (шашынан 
тарту, жұлқу, мойнынан қысу т.б). Студенттер жанжал шығып кетпес үшін 
сөздер қолданады. Сөздер қайталанбау қажет.
4-тапсырма.Мақал-мəтелдердің тақырыпқа қатысы бар ма? Қалай
түсіндірер едіңіз?
Басқа пəле тілден. Ер шекіспей, бекіспейді. Айтылған сөз - атылған оқ. 
Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.
5-тапсырма. Өзіңізді тексеріп көріңіз: Тест «Кикілжіңді ұнататын
тұлғасыз ба?»
Төмендегі тестті пайдалана отырып, бір жауапты таңдау арқылы 
кикілжіңге қалай қарайтыныңызды анықтауға болады.
1) Қоғамдық көлікте жоғары екпінмен талас (дау, егес, ұрыс-керіс)
басталды. Сіздің əрекетіңіз (жауабыңыз)?
а) қатыспаймын;
б) дұрыс жақты қолдаймын;
в) белсенді түрде араласамын.
2) Жиналыстарда басшылыққа сын айтып сөйлейсіз бе?
а) жоқ;
б) егер оған дəлелім болса;
в) кез келген нəрсеге, басшылыққа ғана емес, оны қорғаушыларға да.
3) Достарыңызбен жиі ерегісесіз бе?
а) егер ол адамдар өкпелегіш болмаса;
б) тек кейбір сұрақтар бойынша;
в) ерегесу - мен үшін стихия.
4) Түскі асқа тұзы кем ас берді. Сіздің əрекетіңіз?
а) түкке тұрмайтын нəрсеге ұрыс шығармаймын;
б) үндемей барып тұз сауытты аламын;
в) ескерту жасаймын.
5) Егер далада, көлікте аяғыңызды басып кетті:
а) ол адамға жақтырмай қараймын;
б) жай ғана ескерту жасаймын;
в) ұялмай өзімнің пікірімді айтамын.
6) Егер жақындарыңыз зат сатып алды, сізге ұнаған жоқ:
а) үндемеймін;
б) қысқаша əдепті түрде айтумен шектелемін;
в) ұрыс шығарамын.
7) Лотереяда жолыңыз болмады. Оған қалай қарайсыз?
а) немқұрайлы қарауға тырысамын, бірақ өзіме ешқашан оған
қатыспауға уəде беремін;


93
б) оны жасырмаймын, əзілдеп болашақта ұтуға уəде беремін (реванш);
в) ұтылып қалу біраз уақыт көңіл-күйімді бұзады.
Нəтижелердің бағасы: əрбір жауап: а - 4 балл; б - 2 балл; в - 0 балл.
20-28 балл. Сіз əдептісіз жəне бейбітшілікті жақсы көресіз, жұмыста
жəне үйде кикілжің мен ерегістен сақтанасыз. Сондықтан сізді қабілетті деп 
атайды.
10-18 балл. Сіз кикілжіңді ұнататын адаммен бірігіп кетесіз, бірақ басқа
жолы қалмаған жағдайда ғана ұрсасыз. Сондықтан шектен шықпай, өз 
пікіріңізді дəлелдеуіңіз керек. Мұның барлығы сізді сыйлауға көмектеседі.
8 балл. Кикілжің мен ерегісу - сіздің стихияңыз. Басқаны сынауды 
ұнатасыз, бірақ өзіңізге шаң жуытпайсыз. Сіздің дөрекілігіңіз мен өзіңізді 
ұстай алмауыңыз адамдарды өзіңізден алшақтатады. Сіз үшін жұмыста да 
жəне үйде де қиын. Өзіңіздің мінезіңізді өзгертуге тура келеді.
6-тапсырма. Оқып, талдап, ғибрат қыл...
Ертеде бір кісі таппай жүріп көрген баласын əбден есіртіп, еркелетеді.
Бала өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, бей əдеп жігіт атанады. Жұрт безердей 
болғандықтан оның қасына ешкім жоламайды, қасына жүрмеуге тырысады 
екен.
Әкесі əбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, 
бір жалпақ тақтай береді. 
- Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша шеге қақ,-
дейді. Бірінші күні бала тақтайға 37 шеге қағады. 
Әкесі: - Балам, өзіңді тежеп ұста, шегеңді азайтуға тырыс,- депті. 
Баласы əкесінің сөзін тыңдап, азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, 
шеге қақпайтын да күнге жетеді. 
- Енді балам, ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда
бір шегеден суырып тұр,- дейді. Бала əкесінің сөзін орындауға тырысып
тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде тауысыпты. 
Әкесі қуанып: Балам, мен сені дұрыс болмайтын шығар деп қорқып 
едім. Міне, өзіңді өзің тəрбиеледің, жақсы адам болатын жолға түстің. Бірақ, 
балам, мына тақтайға қарашы, бұрынғысындай тегіс əдемі емес. Беті шұрық, 
тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да, ол сені қанша кешірдім десе де кезінде 
айтылған сөздерді қалай өшіресің? Бəрібір ол жүректің түкпірінде қалды ғой. 
Әрине, бұл күндерің əркіммен бір ұрысып жүргеннен жақсы. Бірақ, бұл саған 
өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие болып жүр, балам, - дейді.
7-тапсырма.«Хат жазысу» əдісі арқылы бөлім бойынша көңіліңіздегі
алаңдататын сұрақтар мен сабақ кезінде ашылмаған ойлар туралы сұрақтар 
қойыңыз, пікір жазыңыз.
8-тапсырма. «Идеялар жазбасы» əдісі. Тарау бойынша оқылған
материалдағы мəселелерді анықтап, оларға талдау жаса, оның шешу 
жолдарын тап, өзіңді-өзің бағала.
Аты-жөнің:_________________________
Мерзімі:_________________________________


94
Мəселенің белгіленуі
Мен нені білемін?
Менің нені міндетті түрде түсінуім 
(білуім) керек
Шешім жəне ескерту
Түсініктеме жəне нақтылау
9-тапсырма. Есіңде жүрген жөн болар...
1. Адам өмірге бақытты болу үшін келеді, өмірдің мəні соған жету.
2. Шешілмейтін мəселе жоқ, тек оны уақытында ақылдаса отырып
шешуге тырысу керек.
3. Кемшіліксіз адам болмайды, өзінің кемшілігін мойындау - ол да ерлік.
4. Біреудің қатесін көргеннен гөрі түзетуге көмектес - бұл сенің нағыз
адамгершілік қасиетің.
5. Әрқашан сабырлылық дағдыларын қалыптастыра біл. «Ашу алдыңда,
ақыл - соңында» - деген халық даналығын естен шығарма!
6. Адам бойында - мейірімділік, қайырымдылық, адалдық,
адамгершілікке толы болса,барлық жамандықты жеңетінін естен шығарма.
7. Бос уақытыңды тиімді пайдалан! Уақытты бағалау - оны дұрыс та
тиімді пайдалана білу деген сөз.
8. Сенің қолыңнан жақсы, игі істер жасау келеді,тек ниетіңнің болғаны.
9. Өмір саған əрқашан қуаныш пен бақыт, байлық бере бермейді,
қуаныш жүрген жерде қиын сəттер де қоса жүреді. Өміріңнің өзіңе сыйлаған 
бақытын көзге қанағат тұта біл!
10. Айналаңа жақсы ой ойлап, жақсылық тіле!


95


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет