Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Глоссарий
Хлорофиль
Каратинойд
Пигмент
Вегетатив
Паразит
Гетеротроф
Фототроф
Сапрофит
Хемотроф
Актиномицетин
Миксобактерия
Тест тапсырмасы
1. Көк – жасыл балдырларды басқа өсімдіктермен жалпы бірлестігі
-
Оксиген фотосинтезіне қабілеттілігі
-
Яросының болмауы
-
Хромотофорасының болмауы
-
Вакуолясының, клетка шырындысының болмауы
-
Клетка қабырғасының ультраструктурасы
2. Циандар талломының формалары
-
Бір клеткалы, колониалды, көп клеткалы
-
Пластинкалы
-
Сифональды, сифонокладальды
-
Бір клеткалы, коккоидты (қозғалмайтын)
-
Ризоподикальды
3. Көк – жасыл балдырларда қандай пигменттер болады?
-
Хлорофилл а, каротиноидты, билихромопротейдтер
-
Хлорофилл а және в, каротиноидтар, ксантофиллдер
-
Хлорофилл а,с, каротин, ксантофилл, диаболейн
-
Хлорофилл а, д, фикобилиндер, карабинолды, ксантофилдер
-
Хлорофилл а,с, каротиндер, ксантофиллдер, фикобилиндер
4. Циандердің қандай көбею формалары белгілі?
-
Вегетативті көбею
-
Вегетативті, жыныссыз және жынысты көбеюлер
-
Жыныссыз, жынысты
-
Вегетативті, жынысты
-
Вегетативті, жыныссыз формалар, жынысты көбею жоқ
5. Көк – жасыл балдырлар қандай споралар арқылы көбейеді?
-
Моно -, тетра -, полиспоралармен
-
Зооспора, автоспора
-
Гонидия, коккамен және планококкамен
-
Зооспоралармен және конидиялармен
-
Аско және базидиоспоралармен
6. Жіпшелі циандердің маманданған клеткалары
-
Вегетативті көбеюде және азот фикцация процессіндегі гетероцистер
-
Изогаметалар жыныстық көбеюде
-
Жыныссыз көбеюде зооспоралар
-
Гетерогамды жыныстық процессте гетерогаметалар
-
Оогамды жынысты процессте жұмыртқа клеткалары және сперматозоидтар
7.Көк – жасыл балдырларда вегетативті көбею қалай өтеді?
А. Клеткаларды бөлінуі, гармогониялармен
В. Зооспоралар және аплоноспоралармен
С. Бүршіктермен
D. Қосымша өркендермен
Е. Түйнектермен
8. Барлық цианофиттердің дамуындағы характерлі ерекшеліктері
-
Жынысты процесстердің болмауы әрекеттегі формалар және даму стадиялары
-
Жынысты және жыныссыз процесстердің алмасуы
-
Дамудың үш фазалы циклі (гаметофит, карпоспорофит, тетраспорофит)
-
Нәсілдердің алмасуларының болмауы
-
Гаплодиплобионтты
9. Клетка формалары және атқарылатын функцияларына қарай жіпше тәрізді көк – жасыл балдырлар қалай аталады?
-
Гормогония
-
Гетеротрихома
-
Гомоцитті трихома
-
Гетероцитті трихома
-
Бір қатарлы трихома
10. Балдырлардың қайсы топтары жіпше формалы циандерге жатады?
-
Анабена, оссиллатория
-
Микроцистис, глеокапса
-
Улотрикс, эдогониум
-
Трибонема, спирулина
-
Мерисмопедия, вольвокс
11. Қоректену характеріне байланысты көк – жасыл балдырлар
-
Фотоавтотрофтар
-
Хемеавтотрофтар
-
Сапротрофтар
-
Гетеротрофтар
-
Миксотрофтар
12. Көк – жасыл балдырлардың қай туысының өкілдері улы?
-
Микроцистис
-
Носток
-
Глеокапса
-
Осцилатория
-
Анабена
1-АПТА
ОБСӨЖ №3
ОБСӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: Жасыл балдырлар:
ОБСӨЖ жоспар:
1. Жасыл балдырлардың жалпы сипаттамасы
2. Жасыл балдырлардың классификатциясы
3. Протококты балдырлар класы
Сабақтың мазмұны: Түрлерінің жалпы саны 15 мыңдай. Негізінде тұщы суларды, теңіздерде, ылғалды топырақтарда, ағаштар діндерінде, дуалдарда кең таралған өсімдіктер. Клеткалары бір ядролы, көп ядролы болуы да мүмкін. Пигменттеріне хлорофилл, каротиноидтар жатады. Артық қор заттарына крахмал және шыны майы жатады. Вегетативті, жыныссыз, жыныстық жолдармен көбейеді.
2. Классификациясы. Бес топқа бөлінеді: вольвоксты балдырлар класы (Volvocophyceal), протококты балдырлар класы (Рrotococcophyceay), улотриксті балдырлар класы (Ulotrichophyceal), сифонды балдырлар класы (Siphonophyceale) тіркеспелі немесе конъюгациялы балдырлар класы. (Conjiuqatophyceal).
Вольвоксты балдырлар класы – Volvocophyceae. Балдырлар класына жасыл балдырлардыңең қарапайым өкілдері жатады. Вольвоксты балдырлардың басым көпшілігі бір клеткалы организмдер, сонымен бірге колониялы формалары да болады. Шалшық сулардың немесе кішілеу көлшіктердің беттері жасыл бояуға боялған кездерде мұнда ең жиі кездесетін хламидомонада болады екен. “Хламидомонада” деген сөзді грек тілінен аударар болсақ, сыртқы қабықшамен қапталғант қарапайым организм деген ұғымды білдіреді. Хламидомонада тек микроскоппен қарағанда ғана анық байқалатын бір клеткалы жасыл балдыр. Ол жасыл түсті, құрамында бүткіл клеткаға жасыл өң беретін хлорофилл бар. Клетка қабықшасы арқылы хломидомонада судан минералды заттар мен көмірқышқыл газын бойына сіңіреді. Суды зиянды қоспалардан тазартады. Хламидомонада жыныссыз жолмен көбеюі оның жазда қолайлы жағдайларда бөлінуі арқылы жүзеге асырылады. Жыныстық жолмен көбейгенде клеткасынан мөлшері жағынан бірдей бірнеше зооспораға ұқсас ұсақ гаметалар пайда болады. Гаметалар суға шығып, екі – екеуден қосылады. Бұл жағдайда зигота түзіледі.
Протококты балдырлар класы – Protococcophyceae.
Протококты балдырлар класына негізінен бір клеткалы, сиректеу колониялы организмдер жатады. Тек қарапайым жіп тәрізді және пластинкалы формалары ғана көп клеткалы болып келеді. Біл клеткалы жасыл балдырлардың ішінде кең тарағандарының бірі хлорелла (Chlorella) . Ол тұщы суларда және топырақта көптеп кездеседі. Хлорелланың клеткалары ұсақ, шар тәрізді, тек микроскоппен қарағанда ғана жақсы көрінеді.Хлорелланың клеткасының сыртын жылтыр қабықша қаптап тұрады, оның астында цитоплазмасы мен ядросы орналасқан, ал цитоплазмасының –жасыл хроматофоры болады.
Хлорелла қозғалмайтын автоспоралары арқылы өте тез көбейеді және өзін қоршаған ортадан органикалық заттарды белсенді түрде сорып отырады. Сондықтан да оны лас суларды биологиялық жолмен тазартуға жиі пайдаланады. Космос корабльдеріндегі және сүңгуір қайықтардағы ауаның тұрақты және қажетт құрамын сақтап тұруға аса қажет. Соңғы кезде хлорелланың өндірістік мақсатта өсіруге бағытталған тәжірибе жұмыстары жүргізіліп жатыр.
2-АПТА
ОБСӨЖ №4
(2 балл)
ОБСӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: Сары - жасыл балдырлар бөлімі
ОБСӨЖ жоспар:
1. Сары -жасыл балдырлардың жалпы сипаттамасы
2. Сары -жасыл балдырлардың классификатциясы
Сабақтың мақсаты : Сары -жасыл балдырлардың биологиялық айырмашылығы, таксономиялық бірліктері. Негізгі өкілдерінің сипаттамасымен студенттерді таныстыру.
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Тест тапсырмасы
1. Қайсы балдырларды амебоидты құрылысты таллом сақталған ?
-
Жылтырауық, сары- жасыл
-
Пирофитті, жасыл
-
Диатомды, жасыл
-
Қара, қоңыр
-
Қоңыр және қызыл
2. Сары – жасыл балдырлардың барлық типтері үшін бастапқы талломдардың құрылысы
-
Монодалы
-
Амебоидты
-
Коккоидты
-
Трихальды
-
Гетеротрихальды
3. Монодалы құрылымның әртүрлілігіне нелер қатысты?
-
Қозғалыстағы колония және ценобим
-
Акинеты
-
Апланоспоры, автоспоры
-
Қозғалмайтын ценобим
-
Цисталар
4. Балдырлардың дамуында монадалы стадияларға нелер енеді?
-
Монодалы колония және ценабим
-
Акинеты,цистаъ
-
Аплоно, автоспора
-
Зооспоралар және гаметалар
-
Коккоидты ценабим
5. Сары жасыл балдырлар үшін қоректенудің қай түрі тән
-
Автотрофты
-
Хемотрофты
-
Гетеротрофты
-
Фототрофты
-
Сары – жасыл балдырлардың неше мың түрлері белгілі?
А. 25 мың
В. 20 мың
С. 16 мың
Д. 10 мың
7. Сары жасыл балдырлардың көбею жолдарын ата?
-
Вегетатив, жынысты және жыныссыз
-
Акинеты,цистаъ
-
Аплоно, автоспора
-
Зооспоралар және гаметалар
-
Коккоидты ценабим
ГЛОССАРИЙ
-
Сары балдыр
-
Жасыл балдыр
-
Автотроф
-
Вегетатив
-
Монада
-
Таллом
2-АПТА
ОБСӨЖ №5
ОБСӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: Диатомды балдырлар:
ОБСӨЖ жоспар:
1. Диатомды балдырлардың жалпы сипаттамасы
2. Диатомды балдырлардың көбеюі
3. Диатомды балдырлардың классификациясы
Сабақтың мақсаты : Студенттерді диатомды, қоңыр балдырлардың биологиялық ерекшеліктері мен классификациясы және географиялық белдеулерде таралуымен таныстыру.
Сабақтың мазмұны Түрлердің жалпы саны 6 мың шамасында болады. Бұлар бір клеткалы, колониялы организмдер. Диатомды балдырлар барлық жерлерде кездседі. Олар ащы және тұщы суларда, ылғалды топырақтарда, жар тастарда, ағаштардың діндерінің қабықтарында және т.б. жерлерде өседі. Судың түбіндегі ұйық батпақтарда олар өте көп кездеседі. Диатомды балдырлардың клеткасының пектинді қабықшасына, сырт жағынан кремнезем (SiO2) cіңеді. Қорғаныш қызмет атқаратын “сауыт” түзеді. Ол бір біріне тығыз болып киілген екі бөлектен сыртқы эпитека және астыңғы гипотекадан тұрады. Бұл бөліктің әрқайсысы екі жақтаудан тұрады. Эпитеканың белдеуі гипотеканың белдеуіне қарай тығыз болып жылжиды. Жақтауларында оларды тұтас тесіп өтетін тесіктері – поралары және бос қуыстары болады. Жақтауларының құрылысы алуан түрлі болып келеді және оның систематикалық тұрғыдан қарағанда маңызы зор. Клетканың ішінде протопластпен вакуольдері орналасады. Ядросы біреу. Хромотофорасының түсі қоңыр, өйткені оның хлорофиллі қоңыр пигменттермен, кароминоидтармен және диатоминмен жабылып көрінбей тұрады. Артық қор заттары шыны майы, сонымен бірге валютин және лейкозин түрінде де жиналады.
Вегетативтік көбеюі протопластың методикалық жолмен бөлінуінің нәтижесінде жүзеге асады. Осыдан кейін клеткалар бір бірінен ажырайды да әрбір протопласт жаңа гипотеканы өздері түзеді. Бұл жағдайда аналық клеткадан қалған гипотека жас клетканың эпитекасына айналады. Осындай бірінен соң бірі келетін бөліністердің сериясынан кейін особьтар біртіндеп ұсақтанады. Осындай особьтардың одан әрі ұсақтануына жыныстық процесс шек қояды. Бұл жағдай особьтардың санының айтуына емес, олардың бұрынғы мөлшерінің қайтадан қалпына келуіне мүмкіндік береді. Жыныстық көбеюінің формасы алуан түрлі : ұсақтанған особьтар бір – бірімен жақындасады да жақтауларын тастап, шырышты сұйықтың ішіне енеді. Осындағы клетканың әрқайсысы редукциялық жолмен бөлінеді, нәтижесінде олардан төрт гаплоидты клетка – тетрада пайда болады. Әртүрлі тетрадалардың екі клеткасы бір – бірімен қосылады, қалған клеткалар жойылады. Зиготаны өсу спорасы (ауксоспора) деп атайды. Одан мөлшері қалыпты жағдайдағыдай жаңа особь пайда болады.Диатомды балдырлардың өмірлік циклы диплоидты фазада өтеді. Диатомды балдырлардың шіріген қалдықтарынан диатомит және трепел пайда болған. Оларды жарылғыш заттар жасау өндірісінде динамиттер жасауға пайдаланады.
Классификациясы. Диатомды балдырлар бөлімі екі кластан тұрады : пенатталылар класы (Pennatophyceal) центрикалылар класы (Centrophyceal).
Бөлімнің негізгі туысының бірі пиннулярия (Pinnularia). Ол пенаттылар класына жатады. Бұл судың түбіндегі ұйықта көп мөлшерде кездесетін, клеткасының формасы салақтау, эллипс тәрізді, ұштары дөңгелектеніп келген, ортаңғы бөлігі жалпақтау, бір клеткалы балдыр. Клетканы бойлай тігіс (щель) өтеді, оның ұшында және ортасында түйін деп аталынатын, үш қалыңдаған төмпешік болады. Пинулярияның жақтауларында көптеген көлденең жолақтары болады, олар клетканың сыртындағы кремнеземнің бірыңғай тегіс болып жиналмауының нәтижесінде түзілген. Клеткасында ядро вакуоль және екі пластинка тәрізді қоңыр түсті хромотофорасы болады.
2- АПТА
ОБСӨЖ №6
(2 балл)
Тақырып: Қоңыр балдырлар
Жоспар
А) Қоңыр балдырлар биоморфологиялық ерекшеліктері
Ә) Қоңыр балдырлар көбею жолдары
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Реферат тақырыптары
Қоңыр балдырлардың маңыздылығы.
Қоңыр балдырлардың таломы.
Қоңыр балдырлардың клеткалары
Пектинді – целююлозды клетка қабықшасының ерекшеліктері.
Бақылау сұрақтары:
-
Қоңыр балдырлардың биологиялық ерекшеліктері?
-
Қоңыр балдырлардың клетка құрылыстары?
-
Қоңыр балдырлардың көбею жолдары?
-
Қоңыр балдырлардың классификациясы?
-
Гетерогенераттылар класының биологиялық ерекшеліктері?
Тест тапсырмалары
1. Қоңыр балдырлардың қолайсыз жағдайларда вегетативті көбеюдегі маманданған формалары
-
Гетероцисталар
-
Гормогониндер
-
Эндоспоралар
-
Экзоспоралар
-
Акинеттер
2. Қоректену характеріне байланысты қоңыр балдырлар қандай топқа жатады?
-
Фотоавтотрофтар
-
Хемеавтотрофтар
-
Сапротрофтар
-
Гетеротрофтар
-
Миксотрофтар
3. Қоңыр балдырлардың қай туысының өкілдері улы?
-
Микроцистис
-
Носток
-
Глеокапса
-
Осцилатория
-
Анабена
4. „Тірі кедергілер” деп қайсы балдырларды атайды?
-
Қоңыр
-
Қызыл
-
Жасыл
-
Улотрикс
-
Хара
5. Қоңыр балдырлардың көбеюі
-
Вегетативті, тетраспоралар, зооспоралар арқылы
-
Жыныссыз
-
Тетраспоралар арқылы
-
Зооспоралар арқылы
-
Вегетативті
6.Қоңыр балдырлар неше кластан тұрады?
-
3
-
1
-
2
-
4
-
5
7. Қоңыр балдырлардың гаметофиттері неше жынысты болады?
-
Дара және қос жынысты
-
Жыныссыз Вегетативті, тетраспоралар, зооспоралар арқылы
-
Тетраспоралар арқылы
-
Зооспоралар арқылы
-
Вегетативті
3-АПТА
ОБСӨЖ №7
ОБСӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: Пирофитті балдырлар:
ОБСӨЖ жоспар:
1. Пирафитті балдырларға жалпы сипаттама
2.Эвглена балдырлардың жалпы сипаты
3.Пирофитті балдырлар айырмашылықтары
Сабақтың мақсаты : Студенттерді пирофитті және эвгленалы балдырлардың биологиялық ерекшеліктерімен таныстыру.
Сабақтың мазмұны Бұл бөлімге тиісті балдырлар микроскопиялық, негізінен бір клеткалы, көбінше екі талшықты, суда еркін жүзеді.Клеткасы дорзовентраль түзілген.Олардың сыртында бойына және еніне қарай жайғасқан бір – бірімен қосылған жерінде түрлі ұзындықта 2-ден талшық шығады. Клеткасы қабықсыз немесе целюзолалы көпшілігі құмтаспен оралған. Хромотофоры клетканың шетінде жайласқан, құрамындағы хлорофилл, каротин және ксантофил пигменттері клеткаға ақ, қоңыр, қоңыр, кейде сарғыш, қызғыш түс береді. Қор заттары ретінде крахмал, май пайда етеді, жай бөліну жолымен көбейеді.Пиррофит балдырларда жыныссыз көбеюде кездесіп тұрады. Мұнда екі талшықты зооспора немесе қозғалмайтын аплоноспора пайда болады. Ыңғайсыз жағдайда цистаға айналады.Жыныстық көбею кездеспейді. Парофитт балдырлардан судың биологиялық анализыда оның ластанулық дәрежесін анықтауда пайдаланады.Пиррофит балдырлардың 1100 – ден артық түрді өз ішіне алады.
2 класқа бөлінеді : крифтофиттер және динофиттерге бөлінеді.
Пиррофит балдырлардың динофиттер класынан церацкумва перидиумды атап өтеміз.
Церацкум – Ceratium hirundinella. Клеткасы бойына ұзыншақ түзілген балдыр. Клетканың кең бөлімінде көлденең каналша болып, оны екі бөлімге бөледі. Алдыңғы ұзын өсіндіні апикал жағы, екі немесе үш әртүрлі ұзындықтағы қайрылған өсінділі бөліміні апика бетт деп аталады. Екі талшықтан бірі алдыңға қарай бағытталып, екіншісі денені каналша бойлап орап алады.
Көбеюі. Клетканың қарапайым жолмен екіге бөліну арқылы өтеді.
Перидиум – Peridinium. Клеткасы шар, немесе жұмыртқа тәрізді көрініске ие. Клетка қабықтары құм заттары мен тойынған қалқан көрініске ие. Протопласта бір ядросы бар. Хромотофоры қоңыр реңді пиреноидтары жоқ. Фотосинтез нәтижесінде крахмал және май тамшылары пайда болады.Клеткаларының тең екі бөлімге жай бөлінуі жолымен көбейеді.Су қоймаларында планитонда өмір сүреді.
Эвгленалар бір клеткалы, бір ұзын талшығы жәрдемінде таза жасыл хромотофоралары арқылы актив әрекеттенеді.Клеткасының пішіні көбінше элиппс, ұзын болып келеді. Оларда целлюлозалы қабық болмайды. Оның қызметін целлюлозаның сыртқы қабығы қалыңдауы нәтижесінде пайда болатын перипласт немесе пеликула деп аталатын үстіңгі қабат атқарады. Пелликула иілуші болғандығы себепті клетка өз денесін, пішінін өзгертіріп тұрады.
Цитоплазмада бір немесе бірнеше хромотосфорлар болады, онда жоғары өсімдіктер хлорапластындағы сияқты хлорофилл а және б каротин және ксантофиллі бар.Кейбір эвгленаларда қызыл реңді астаксантинде кездеседі. Фотосинтез нәтижесінде крахмал жиналмайды оған ұқсас парамилон пайда болады. Парамилон жалтырақ дәндерге ұқсас көріністе хромотофорда немесе оның төңірегінде жиналады. Хромотофор көбінше жұлдыз, лента ірі пластинка және диска тәрізді болып, клетка қабығы жанында жайласқан. Хромотофор пиреноидты және пиреноидсыз болады. Эвгленалар клеткасының алдыңғы бөлімінде ворониа тәрізді сайлық болып олардан бір немесе екі талшық шығып тұрады. Тірі эвглена клеткасының алдыңғы бөлімінде қызыл нүкте стигма жайласып ол орототаксис жарықтықтан әсерлену ерекшеліктеріне ие.
Көбеюі.Клетканың бойына қарай екіге бөліну жолымен амалға асады. Бөліну алдынан талшықтарына тастайды ядро, стигма және хромотофорлар бөлінгеннен соң, клетканың алдыңғы бөлімінде саңлау пайда болады. Ол үлкейіп екі клетка пайда болады. Талшықтар пайда болған соң актив әрекеттене бастайды. Эвгленалар табиғатта ақпайтын түрлі экологиялық жағдайдағы су қоймаларында кездесуі мүмкін. Эвгленалар миксотроф және сапрофит қоректенуіне байланысты ластанған су қоймаларында биологиялық тазалануында үлкен роль ойнайды. Эвгленалардың табиғатта 400-ге жақын түрі кездеседі олар екі қатарға бірігеді негізгі өкілдері эвглена және трахемонас.
Эвглена – Euqlena viridis. Клеткасы ұршық бір талшықты цитоплазматикалық перипласт қабығымен оралған клетканың алдыңғы бөлімінде воронка тәрізді бума болып, ол цитоплазмадағы қысқарушы вакуола мен байланысады. Буынның жан бөлімінде қызыл гематохроль пигменті мен толған көзі жайласқан. Цитоплазмада бір ядро және жасыл реңді жұлдыз тәрізді даналы, лента тәрізді пиреноидсыз хромотофоралары болады. Қор зат ретінде көмірсулар, парамилондар пайда болады. Эвглена денесі ұзынына жай бөліну жолымен көбейеді. Көл мен суларды азотты органикалық заттарға бай кіші су қоймаларында кездесіп, олардың гүлдеуіне себепші болады. Трахеломонас – Trachelomonac. Оның бір талшықты әрекетшең клеткасы домалаң немесе эллипс тәрізді үйшіктің ішінде жайласқан. Бір талшығы сыртқа шығып тұрады.Темір бірікпесері не бай кіші су қоймаларында кездеседі. Эвгленалылар бір клеткалы формалары ішінде цитоплазманың ішінде крахмал орнына парамилон пайда етуімен басқа балдырлардан айырмашылығы бар. Эвгленалылар басқа бөлім балдырлардан ешқандай туысқандық байланыстары жоқ.
3-АПТА
ОБСӨЖ №8
(3 балл)
ОБСӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: Эвгленалы және Пирофитті балдырлар
ОБСӨЖ жоспар:
-
Пирафитті балдырларға жалпы сипаттама
-
Эвгленаларға сипаттама
-
Пирафитті балдырлардың клетка құрылысы
-
Эвгленалар классификациясы
-
Пирафитті балдырлардың көбеюі
-
Эвгленалардың көбею ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты : Студенттерді пирофитті және эвгленалы балдырлардың биологиялық ерекшеліктерімен таныстыру.
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Тест тапсырмасы:
1. Эвгленаның басқа өсімдіктермен жалпы бірлестігі
-
Оксиген фотосинтезіне қабілеттілігі
-
Яросының болмауы
-
Хромотофорасының болмауы
-
Вакуолясының, клетка шырындысының болмауы
-
Клетка қабырғасының ультраструктурасы
2. Эвглена талломының формалары
-
Бір клеткалы, талшығы бар
-
Пластинкалы
-
Сифональды, сифонокладальды
-
Бір клеткалы, коккоидты (қозғалмайтын)
-
Ризоподикальды
3. Эвгленаның қандай пигменттер болады?
-
Хлорофилл, каротин, ксантофилл
-
Хлорофилл а және в, каротиноидтар, ксантофиллдер
-
Хлорофилл а, каротиноидты, билихромопротейдтер
-
Хлорофилл а, д, фикобилиндер, карабинолды, ксантофилдер
-
Хлорофилл а,с, каротиндер, ксантофиллдер, фикобилиндер
4. Эвгленаның қандай көбею формалары белгілі?
-
Бөліну жолы
-
Вегетативті, жыныссыз және жынысты көбеюлер
-
Жыныссыз, жынысты
-
Вегетативті, жынысты
-
Вегетативті, жыныссыз формалар, жынысты көбею жоқ
5. Эвгленаның атмосфера азоттары қайсы органдарда фиксация болады?
-
Гетероцисте
-
Акинеттерде
-
Экзоспорада
-
Эндосперада
-
Зооспорада
6. Эвгленаның классификациясына қандай критериялар қабылданған?
-
Тіршілік жасау мекен – жайлары, клетка құрылыстары
-
Талломдарының дифференциясы
-
Көбею ерекшеліктері, панцарь морфологиясы
-
Өмірлік циклі типтері
-
Талломдар құрылысы және көбеюі
7. Эвгленаның клеткасында қандай қор заттары жиналады?
-
Көмірсулар, парамилон
-
Крахмал
-
Гликоген, валютин, цианофитті дән
-
Хризоламинарин, майлар
-
Багрянкалы крахмал, филородозид
8. Эвгленаның бөліміне қандай кластар кіреді?
-
Trachelomonac
-
Chlorococcophyceal, hormoqoniophyceal
-
Xanthotrichophyceal, Xantosiphonophyceal
-
Baqinophyceal, floridephyceal
-
Chrysomonadophyceal, chrysosphaerophyceal
9. Эвгленаның қолайсыз жағдайларда вегетативті көбеюдегі маманданған формалары
-
Гетероцисталар
-
Гормогониндер
-
Эндоспоралар
-
Экзоспоралар
-
Акинеттер
10. Эвгленаның клетка қабықтарының ерекшеліктері
-
Элиппс, ұзынша
-
Перипласт, кокколиттер
-
Целлюлозды үйшелер
-
Сулы, трубкалы түзілімдер
-
Пеликула
11. Эвгленаның протопластарының бөлінуі анықтығы
-
Ядро эквиваленттері, тилакоидтардың, қор заттарының жайласуы
-
Хлоропластардың симметриялы жайласуы
-
Орталық вакуоляларының клетка шырынымен болуы
-
Клеткада ядроның жайласуы
-
ЭПР-дің жоғары дамуымен
12. Эвгленаның клетка қабырғасы
-
Перипласт немесе пеликула
-
Ішкі – целлюлозалы, сыртқы каллозды
-
Пектинді, мурейн қабатты
-
Хитинді
-
Целлюлозалы қабығы жоқ пелликула
13. Пиррофит балдырлардың неше түрі бар?
А. 1100
В. 100
С. 1600
Д. 10 мың
14. Пиррофит балдырлардың жыныссыз көбеюінде кездесетін процесс?
-
Зооспора, аплоноспора
-
Гонидия, коккамен және планококкамен
-
Моно -, тетра -, полиспоралармен
-
Зооспоралармен және конидиялармен
-
Аско және базидиоспоралармен
15. Жыныстық көбею жолы кездесе ма?
-
Жоқ
-
Ия
-
Моно -, тетра -, полиспоралармен
-
Зооспоралармен және конидиялармен
-
Аско және базидиоспоралармен
16.Пиррофит балдырлар неше класқа бөлінеді?
А. 2
В. 10
С. 16
Д. 1
17. Пиррофит балдырлардың класын тап?
-
крифтофиттер және динофиттер
-
Зооспора, аплоноспора
-
Моно -, тетра -, полиспоралармен
-
Зооспоралармен және конидиялармен
-
Аско және базидиоспоралармен
3-АПТА
ОБСӨЖ №9
ОБСӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: Плаун тәрізділер
ОБСӨЖ жоспар:
А) Плаундардың құрылысы мен маңызы
Ә) Плаундардың ұрықтануы
Б) Плаундардың классификациясы
Сабақтың мазмұны: Плаун тәрізділер өте ертеде пайда болған өсімдіктердің бірі. Олар эволюцияның ұсақжапырақтылар линиясын түзеді. Қазіргі кездегі өкілдері көпжылдық мәңгі жасыл шөптесін өсімдіктер, ал жойылып кеткен түрлерінің ішінде ағаштарда болған.
Құрылысы. Спорофитінің жер беті бұтақтары болады, оны ұсақ, кейде тіптен қабыршақ тәрізді жапырақтары (микропиллия) қаптап жауып тұрады.Олар нашар дифференцияланған, 1-2 тарамдалмаған жүйкелері болады. Буындары мен буынаралықтары нашар жетілген. Спорофиттің жер асты бөлігі тамырсабақ түрінде берілген, одан көптеген қосалқы (придаточные) тамырлары кетеді. Жерасты және жербеті өстері жоғарғы ұштары арқылы бұтақтанады. Өстің жоғарғы ұшында спорангилері жиналып масақ түзеді, сиректеу олар сабақта спора жетілетін аона түзеді. Спорангилерді жекелей алып қарар болсақ, олар жапырақтардың (спорофиллдердің) үстіңгі жағында орналасады.Споралардың мөлшері (размері) бірдей немесе әрқилы болып келеді. Басқаша айтқанда тең споралы да және әртүрлі споралы да түрлері болады.
Гаметофиттері жердің астында жетіледі, ұзындығы 2-20мм – ден аспайды, сапротрафты қоректенеді. Ұрықтануы сумен байланысты.
Классификациясы. Бұл бөлім екі кластан тұрады : плаундар класы (Lycopodiopsida) және полушниктер класы (Isoetopsida).
Плаундар класы – Lycopodiopsida.
Бұл класқа тең споралы плаун тәрізділер жатады. Плаундар класына мынадай үш қатар жатады : астероксилондар қатары (Asteroxylales), плаундар қатары (Licopodiales), протолепидодендрондар қатары (Protolepidodendrales). Бұлардың біріншісі мен үшіншісі түгелдей жойылып кеткен өсімдіктер. Ал плаундар қатары ертеде жойылып кеткен фикустар тұқымдасынан ()Drepanophycaceae) және осы кластың қазіргі кезге дейін жеткен плаундар тұқымдасынан (Licopodiaceae) тұрады.
Плаундардың спорофиттері көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Сабағы мен тамырының камбиі болмайды. Жапырақтарының тілшелері болмайды. Спораларының мөлшері бірдей. Гаметофиттері қосжынысты, 1-15 жылдың арасында пісіп жетіледі. Көптеген түрлері жойылып кеткен. Қазіргі кезде флорада кластың екі туысы бар. Оның ең көбі және кең таралғаны плаун (Lycopodium). Плаундардың шаруашылықта маңызы шамалы. Оларды мал жемейді. Плаундардан дәрі алынады. Плаундардың спорасы ертеден медицинада қолданылып келген, оның құрамындағы май ешуақытта кеппейді (тоңбайды). Оларды жас баланың тақымына себетін ұнтақ (детская присыпка) ретінде пайдаланады. Кейде мұндай спораларды қалыпқа құйылған заттың қабырғаларын жылтырату және олардың сырт формасын әдемі көрсету мақсатында пайдаланады.
Шоқпарбас плаун . Қылқанжапырақты ормандарда кең таралған өсімдік. Спорофиті жерге төселіп өсетін сабақтан тұрады. Оның вертикаль бағытта көтеріліп тұратын бұтақтарымен төмен қарай кететін қосалқы тамырлары болады. Сабағы мен тамырларының төбелік тармақталған бұтақтары болады. Өткізгіш шоқтары сабақтың ортасында орналасады. Орталық цилиндр сабақтың аз ғана бөлігін алып жатады. Қабық қабатының жалпақ аонасына жапырақтың іздері өтіп жатады. Камбиі жоқ. Сабағы мен жапырағының сыртын эпидермис қабаты қаптап тұрады, онда устьица тегіс, ұзын болып келетін жіңішке жіпшемен аяқталады.
Вертикаль бағытта тік көтеріліп тұратын сабақтарының ұшына да біршама ұзын аяқшаның (көтерменің) үстінде екіден (сиректеу 3-5 тен) спора түзетін масақтары орналасады.
Масақтың формасы цилиндр тәрізді, оның өсі болады. Өсті айнала спорофилдері, басқаша айтқанда ұштары үшкір, әрі жоғары қарай қайырылған қабыршақ тәрізді үш бұрышты жапырақтары орналасады. Спорофилдің үстінде қысқа аяқшасы бар бүйрек тәрізді спорангиі орналасады. Оның ішінде споралар жетіледі. Споралары бірдей ұсақ, формасы тераэдр тәрізді болып келеді. Спородермасы (спора қабықшасы) екі қабаттан тұрады : сыртқы экзиннен және ішкі интиннен. Спорангилері көлденең жарықшақтары арқылы қақырап ашылады. Споралары жерге шашылып, бірнеше сантиметрлік тереңдікте жайлап (12-15 жылдың ішінде) өсіп гаметофитке айналады. Формасы жағынан гаметофит пияздың баданасына (луковицы) ұқсайды, кейіндеу ұлғайып өсіп оның диаметрі 2см- ге дейін жетіледі. Бұл жағдайда оның формасы өзгеріп астау тәрізді (блюдцевидный) қалыпқа келеді. Гаметофит түссіз болып келеді, ризоидтары болады. Эпидермистің астында жатқан клеткалары саңырауқұлақтың мицелиімен симбиозда болады. Кейбір түрлерінің гаметофиті топырақтың бетінде жатады, бұл жағдайда оның клеткаларында хлоропласттар пайда болады. Антеридийлері мен архегонийлері гаметофиттің үстіңгі бетінде орналасады және паренхималық ұлпаға (тканьға) еніп жатады. Сперматозоидтары көп, екі талшықты болады. Ұрықтануы сумен байланысты. Зигота тыныштық қалпына көшпей – ақ бірден өсіп спорофиттің ұрығын береді. Ол алғашқы кезде гаметофиттің ұлпасына еніп жатады және оның есебінен қоректенеді. Бірақ көп ұзамай ұрықтан тамыр кетіп, жерге енеді, содан соң барып спорофиттің ұзақ уақыттар бойы дербес өмір сүруі басталады.
Полушниктер класы – ISOETOPSIDA. Спорофиттері, сабақтары екінші рет қалыңдайтын (жуандайтын) ағаштар, және аздап та болса екінші рет қалыңдау қабілетін жоғалтпаған көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Ағаш тәрізді түрлері түгелдей жойылып кеткен. Жапырағының жоғарғы сабаққа қарай иілген жерінде кішкентай өсіндісі – тілшесі болады.
Спораларының мөлшері (размері) әртүрлі. Гаметофиттері дара жынысты, бірнеше аптаның ішінде пісіп жетіледі. Полушниктер класына әртүрлі споралы плаун тәрізділер жатады. Полушниктер класы мынадай үш қатардан тұрады : селагинеллалар қатары (Selaqinellas), лепидодендрондар қатары (Lepidodendrales), полушниктер қатары (Isoetales).
Ең көп және кең таралған туысына селагинелла (Selaqinella) жатады. Оның аздаған түрлері ғана дәрілік және сәндік өсімдіктер ретінде пайдаланылады. Селаготектес селагинелла (селаганелла селаговидная – Selaqinela selaqinoides). Ол бұрынғы одақтас республикалардың территориясының европалық бөлігіндегі таулардың ылғалды субальпа белдеуіндегі шалғындарда аздап кездеседі. Спорофитінің сыртқы құрылысы плаунның спорофитіне ұқсас.
4-АПТА
ОБСӨЖ №10
(2 балл)
ОБСӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: Саңырауқұлақтар
ОБСӨЖ жоспар:
-
Саңырауқұлақтар құрылысы
-
Саңырауқұлақтар қоректенуі
-
Саңырауқұлақтар көбеюі
-
Саңырауқұлақтар классификациясы
Сабақтың мақсаты: Студенттерді саңырауқұлақтардың биологиялық ерекшеліктері, құрылысы, қоректенуі, көбеюі, классификациялары мен таныстыру.
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Глоссарий
Хитридиомицеттер класы
Гифохитромицеттер класы
Оомицеттер класы
Зигомицеттер класы
Аскомицеттер класы
Базидиомицеттер класы
Жетілмеген саңырауқұлақтар класы
Тест сұрақтары
1. Саңырауқұлақтар талломасының атауы
-
Мицелий
-
Дене
-
Өркен
-
Бүршік
-
Өзгерген өркен
2. Саңырауқұлақтардың қоректенуі
-
Гетеротрофты
-
Автотрофты
-
Фотоавтотрофты
-
Барлық денесімен
-
Хемотрофты
3. Саңырауқұлақтардың неше түрі өсімдіктерде паразит өмір сүреді?
-
10000 нан астам
-
2000
-
4000
-
6000
-
8000
4. Саңырауқұлақтардың көбеюі (негізінен)
-
Жыныссыз, вегетативті жынысты
-
Жынысты
-
Жыныссыз
-
Вегетативті
-
Спора арқылы
5. Саңырауқұлақтар бөлімі неше класқа бөлінеді?
-
7
-
1
-
2
-
3
-
5
6. Саңырауқұлақтардың мицелиясы неден құралған?
-
Гифалардан (жіпшелерден)
-
Клеткалардан
-
Бүртікшелерден
-
Ұлпалардан
-
Органдардан
Бақылау сұрақтары :
1. Саңырауқұлақтардың биологиялық құрылысы?
2. Саңырауқұлақтардың гифалары?
3. Саңырауқұлақтардың мицелийсі?
4. Сапрофитті саңырауқұлақтар?
5. Паразитті саңырауқұлақтар?
6. Саңырауқұлақтардың класстары?
7. Саңырауқұлақтардың паразитті түрлері?
8. Саңырауқұлақтардың пайдалы түрлері?
9. Саңырауқұлақтардың залалдылығы?
10. Адам және жануарларда кездесетін клетка құрылысы?
4-АПТА
ОБСӨЖ №11
ОБСӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: Ашық тұқымдылар
ОБСӨЖ жоспар:
А) Ашық тұқымдылар классификациясы
Ә) Ашық тұқымдыларға жалпы сипаттамасы
Сабақтың мақсаты : Студенттерді ашық тұқымдылардың құрылықта
таралуы, құрылысы, өмірлік циклінің ерекшеліктері, ұрықтану жолдары
түсініктерін үйрену.
Сабақтың мазмұны Қазіргі кездегі флорада ашық тұқымдылардың 800-дей түрі бар. Көптеген түрлері жойылып кеткен. Ашық тұқымдылар барлық континенттерде таралған. Түрлерінің саны аз болмағанымен, олар климаты салқын зонада және тауларда үлкен орман түзеді.
Құрылысы. Спорофиттері негізінен ағаштар, сиректеу ағаштанған лианалар немесе бұталар. Шөптесін формалары жоқ. Бүйірінен бұтақтанады,сабағы моноподиальды өседі. Сабағы екінші рет қалыңдайды.Көптеген түрлерінің түтіктері жоқ, сүрегі тек трахеидтерден тұрады. Сүзгілі (електі) түтіктерінің серіктік клеткалары болмайды. Бір түрлерінің жапырақтары үлкен, тілімделген, папоротник тәрізділердің жапырақтарына ұқсас, ал екіншілерінде олар ұсақ, тұтас, қабыршақ тәрізді, немесе ине тәрізді (қылқан -хвоя) болып келеді. Ашық тұқымдылардың аздаған түрлерінен басқасының барлығы мәңгілік жасыл өсімдіктер. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы. Кіндік тамырында да жанама тамырларында да микориза түзіледі. Ашық тұқымдылардың негізгі белгілерінің бірі сол, олардың тұқымбүрі (семязачатки), немесе тұқымбүршігі (семяпочки) болады. Тұқымбүрі дегеніміздің өзі метаспорангий, ол ерекше қорғаныш қызметін атқаратын қабықша интегументтен қапталған. Тұқымбүрлері метаспорофилдерінде ашық орналасады, олардан ұрықтанғаннан кейін, дән пайда болады.
Дәннің пайда болуы ашық тұқымдылардың споралы өсімдіктерге қарағанда көп мүмкіндікке (артықшылыққа) ие болуын және құрлықта басым болуын қамтамасыз етті.
Ашық тұқымдылардың өмірлік циклін қарастырғанда,мысал ретінде кәдімгі қарағайды (сосна обыкновенная ) аламыз. Ол спорофитінің биіктігі 50м –дей болатын, 400 жылдай өмір сүретін өсімдік. Діңі жақсы жетілген,онда бүйірлік бұтақтары топтасып орналасады. Сабақтары моноподиальды бұтақтанып өседі. Ұзарған бұтақтарының сыртын қоңырлау – қызғыш түсті, қабыршақты жұқа (чешуевидный) жапырақтары жауып тұрады. Осы жапырақтардың қолтығында қатты қысқарған өркендер пайда болады, оларда екі – екіден ине тәрізді жапырақтар (қылқандар) орналасады. Ине тәрізді дапырақтың, немесе қылқанның (хвоя) көлденең кесіндісінің формасы жалпақтау дөңес болып келеді, оның ортасында өткізгіш шоғы орналасады.
Қарағай шамамен 30-40 жылдан кейін спора түзе бастайды. Спорофилдері жиналып бір – бірінен айқын – айырмасы бар, бір өсімдіктер болатын екі түрлі бүр (стробил, шишки) түзеді. Әдетте аталық бүрлері (стробилдері, шишки) топтасып, ал аналық бүрлері жалғыздан орналасады.
Ұрықтануы. Тозаң аталық бүршіктерден (стобилдерден) тұқымбүріне желмен келіп түседі. Оны нуцеллус пен интегументтің арасын толтырып тұратын қоймалжың, сұйықтың тамшысы оңай ұстайды. Бұл тамшы микропиле арқылы, сыртқа шығып тұрады. Кебе келе тамшы тозаңды тұқымбүрінің ішіндегі нуцелуске қарай тартады. Тозаңданған соң, микропиле жабылады. Осыдан кейін барып, аналық бүршіктің қабықшалары тығыздалып бірігеді. Аталық гаметофит, өзінің одан әрі дамуын метаспорангидің ішінде жалғастырады. Тозаңның экзинасы жарылады да, интинмен қоршалған вегетативтік клетка тозаң түтігін түзеді, ол нуцеллустың ұлпасына еніп, архегонияға қарай өседі. Антеридиальды клетка бөлініп екі клетка береді: тірсек клеткасын және сперма түзетін клетканы. Олар тозаң түтігіне өтеді. Ал тозаң түтігі оларды өз кезегінде архегонияға жеткізеді.
Ашық тұқымдылардың папоротник тәрізділерге қарағанда бірқатар прогрессивтік белгілері бар : гаметофиттері дербестігін түгелдей жоғалтқан, олар спорофиттерінде пайда болады және соның есебінен өмір сүреді ұрықтануы сумен мүлдем байланыссыз, спорофиттің ұрығы гаметофиттің есебінен қоректенгенімен, дәннің ішінде тұрады және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайынан жақсы қорғалған. Ашық тұқымдылардың дәндерінің ерекшелігі, олардың табиғатының екі жақтылығында қоректік ұлпа эндосперм гаметофитке (п) жатады, ұрық жаңа спорофиттің (2п) бастамасы болып табылады, сыртқы қабықпен (спермордермамен) нуцеллус аналық спорофиттің (2п) ұлпасынан пайда болады.
Классификациясы. Ашық тұқымдылар 6 класқа бөлінеді. Ол кластар мыналар :
1 класс-тұқымды папоротниктер, немесе лигноптеридопсидтер (Liqnopteridopsida немесе Pteridospermae).
2 класс-саговниктер немесе цикадопсидтер (Cycadopsida)
3 класс-бенетиттер немесе бенеттитопсидтер (Вennettitopsida)
4 класс-гнеталар немесе гнетопсидтер (Gnetopsida)
5 класс-гинкголар немесе гинкгопсидтер (Ginkqoopsida)
6 класс-қылқан жапырақтылар немесе пинопсидтер (Pinopsida).
Тұқымды папоротниктер класы – Liqnopteridopsida немесе Pteridospermae.
Тұқымды папоротниктер ең ертеде пайда болған және ең қарапайым ашық тұқымдылардың бірі. Қазіргі кездерде олар толығымен жойылып кеткен. Бұл папоротник тәрізділер мен ашық тұқымдылардың арасын байланыстырып тұрған топ (переходная группа). Папоротник тәрізділермен оларды жапырақтарының құрылысы, сыртқы түрі, микроспорофиллдері мен микроспорангилерінің құрылыстары жақындастырады. Ал ашық тұқымдылармен сабақтарының екінші рет жуандап өсуі, тұқым бүрлері мен дәндерінің болуы жақындастырады. Ал ашық тұқымдылармен сабақтарының екінші рет жуандап өсуі, тұқым бүрлері мен дәндерінің болуы жақындастырады. Қазіргі кездерде тұқымды папоротниктердің жүздеген түрлері сипатталып жазылады. Олардың аса кең таралған туыстарына мыналар жатады : климматотека (Calymmatotheca), медуллоза (Medullosa), кейтония (Caytonia), глоссоптерис (Glossopteris).
Саговниктер класы – Cycadopsida.
Саговниктердің жапырақтары үлкен, қауырсынды, сиректеу тұтас, ланцет болып келеді. Сабағы (діңі) жақсы жетілген өзектен, қабықтан және онша үлкен болмайтын сүрек қабатынан тұрады. Тұқымбүрі жапырақ тәрізді немесе азды – көпті метаморфозаға ұшыраған мегаспорофилдерінде орналасады. Әдетте тұқымбүрлері жалғыздан орналасады немесе топтасып (шишка) түзеді. Саговниктер эволюцияның үлкен жапырақты тармағы болып табылады. Саговниктер класы бір қатардан тұрады, онда бір тұқымдас бар.
Саговниктер тамаша сәндік өсімдіктер, оларды оранжерияларда және ашық грунтта өсіреді.
4-АПТА
ОБСӨЖ№12
(2 балл)
ОБСӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: Зигомицеттер
ОБСӨЖ жоспар:
А)Мукор құрылысы
Ә) Зигомицеттер көбеюі
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Бақылау сұрақтар
Гифалардың түйіскен жерлері?
Қолайсыз жағдайларда гифалар бөлініу?
Зигомицеттер түрлеріне сипаттама?
Гифаларының қабықшаларындағы зат?
Жыныссыз көбеюі?
Негізгі өкілдері?
Жынысты көбеюі?
Тест тапсырмасы
1. Зогомицеттердің қолайсыз жағдайда гифалар бөліктер не деп атайды?
-
Опдим
-
Мицелий
-
Гифа
-
Спора
-
Зооспора
2. Зигомицеттер түрлер саны қанша?
-
400
-
200
-
300
-
600
-
500
3.Эдаскомицеттер класс тармағы жемістерінің неше түрі бар?
-
3
-
1
-
2
-
4
-
5
4. Зигомицеттер мицелийлері ?
-
Гифа
-
Опдим
-
Мицелий
-
Спора
-
Зооспора
5. Зигомицеттер гифалар қабықшасы неден тұрады?
-
Хитин
-
Опдим
-
Мицелий
-
Спора
-
Зооспора
5-АПТА
ОБСӨЖ №13
ОБСӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: Бұршақ тұқымдасы
ОБСӨЖ жоспар:
А) Бұршақ тұқымдасының жапырағы,сабағы және тамыры
Ә) Бүршақ тұқымдасының гүлдері
Сабақтың мазмұны: Бұршақ тұқымдасы – Fabaceal – Papilonaceal 120 мыңдай түрі бар (490 туыс) полиморф. Негізгі өмірлік формалары ағаштар, бұталар, көп жылдық, бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Шөптесін формалары қоңыржай климатты аудандарда, топтасқан ағаштары мен бұталары тропикалық, субтропикалық аймақтарда өседі.
Бұршақтар тұқымдасының 120 мыңдай түрі бар (490 туыс). Олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты. Бұлардың өкілдерінің көпшілігі БОР-дың климаты құрғақ болып келетін субтропикалық және Солтүстік қоңыржай салқын климатты аудандарындағы өсімдіктер. Жабынының қалыптасуында маңызды негізгі өмірлік формалары : ағаштар, бұталар, көпжылдық, біржылдық шөптесін өсімдіктер.
Бұршақ тұқымдасы түйнек бактерияларымен симбиоз түзіп
ауадағы бос жүрген азотты бойына сіңіруге мүмкіндігі болып шаруашылық практикасында маңызды роль атқарады. Бұршақ тұқымдастардың жапырақтары күрделі болып, олардың қосалқы жапырақтары бар. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры шашақ, масақ, шоқпарбас болып келеді. Гүлдерінің тостағаншасы біріккен жапырақшалардан тұрады, бес тісті дұрыс немесе зигоморфты (екі ерінді). Күлтесі зигоморфты бес күлте жапырақшаларының бір – бірімен бірігіп кетеді. Гинецейі бір мүшелі апокарапты, гүл түйіні жоғарғы көптеген түрлерінің гүлінің формуласы.
Са5 Со 3 +(2) А (9)+1 G1 жемісі Sos – дәні екі жағынан ашылатын немесе ішінде дәндері болатын бөліктерге бөлінеді. Дәндерінде белоктың мөлшері өте жоғары, асбұршақта (ropox -pisum) –34%, ноқатта (Cicor) – 31%. Белоктың сапасы бойынша фасоль –phascolus пен жасымақ (rerebuna- lens) жоғарғы орында тұрады. Олардың белоктық құрамында аминокислоттар бар. Бұршақтар тұқымдастары халық шаруашылығында маңызды азықтық,
жем –шөп ретінде құнды пішен немесе дәне алу мақсатында мәдени жағдайға ендірілген.
Егістік сиыр жоңышқа (вика посевная V. sativa) пішен, дән алу мақсатында өсірілетін бір жылдық шөптесін өсімдік. Олардың түрлері сиыр жоңышқа (вика мохнатая – V. villosa).Түкті сиыр жоңышқа вика волосатая
V. hirsut.
Асбұршақ туысы – (горох pisum). Түрлер саны белгісіз. БОР-да 6 түр бір жылдық, көп жылдық өсімдіктер.Сабақтары жұмсақ мұртшалары арқылы басқа өсімдіктерге жабысып өседі. Егістік асбұршақ (горох pisum). Бір жылдық шөптесін өсімдік, егісті дақыл ретінде көп таралған.
Беде туысы (клевер Trifolium) түрлер саны 300-дей БОР флорасында 65 түр, Қазақстанда 11 түрі кездеседі. Жер бетінің барлық құрлығында кездеседі. Сабақтары тік сиректеу жерге төселіп өседі. Жапырағы үш құлақ сиректеу 5-9 жапырақшадан тұрады. Гүлдері сары, қанық қызыл, ашық қызыл болып келеді. Күлте жапырақшалары түп жағынан біріккен. Жемісі
-
дәнді екі ерінді қоңырау тәрізді тостағаншаға еніп тұрады.
Қызылбас беде клевер луговой –Т pratense биіктігі 30-50см болатын көп жылдық шөптесін өсімдік мамырдан күзге дейін гүлдейді. Гүлдері қызыл, шоқпарбас, дәндері біреуден болады. Мәдени жағдайда көп өсіріледі.
Қызғылт беде (клевер розовый Т. Hybridum) күлте жапырағының үсті солғын қызыл түсті болады. Ақ беденің (клевер ползучий белый Т. repens) күлте жапырағы ақ түсті болады. Мал азығы ретінде пайдаланады.
Жоңышқа туысы (люцерна - Medicaqo) 100- дей түрі бар көптеген регионда өседі. Борда –36 түр, Қазақстанда 18 түрі бар. Көпжылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер жапырағы 3 құлақ, сиректеу бұталар. Бобтары бір дәнді формасы бүйрек немесе орақ тәрізді. Сортаң сор топырақтарға жақсы өседі. Мал азығы үшін маңызы зор.
Сарбас жоңышқа –(люцерна желтая – М falkata) биіктігі 100 –120см болатын күлте жапырақшасының түсі сары құрғақшылыққа, ыстыққа суыққа төзімді өсімдік. Борда жабайы және мәдени жағдайда өседі.
Фасоль туысы (Phaseolis) 200-дей түрі бар. Азия, Африка аймақтарында өседі. Бір жылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары көп жағдайда шырмалып өседі. Жапырақтары 3 құлақ күрделі. Күлте жапырақшалары сары, ақ қызғыштау сары, қоңыр қызыл, сия көк түсті. Борда 20 түрі бар. Олар мәдени жағдайда өседі.
Кәдімгі фасоль (фасоль обыкновенный ph vulqaris) көкеніс дақылы Солтүстік Санкт Петербургте өседі.
Соя туысы – Glycine 40 түрі бар Борда бір түр уссурий соясы (соя уссурская) өседі. Шаруашылықта маңыздысы түкті соя (соя щетенистая - Ghispida) биіктігі 30-50см бір жылдық өсімдік, бір дәні болады. 1тонна дәнде 115кг май, 725кг ұн алынады.Дән құрамында 35% белок бар. Соядан әртүрлі тағамдар дайындалады.
Люпий туысы -(Lupinus) 400 түр бар шөптесін өсімдік, жартылай бұталар гүлдері ақ, сары, көк түсті болып келеді. Сәндік өсімдік ретінде өсіріледі.
3.Бұл топтық құрылысының барлығына ортақ белгілеріне жататын ерекшеліктері: гүлдері ұсақ, антиноморфты, дара жынысты немесе қос жынысты, гүлсерігі тостағанмен жапырақшалар түрінде болады. Гүлшоғыры симподиальды жиналып сырға түзед
Шамшаттар тұқымдасы – Faqaceal. 900 түрі бар (8-9 туыс) мәңгі
жасыл, немесе жапырақтары қысқа қарай түсіп отырады. Ағаштар, бұталар олар қоңыржай климаты, субтропикалық елдерінде кеңінен таралған. Жапырақ қатары тұтас немесе қауырсынды кезектесіп орналасады. Гүлдері ұсақ, көріксіз, дара немесе қос жынысты актиноморфты жиналып сырға, масақ немесе шоқпарбас түзеді. Гүлдері 6 мүшелі бос орналасқан, аналығы 3-6 ұялы. Аталық гүлдің гүлсерігінің түп жағы біріккен болып келеді. Әртүрлі түске қоңыр, қызыл, жасылға боялған. Гүлсерігінің саны 3+3 не болмаса 3-7, аталықтар саны гүлсерігінің санымен бірдей.
Емен туысы (дуб). Дүние жүзі бойынша 300 түр. БОР –да 19 түр,
Қазақстанда 1 түр бар. Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты елдерінде сиректеу субтропикада кеңінен таралған. Діңі жуан, биіктігі 40м – ге дейін барады. Гүл формасы :Р6 АоСе (3) Р(6-8) А6-10. Кавказ, Украина, Шығыс бүгі өседі.
Қайыңдар тұқымдасы –Вetulaceae. Тұқымдас құрамында 130 түр (6 туыс) бар. Солтүстік ендікте тропикалық емес облыстарда өседі. БОР-да 64 түр, Қазақстанда 17 түр кездеседі. Өмірлік формалары жапырақтары қысқа қарай түсетін ағаш, бұталар. Гүлшоғы сырға тәрізді, дара жынысты (бір үйілі өсімдік). Гүлдері ұсақ, дұрыс және бұрыс гүлдер, гүлсерігі болмайды. Жемісі тұқымша, қанатша.
Қайың туысы -(береза)- Вetulaceae. Түрлерінің жалпы саны 60, борда40, Қазақстанда 15 түр. Салқын қоңыржай климатты зоналарда кең таралған ағаштар, бұталар. Гүл формуласы : Р6, А0, С(2), Р2, А2, С0.
Аталық, аналық гүлдері 3-тен орналасқан сырға түзеді. Жемісі қанатша. Түрлері : қотыр қайың, үлкен қайың.
Орман жаңғақ туысы – лещина (Сorylus) 8 түрі бар. БОР-да 7, Қазақстанда 1 түр. Қысқа қарай жапырақтары түсіп қалады. Ағаштар, бұталар бір үйлі жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүл формуласы : Р4,А0,С(2), Ро, А4,С0. Аталық гүлі бір гүлден тұрады, ұзын сырғалы, анылық гүлі екі гүлді, жапырақ қолтығында жайласқан бүршіктермен қоршалып тұрады, түрлері кәдімгі орман жаңғақ, аю жаңғақ.
Талдар тұқымдасы – Salicaceae. Бұталар ағаштары Солтүстік ендіктің қоңыр жай климатты елдерінде кең таралған. Кейбір түрлері қиыр Солтүстікте төселіп өсетін аласа формалар түзеді. (карлик форма) жапырақтары кезектесіп орналасатын жай жапырақтар. Аталық, аналық гүлдері бөлек жетілген (дара жынысты). Гүлсерігі болмайды. Аталық гүлдерінде 2-30 оданда көп аталықтары (тычинка) болады. Аналық гүлдерінде екі жеміс жапырақшасынан бір аналық (пестик) болады. Гүл түйіні бір ұялы. Тұқымбүрі көп, жемістері екі жақты ашылатын қауашақтар. Талдар тұқымдасына 400 түр жатады, олар 3 туыстан тұрады : терек (тополь -populus) – 25-30 түр, тал (ива -salix) 350-370 түр, чозеня – Chosenia –1түр.
Терек туысы – Populis. БОР –да 30 түр, Қазақстанда 14 түр. Аталық гүлі бірнеше аталықтан (тычинки). Аналық гүлінде жалғыз аналықты қоршап тұратын екі парокарпты біріккен жеміс жапырақтан түзілген болады. Гүл формуласы : Р0, А0, Се(2) Р0 , А12 – 20 Сl0. Бұл туысқа көк терек (осина), қара терек (тополь), жатады. Бұлар тез өседі, халық шаруашылығында маңызды.
Тал туысы – ива Salix. БОР –да 170 түр, Қазақстанда 46 түр. Талдың гүлдерінің түрі жағынан қоршап тұратын дискасі болады. Кейбір түрлерінде нектарниктерлер болады. Аталық сырғасында 1-ден бірнешеге дейін аталықтары болады. Аналық сырғаларында аналығы (гинецейі) 2 мүшелі парокарпты және 2 аузы (рыльца пестика) болады. Талдар жапырақтары шықпас бұрын немесе олармен бірге гүлдейді. Олар насекомдармен тозаңдануы сиректеу желмен тозаңдайды. Түрлі заттар үшін киіз үйдің керегелері, барлық торлары үшін қолданылады. Қабықтарынан иілік заттар алынады. Олар өте оңай тамыр беріп вегетативтік жолмен көбейеді. Бал беретін өсімдік.
Чозения туысы –Chosenia 1 түрі бар. Россия қиыршығысында Жапонияда Қытайда өседі. Бұлар тал туысына жақын тұрады.
Мәңгі жасыл және жапырақтары түсіп отыратын ағаштар, бұталар, көп жылдық, бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Жер шары құрылықтарының барлығында кездеседі. Гүлдері циклды, 4 шеңберлі, зигоморфты , сиректеу актиномортфы, қос жынысты, дара жынысты гүлесерігі қосарланған, күлте жапырақтары ашық түске боялған, қалыпты жағдайда бірігіп түтікше түзеді. Насекомдармен, сиректеу желмен тозаңданады. Қалыпты жағдайда андроцейі 5 аталықтан тұрады, бірақ редукцияға ұшырауы нәтижесінде 4 немесе 2 аталықтан тұратын гүлдері жиі кездеседі. Гинецейі ценокарпты көп жағдайда 2 сиректеу 3-5 жеміс жапырақшадан тұрады. Жемістері негізінен қауашақ тәрізді, жаңғақ тәрізді, сиректеу шырынды.
5-АПТА
ОБСӨЖ №14
(3 балл)
ОБСӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: Қалталы саңырауқұлақтар (Аскомицеттер)
класы - Ascomycetes
ОБСӨЖ жоспар:
1. Аскомицеттердің таралуы
2. Аскомицеттердің көбеюі
3. Аскомицеттердің классификациясы
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
ГЛОССАРИЙ
-
Антеридий
-
Гемиаскомицеттер
-
Эуаскомицеттер
-
Локулоаскомицетер
-
Аскоген
-
Архикарп
Реферат тақырыптары:
-
Қалталы саңырауқұлақтар ерекшеліктері
-
Аскомицеттердің таралуы мен маңызы
-
Қалталы саңырауқұлақтардың көбеюі
-
Қалталы саңырауқұлақтардың классификациясы
Тест тапсырмасы
1. Саңырауқұлақтар талломасының атауы
-
Мицелий
-
Дене
-
Өркен
-
Бүршік
-
Өзгерген өркен
2. Саңырауқұлақтардың қоректенуі
-
Гетеротрофты
-
Автотрофты
-
Фотоавтотрофты
-
Барлық денесімен
-
Хемотрофты
3. Саңырауқұлақтардың неше түрі өсімдіктерде паразит өмір сүреді?
-
10000 нан астам
-
2000
-
4000
-
6000
-
8000
4. Саңырауқұлақтардың көбеюі (негізінен)
-
Жыныссыз, вегетативті жынысты
-
Жынысты
-
Жыныссыз
-
Вегетативті
-
Спора арқылы
5. Саңырауқұлақтар бөлімі неше класқа бөлінеді?
-
7
-
1
-
2
-
3
-
5
6. Саңырауқұлақтардың мицелиясы неден құралған?
-
Гифалардан (жіпшелерден)
-
Клеткалардан
-
Бүртікшелерден
-
Ұлпалардан
-
Органдардан
7. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың гифаларында не болмайды?
-
Көлденең перделер
-
Клетка қабықшасы
-
Зооспоралары
-
Ұлпасы
-
Хлорофилл
8. Саңырауқұлақ денесі қандай компоненттерден тұрады?
-
Тарамдалған жіпшелерден (гифа)
-
Жіп тәрізді балдырлардан
-
Қаттамалардан
-
Өлі жасушалардан
-
Талшықтардан
5-АПТА
ОБСӨЖ №15
ОБСӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: Астық тұқымдастары
ОБСӨЖ жоспар:
1) Жүгері құрылыс ерекшеліктері
2) Күріш гүлшоғырларының түрлері
Сабақтың мазмұны: Масақтарының қабықшасы (чешуя) екіден көп масағы барлық уақытта бір гүлді, кейде екінші гүлі пайда болады. Ол аталық гүл болып келеді. Жапырақ тілшелері түкті.
Жүгері туысы (кукуруза - Zea). Бір үйлі өсімдік гүлдері, гүл шоғыры әртүрлі жынысты. Гүл шоғырында екі гүлді аталық масақтары орналасады. Екі гүлді масақтың әрбір үйінде үштен аталығы болады. Аталық гүлдері собық аталатын күрделі гүл шоғырына жиналады. Собық жапырақтардың қолтығында орналасады. Олар түрі өзгерген жапырақ жамылғымен оралған. Аналық гүлдің гүл түйіні дөңгелек, мойны жібек жіп тәрізді ұзын болады. Оның ұшы екі жақтауы бар аналықтың аузымен (рыльце) аяқталады. Тозаңнан соң өсімдікте собық пайда болып, шашақталып пісіп жетіледі. Жүгеріде өздігінен тозаңдану мүлде жоқ десе де болады. Тозаң аналық аузына жел арқылы жақын өсіп тұрған өсімдіктерден келіп түседі. Шыққан жері – Мексика жылу сүйгіш өсімдік. Оның тамыры ауаның жеткілікті мөлшерде болып тұрғанын жақсы көреді. Жүгері жарықтықты жақсы көреді. Оларды бір – бірінен қашықтау егеді, күніне 1 литр суды қажет етеді.
Кәдімгі жүгері (кукуруз обыкновенная Zea mays). Биіктігі 2-3 метр бір жылдық шөптесін өсімдік. Мәдени жағдайда өседі. Европаға Оңтүстік Америкадан 1493 жылы әкелінген. Россияға Х ғасырда себе бастаған. 8 түр – тармағына бөлінеді. Тамақтық, малға азықтық, техникалық өсімдік ретінде маңызды. АҚШ –та, Аргентинада және Европада мал азығы үшін Қытай, Индия, Молдово, Грузияда астық беретін дақыл. Сорттары көп : силостық, тамақ өнімдері үшін себіледі.
Күріш туысы (рис - Oryza). Азия, Африка, Австралия, Оңтүстік Америкада таралған 24 түрі бар. Бір гүлді масақшалары сыпырғы тәрізді гүлшоғырына жиналған. Екі түрі себіледі. Маңыздысы екпе күріш (рис обыкновенный О. Sativa). Орта Азия, Шығыс Азия, Қытайда көптеп өсіріледі. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша күріштің 2 мыңнан астам сорттары бар.
Құмай туысы (Сорro - Sorqhum). 40 түрі бар. Олар тропикалық елдердің, Африканың құрғақшылыққа төзімді өсімдіктері. БОР-да себілетін немесе арам шөп ретінде кездесетін 8 түрі бар. Сабақтарының іші ұлпамен толтырылған. Сыпырғы тәрізді гүл шоғыры болады. Масақшасы бір немесе екі гүлді. Біреуі қосжынысты, екіншісі аталық болады. Дәні домалақ.
6-АПТА
ОБСӨЖ №16
(2 балл)
ОБСӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: Базидиомицеттер класы - Basidiomycetes
ОБСӨЖ жоспар:
1. Базидиомицеттерге жалпы сипаттама
2. Базидиомицеттердің өмірлік циклдері
3. Базидиомицеттердің классификациясы
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Бақылау сұрақтары
1. Базидиомицеттерге жалпы сипаттама?
2. Базидиомицеттердің өмірлік циклдері ?
3. Базидиомицеттердің классификациясы?
4. Жетілмеген саңырауқұлақтардың классификациясы?
5. Дейтеромицеттер түрлерінің жалпы саны?
6. Телиобазидиомицеттерге сипаттама?
Тест тапсырмалары
1. Зогомицеттердің қолайсыз жағдайда гифалар бөліктер не деп атайды?
-
Опдим
-
Мицелий
-
Гифа
-
Спора
-
Зооспора
2. Зигомицеттер түрлер саны қанша?
-
400
-
200
-
300
-
600
-
500
3.Эдаскомицеттер класс тармағы жемістерінің неше түрі бар?
-
3
-
1
-
2
-
4
-
5
4. Зигомицеттер мицелийлері ?
-
Гифа
-
Опдим
-
Мицелий
-
Спора
-
Зооспора
5. Зигомицеттер гифалар қабықшасы неден тұрады?
-
Хитин
В.Опдим
С. Мицелий
Д. Спора
Е. Зооспора
6. Төменгі сатыдағы автотрофты өсімдіктер неше бөлімнен тұрады?
-
13
-
2
-
4
-
8
-
10
7. Оомицеттер класының неше түрі бар?
-
300
-
200
-
400
-
800
-
10000
8. Жыныссыз көбеюі қалай жүреді?
-
Зооспора
-
Жынысты
-
Вегетативті
-
Гаметалар арқылы
-
Жыныссыз, жынысты вегетативті
9. Жынысты көбеюі қалай жүреді?
-
Оогамиялы
-
Зооспора
-
Вегетативті
-
Гаметалар арқылы
-
Жыныссыз, жынысты вегетативті
10. Көптеген түрлерінің өмірлік циклі қандай ортамен байланысты?
-
Сулы орта
-
Жіп тәрізді балдырлы орта
-
Қаттамалардан
-
Өлі жасушалардан
-
Талшықтардан
6-АПТА
ОБСӨЖ №17
ОБСӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: Құлқайыргүлділер қатары.
ОБСӨЖ жоспар:
1. Құлқайырлар тұқымдастары
2. Морфологиялық, анатомиялық ерекшеліктері
3. Негізгі өкілдері
Сабақтың мазмұны: Құлқайырлар тұқымдасының 15 мыңдай түрі бар (82 – 92 туыс). Өмірлік формалары : ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер. Табиғи жағдайда дүние жүзінің барлық құрылықтарында негізінен, тропикалық аудандарда, әсіресе Оңтүстік Америкада кездеседі. Гүлдері үлкен жалғыздан жапырақтың қолтығында немесе ерекше бұтақтарында орналасады. Гүлсерігі қосарланған болып келеді, одан басқа тостағанша асты жапырақшалары болады. Тостаған асты жапырақшалары гүл асты жапырақшаларынан пайда болады. Андроцейі екі шеңбер түзіп орналасқан 10 аталықтан тұрады. Оның сыртқысының аталықтары редукцияға ұшыраған, ал ішкі шеңбердің аталықтары бөлінеді де, олардың жіпшелері трупкаға бірігеді, тозаңқап (тозандық) ішінде екі тозаң ұясы бар бір жартыдан тұрады. Гинецейі ценокарпты 5 жеміс жапырақшадан тұрады. Олар сиректеу 2,3 –5 көп ұялы болып келеді. Әрбір ұяның ішінде біреуден, немесе көптен тұқым бүршігі болады. Жемістері көп жағдайда сыртқы қабы құрғақ қорапша, сиректеу шырынды болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Олар тұтас немесе саусақ салалы, қосалқы жапырақшалары түсіп қалып отырады. Көп жағдайда шырышты заттар жинақталатын лизогендік қуысы (орын) немесе жекелеген шырышты клеткалары болады.
Мақта туысы - Gossypium 66 – ға жуық түрі бар. Шыққан жері жер шарының тропикалық, субтропикалық аймақтары. Батыс Индияда біздің эрамыздан 3 мың жыл бұрын еге бастаған. Талшықты өсімдік бір дәнді 7 мыңға дейін талшығы болады. Талшығы таза целюлозадан тұрады. Олар бір клеткалы ақ, сары түсті болып келеді. Ұзындығы 60мм –ге дейін жетеді. 70-75% жарамды талшық, 20% дейін май береді. Күнжарасы малға азық.
Мәдени жағдайда 5 түрі бар. Орта Азия, Қазақстанда төмендегі түрлері егіледі : орта талшықты Ce. Hirisutum шыққан жері Мексика, қысқа талшықты С. herboceum шыққан жері Ирак Орта Азия, Египет, ұзын талшықты С. peruvianum шыққан жері - Перу. Басқа туыстарынан талшық алынатын бөрітарақ кендірі – Hibiscus cannabinus. сабақтарынан бамия (Н. Lsculentus), авицения канатнигі. Қазақстан флорасында бұлардан басқа құлқайыр тұқымдасынан жалбыз- тікен туысын Althaeal, дәрілік жалбыз тікен А. Offcinalis кездеседі.
Шатыргүлділер немесе Сельдерейлер тұқымдасы – Umbelliferae. 300 –ден аса түрі 300 туыс жатады. БОР-да 800 түр, Қазақстанда 230 түр кездеседі. Жер шарының барлық жерінде кездеседі. Өмірлік формалары көп жылдық щөптесін өсімдіктер, бұталар. Сабағының іші қуыс биіктігі 4м, диаметрі 6см. Жапырақтары кезектесіп өседі. Гұлшоғыры күрделі шатыр, қарапайым шатыр, немесе шоқпарбас гүлдері актиоморфты азырақ зигоморфты 5 мүшелі. Тостағанша жапырақтары редукцияға ұшыраған. Күлтесі үстіңгі жағында ойығы бар 5 жеке жапырақшадан тұрады. Аталық саны 5 гинецейі ценокарпты 2 жеміс жапырақшасынан тұрады.
Гүл формуласы : Са(5-0) Со5 А5 G(2).
Көптеген түрлері овощтық, жем шөптік және хош иісті өсімдіктер, кейбіреулері алкалоидты.
Сәбіз туысы – (морковь -Daucus) 60 түрі бар. 2,1 жылдық шөптесін өсімдік. Еуропа, Азия, Африка, Австралия, Америкада кеңінен таралған. Тамаққа пайдаланылатын сорттары ұзын, сиректеу ашық сары, қызғыш түсті тамыр жемісті мал жейтіндері ақ, ақшыл түсті, салмағы 2кг-ға дейін. Сәбізде каротин провитамин А,С,В,В2 витаминдері болады.
Петрушка туысы –(Petrosetinum) 6 түрі бар. Қазақстанда БОР-да жалғыз түр петрушка обыкновенная немесе петрушка кудрявая Р. Crispum бар. Шатыргүлдердің Боршевик, Утамыр туыстары да бар.
Боршевик туысы –(Heracleum). Дүние жүзі бойынша 70-тей түрі бар. БОР-дың флорасында 36 түр, Қазақстанда 2 түр кездеседі. Табиғи жағдайда қоңыржай климатты облыстарда және Еуропаның, Азияның, Африканың, Солтүстік Американың тауларында өседі. Мал азығы ретінде перспективті өсімдік көк балауса береді. БОР-дың көптеген жерлерінде себіледі, кейбір түрлері улы өсімдіктер.
Сібір боршевигі (Н Sibiricum) биіктігі 1м-ден асатын өсімдік жапырақтары үлкен, қауырсынды тілімделген. Кәдімгі боршевик 1 метрге дейін баратын көп жылдық шөптесін өсімдік. Жапырағы ұш құлақ болып келеді, улы өсімдік.
Утамыр туысы (bex - Cicuta) бұл туыстың 20-дай түрі бар, олар негізінен Солтүстік Америкада кеңінен таралған өсімдіктер. БОР-дың флорасында кәдімгі утамыр (вех ядовитый –Cicuta virosa) деген жалғыз түрі бар. Оның сабағының биіктігі 50-80 (150см)-ге жететін, жоғарғы жағы бұтақтанып келетін өсімдік. Жапырақтары 2 рет қауырсынды тілімденген, ұзын сабақты болады, тамыр сабағы жекеленген камераларға бөлінген, улы алкалоидтар жинайды (цикутотоксин, цикутин). Осы өсімдіктен ауылшаруашылық жануарларының улануы жиі кездесіп отырады.
6- апта
ОБСӨЖ№18
(2 БАЛЛ)
ОБСӨЖ тақырып: Мүк тәрізділерді ажыратуға болатын белгілер
ОБСӨЖ жоспар
1. Гаметофит
2. Мүктер өркеннің өсуінің формасы
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Бақылау сұрақтары
Мүктер өркеннің өсуінің формасы?
Талломының ерекшеліктері?
Маршанциялардың түрлері?
Бауыр мүктер айырмашылықтары?
Мүктәрізділер сырт құрылысы экологиясы?
Гаметофит дегеніміз?
Тест тапсырмасы
1. Мүктәрізділер бөлімі.
-
Бауырмүктер, нағыз мүктер классы
-
Плауындар, полушниктер кластары
-
Тұқымды, папртниктер, саговниктер, бенетиттер кластары.
-
Қосжарнақтылар, даражарнақтылар кластары.
-
Қырықбуындар класы.
2. Мүктердің қандай түрлері табиғатта кең таралған
-
Маршанциялар
-
Плауындар, полушниктер кластары
-
Тұқымды, папртниктер, саговниктер, бенетиттер кластары.
-
Қосжарнақтылар, даражарнақтылар кластары.
-
Қырықбуындар класы.
3. Мүк тәрізділер бөлімі.
-
Bryophyta
-
Gumnospermatophyta, pinophyta
-
Angiospermatophyta , magnoliophyta
-
Polypodiophyta
-
Еguisetophyta
4. Нағыз мүктер класы.
-
Briopsida
-
Magnoliopsida dicotyledoneae
-
Liliopsida monosotyledoneae
-
Riniopsida
-
Lignopteridopsida
5. Риниофиттер класы.
-
Riniopsid a
-
Magnoliopsida dicotyledoneae
-
Liliopsida monosotyledoneae
-
Briopsida
-
Lignopteridopsida
Достарыңызбен бөлісу: |