Зертханалық жұмыс №6 Гинекологиялық патологияны емдеудің заманауи әдістерін жүргізу және игеру



бет1/2
Дата30.11.2022
өлшемі15.97 Kb.
#466157
  1   2
ЖГА-6-Лб.з


Зертханалық жұмыс №6


1. Гинекологиялық патологияны емдеудің заманауи әдістерін жүргізу және игеру.
2. Жатыр патологиясы кезіндегі диагностика мен емдеудің негізгі принциптері.

Сарпайдың, қынаптың қабынуы (Vulvitis vestio litus-vaginitis).
Емдеу шаралары. Қынап ішін, сарпайын марганец қышқылды калий ерітіндісімен (1:2000) тазалап жуады. Басқа дезинфекциялы ерітінділермен фурациллин (1:5000), риванол (1:1000), қос көмірқышқылды соданың 2 %-дық ерітіндісімен, ихтиолдың 2-3 -дық ерітіндісін қолдануға болады. Содан кейін қабынған органдардың кілегейлі қабығына май дәрілерді жағады немесе май дәріге малынған анжа салып, оның ұшын сыртқа шығарып қояды. Бұл мақсатқа көбінесе, қолданылатыны 5-10 %-дық ихтиол майы, 5-10 %-дық стрептоцид, 2 %-дық ксероформ, 2-3 %-дық йодоформ, синтомицин майы немесе Вишневский бальзамы. Бұл дәрілерді қолданар алдында дене температурасына дейін қыздырады. Некрозды үрдіс кезінде бұған қосымша бұлшық етке антибиотиктер, венаға 2 %-дық стрептоцид, 5-10 %-дық норсульфазол, уротропин салады.
Бартолини бездерінің қабынуы (Bartolinitis). Көбінесе, сиырда кездеседі. Қынап кіреберісінде көлемі әртүрлі ұсақ-ірілі, кейде қаздың жұмыртқасындай күлтілдеген ісіктер пайда болады. Олар кейіннен абсцесске айналады. Бартолини күлдіреуіктерін тіліп немесе жуан қан алатын инемен, трокармен тесіп, ішіндегі экссудатты сорып алып тастап, орнына йодтың 1-5 %-дық ерітіндісін жібереді. Кейбір жағдайда ісік орналасқан жердің кілегейлі қабығын тіліп, астындағы күлдіреуікті түгелдей ойып алып (экстирпация) тастайды. Алдымен, жергілікті немесе эпидуральді анестезия жасау керек, содан кейін хирургияның асептика, антисептика ережелерін сақтай отырып, операцияға кіріседі. Күлдіреуіктер көп болса олардың бәрін жарып, йод немесе карбол ерітіндісімен күйдіреді де, кілегейлі қабықты түгелдей синтомицин, левомицетин, стрептоцид майымен майлап қояды.
Гартнер түтікшесінің қабынуы (Gartneritis). Жатыр мойнына жақын тізбектеліп жатқан бірнеше күлдіреуіктерді және кілегей қабықтың жолақтанып қанталаған жерлерін көреміз. Гартнер түтікшесі саусақтың жуандығындай болып, кілегей қабықтың астында иректеліп жатады. Қалыпты жағдайда ол көрінбейді, қолға білінбейді. Күлдіреуік-ісіктер әдетте тығыз келеді. Ұстағанда мал ауырсынады, нәжіс зәр бөліп шығарғанда да белін бүкшитіп, қиналады. Гартнер түтігінің ісіктерін жарып, ішін экссудаттан тазартқан соң, оны Люголь ерітіндісімен күйдіріп, майлы дәрілер жағады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет