Бауыр мүктер класы
Hepaticopsida
Magnoliopsida dicotyledoneae
Liliopsida monosotyledoneae
Briopsida
Lignopteridopsida
7-АПТА
ОБСӨЖ №19
ОБСӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: Бұршақгүлділер қатары
ОБСӨЖ жоспар:
1. Бұршақ тұқымдасы
2. Мимозалар, бұршақтар тұқымдас тармақтары.
Сабақтың мазмұны: Бұршақтар тұқымдасының 120 мыңдай түрі бар (490 туыс). Олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты. Бұлардың өкілдерінің көпшілігі БОР-дың климаты құрғақ болып келетін субтропикалық және Солтүстік қоңыржай салқын климатты аудандарындағы өсімдіктер. Жабынының қалыптасуында маңызды негізгі өмірлік формалары : ағаштар, бұталар, көпжылдық, біржылдық шөптесін өсімдіктер.
Бұршақ тұқымдасы түйнек бактерияларымен симбиоз түзіп ауадағы бос жүрген азотты бойына сіңіруге мүмкіндігі болып шаруашылық практикасында маңызды роль атқарады. Бұршақ тұқымдастардың жапырақтары күрделі болып, олардың қосалқы жапырақтары бар. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры шашақ, масақ, шоқпарбас болып келеді. Гүлдерінің тостағаншасы біріккен жапырақшалардан тұрады, бес тісті дұрыс немесе зигоморфты (екі ерінді). Күлтесі зигоморфты бес күлте жапырақшаларының бір – бірімен бірігіп кетеді. Гинецейі бір мүшелі апокарапты, гүл түйіні жоғарғы көптеген түрлерінің гүлінің формуласы.
Са5 Со 3 +(2) А (9)+1 G1 жемісі Sos – дәні екі жағынан ашылатын немесе ішінде дәндері болатын бөліктерге бөлінеді. Дәндерінде белоктың мөлшері өте жоғары, асбұршақта (ropox -pisum) –34%, ноқатта (Cicor) – 31%. Белоктың сапасы бойынша фасоль –phascolus пен жасымақ (rerebuna- lens) жоғарғы орында тұрады. Олардың белоктық құрамында аминокислоттар бар. Бұршақтар тұқымдастары халық шаруашылығында маңызды азықтық,
жем –шөп ретінде құнды пішен немесе дәне алу мақсатында мәдени жағдайға ендірілген.
Егістік сиыр жоңышқа (вика посевная V. sativa) пішен, дән алу мақсатында өсірілетін бір жылдық шөптесін өсімдік. Олардың түрлері сиыр жоңышқа (вика мохнатая – V. villosa).Түкті сиыр жоңышқа вика волосатая
V. hirsut.
Асбұршақ туысы – (горох pisum). Түрлер саны белгісіз. БОР-да 6 түр бір жылдық, көп жылдық өсімдіктер.Сабақтары жұмсақ мұртшалары арқылы басқа өсімдіктерге жабысып өседі. Егістік асбұршақ (горох pisum). Бір жылдық шөптесін өсімдік, егісті дақыл ретінде көп таралған.
Беде туысы (клевер Trifolium) түрлер саны 300-дей БОР флорасында 65 түр, Қазақстанда 11 түрі кездеседі. Жер бетінің барлық құрлығында кездеседі. Сабақтары тік сиректеу жерге төселіп өседі. Жапырағы үш құлақ сиректеу 5-9 жапырақшадан тұрады. Гүлдері сары, қанық қызыл, ашық қызыл болып келеді. Күлте жапырақшалары түп жағынан біріккен. Жемісі
-
дәнді екі ерінді қоңырау тәрізді тостағаншаға еніп тұрады.
Қызылбас беде клевер луговой –Т pratense биіктігі 30-50см болатын көп жылдық шөптесін өсімдік мамырдан күзге дейін гүлдейді. Гүлдері қызыл, шоқпарбас, дәндері біреуден болады. Мәдени жағдайда көп өсіріледі.
Қызғылт беде (клевер розовый Т. Hybridum) күлте жапырағының үсті солғын қызыл түсті болады. Ақ беденің (клевер ползучий белый Т. repens) күлте жапырағы ақ түсті болады. Мал азығы ретінде пайдаланады.
Жоңышқа туысы (люцерна - Medicaqo) 100- дей түрі бар көптеген регионда өседі. Борда –36 түр, Қазақстанда 18 түрі бар. Көпжылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер жапырағы 3 құлақ, сиректеу бұталар. Бобтары бір дәнді формасы бүйрек немесе орақ тәрізді. Сортаң сор топырақтарға жақсы өседі. Мал азығы үшін маңызы зор.
Сарбас жоңышқа –(люцерна желтая – М falkata) биіктігі 100 –120см болатын күлте жапырақшасының түсі сары құрғақшылыққа, ыстыққа суыққа төзімді өсімдік. Борда жабайы және мәдени жағдайда өседі.
Фасоль туысы (Phaseolis) 200-дей түрі бар. Азия, Африка аймақтарында өседі. Бір жылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары көп жағдайда шырмалып өседі. Жапырақтары 3 құлақ күрделі. Күлте жапырақшалары сары, ақ қызғыштау сары, қоңыр қызыл, сия көк түсті. Борда 20 түрі бар. Олар мәдени жағдайда өседі.
Кәдімгі фасоль (фасоль обыкновенный ph vulqaris) көкеніс дақылы Солтүстік Санкт Петербургте өседі.
Соя туысы – Glycine 40 түрі бар Борда бір түр уссурий соясы (соя уссурская) өседі. Шаруашылықта маңыздысы түкті соя (соя щетенистая - Ghispida) биіктігі 30-50см бір жылдық өсімдік, бір дәні болады. 1тонна дәнде 115кг май, 725кг ұн алынады.Дән құрамында 35% белок бар. Соядан әртүрлі тағамдар дайындалады.
Люпий туысы -(Lupinus) 400 түр бар шөптесін өсімдік, жартылай бұталар гүлдері ақ, сары, көк түсті болып келеді. Сәндік өсімдік ретінде өсіріледі.
7-АПТА
ОБСӨЖ №20
(2 балл)
ОБСӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: Қос жарнақтылар магнолиопсидтер
(Maqnoliopsida) немесе Dicotyledones
ОБСӨЖ жоспар:
-
Қос жарнақтылардың жалпы сипаттамасы
-
Магнолиялылар тұқымдасы
-
Лаврлар қатары
-
Бөріқарақаттар тұқымдасы
-
Сарғалдақтар тұқымдасы
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Коллоквиум сұрақтары
-
Магнолиялылар қатарлар тобі?
-
Магнолиялылар тұқымдасы – Maqnoliceal?
-
Магнолия туысы – Maqnolia?
-
Гүл формуласы Са3,Со, А?
-
Лаврлар тұқымдасы – Lauraceal?
-
Нимфеялар –тұңғиықтар – Nymphaceal?
-
Ақбоз тұңғиық – Nymhaea alba?
-
Бөріқарақаттар тұқымдасы – Веrвеridaceal?
-
Бөріқарақаттар туысына (барбарис Вerberis)?
-
Сарғалдақтар тұқымдасы?
Тест тапсырмалары
1. Магнолия тәрізділер қатарлар тобы.
-
Шамшаттар, қайыңдар талдар тұқымдастары.
-
Итмұрындар, алмалар, раушангүлдер тұқымдастары.
-
Алқалар, шырмауықтар, ерінгүлдер тұқымдастары
-
Сарғалдақтар, бөріқарақаттар, тұңғиықтар тұқымдастары.
-
Қалақайлар, алабұталар, тарандар тұқымдастары.
2. Алколоидты өсімдіктер.
-
Көкнар, мускатты асқабақ, мақта
-
Көкнар , сарғалдақ, эфедра
-
Асқабақ, жүзім, қант қызылшасы.
-
Қарағай шырша
-
Итмұрын сәбіз алма
3. Көкнәрдің гинецейі
-
Төменгі
-
Жоғарғы
-
Ценокарпты
-
Апокарпты
-
Ағайынды
4. Кос жарнактылардын тукым жарнагы турады …
А урыктамыршасынан
Б сабакша мен буршйктен
С екі тукым жарнагынан
Д спорадан
5. Темекі кай тукымдастын өкілі …..
А асбуршак тукымдастык
Б кирес гулдилердин
С Алка тукымдасынын
Д астык тукымдасынын
6. Улы алка тукымдасына жататын осимдиктер….
А сасык мендуана кара мендуана
Б беллодона петуня
С картоп петуня
Д томат
7-апта
ОБСӨЖ №21
ОБСӨЖ тақырыбы: Магнолиялылар тұқымдасы
ОБСӨЖ жоспары:
-
Лаврлар қатары
-
Бөріқарақаттар тұқымдасы
-
Нимфеялар –тұңғиықтар – Nymphaceal
ОБСӨЖ мазмұны: Түрлерінің саны 200 мыңнан астам (300 тұқымдас) маңызды өсімдіктер.
Магнолиялылар қатарлар тобы немесе көп жемістілер. Оларға 30-дай тұқымдас жатады. Негізінен ағаштар сиректеу бұталар, суда, құрғақта өсетін шөптесін өсімдіктер. Көп жемістілер Евразия, Солтүстік және Оңтүстік Американың тропикалық және субтропикалық аймақтарында таралған. Көп жемістілер жабық тұқымдылардың ішіндегі ең көрнекті топ.
Магнолиялылар тұқымдасы – Maqnoliceal.
200-ден аса түрі бар (20 туыс). Көпшілігі жойылып кеткен. Олар өткен геологиялық дәуірлерде кеңінен таралған. Оңтүстік Австралиядан Шпинцберген, Гренландия аралдарына дейін таралған. Соң климаттық салқындауына байланысты Солтүстік бөлігі жойылған. Қазіргі кезде олардың ареалы үзік. Түрлерінің ең көп таралған орталығы Қытайдың Оңтүстік Шығыс, Индоқытай, Индияның Солтүстік элементтері. Гүлдері үлкен, өсімдік сабақтарының жоғарғы жағында орналасады, гүл серігі қарапайым немесе қосарланған шеңбер бойымен орналасады. Аталық, аналықтары жеке –жеке орналасады. Олардың сан мөлшері көп спираль бойымен орналасады. Жемістерінің дәні көп жағдайда үлкен. Олар топтамалар жиынтығы (сборная листовка) сиректеу жаңғақшалардың жиынтығынан тұрады.
Магнолия туысы – Maqnolia. 70-тей түрі бар олардың 20 сәндік өсімдіктер, мәдени жағдайларда өсіріледі. Гүл формуласы Са3,Со, А. Бұрынғы одақтас республикалар жағдайында сібір магнолиясы – магнолия сибирская – М oвоvata деген бір түрі өседі. (Курил аралдарында) мәдени отырғызылатын түріне үлкен гүлді магнолия –М. qrandiflora жатады. Ол флоридадан шыққан мәңгі жасыл ағаш үлкен гүлді түсі балауыз тәрізді ақ жағымды иісті болады. Құнды заттар жасайтын материал.
Лаврлар тұқымдасы – Lauraceal.
Тұқымдас 45 туыс, 2500-3000 түрді өз ішіне алады. Олар барлық уақытта жасыл ағаштар, бұта кейбір жағдайда хлорофилсіз, паразиттікпен өмір сүруші түрлері бар. Лаврлар негізінен тропикалық, субтропикалық мекен – жайларда өседі. Жапырақтары қарапайым немесе күрделі бірінен оң бірі жайласқан немесе қарама – қарсы.
Гүлдері жапырақ қолтығындағы топ гүлде жайласқан, актиноморф, бір жынысты, немесе екі жынысты, ұсақ тостаған гүлдері қарапайым аталықтары 2, 3 қатар болып жайласқан, аналығы бір жеміс жапырақты жемісі дәнек немесе резервуар жапырағында эфир майлары бар. Тамаққа жұмсалады. Мәдени жағдайда Laurusnoвіlis түрі өсіріледі.
Нимфеялар –тұңғиықтар – Nymphaceal. Түрлерінің жалпы саны (4 туыс) шыққан жері тропиктер. Суда батпақты жерлерде өсетін көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары судың бетінде немесе су қабаттарында орналасқан. Тамыр сабақтары жақсы жетілген, гүлдері аса үлкен диаметрі 35см-ге дейін жетеді. Гүл құрылысы алуан түрлі. Гүлсерігі қарпайым немесе қосарланған, күлте жапырақтары көп.
Гүл формуласы. Са 3+5 Са3 А6 С3. Тұңғиықтардың қазіргі кездегі әртүрлі құрлықтарда географиялық таралуы және қазба қалдықтары туралы мәліметтер олардың ертеден пайда болғандығын дәлелдейді.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі негізгі.
Негізгі :
-
Комарницкий Н.А. Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Ботаника : Систематика растений учебник М. Просвещение, 1975 с. 608.
-
Курс низших растений (под ред М.В.Горленко) М. Высшая школа 1981 с520.
-
Антипина Г.С. Водоросли. Учебное пособие Петрозаводск, 1992, изд. ПГУ с 111.
-
Әметов Ә. Ботаника. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім баспасы Алматы 2000ж
-
Әметов Ә., Мырзақұлов П.М. Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы 1-бөлім Архегониальды өсімдіктер Алматы Қазақ университеті 2000ж.
-
Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. А. мектеп 1972.
Достарыңызбен бөлісу: |