- Шаруашылығы. Байтақ далану игеру дәуірі, мал шаруашылығының сан алуан түрлерінің жаппай дамып, жетекші салаға айналуы және оның егіншілікпен ұштасу дәуірі сақтармен тығыз байланысты. Бұрынғы заман авторлары сақтар туралы: “Олар әсте егіншілер емес, көшпелілер” деп жазған.
- Ұзақ көшетін көшетін көшпелі мал шаруашылығы Батыс Қазақстанға,ішінара Орталық Қазақстанға тән болған. Қысқы мекенжайлар ұзақ тұруға арналмайтын. Көшпелілердің негізгі малы алыс жүріске бейімделген жылқы, түйе, қой болатын. Қысқы тұрақтар үшін жертөлелер мен жартылай жертөлелер салынған. Мұндағы жұрттың бір бөлігі жаз шыға, келер қысқа азық дайындау үшін қыстауда қалып, егіншілікпен айналысқан. Шаруашылықтың осы түрі Шығыс Қазақстан, Жетісу және Батыс Қазақстанның бірқатар аудандарында етек алған.
Шаруашылықтың үшінші түрі- отырықшы шаруашылық. Мұнда халықтың бір бөлігі ұдайы егіншілікпен айналысып, отырықшы болып қалатын. Ал екінші бөлігі жазғы жайлау мен қысқы өрістерге көшіп, қайтып келіп отырған. - Шаруашылықтың үшінші түрі- отырықшы шаруашылық. Мұнда халықтың бір бөлігі ұдайы егіншілікпен айналысып, отырықшы болып қалатын. Ал екінші бөлігі жазғы жайлау мен қысқы өрістерге көшіп, қайтып келіп отырған.
- Жылқы өсіру сақтар мал шаруашылығының аса маңызды бағытының бірі болған. Орталық Қазақстанда жүргізілген қазу жұмыстарының материалдарынан жылқының екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біреуі басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал жылқы, ал екіншісі – шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған.
- Алтайдағы Пазырық обаларынан табылған 80 ат қалдығының материалдары бойынша жылқының төрт тұқымы белгілі болған.
- Көшпелілердің үйге үйренген малының ең маңызды түлігінің бірі – ет пен сүт, жүн мен тері беретін қой болған. Қазбалар нәтижесінде, қазіргі құйрықты қойлар тұқымына жататын қойлар көп табылған.
- Сонымен қатар сақтар арпа,тары, бидай еккен.
Кәсіп. Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны өндеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері дамыған. Темір мен мыс, қалайы мен қорғасын, алтын мен күміс өндіру жоғары дәрежеде дамыған. Мәселен, Имантау кен орнында 3 млн. Пұт мыс рудасы, ал Жезқазған мен Успенскден 10 мың және 26 мың пұт руда өндірілген, сонда сол руданың көбісі сақтар заманында өндірілгені анықталды. Сақ зергерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен сүңгі ұштарын, аттың қайыс әбзелдерін, әшекейлер мен айна, қазандар мен құрбандық ыдыстарын жасаған. - Кәсіп. Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны өндеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері дамыған. Темір мен мыс, қалайы мен қорғасын, алтын мен күміс өндіру жоғары дәрежеде дамыған. Мәселен, Имантау кен орнында 3 млн. Пұт мыс рудасы, ал Жезқазған мен Успенскден 10 мың және 26 мың пұт руда өндірілген, сонда сол руданың көбісі сақтар заманында өндірілгені анықталды. Сақ зергерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен сүңгі ұштарын, аттың қайыс әбзелдерін, әшекейлер мен айна, қазандар мен құрбандық ыдыстарын жасаған.
-
- Сауда. Еуразия далаларын сақтар билеген кезде Батыс пен шығысты, Жерорта теңізі мен Қытайды байланыстырған халықаралық өтпелі сауда басталады. Б.з.д. 1 мыңжылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады. Геродот жазуына қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына сосын Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі Алтайдағы аргиппейлер еліне жеткен, содан әрі Моңғолия мен Қытайға қарай кететін болған. Осы жолдың бір бөлігі Қазақстан жерімен өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |