З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019


Іс-әрекеттің сапалық сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет117/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

6. Іс-әрекеттің сапалық сипаттамасы
(Выражение качественной характеристики действия)
132-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыз. Асты сызылған сөздердің құрылымына және мағына-
сына назар аударыңыз, өзіңіз де мысалдар жазыңыз.
Жану процесі жылу мен жарықтың бөлінуіне ұласады. Сутегі мен оттегінің қосындысы 
судың  пайда  болуына  әкеледі.  Натрий  (Na)  оттегіде  жалын  түзбей  жанады.  Газ  бен  сұй-
ықтықтар жалын шығарып жанады. Арнайы құралдарды пайдаланбай, тек қана болжалды 
нәтиже алуға болады. Жанған кезде буланбайтын заттар жалын түзіп жанады.
133-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыз. Асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңыз.
Мен  досымның  Астана  туралы  әңгімесін  қызыға  тыңдадым.  Оқытушы  жылдам  сөй-
леді, мен оны әрең (с трудом) түсіндім. Жауды табандылықпен жеңдік. Студент әңгімені өз 
сөзімен айтты. Машина өте үлкен жылдамдықпен жүріп келеді.
134-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз. Сол жақ бағанадағы сөйлемдерді пайдаланыңыз.
1.  Дыбыс  ауада  қандай  жылдамдықпен 
тарайды?
2. Жарық пен электромагниттік толқын-
дар қалай тарайды?
3. Жер үстіндегі денелер тартылыс заңы 
бойынша қалай құлау керек?
4.  Автомобильдерге  қала  ішінде  қандай 
жылдамдықпен жүруге рұқсат етеді? Қа-
ланың сыртында ше?
Дыбыстың ауада таралу жылдамдығы се-
кундына 340 м.
Жарық  пен  электромагниттік  толқын-
дардың жылдамдығы тең.
Барлық денелердің жылдамдығы бірдей.
Қала  ішінде  автомобиль  жылдамдығы  – 
60 км дейін, қала сыртында 90 км. дейін.
135-жаттығу. Жақша ішіндегі сөздерді пайдаланып, сөздерді толықтырыңыз.
Құрылыс ... жүріп жатыр (жылдамдық). Мына мәтінді ... әңгімелеңіз (өз сөзіңіз). Хирург 
операцияны ... жасады (үлкен сақтық). Оқушы есепті ... шығарды (қарапайым амал). Аспи-
рант баяндамасын ... жасады (ықылас).
136-жаттығу. Белгілі ғалымдардың сөздерін оқыңыздар. Осы сөздерді анықтауыш-пысық-
тауыштық қатынасты білдіретін әр түрлі құрылымдарда пайдаланыңыз.
«Ең бастысы, бәрін ынтамен жасаңыздар. Бұл өмірге сән береді».
Л.Д.Ландау (физик-теоретик)


87
«Нағыз  оқушы  белгісізді  белгілінің  көмегімен  дамытады,  осынысымен  мұғаліміне 
жақындайды».
Иоганн Вольфганг Гете (ақын, ойшыл)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет