115
226-жаттығу. Екі сөйлемді бір сөйлемге айналдырыңыз.
Үлгі: Түскі үзіліс аяқталды. Жарты сағаттан кейін концерт басталды.
– Жарты сағаттан
кейін түскі үзілістен соң, концерт басталды.
1. Менің інім мектеп бітірді. Төрт жылдан кейін ол университетке түсті.
2. Ол университетті бітірді.
Алты жылдан соң, ол диссертациясын қорғады.
3. Олардың тойы 2008 жылы болды. Бір жылдан кейін олардың ұлы дүниеге келді.
227-жаттығу. Мезгіл мәнді құрылымдарды пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Аэропортта ұшқанға дейін қанша уақыт бұрын тіркеуден өту керек?
2. Вокзалға поезд жүргенге дейін қанша уақыт бұрын келген жақсырақ?
3. Жаңа жылға құттықтау хаттарын достарыңызға қашан жібересіз?
4.
Егер қонаққа, мысалы,
сағат алтыға шақырса, қаншада келесіз?
5.
Хат алсаңыз, қанша уақыттан кейін жауап жазасыз?
228-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Жиырма жыл бұрын қандай жыл еді?
2.
Сол кезде әлемде, елде, отбасыңызда қандай маңызды оқиғалар болды?
3. Сол жылды қазіргі жылмен салыстырыңыз. Әлемде, сіздің елде және отбасыңызда
қандай өзгерістер болды?
4. Қалай ойлайсыз? Жиырма жылдан кейін әлемде, елде, сіздің отбасыңызда қандай
оқиғалар болады?
229-жаттығу. Достарыңыздан, тобыңыздан сұраңыз.
1. Бір айдан кейін кімнің туған күні болады?
2. Кім сізден бұрынырақ тұрады және қанша сағат бұрын тұрады?
3. Демалыс күні сізден кешірек кім тұрады және қанша сағатқа?
4. Кім бүгін сабаққа сізден бұрынырақ келді және қанша уақыт бұрынырақ келді?
5. Кім мектепке сізден бұрынырақ барды және қанша уақыт бұрынырақ барды?
6. Кім сізден бұрынырақ ұйықтайды және қанша уақыт бұрынырақ ұйықтайды?
Достарыңызбен бөлісу: