Зайсан ауданының 2013 жылдың қаңтар-наурыз айларында әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама Ауыл шаруашылығының



Дата16.07.2016
өлшемі17.69 Kb.
#203940
Зайсан ауданының 2013 жылдың қаңтар-наурыз айларында

әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

анықтама
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1729,4 млн. теңге болып, өткен жылғы сәйкес мерзімдегіден 127,4 % құрады. Табиғи көлем индексі 105,3%.

2028,5 тонна ет (өсім 5,9%), 8166,6 тонна сүт (өсім 4,1%), 626,5 мың дана жұмыртқа (өсім 2,5 есе) өндірілді.

Ірі қара саны 69233 басқа (өсім 1%), оның ішінде сиыр 27951 басқа (өсім 13,9%), қой-ешкі 164332 басқа (өсім 2,1%), жылқы 13069 басқа (өсім 2,2%), құстар 50349 басқа (өсім 30,1%) жетті.

Өнеркәсіпте 395,3 млн. теңгенің тауарлы өнімдері өндіріліп, табиғи көлем индексі өткен жылғыдан 2,5 есе артық болды.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 522,1 млн. теңгені құрап, 2012 жылғы сәйкес мерзімдегіден 12,3%-ға жоғары болды.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2853,5 млн. теңгені құрап, табиғи көлем индексі өткен жылдағыдан 2,9 есе артық болды.

2013 жылдың 1 сәуіріне шағын бизнес субъектілерінің белсенді жұмыс істеп тұрғаны – 34 болды, бұл 2012 жылғымен (31 субъект) салыстырғанда 109,7%.

Бюджет саласында:

Аудан бюджетінің өз кірісінің жоспары 123,7 млн. теңге, орындалғаны 146 млн теңге немесе 118%. Былтырғы сәйкес мерзімдегіден 24,3 млн теңгеге артық жиналды.



Құрылыс жұмыстарының көлемі 511,4 млн.теңге болып, өткен жылғыдан 1,8 есе артық болды.

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі 1585 ш.м. болды, бұл былтырғы сәйкес мерзімдегіден (585 ш.м) 270,9% артық.

Әлеуметтік салада:

Сәуірдің 1-не тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны 207 адам болды (былтыр 215 адам болған). Жұмысқа орналастырылғандар саны 110 адам, былтыр 102 адам болған. Жаңадан ашылған жұмыс орындары 56 орын, былтыр 29 орын.



Денсаулық сақтау саласында:

Өткен жылғы қаңтар-наурызда 184 бала туса, биыл 160 бала туды, қайтыс болғандар саны 69 адам, былтырғы сәйкес мерзімдегідей.



Туберкулезбен ауырған 2 адам анықталған (былтыр қаңтар-наурызда – 11 адам).

Мектеп жасына дейінгі балалардың 97,7%-ы мектепке дейінгі білім және тәрбие берумен қамтылған.

Дене шынықтыру мен спортпен шұғылданушылар үлесі 25%, бұл сәйкес кезеңдегіден 125,6% құрайды.

Қоғамдық тәртіп:

Қылмыстар саны 66 болып, сәйкес мерзімдегіден (57 оқиға) 15,8% артқан, ашылу пайызы 1,7%-ға дейін төмендеген.


Өңіраралық әлеуметтік-экономикалық дамуы серпіні рейтингісінің қорытындылары бойынша Зайсан ауданы 1 орында болып,
Аудандық экономика және

бюджетті жоспарлау бөлімінің

бастығы Г.Мухамадиева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет