Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Тест тапсырмасы
1. Шамшаттар тұқымдасы – Faqaceal түрлер саны
А) 900
В) 20
С) 300
Д) 400
Е) 500
2. Шамшаттар тұқымдасының неше туысы бар?
А) 8-9
В) 20 -10
С) 3-5
Д) 4-8
Е) 500-100
3. Емен туысы (дуб) түрлер саны?
А) 300
В) 20
С) 300
Д) 400
Е) 500
4. Борда емен туысының Санин көрсет?
А) 19
В) 20
С) 300
Д) 400
Е) 500
5. Емен туысы (дуб) гүл формуласы?
-
Р6 АоСе (3) Р(6-8) А6-10.
-
Са(5) Орар Са (5)А(5) G(2)
-
Р3 + 3 А3+3 G(3)
-
Р(2 ) + 2 А3 G(2)
-
Р3 + 3 А3 G3
6. Қайыңдар тұқымдасы –Вetulaceae түрлер саны?
А) 130
В) 20
С) 300
Д) 400
Е) 500
7. Қайыңдар тұқымдасы –Вetulaceae БОР түрлер саны?
А) 64
В) 20
С) 300
Д) 400
Е) 500
8. Орман жаңғақ туысы – лещина (Сorylus) түрінің саны?
А) 8
В) 20
С) 300
Д) 400
Е) 500
9. Орман жаңғақ туысы – лещина (Сorylus) түрінің гүл формуласы?
-
Р4,А0,С(2), Ро, А4,С0.
-
Са(5) Орар Са (5)А(5) G(2)
-
Р3 + 3 А3+3 G(3)
-
Р(2 ) + 2 А3 G(2)
-
Р3 + 3 А3 G3
10.Талдар тұқымдасы – Salicaceaе түрлер саны?
А) 400
В) 20
С) 300
Д) 400
Е) 500
10-апта
ОБСӨЖ №29
ОБСӨЖ тақырыбы: Раушандар тектес біріккен желектілер қатарлар тобы
өсімдіктеріне жалпы сипаттама.
ОБСӨЖ жоспары:
-
Шырмауықтар тұқымдасы
2. Арамсоялар тұқымдасы
ОБСӨЖ мазмұны: Мәңгі жасыл және жапырақтары түсіп отыратын ағаштар, бұталар, көп жылдық, бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Жер шары құрылықтарының барлығында кездеседі. Гүлдері циклды, 4 шеңберлі, зигоморфты , сиректеу актиномортфы, қос жынысты, дара жынысты гүлесерігі қосарланған, күлте жапырақтары ашық түске боялған, қалыпты жағдайда бірігіп түтікше түзеді. Насекомдармен, сиректеу желмен тозаңданады. Қалыпты жағдайда андроцейі 5 аталықтан тұрады, бірақ редукцияға ұшырауы нәтижесінде 4 немесе 2 аталықтан тұратын гүлдері жиі кездеседі. Гинецейі ценокарпты көп жағдайда 2 сиректеу 3-5 жеміс жапырақшадан тұрады. Жемістері негізінен қауашақ тәрізді, жаңғақ тәрізді, сиректеу шырынды.
Шырмауықтар тұқымдасы – Convolaceae. 150түр 50 туысы бар. Негізінен дүниежүзінің тропиктері мен субтропиктерінде азырақ екі ендіктің қоңыржай климатты облыстарында өседі. Шөптесін өсімдіктер, сиректеу бұталар, ағаштар. Жапырақтары кезектесіп орналасады, тұтас, қауырсынды, тілімделген қосалқы жапырақшалары болмайды. Жапырақтары мен сабақтарында сүтті шырындарды бөліп шығаратын клеткалары болады. Гүлдері 5 мүшелі, сиректеу 4 мүшелі, қосжынысты, гүл асты жапырақшалары болады. Гинецейі 2 (3-5) жеміс жапырақшасынан тұрады. Жемістері қауашақ, жаңғақша тәрізді.
Шырмауық туысы – (вьюнок - Convolvulus). Тропикалық және субтропикалық елдерде сиректеу қоңыржай климатты облыстарда өсетін
200-дей түрі бар. Өмірлік формалары бұталар, жартылай бұталар, көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. БОР флорасында 30 түр, Қазақстанда 14 түрі кездеседі. Сабақтары оралып немесе тік өседі. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүлдері жапырақ қолтықтарында 1-3 тен дихазиялы немесе шоқпарбасты гүл шоғында орналасады. Гүл формуласы : Са(5), Со(5), А5, Се(5). Жемістері қауашақ тәрізді. Қоңыржай климатты зоналарда – далалық шырмауық (вьюнок полевой С- arvense) өседі, көп гүлдері ақ, немесе ақшылдау – қызғылт түсті, егістіктің арам шөбі.
Арамсоялар тұқымдасы – Custucaceal. Паразитті өмір сүруіне байланысты вегетативтік органдары редукцияға ұшыраған тұқымдастың 170 түрі бар. Барлық континенттердің тропикалық, субтропикалық елдерінде өседі.
БОР-да 36 түр, Қазақстанда 19 түр кездеседі. Олар екпелі өсімдіктер және ағаштардың паразиттері жапырақтары қабыршақтармен алмастырылған, тамыры ерте өледі, тұқым жарнағы болмайды. Гүлдері ұсақ қызғылт, ақ, сары, гүлшоғыры дихазиялы, шоқпарбас, қысқа масақ. Гүл формуласы :Са5, СО(5), А5, Се(2).
Арамсоя туысы – Cuscuta. (Беде сояу –С. trifolii) негізінен бедеде паразит өмір сүреді. Тимьян арамсояуы С. epithymum бір жылдық өсімдік. Гүлдері ашық – қызғылт, сабақтарында емшекшелері (присоскалар) болады. Беде, жоңышқада паразит өмір сүреді. Зығыр арамсояуы (C. epilinum) зығырда, сиректеу арамшөптерде паразит ретінде өседі.
Алқалар тұқымдасы –Solanaceal. Алқалар тұқымдасының 2300 түрі бар (85 туыс). Шөптесін өсімдіктер сиректеу бұталар, жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырақ серіктері (қосалқы жапырақшалары) болмайды. Жапырақтары жай, тұтас тілімделген. Гүлдері монохазий бұйра гүлшоғырына жиналған немесе жекеленген гүлден тұрады, актиноморф аздап зигоморфты. Тостағаншасы 5 тісті, 4 ұялы. Күлте жапырақшалары бір – бірімен біріккен, дөңгелек табақша, трубка тәрізді, қоңырау секілді болып келеді. Аталығы 5, гинецейі ценокарпты 2 жеміс жапырақшадан тұрады. Гүл түйіні жоғарғы 2
ұялы, кейбір жағдайда 4-6 ұялы. Жемісі шырынды немесе қорапша (қауашақ). Көптеген түрлері (картоп, помидор, баклажан, бұрыш) шаруашылықтағы маңызы аса зор, кейбіреулері улы алкалоидты, оларды дәрі –дәрмек ретінде пайдаланылады.
Алқа туысы (паслен - Solanum) 1,5 мыңдай түрлері бар. Көп кездесетін орталығы Оңтүстік Америка. БОР- да 10 түр кездеседі. Ең маңыздысы картоп (S. tubezosum). Көп таралған түр біржылдық өсімдік ретінде отырғызылады.
Гүлсерігі актиноморфты күлте жапырағының түсі ашық, сары – сарғыш. Гүл
формуласы : Са(5), СО(5), А5, Се(2). Екі ұялы шырынды жеміс болады. Тамырлары жіңішке , сабағының жер асты бұтағы – столандары болады. Столондардан түйнектер жетіледі. Картоптың бір мыңнан астам тамаққа пайдаланатын, малдарға қоректік әртүрлі техникалық заттар алатын түрлері болады. Темекі туысы- (табан Nicotiana) 100- дей түрі бар. Табиғи жағдайда негізінен Оңтүстік Америка, Австралияда кездеседі. Бұталар шөптесін өсімдіктер. Гүлдерінің күлте жапырақшалары воронка тәрізді немесе қоңырау тәрізді. Кәдімгі темекі (N.tabacum) жабайы түрінде перуде және эквадорда өседі. Көп сорттары бар махорка темекісі (N. rustica), орман темекісі (N. Sulvestris)
отырғызылады.
Бұрыш туысы –(перец Capsicum). Түрлер саны 20-50 – ге дейін жетеді. Жартылай бұта және шөптесін өсімдіктер. Орталық Америкада БОР-дың Оңтүстігінде, Қазақстанның Оңтүстігінде өседі. Біржылдық бұрыш – С.annuum- ның көптеген ащы және салаттың сорттары шығарылған. Басқа туыстардан мына түрлердің маңызы зор : ас памидоры – Lycopersicum esculentum- біржылдық дақыл 600 – дей сорттары бар.
Ерінгүлділер немесе тауқалақайлар тұқымдасы –Labiatae Lamiaceae. Тұқымдасқа 4 мыңдай түр жатады. (200 –ден астам туыс). Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, жартылай бұталар, сиректеу бұталар. Антарктидан басқа құрылықтардың барлығында өседі. Түрлерінің ең көп тараған жері Жерорта теңізі, Орта Азияның шөлді және шөлейт аудандары. Сабағы 4 қырлы. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Қарапайым, қосалқы жапырақшалары болмайды. Сабақтарымен, жапырақтары безді түктермен жабылған олар эфир майларын бөліп шығарады. Гүлшоғыры әртүрлі тирстен тұрады. Гүлдері зигоморты, көп жағдайда екі ерінді, сиректеу актиноморфты гүлге өте жақын тұрады. Тостағанша жапырақтары біріккен қоңырау тәрізді, түтік тәрізді немесе екі ерінді 5 мүшелі.Күлтесі барлық уақытта 5 мүшелі. Андроцейі күлтенің трубкасына бекінген 4 аталықтан тұрады, оның 2 ұзын, 2 қысқа болады. Андроцейі 2 аталықтан тұратын туыстары да болады. Гинецейі барлық уақытта 2 біріккен жеміс жапырақшаларынан тұрады. Гүл түйіні жоғарғы 4 ұялы әр ұяда 1-ден тұқымбүрі болады. Аналықтың мойны біршама ұзын болады және екі жақтаулы аналық ауызымен аяқталады. Ақтау қалақайдың (яснотка белая - Lamiumalbium) гүлінің формуласы : Cа(5), Со(2+3), А2+3, Се(2). Жемісі 4 жаңғақшаға бөлінеді. Тауқалақайлар тұқымдасына жататын өсімдіктер бойында көп мөлшерде иіс шығаратын эфир майының болуына байланысты парфюмерия өндірісінде, тамақ өнеркәсібінде, медицинозда қолданылады.
10-апта
ОБСӨЖ №30
(2 балл)
Таќырып : Раушандар тектес біріккен желектілер
қатарлар тобы – Melophyta Sympetalae.
ОБСӨЖ жоспар:
1.Раушандар тектес біріккен желектілер қатарлар тобы
-
өсімдіктеріне жалпы сипаттама.
-
Шырмауықтар тұқымдасы
-
Арамсоялар тұқымдасы
-
Ерінгүлділер немесе тауқалақайлар тұқымдасы
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Бақылау сұрақтары
-
Раушандар тектес біріккен желектілер қатарлар тобы өсімдіктеріне жалпы сипаттама?
-
Шырмауықтар тұқымдасы?
-
Арамсоялар тұқымдасы?
-
Ерінгүлділер немесе тауқалақайлар тұқымдасы?
-
Бұрыш туысы –(перец Capsicum)?
-
Темекі туысы- (табан Nicotiana)?
-
Алқа туысы (паслен - Solanum)?
-
Шырмауық туысы – (вьюнок - Convolvulus)?
-
Арамсоя туысы – Cuscuta.?
-
Жемістерінің түрлері?
Тест тапсырмасы
1. Раушангүлдер тұқымдасына жататын өсімдіктер.
-
Қияр, қауын, қарбыз
-
Алма, шие, итмұрын, өрік .
-
Күнбағыс, жусан, бақ-бақ
-
Капуста, ридиска, бақташы сөмкесі.
-
Тал, терек, чозеня
2. Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер.
-
Қияр, қауын, қарбыз
-
Алма, шие, итмұрын, өрік
-
Күнбағыс, жусан, бақ-бақ
-
Капуста, ридиска, бақташы сөмкесі.
-
Тал, терек, чозеня
3. Крест гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер.
-
Қияр, қауын, қарбыз
-
Алма, шие, итмұрын, өрік
-
Күнбағыс, жусан, бақ-бақ
-
Капуста, ридиска, бақташы сөмкесі.
-
Тал, терек, чозеня
11-апта
ОБСӨЖ №31
ОБСӨЖ тақырыбы: Орталық тұқымды, немесе қалампырлар тектес бір
жабынды өсімдіктер қатарлар тобы – Centrospermae Monochlamydeal.
ОБСӨЖ жоспары:
1. Қалайқалар тұқымдасы
2. Қалампырлар тұқымдасы
3. Алабұталар тұқымдасы
4.Тарандар тұқымдасы
ОБСӨЖ мазмұны: Бір немесе бірнеше аналықтың жатынының гүл көп жағдайда гүлдің басқа бөлігінен пайда болатын жеміс қабықшасы (пери –жапонда, карпос – жеміс, немесе жемістің тұқымды қоршаған бөлігі).
Гүлсерігі қарапайым, кейде екі шеңберлі, тостағанша және күлте жапырақшаларға бөлінбеген, көп жағдайда тостағанша түрінді болады. Желмен тозаңданатын өсімдіктер.
Қалақайлар тұқымдасы – Untricaceal. Түрлерінің жалпы саны 850-дей 45 туыс. Кішігірім ағаш жартылай бұта, бір жылдық, көп жылдық шөптесіндер. Тропикалық қоңыржай климатты зоналарға кең тараған. Гүлдері дара жынысты, қос жынысты, актиноморф. Гүл шоғыры әртүрлі қарапайым тостағанша жапырақты түрінде болады. 4 мүшелі андроцейі аталықтан олар гүл серігінің жапырақшалрына қарама- қарсы тұрады. Аталықтың жіпшесі гүлдің ортасына қарай қайрлып тұрады. Аналығы бір, екі жеміс жапырақшадан түзілген. Тұқымбүрі, жемісі, жаңғақша олар гүлсерігінің ұлғайған ішкі жапырақшалары мен қапталып тұрады. Жапырақтары сабақтарының сыртын күйдіргіш түктер жауып тұрады.
Қалақай туысы – (крапиво -Urtica). Түрлерінің саны 40, БОР-да 10түр, Қазақстанда 3 түр кездеседі. Тропикалық қоңыржай климатты облыстарда кең таралған өсімдіктер. Көптеген түрлері мал азығы ретінде құнды өсімдіктер. Кейбіреулер овощтық талшықтар алуда қолданылады. Түрлері : қосүйлі қалақай (крапива двудомная Udioica мен күйдіргіш қалақай крапива жгучая U. urens космополитеттер қос үйлі). Қос үйлі қалақайдың гүл формуласы : Р2+2, А0,G(2), P2+2, A2+2, Ge0 қарапайым гүл серігі.
Қалампырлар тұқымдасы – Caryopllaceae. Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты елдерінде кең таралған шөптесін өсімдіктер мен жартылай бұталар. Дүние жүзі бойынша 2000 аса түрі бар 80 туыс. БОР-да 600 түр, Қазақстанда 215 түр кездеседі.
Бұтақтануы дихазиялы, жапырақтары қарама – қарсы, сиректеу кездесіп орналасады, қосалқы жапырақшалары көбінде болмайды. Гүлдері актиноморфты сиректеу дара жынысты, бір үйлі, сиректеу екі үйлі болады. Гүл серігі қосарланған сиректеу қарапайым 5 мүшелі, тостағанша жапырақшалары біріккен, немесе бос жапырақшалары бірікпеген 4-5 тісті болып келеді. Күлте жапырақшалары 4-5 тостағанша жапырақшалардың тістерімен алма кезек орналасады. Аталықтар саны 10 немесе 5. Аналығы 1, ол 2-5 жеміс жапырақшадан тұрады, гүл түйіні жоғары. Тұқым бүрлері көп. Жемісі жоғары лизокарпты негізінен жабайы өсімдіктер.
Жұлдыз шөп (звездчатка- Stellaria). Көп жылдық, біржылдық шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары жұмыртқа тәрізді немесе сопақша болып келеді, қарама – қарсы орналасады. Күлтесі ақ, аталығы 10, аналығының мойны 3. Қауашағы шар тәрізді БОР –да 50 түр, Қазақстанда 20 түрі бар. Өкілдері дымқыл жұлдыз шөп (звездчатки макрица Smedia). Бір жылдық немесе көп жылдық шөптесін өсімдік. Жерге төселіп өсетін сабағы ашық – жасыл түсті. Халық мидицинасында дәрілік шөп ретінде қолданылады. Гүл формуласы Са(5), СО5, А5+5, Ge3. Орман жұлдыз шөбі (звездучатка лесная S. nemonum) көп жағдайда көлеңкелі жерлерде өседі. Маусым айынан бастап күзге дейін гүлденеді. Гүл формуласы Са(5), СО5, А5+5, Ge(5).
Сылдыр шөп туысы. (смоловка - Silene). Бір жылдық, екі жылдық, көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Гүлдері қосжынысты, дара жынысты, еді бір немесе екі үйлі өсімдіктер. Тостағанша жапырақшалары бірігіп кеткен. Аталықтары мен аналықтары тіркесте отырады. Гүл түйіні түп жағында үш ұялы. БОР-да 150 түр, Қазақстанда 62 түр өседі. Гүл формуласы Са(5), СО5, А5+5, G(3).
Жарық дәрі туысы (грыжник Herntaria) Қазақстанда 4 түрі кездеседі. Ең маңызды жалаң жарық дәрі (грыжник гладкий – Herntaria qlalra) көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тармақталған, жерге төселіп өседі. Жапырақтары ұсақ, қарама – қарсы элипс тәрізді. Өсімдіктің түсі сарғыш –жасыл. Маусымнан қазан айына дейін гүлдейді. Гүлдері ұқсас. Олар жапырақ қолтығында жиналып жұмыршақ (клубника) түзеді.
Алабұта туысы (морь chenopodium) дүние жүзі бойынша 250 түр, БОР-да 60 түр, Қазақстанда –20 түр бар. Бір жылдық, екі жылдық шөптесін өсімдіктер. Көптеген түрлерінің жапырағының сыртын тұз кристалдары (ақ) тұтып тұрады. Жас сабақтары сыртында көптеген бүртіктері, түктері болады. Гүлдері қосжынысты 5 мүшелі. Негізгі түрлері ақ алабұта (морь белая Chalbum), дуал алабұтасы (морь стенная Ch. murale)
Тарандар тұқымдасы – Polyqonaceal. Түрлер саны 900 – ден 40 туыс.
Түрлерінің шыққан жері орталық Оңтүстік Америка, өмірлік формалары ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары кезектесіп немесе қарама –қарсы сиректеу топтасып өседі. Буын аралығында түп жағын түтік тәрізді, жапырақ тәрізді жапырақ қынапшасы жауып тұрады. Сабағының буындары көп жағдайда ісінген болып келеді. Гүлдері ұсақ, қос жынысты. Гүлсерігі қарапайым 3-6, сиректеу 5 мүшелі жасыл, ақ – қызыл түсті. Аталықтарының саны 6-9 (3-8). Гинецейі ценокарпты 3 (2-4) жеміс жапырақшадан тұрады. Жемістері 1 дәнді 3-2 қырлы жаңғақшалар кейде қынапты.
Таран туысы (горец - Polyqonum) 280 түрі бар. БОР-да 160 түр, Қазақстанда 52 түр кездеседі. Өмірлік формалары бұталар, ағаштанған лионалар, жартылай бұталар, бір жылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер.
11-апта
ОБСӨЖ №32
(3 балл)
ОБСӨЖ тақырыбы: Орталық тұқымды, немесе қалампырлар тектес бір
жабынды өсімдіктер қатарлар тобы – Centrospermae Monochlamydeal.
ОБСӨЖ жоспары:
1. Қалайқалар тұқымдасы
-
Қалампырлар тұқымдасы
-
Алабұталар тұқымдасы
-
Тарандар тұқымдасы
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Тест тапсырмасы
1. Қалампырдың жатынының орналасуы
-
Жоғарғы
-
Төменгі
-
Ценокарпты
-
Апокарпты
-
Ағайынды
2.Көкнәрдің гинецейі
-
Ценокарпты
-
Төменгі
-
Жоғарғы
-
Апокарпты
-
Ағайынды
3. Жұлдызшөп өсімдігі гүл формуласы.
-
Са(5)Со (5) А10G(5)
-
Са5 С05 АsG 5
-
РО АОG(2); Р2 А2 GО
-
Са(5)Со (5) А5+5G(2)
-
Са(4)Со 4а А2+4G(2)
4. Қалампырлар тұқымдасы.
-
Сaryophyllaseae
-
Compositae asteraceae
-
Cucurbitaseae
-
Вetylaseae
-
Gramineae
5. Қалампырлар тектес бір жабынды өсімдіктер қатарлар тобы.
-
Қалақайлар, алабұталар, тарандар тұқымдастары
-
Шамшаттар, қайыңдар талдар тұқымдастары.
-
Итмұрындар, алмалар, раушангүлдер тұқымдастары.
-
Алқалар, шырмауықтар, ерінгүлдер тұқымдастары.
-
Сарғалдақтар, бөріқарақаттар, тұңғиықтар тұқымдастары.
6.Жұлдыз шөп (звездчатка- Stellaria) неше жылдық шөп?
-
Көп жылдық
-
Төменгі
-
Жоғарғы
-
Апокарпты
-
Ағайынды
7. Қазақстандағы жұлдыз шөптің саны?
-
20
-
24
-
32
-
40
-
50
-
Сылдыр шөп туысы (смоловка - Silene) неше жылдық өсімдік?
Бір жылдық
Көп жылдық
Жоғарғы
Апокарпты
Ағайынды
9. Сылдыр шөптің гүлінің формуласы?
-
Са(5), СО5, А5+5, G(3)
-
Са5 С05 АsG 5
-
РО АОG(2); Р2 А2 GО
-
Са(5)Со (5) А5+5G(2)
-
Са(4)Со 4а А2+4G(2)
10. Жарық дәрі туысы (грыжник Herntaria) Қазақстанда түрлер саны?
-
4
-
24
-
32
-
40
-
50
11. Алабұта туысы (морь chenopodium) дүние жүзі бойынша неше түрі белгілі?
-
250
-
240
-
320
-
400
-
500
12. Тарандар тұқымдасы – Polyqonaceal түрлер саны?
-
900
-
240
-
320
-
400
-
500
13. Тарандар тұқымдасы – Polyqonaceal неше туысы белгілі?
-
40
-
24
-
32
-
400
-
500
11-апта
ОБСӨЖ №33
ОБСӨЖ тақырыбы: Қалталы саңырауқұлақтар. Пиреномицеттер қатарларының тобы
ОБСӨЖ жоспары:
1. Пиреномицеттер қатары
2. Пиреномицеттер құрылысы
3. Көбеюі, қоректенуі
ОБСӨЖ мазмұны: Қалпақты саңырауқұлақтар жасыл түсті гүлді өсімдіктер мен балдырларға қарағанда басқаша қоректенеді саңырауқұлақтардың клеткаларында хлорофилл болмайды және органикалық емес заттардан органикалық заттар түзілмейді. Саңрауқұлақтар дайын органикалық заттармен қоректенеді. Симбиоз процесінің нәтижесінде жаңа организмдер пайда болады. Мысалы : қыналар, микориза.
Көбеюі. Вегетативті көбеюі мицелийдің жекелеген бөліктері арқылы артраспоралары (оидийлері) арқылы клетка қабықшалары жұқа болып келетін гифаның оқшауланған бөлігі: хламидос – полары арқылы қабықшалары қалың болып келетін клеткаларға ыдырайтын гифалар бүршіктену арқылы гифаларында келешегінде бөлініп түсетін домалақ өскіндердің пайда болуы арқылы көбею.
Жыныссыз көбеюі әртүрлі споралардың көмегімен жүзеге асады. Зооспорангияның ішінде дамитын зооспоралары, спорангияның ішінде жетілетін спорангияспоралары: ерекше гифалардың бүршіктенуінің нәтижесінде экзогенді жолмен пайда болатын конидийлері арқылы.
Жыныстық көбеюі. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда жыныстық көбеюдің бірнеше формалары болады : изогамия, гетерогамия, оогамия, зигогамия. Зигота барлық жағдайда біраз уақыт тыныштық кезеңін басынан өткізеді, содан соң өсіп зооспоралар немесе зооспорангиясы бар, немесе спорангиоспорасы бар қысқаша гифа береді.
Жоғарғы дәрежелі саңырауқұлақтардың жыныстық процесінің формасы ерекше болып келеді : гаметангиогамия сырт құрылыстары әр түрлі болып келетін жыныс органдарының ішіндегі гаметаларға бөлінбеген заттарының қосылуы : самотогамия вегетативті гифаның екі клеткасының қосылуы : сперматизация - аналық жыныс органының қозғалмайтын клеткаларымен ұрықтануы. Ядролар әдетте бірден қосылмайды. Қарама – қарсы жыныстық белгілері бар ядролары алдымен қосарланып жақындасып дикариондар түзіледі. Дикариондардың саны оларды түзетін ядролардың синхронды бөлінуінің нәтижесінде көбейе түседі. Біраз уақыттар өткеннен соң дикариондардың ядролары қосылады да диплоидты ядро түзеді. Енді диплоидты ядро мейоз жолымен бөлінеді де, гаплоидты ядролар береді.
Олардың әрқайсысы жыныстық көбею спораларының ядросына айналады. Сонымен жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың өмірлік циклында үш түрлі ядролық фаза алмасып келіп отырады : гаплоидты, дикарионды және диплоидты. Оның ішінде диплоидты фаза өте қысқа болады, ал өмірлік циклдың негізгі бөлігі гаплоидты және дикарионды фазаларда өтеді. Жыныстық көбею спораларының екі типі бар : 1) аскаспоралар, эндогендік жолмен ерекше клеткаларда – қалталардың ішінде пайда болады. Бұл әдетте дикарионның ядролары қосылғанннан кейін жүретін мейоз және митоз процестері арқылы іске асады. Жыныстық көбею спорасының екіншісі базидиооспоралар, олар экзогендік жолмен, көп жағдайда төртеуден ерекше клеткалардың ұшында пайда болады. Саңырауқұлақтарда жыныстық споралардың түзілуі олардың өмірлік циклының аяқталуын көрсетеді. Сонымен қоректену ерекшелігіне байланысты пластидтерінің болмауы гифаларының қабықшаларында хитиннің болуы артық қор заттары ретінде гликагеннің жиналуы саңырауқұлақтарды жануарларға жақындастырады. Ал шексіз өсуі, қоректік заттарды суыру арқылы қабылдауы оларды өсімдіктерге жақындастырады өсмдіктер мен жануарлардың саңырауқұлақтар гифалардан тұратын вегетативтік денесі арқылы және өмірлік циклында гаплойдты және диплоидты ядролық фазаларынан басқа үшінші дикарионды фазасының болуымен айқын ажыратылады.
Классификациясы. Саңырауқұлақтар бөлімі жеті класқа бөлінеді.Хитридиомицеттер класы, гифохитромицеттер класы, оомицеттер класы, зигомицеттер класы, аскомицеттер класы, базидиомицеттер класы, жетілмеген саңырауқұлақтар класы. Алғашқы 4 кластың өкілдері төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың мицелийлері мүлдем болмайды. Қалған кластардың өкілдері жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың гифалары көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген болып келеді.
12-апта
ОБСӨЖ №34
(2 балл)
ОБСӨЖ тақырыбы: Тұқымдары гүл түйіннің қабырғасына жанаса
орналасқан бос желектілер қатарлар тобы – Teichiopspermatophyta.
ОБСӨЖ жоспары:
-
Крестгүлділер немесе капуста гүлділер тұқымдасы
-
Көкнәрлар тұқымдасы
-
Көкнәр туысы
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Бақылау сұрақтары
1. Крестгүлділер немесе капуста гүлділер тұқымдасы?
2. Көкнәрлар тұқымдасы?
3. Көкнәр туысы?
4. Көкнардың гүл формуласы?
5. Крест гүлділер жер бетіндегі құрлықтағы маңызы?
6. Дәндерінің ендоспермі?
7. Медицинадағы алатын орны?
Тест тапсырмасы
1. Тұқымдары гүлтиіннің қабарғасына жанаса орналасқан бос желектілер қатарлар тобы.
-
Асқабақтар , күрделі гүлділер тұқымдастары
-
Гиацинттер, жуалар тұқымдастары
-
Астық, қиякөлеңдер қоңырбастар тұқымдастары
-
Крестгүлділер, көкнарлар тұқымдастары
-
Қалампырлар, алабұталар тұқымдастары
2. Орталық тұқымды өсімдіктер қатарлар тобы.
-
Асқабақтар , күрделі гүлділер тұқымдастары
-
Гиацинттер, жуалар тұқымдастары
-
Астық, қиякөлеңдер қоңырбастар тұқымдастары
-
Крестгүлділер, көкнарлар тұқымдастары
-
Қалампырлар, алабұталар тұқымдастары
3. Раушангүлділер тұқымдасына тән белгілер.
-
Гүлшоғыры жай шатыр, гүлі бес жоспарлы, қосжыныста актиноморфты, гүлсерігі қосарланған
-
Гүлшоғыры сырға тәрізді, гүлсерігі қарапайым, гүлдері даражынысты
-
Гүлшоғыры шоқпарбас, түйнек бактериялармен симбиоз құрайды.
-
Гүлшоғыры күрделі масақ, сыпырғы, жемісі дәнек.
-
Гүлшоғыры себет 4 шеңберлі күлтесі 5 мүшелі, жемісі тұқымша.
4. Қайыңдар тұқымдасына тән белгілер.
-
Гүлшоғыры жай шатыр, гүлі бес жоспарлы, қосжыныста актиноморфты, гүлсерігі қосарланған
-
Гүлшоғыры сырға тәрізді, гүлсерігі қарапайым, гүлдері даражынысты
-
Гүлшоғыры шоқпарбас, түйнек бактериялармен симбиоз құрайды.
-
Гүлшоғыры күрделі масақ, сыпырғы, жемісі дәнек.
-
Гүлшщғыры себет 4 шеңберлі күлтесі 5 мүшелі, жемісі тұқымша.
5. Бұршақтар тұқымдасына тән белгілер.
-
Гүлшоғыры жай шатыр, гүлі бес жоспарлы, қосжыныста актиноморфты, гүлсерігі қосарланған
-
Гүлшоғыры сырға тәрізді, гүлсерігі қарапайым, гүлдері даражынысты
-
Гүлшоғыры шоқпарбас, түйнек бактериялармен симбиоз құрайды.
-
Гүлшоғыры күрделі масақ, сыпырғы, жемісі дәнек.
-
Гүлшоғыры себет 4 шеңберлі күлтесі 5 мүшелі, жемісі тұқымша.
6. . Крест гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер.
-
Қияр, қауын, қарбыз
-
Алма, шие, итмұрын, өрік
-
Күнбағыс, жусан, бақ-бақ
-
Капуста, ридиска, бақташы сөмкесі.
-
Тал, терек, чозеня
7. Алколоидты өсімдіктер.
-
Көкнар, мускатты асқабақ, мақта
-
Көкнар , сарғалдақ, эфедра .
-
Асқабақ, жүзім, қант қызылшасы.
-
Қарағай шырша
-
Итмұрын сәбіз алма
8. Көкнәрдің гинецейі
-
Төменгі
-
Жоғарғы
-
Ценокарпты
-
Апокарпты
-
Ағайынды
12-апта
ОБСӨЖ №35
ОБСӨЖ тақырыбы: Тұқымдары гүл түйіннің қабырғасына жанаса орналасқан бос желектілер қатарлар тобы – Teichiopspermatophyta.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Крестгүлділер немесе капуста гүлділер тұқымдасы
2.Көкнәрлар тұқымдасы. Көкнәр туысы
ОБСӨЖ мазмұны: Крест гүлділер жер бетіндегі құрлықтардың барлығында әсіресе қоңыржай, суық климатты обылыстарда, Арктикаға дейін кең таралған. Түрлер саны 3 мыңдай (350 туыс). Олардың барлығының туыстық байланыстылығы тығыз байланысты, морфологиялық айырмашылығы жоқ. Қалыпты жағдайда жапырақтары кезектесіп келетін қосалқы жапырақшалары жоқ, жапырақтары тұтас немесе тілімделген болып келетін өсімдіктер. Бұларда глюкозиттер жиналады. Олар ыдырағанда қыша майы (горчичное масло) түзіледі. Гүлдерінің құрылысы бір тектес гүл асты, гүл үсті жапырақтары болмайды. Гүл шоғыры шашақ немесе сыпырғы тәрізді. Гүлдері актиморфты, қос жынысты гүл серігі қосарланған.
Тостағаншасы екі қатар шеңбер түзіп орналасқан. 4 тостағанша жапырақшадан тұрады. Күлтесі де 4, ол бір шеңбер түзеді. Андроцейі екі шеңбер түзіп орналасатын 6 аталықтан тұрады. Оның 4 ұзын, екі қысқа сыртқы шеңбер түзеді. Гинецейі ценокарпты екі жеміс жапырақшадан тұрады. Жатыны (гүл түйіні) жоғарғы екі жалған перделерінің болуына байланысты екі ұялы. Гүл формуласы Са4 Со4 А2 +4 Cl(2). Жемісі бұршаққап, кейде бұршаққын екі жақтауы ашылды. Дәндерінің эндоспермі болмайды.
Көкнәрлар тұқымдасы (Papaveracea). Құрамында 450 түр 28-30 туысы бар. Шөптесін өсімдіктер тропикалық, субтропикалық, қоңыржай климатты обылыстарында өседі. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Шеттері тілімделген қосалқы жапырақшалары жоқ. Ішінде сүтті шырындар жиналатын қапшық тәрізді клеткаларымен шайыр жолдары болады. Құрамында әртүрлі алкалойдтар бар : морфин, кодейн, пантопин басқа апиыны бар сүтті шырындары болады. Гүлдері қос жынысты, көп жағдайда актиономорфты, сиректеу зигоморфты.
Тостағаншасы гүлдеудің бастапқы кездерінде түсіп қалатын 2 данадан тостағанша жапырақшадан, күлтесі 4 дұрыс қатпарланбаған күлте жапырақшадан тұрады, кейде 12 –ге жетеді. Күлтесі 4 дұрыс қапталған жапырақшадан тұрады. Андроцейі шеңбер спираль бойы мен орналасқан. Олардың саны 4 немесе 6-12 – ден аспайды. Гинецейі целокарпты. Екі немесе бірнеше жеміс жапырақшалардан тұрады. Гүл түйіні 2 немесе көп ұялы. Гүлдері үлкен бояулы. Жемісі қорапша.
Көкнәр туысы – мак Papaver. 120 түрі бар, БОР-да 50, Қазақстанда 11 түрі кездеседі. Көп жылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, гүлдері үлкен бояулы апиын көкнәрі – мак снотворный В Sommifrum май алатын дақыл ретінде себіледі. Құрамында май болады. Медицинада апиын алынады. Шығыс көкнәрі Р. Orentalis гүлі үлкен ашық түсті сәндік үшін егіледі және сеппе көкнәр түрі бар.
Гүл формуласы Са2 Со2+2 А Со.
12- АПТА
ОБСӨЖ№36
(2 балл)
ОБСӨЖ тақырыбы: Гүл түйіннің қабырғасына жанаса орналасқан
біріккен желектілер қатарлар тобы – Teichios permaophyta Sympetalae.
ОБСӨЖ жоспар:
-
Асқабақтар тұқымдасы
-
Күрделігүлділер тұқымдасы
-
Жусан туысы
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
ГЛОССАРИЙ
-
Жусан
-
Күрделігүлділер
-
Астралар
-
Асқабақтар
-
Андроцей
-
Гине цей
-
Тостағанша
-
Күлте
Тест тапсырмасы
1. Күрделі гүлділер тұқымдасы гүлінің формуласы ( кәдімгі бақ – бақ)
-
Са(5) Орар Са (5)А(5) G(2)
-
Са(5) Со (5)АО G(3) Са(5) Со(5) А(2) + (2) +1 GО
-
Р3 + 3 А3+3 G(3)
-
Р(2 ) + 2 А3 G(2)
-
Р3 + 3 А3 G3
2. Гинецей құрылысы.
-
Аналық аузы, аналық мойны, жатыны, ұрық клеткасы, жұмыртқа клеткасы.
-
Тамыр,сабақ жапырақ
-
Андроцей, генецей
-
Аталық жіпшесі, тозаңдылық стаминодии.
-
Гүлсерігі-тостағанша, күлте жапырақшалары
3. Андроцей құрылысы.
-
Аталық жіпшесі, тозаңдылық стаминодии
-
Тамыр,сабақ жапырақ
-
Андроцей, генецей
-
Аналық аузы, аналық мойны, жатыны, ұрық клеткасы, жұмыртқа клеткасы.
-
Гүлсерігі-тостағанша, күлте жапырақшалары
4. Қантты дақылдар.
-
Асқабақ, жүзім, қант қызылшасы
-
Көкнар, мускатты асқабақ, мақта
-
Көкнар , сарғалдақ, эфедра
-
Қарағай шырша
-
Итмұрын сәбіз алма
5. Майлы дақылдар.
-
Көкнар, мускатты асқабақ, мақта
-
Көкнар , сарғалдақ, эфедра.
-
Асқабақ, жүзім, қант қызылшасы.
-
Қарағай шырша
-
Итмұрын сәбіз алма.
6. Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер.
-
Күнбағыс, жусан, бақ-бақ
-
Қияр, қауын, қарбыз
-
Алма, шие, итмұрын, өрік
-
Капуста, ридиска, бақташы сөмкесі.
-
Тал, терек, чозеня
7. Асқабақ тұқымдасы.
-
Қияр, қауын, қарбыз
-
Алма, шие, итмұрын, өрік.
-
Күнбағыс, жусан, бақ-бақ
-
Капуста, ридиска, бақташы сөмкесі.
-
Тал, терек, чозеня
13-апта
ОБСӨЖ №37
ОБСӨЖ тақырыбы: Желектілер қатарлар тобына жалпы сипаттамасы
Corolliflorae.
ОБСӨЖ жоспары:
-
Құртқаштар тұқымдасы
-
Лалагүлдер тұқымдасы
ОБСӨЖ мазмұны: Дара жарнақтылар класы 4 кластармағынан, 38 қатардан, 104 тұқымдас, 63000 түрден тұрады. Негізгі өмірлік формасы шөптесін өсімдіктер (1,2 көпжылдықтар). Жер бетінің барлық құрлықтарында кең таралған. Дара жарнақтылардың флоэмасында тін паренхимасы болмайды, ол тек сүзгілі түтіктерден, серіктік клеткалардан тұрады. Ксилемасы флоэманы айнала қоршап тұрады, жапырақтары екі қатар түзіп орналасады. Дара жарнақтылардың ішінде жоғарғы деңгейде маманданған өсімдіктер көптеп саналады. Дара жарнақтылар гүлсерігінің құрылысының ерекшеліктеріне қарай екі қатарлар тобына бөлінеді.
Құртқашаштар тұқымдасы – Iridaceal. 80 туыс, 1800 түр жатады. Тропик, субтропиктерде, қоңыржай климатты обылыстарда кең таралған. Оңтүстік Африка жер орта теңіз Батыс, Шығыс, Азияда, Оңтүстік Америкада кездеседі. Құрғақ, батпақты жерлерде өсетін тамырсабақты, түйнекті пиязшалы өсімдіктер. Жапырақтары қылыш тәрізді. Гүлдері сабақтың ұшында біреуден болады, қосжынысты, дұрыс немесе бұрыс гүлдері үлкен. Гүлсеріктері актиномофты, сиректеу зигоморфты желек тәрізді түтікше біріккен жапырақшадан тұрады. Аталықтар саны 3. Гүл түйіні үш ұялы. Аналық мойыны жоғарғы жағынан 3 –ке бөлінеді, желек тәрізді жақтаулардан немесе аналық аузынан (рыльце) тұрады. Жемісі қауашақ.
Гүл формуласы : Р3+3 А3 Сl(3) . БОР-да 5 туыс, 166 түр Қазақстанда 5 туыс 34 туыс кездеседі. Құртқашаш (ирис, касамик - Iris) үлкен туыс гүлдері үлкен әртүрлі түске боялған. Гүл серігі дұрыс (түтікті) аналығының аузы (3) етженді желек тәрізді бөліктен тұрады. Гүл түйіні 3 ұялы. Жемісі үш қырлы қауашақ олар Солтүстік ендіктің субтропикалық, қоңыржай климатты зоналарында өседі. Кавказ, Орта Азия, Сібір, Қиыр Шығыста және БОР –дың европалық бөлігінде кездеседі.
Лалагүлдер тұқымдасы –Liliaceae. Бұл тұқымдасқа 470 түр (10 туыс) кіреді. Дүниежүзі барлық флорасында кездеседі. Өмірлік формалары ағаштар, лианалар, көпжылдық шөптесін өсімдіктер, мәңгі жасыл немесе жаздық жасыл өсімдіктер. Бейімдеушілік процессі эволюциясында терең өзгерістерге вегетативті органдары ұшыраған. Олар пиязшығы (луковицы) тамырсабаққа түйнектерге, өнім түрлеріне айналған. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүл серігі қарапайым. Гинецейі ценокарпты сиректеу апокарпты 3,4 жеміс жапырақшаларынан тұрады. Жемісі қауашақ немесе жидек тәрізді.
Лалагүл туысы – (лилия - Lillum). Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты облыстарында өсетін 80-100 түрі бар. БОР-да 15 түр.Баданасы черепица тәрізді болып келеді. Гүлдері үлкен, шашақты, ақ, қызыл, сарыға боялған.
Асфодеалылар тұқымдасы – Asphodelaceal. Бұл тұқымдасқа 46-50 туыс 1400-1450 түр жатады. Өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер мен ағаштар.
Шырыш туысы –(эремурус Eremurus). Ланцет тәрізді жапырақтары топтасып жертаған (розетка) түзетін өсімдіктер. Эремурустар гүл шашағында 800 – дей гүл болады. БОР-да 23, Қазақстанда 13 түр өседі. Сәндік ретінде мәдени жағдайда ендірілген.
Алоэ туысы -(Aloe). 250 түрі бар. Оңтүстік Африка, Мадагаскар аралында өседі. Гүл серігі біріккен жапырақшалардан тұрады. Құстар мен тозаңданады. Ағаш тәрізді алоэ (алоэ древовидное).
Aloe arborescens – көп жылдық мәңгі жасыл шөптесін өсімдік суккулент 4м биіктікке дейін жетеді. Жапырағы өте жуан. Өте ерте гүлдейді. Гүлдері қызғыштау сары қоңырау формалы. Гүл шоғыры өсімдіктің ретінде бөлмелерге өсіріліп жапырағынан “Сабур” аталатын шырын медицинада қолданады.
13-апта
(1 балл)
ОБСӨЖ №38
ОБСӨЖ тақырыбы: Желектілер қатарлар тобы – Corolliflorae.
ОБСӨЖ жоспары:
-
Жалпы сипаттамасы
-
Құртқаштар тұқымдасы
-
Лалагүлдер тұқымдасы
-
Асфоделалар тұқымдасы
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Тест тапсырмасы
1. Дара жарнақтылардың неше класы бар?
-
4
-
4
-
8
-
10
-
13
2. Дара жарнақтылардың неше түрі белгілі?
-
63000
-
400
-
8000
-
1000
-
130
3. Дара жарнақтылардың неше тұқымдасы бар?
-
104
-
40
-
800
-
100
-
130
4. Лала гүлдер тұқымдасы гүлінің формуласы (қызғалдақ)
-
Р3 + 3 А3+3 G(3)
-
Са(5) Со (5)АО G(3) Са(5) Со(5) А(2) + (2) +1 GО
-
Са(5) Орар Са (5)А(5) G(2)
-
Р(2 ) + 2 А3 G(2)
-
Р3 + 3 А3 G3
5. Астық тұқымдасы гүлінің формуласы
-
Р(2 ) + 2 А3 G(2)
-
Са(5) Со (5)АО G(3) Са(5) Со(5) А(2) + (2) +1 GО
-
Са(5) Орар Са (5)А(5) G(2)
-
Р3 + 3 А3+3 G(3)
-
Р3 + 3 А3 G3
6. Құртқашаштар тұқымдасы – Iridaceal неше туысы белгілі?
А) 80
Б) 20
В)30
Д) 87
7. Даражарнақтылар класының белгілері.
-
Шөптесін. өсімдіктер, түтікшелері жабық, бір тұқым жарнақты.
-
Тұқым арқылы көбеюі , антеридилері жоқ, археногиялары сақталған стробилалы өсімдіктер.
-
Гүлді өсімдіктер, тұқымдары қоршауланған сабақтарының түтікшелері бар.
-
Споралы өсімдіктер , орхеногия және антеридии арқылы көбейеді
-
Барлығы
8. Даражарнақтылардың белгілері.
-
Шашақ тамырлы, жапырағы паралелл жүикелі гүлдері үш мүшелі
-
Ағаштар, сиректеу бұталар, аналық таметофиті – архегония, аталық тұқымының пайда болуы.
-
Спорангилері сорустарға жинақталған, қос жынысты өсімдіктер.
-
Кіндіктамырлы, жапырақтары торлы жүикелі, гүлдері бесмүшелі.
-
Барлығы
Реферат тақырыптары
-
Құртқаштар тұқымдасы
-
Лалагүлдер тұқымдасы
-
Асфоделалар тұқымдасы
-
Алоэ туысы -(Aloe).
-
Шырыш туысы –(эремурус Eremurus).
-
Лалагүлдер тұқымдасы –Liliaceae.
13-апта
ОБСӨЖ №39
ОБСӨЖ тақырыбы: Жетілмеген саңырауқұлақтар класы. Зигомицеттер класы
ОБСӨЖ жоспары:
1. Жетілмеген саңырауқұлақ класының құрылысы
2. Зигомицеттер көбеюі
3. Жетілмеген саңырауқұлақтардың ерекшеліктері
ОБСӨЖ мазмұны: Зигомицеттерге 400- дей түр жатады. Олардың мицелийлері біртұтас, перделерге бөлінбеген. Гифаларының қабықшаларында хитин болады. Жыныссыз көбеюі спорангиоспоралары немесе конидийлері арқылы жүзеге асады. Зооспоралары болмайды. Түрлерінің барлығы жер бетінде өседі.
Негізгі өкілдерінің бірі мукор (mucor mucedo) ол нанда, көкеністерде, көңде басқа органикалық субстраттарда сапрофит ретінде өседі. Гифалары біртұтас, перделерге бөлінбеген, ерекше бұтақталған, көп ядролы болып келеді. Жыныссыз көбеюі шар тәрізді спорангилердің ішінде пайда болатын споралардың көмегімен жүзеге асады. Споралар ылғалды субстратқа түсіп, өсіп жаңа гифалар береді. Жыныстық жолмен сирек көбейеді. Ол тек физиологиялық жағынан бір – бірінен айқын айырмашылықтары болатын екі мицелийі қатар өскен жағдайда ғана жүзеге асады. Бұл жағдайда мицелийдің гифалары бір – біріне қарама – қарсы бағытта өседі де ұштары жуандап түйіседі. Олардың арасын көлденең перделер бөліп тұрады.
Гифалардың түйіскен жерлеріндегі клетка қабықшалары еріп, олардың ішіндегі заттары да, ядролары да қосылады. Пайда болған зигота қара түсті қалың қабықшамен қапталады да біраз уақыт таныштық кезеңін басынан өткізеді. Содан соң зигота мейоз жолымен бөлінеді де өседі. Одан ұрықтық гифалар пайда болады. Осындай гифалардың үстінде спорангийлер жетіледі, ал олардың ішінде көптеген гаплоидты споралар дамиды.
Қолайсыз жағдайларда гифалар бірнеше бөліктерге бөлінеді. Оларды ондии деп атайды. Ондии қалың қабықшамен қапталуы келешегінде хламидоспораларға айналады. Қолайлы жағдай туысымен хламидоспоралар өсіп мицелийге айналады.
14-апта
ОБСӨЖ №40
(2 балл)
ОБСӨЖ тақырыбы: Гиаценттер, жуалар, меруертгүлділер тұқымдастары
ОБСӨЖ жоспары:
-
Гиаценттер тұқымдасының жалпы сипаттамасы
-
Жуалар тұқымдасының жалпы сипаттамасы, туыстары
-
Қасқыржем тұқымдасы
-
Меруертгүлділер тұқымдасының жалпы сипаттамасы
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Бақылау сұрақтары
Гиаценттер тұқымдасының жалпы сипаттамасы?
Жуалар тұқымдасының жалпы сипаттамасы?
Қасқыржем тұқымдасы?
Меруертгүлділер тұқымдасының жалпы сипаттамасы?
Жуалар тұқымдасы – Аlliacea?
Жуалар туыстарына сипаттама?
Жуа туысы (Лук - Allium)?
БОР-да, Қазақстанда жуалар таралуы?
Реферат тақырыптары
Қасқыржем тұқымдасы – Asparaqaceal туыстары
Қасқыржем туысы (Спаржа -Asparaqus)
Меруертгүлділер немесе ландыш тұқымдасы – Convallariaceae
Меруертгүл, мамыр ландышы (ландыш майский – Convallaria majalis)
Тест тапсырмалары
1 Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер.
-
Қияр, қауын, қарбыз
-
Алма, шие, итмұрын, өрік
-
Күнбағыс, жусан, бақ-бақ
-
Капуста, ридиска, бақташы сөмкесі.
-
Тал, терек, чозеня
2. Крест гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер.
-
Қияр, қауын, қарбыз
-
Алма, шие, итмұрын, өрік
-
Күнбағыс, жусан, бақ-бақ
-
Капуста, ридиска, бақташы сөмкесі.
-
Тал, терек, чозеня
3. Гиаценттер тұқымдасына неше туыс жатады?
А. 40
В. 56
С. 47
Д. 58
Е. 60
4. Гиаценттер тұқымдасына неше түр жатады?
А. 900
В. 560
С. 470
Д. 580
Е. 600
5. Жуалар тұқымдасы – Аlliacea неше туысы белгілі?
А. 32
В. 56
С. 47
Д. 58
Е. 60
6. Жуалар тұқымдасына неше түр енеді?
А. 750
В. 560
С. 470
Д. 580
Е. 600
7. Бор –да жуалар тұқымдасының неше туысы бар?
А. 2
В. 5
С. 4
Д. 5
Е. 6
8. Қазақстанда жуалардың неше түрі бар?
А. 109
В. 562
С. 471
Д. 584
Е. 605
14-апта
ОБСӨЖ №41
ОБСӨЖ тақырыбы: Қыналар бөлімі
ОБСӨЖ жоспары:
1. Қыналардың құрылысы
2.Қыналардың кездесетін жері
ОБСӨЖ мазмұны: Қыналардың 20 мыңнан астам түрлері белгілі. Құрылысы. Бұл комплексті симбиотикалық организмдер. Олар екі компоненттен тұрады : балдырдан және саңырауқұлақтан. Балдырлар организмінің өміріне қажетті углеводтарды синтездейді, олар талломда лихенин түрінде жинақталады. Ал сңырауқұлақтың гифалары организмге қажетті суды өз бойына сіңіреді және тұрақтандырады.
Қыналардың талломы саңырауқұлақтың матасқан гифаларынан және олардың арасында орналасқан жасыл немесе көк – жасыл балдырлардан тұрады. Талломның екі түрі болады : гомомерлі және гетеромерлі.
Талломның бір жерінде балдырлар басым болса, екінші жерінде саңырауқұлақтың гифалары басым болады. Талломның балдырлар басым болып келетін қабатын гонидиалды қабат деп атайды. Қыналардың өзін құрайтын компоненттерінде биологиялық ерекшеліктері болады. Мысалы, қыналар балдырлар мен саңырауқұлақтар өспейтін жерде өсе алады. Сонымен қатар жар тастардан, топырақтың бетінен, ағаштың діңдерінен кездестіруге болады.Әсіресе тундрада олар көптеген территорияны алып жатады.Қыналар ұзақ уақыттар бойы сусыз өмір сүре алады.Талломдарының формаксына қарай қыналарды үш морфологиялық типке бөледі : қаспақты,жапырақты, бұталы.
Көбеюі. Қыналар тек вегетативтік жолмен көбейеді. Жыныстық және жыныссыз көбеюлері қыналардың компоненттерінің тек біреуінде саңырауқұлақтарда ғана болады.
Шаруашылықтағы маңызы. Қыналардың халық шаруашылығында маңызы зор. Олар солтүстік бұғыларының азығы. Классификациясы. Қыналар төрт класқа бөледі: фиколихенес класы, қалталы қыналар класы, базидиалды қыналар класы, дейтеролихенес класы.
Бөлімнің құрамында 500 –дей түр бар. Талломы клеткаларға дифференциаланбаған және тұрақты формасы болмайтын көп ядролы, цитоплазмалық маса плазмодий түрінде болады. Оның мөлшері үлкен диаметрі бірнеше ондаған сантиметрге жетеді.
Кілегейлілер гетеротрофты өсімдіктер, сапрофиттер,сиректеу паразиттері де кездеседі.Сапрофиттерінің плазмодиі көп жағдайда сары,қызғыштау және түссіз болып келеді. Кілегейлілер секундына 0,4мм жылдамдылықпен қозғалады. Қор заттары жиналған сайын плазмодийі ашық құрғақ жерге жылжып шығады да,көптеген споренгийлер береді. Оның барлығына ортақ қатты қабықшасы болады. Көптеген түрлерінің цитоплазмалық массасынан капилиций деп аталатын жіпшелер түзеді. Бұл жіпшелер бойына суды көп жинайды және спорангилердің қабықшалары жарылған соң споралардың шашылуын қамтамасыз етеді. Споралары қолайлы жағдай туғанда өседі. Көп жағдайда әр спорадан бірден төртке дейін зооспора түзіледі және олар бөлінуге қабілетті болып келеді.
Зооспоралар талшықтарын тастап миксамебаларға айналады. Миксамебаларда көбеюге қабілетті болып келеді. Жыныстық процесі миксамебалардың, кейде зооспоралардың қосылуы арқылы жүзеге асады. Нәтижесінде олардан диплоидты плазмодийлер түзіледі. Паразит миксомицеттердің спарангилері болмайды.Споралары миксомицеттердің осы тобының иесі болып табылатын өсімдіктердің клеткаларында жиналады.
Классификациясы. Кілегейлілер бөлімі мынадай кластардан тұрады : протостелділер класы, миксогастралар немесе нағыз кілегейлілер класы, акразиалар немесе клеткалы кілегейлілер класы, плазмодиофоралар класы. Осылардың ішіндегі ең кең тарағаны плазмодиофоралар класы.
14-апта
ОБСӨЖ №42
(2 балл)
ОБСӨЖ тақырыбы: Қабыршақты гүлдер қатарлар тобы - Glumiflorae .
ОБСӨЖ жоспары:
-
Қияқөлеңдер тұқымдасы
-
Астық немесе қоңырбастар тұқымдасы
-
Бамбук тәрізділер тұқымдастығы
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Коллоквиум сұрақтары
-
Қияөлеңдер тұқымдасы Cyperaceae сипаттама?
-
Гүлшоғырының қызметі?
-
Андроцейдің түрлері?
-
Гүлтүйінің формалары?
-
Қияөлең туысы – Cuperus?
-
Тамырсабақтың өсуі?
-
Сабақ қызметі?
-
Жапырақтың маңызы?
-
Р0 А0 G(3) P0 A3 G0. қандай формула?
-
Же міс түрлері?
Тест тапсырмасы
1. Қатты бидай аты?
-
Tritisum durum
-
Zea mays
-
Orisa sativa
-
Aloe arborescens
-
Hyacithus vulgaris
2. Дән дегеніміз?
-
Астық тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемісі
-
Раушан гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемісі
-
Крест гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемісі
-
Шамшаттар тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемісі (емен)
-
Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемісі
3. Астық тұқымдасы гүлінің формуласы
-
Р(2 ) + 2 А3 G(2)
-
Са(5) Со (5)АО G(3) Са(5) Со(5) А(2) + (2) +1 GО
-
Са(5) Орар Са (5)А(5) G(2)
-
Р3 + 3 А3+3 G(3)
-
Р3 + 3 А3 G3
4. Репрадуктивтік оргондар.
-
Андроцей, генецей
-
Тамыр,сабақ жапырақ
-
Аналық аузы, аналық мойны, жатыны, ұрық клеткасы, жұмыртқа клеткасы.
-
Аталық жіпшесі, тозаңдылық стаминодии.
-
Гүлсерігі-тостағанша, күлте жапырақшалары
5. Гинецей құрылысы.
-
Аналық аузы, аналық мойны, жатыны, ұрық клеткасы, жұмыртқа клеткасы
-
Тамыр,сабақ жапырақ
-
Андроцей, генецей
-
Аталық жіпшесі, тозаңдылық стаминодии.
-
Гүлсерігі-тостағанша, күлте жапырақшалары
6. Андроцей құрылысы.
-
Аталық жіпшесі, тозаңдылық стаминодии
-
Тамыр,сабақ жапырақ
-
Андроцей, генецей
-
Аналық аузы, аналық мойны, жатыны, ұрық клеткасы, жұмыртқа клеткасы.
-
Гүлсерігі-тостағанша, күлте жапырақшалары
7. Астық тұқымдасы.
-
Gramineae
-
Compositae asteraceae
-
Cucurbitaseae
-
Сaryophyllaseae
-
Вetylaseae
8. Астық тұқымдасына жататын өсімдіктер.
-
Бидай, арпа, күріш
-
Жоңышқа , беде, асбұршақ
-
Картоп, темекі, бұрыш.
-
Сәбәз укроп,селдери
-
Мақта , жалбыз тікен, алти.
15-апта
ОБСӨЖ №43
ОБСӨЖ тақырыбы: Мүктәрізділер бөлімі
ОБСӨЖ жоспар:
1. Мүктер қатары
2. Мүктердің құрылысы
3. Мүктердің көбеюі
ОБСӨЖ мазмұны: Ринофиттердің гаметофиттері табылмаған.
Классификациясы. Риниофиттер бөлімі екі кластан тұрады : риниопсидтер (Rhinyopsda) зостерофиллопсидтер.(Zosterophyllopsida). Негізгіөкілдерінің біріне риния (Khynia туысы) жатады.Оның биіктігі 20см, диаметрі 3мм болатын шөптесін өсімдік.
Түрлерінің жалпы саны 35 мыңдай. Құрылысы. Мүктәрзділердің өмірлік циклінде, басқа жоғарғы сатыдағы өсімдіктердегідей екі фазасын – спорофи мен гаметофитінің алмасуы байқалады. Алайды бұларда гаметофиті басым болып келеді, ал қалған жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің барлығының спорофиті басым болады. Осы ерекшелігіне байланысты мүк тәрізділерді өсімдіктердің эволюциясына дербес бүйірлік бұтақ ретінде қарастырады.
Гаметофит дегеніміз жапырақ тектес таллом немесе сабақтан және жапырақтан тұратын өсімдік. Тамырлары жоқ, олардың қызметін ризоидтары қарайды. Ал ризоидтар дегініміз өсімдіктердің сыртқы клеткаларынан пайда болатын өсінділер болып табылады. Жыныстық көбею органдары көпклеткалы. Мүк тәрізділердің спорофиті спорогон деп аталынады, ол гаметофитке бағынышты. Морфологиялық тұрғыдан қарағанда спорофит жоғарғы ұшы шар тәрізді, эллипс тәрізді немесе цилиндр тәрізді болып келетін қорапшамен аяқталатын, жіңішке сағаққа аяқшасы бар орган. Қорапшаның ішінде спорангилері мен споралары жетіледі. Спорогон гаметофитпен тығыз байланысы болады, өйткені одан суды және қажетті қоректік заттарды алады. Мүк тәрізділердің ең үлкенінің вегетативтік денесінің мөлшері (размері) гаметофиті мен спорогонын қосып есептегенде 60см – ден аспайды.
Мүктәрізділер сырт құрылысы және экологиясы жағынан балдырларға жақын. Балдырлар секілді, олардың да сосудтары мен тамырлары болмайды.Кейбір қарапайым өкілдерінің вегетативтік денесі жерге төселіп өсетін дихотомиялы бұтақтанған балдырлардың талломына ұқсас талломнан тұрады. Ұрықтануы сумен тікелей байланысты. Балдырлар секілді мүк тәрізділердің ішінде де ағаштанған формалары болмайды.
Таралуы. Мүк тәрізділер дүниежүзінің барлық құрлықтарында кездеседі,бірақ таралуы біркелкі емес. Тропикалық елдерде олар негізінен таулы жерлерде өседі. Аздаған түрлері ылғалы жеткіліксіз жерлерде, мысалы шөлейт аймақтарда кездеседі. Кейбір түрлері ағаштардың қабығында эпифит ретінде немесе суда өмір сүреді. Түрлерінің басым көпшілігі Солтүстік ендіктің қоңыржай және суық климатты облыстарының ылғалы мол жерлерде өседі. Мүк тәрізділердің тундраның, батпақты жерлердің және орманның өсімдіктер жабынының қалыптасуында алатын орны ерекше.
Классификациясы. Мүк тәрізділер үш класқа бөлінеді: антоцероттылар класы (антоцеротовые или антоцеротопсиды) – (Anthocerotopsida), бауыр мүктер класы (поченочники или леченочные или) – Marschantiopsida или Hepaticopsida, нағыз мүктер класы (листостебельные) мхи, или мхи, или бриопсиды – Вryopsida или (Musci). Ең маңыздылары соңғы екі кластың өкілдері. Сондықтан да біздер осы екі класқа тоқталуды жөн көрдік.
Бауыр мүктер класы – Hepaticopsida. Түрлерінің жалпы саны 10 мыңдай болады. Барлық жерлерде кездеседі. Бауыр мүктерінің вегетативті денесінің құрылысының қарапайымдылығы, олардың ерте пайда болғандығын көрсетеді.
Бауыр мүктер класы екі кластан тұрады : маршанциялар кластары (Maqchantiidae), юнгерманиялар кластармағы (Junqermannidae). Маршанциялар кластармағы екі қатардан тұрады : сферокарпалар қатары (Sphaerocarpales) және маршанциялар қатары (Marchantiales), ал юнгерманиялар кластармағы үш қатардан тұрады : метцгериялы қатары (Metzqeriales), гапломитриялықтары (Haplomitriales) және юнгерманиалар қатары (Junqermanniales).
Кластың негізгі өкілі кәдімгі маршанция. Ол гаметофитінің ұзындығы 10-12см болатын дихотомиялы бұтақталған, пластинка тәрізді талломнан тұрады. Таллом екі жағынан бірдей эпидермиспен қапталған. Жоғарғы эпидермистің ауа келіп тұратын тесігі устьицасы болады. Бұл төрт қатар болып орналасқан арнайы клеткалармен қоршалған, үлкен клетка аралық қуыстар. Устьицалардың астында ауа қуыстары болады. Төменгі эпидермистен бір клеткалы ризоидтар мен қызғыштау немесе көкшілдеу түсті қабықшалар кетеді. Оларды кейде редукцияға ұшыраған жапырақтарға жатқызады. Жоғарғы эпидермистің астында ассимиляциялық ұлпа орналасады. Ол бір ядролы хронпластары бар, вертикаль орналасқан, бағаналы паренхималық клеткалардың қатарынан тұрады. Оның астында клетка қабықшалары жұқа, хлорофилдері жоқ паренхималық клеткалардың қабаты жатады. Яғни маршанциялардың талломының құрылысы дорсивентральды болып келеді.
Талломының үстіңгі жағында ерекше бұтақшалар тіректер (подставки) пайда болады, ал олардың жоғарғы жағында жыныс органдары жетіледі. Маршанция екі үйлі өсімдік. Бір өсімдіктер тірек тоғыз сәулелі жұлдызша формалы болып келеді. Осы сәулелердің арасында, оның астыңғы жағынан аналық жыныс органы архегонийлері орналасады. Екінші бір өсімдіктерде тірек сегіз бұрышты қалқанша формалы болып келеді. Қалқаншаны жоғарғы жағындағы антериальды қуыстың ішіне антеридийлері еніп жатады. Архегонияның құрсақ жағында жұмыртқа клеткасы жетіледі. Жұмыртқа клеткасы мен сперматозоид қосылғаннан соң зиготадан спорогон жетіледі. Ол қысқа сағақты (тірсекті) қорапшадан тұрады және гаусториялары арқылы гаметофитке бекініп тұрады. Қорапшаның ішінде спора түзетін клеткалардан мейоздың нәтижесінде гаплоидты споралар мен элатералар пайда болады. Элатералар дегеніміз қабырғалары спираль тәрізді қалыңдаған, ұзынша келген өлі клеткалар. Олар споралардың массасының (үйіндісінің) ыдырауын және қорапшадан сыртқа шашылуын қамтамасыз етеді. Қолайлы жағдайда спорадан протонема (өскінше) жетіледі. Оның үстіңгі клеткаларынан маршанцияның талломы өсіп шығады.
Вегетативті көбеюі, линза формалы, түсі жасыл болып келетін өнім бүршіктері (выводковые почки) арқылы жүзеге асады. Олар талломның үстінде болатын ерекше кәрзіңкелердің ішінде, олардың түбінде төселіп жататын клеткалардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болады.
Маршанциялардың түрлері табиғатта кең таралған. Олар көп жағдайда ылғалы мол жерлерден : көлдер мен өзендердің жағасынан, жыралардан, ормандардағы төменгі ярусты түзетін шөптесін өсімдіктердің арасынан кездестіруге болады. Түрлерінің жалпы саны 25 мыңдай болады. Көптеген түрлері Солтүстік ендіктің поляр шеңберіне жақын орналасқан елдерінде өседі. Тундраның үлкен кеңістігінде, батпақты және орманды жерлерінде, өсімдіктер жабынында олар басым болып келеді.
Студенттердің орындайтын тапсырмалары:
Бақылау сұрақтары:
1. Мүктер қатары
2. Мүктердің құрылысы
3. Мүктердің көбеюі
15 - АПТА
ОБСӨЖ №44
ОБСӨЖ тақырып : Қоңырбастар тұқымдастармағы –Poaeoidae.
ОБСӨЖ жоспар:
-
Қоңырбас тұқымдастармағы өсімдіктерінің жалпы сипаттамасы
-
Бидай туыстарының биологиялық ерекшеліктері
-
Арпа туыстарының биологиялық ерекшеліктері
-
Сұлы, қоңырбас туыстарының биологиялық ерекшеліктері
ОБСӨЖ мазмұны: Қоңырбастар тұқымдастармағы –Poaeoidae. Масақшасының 2 масақтық қабықшасы болатын көпгүлді немесе бір гүлді өсімдіктер. Бұл тұқымдастардың өкілдері тамақтық, нан пісіруге қажетті ұн алынатын, малға азықтық өсімдіктер.
Бидай туысы – (Triticum - пшеница). 19 түрі бар төртеуі табиғи жағдайда өседі, қалғандары мәдени немесе жабайы өсімдіктер болып келеді. БОР-да 13 түрі бар. Шыққан ортасы Грузия болуы мүмкін. Өмірлік формасы – бір жылдық, екі жылдық шөптесін өсімдіктер. Жел арқылы өздігінен айқас тозаңданады. Масағы жалғыздан, 3-7 гүлі болады. Дәндері әдетте 2-3 төменгі гүлдерінен пайда болады.
Қатты бидай (Т.durum). Егістік көлемі бірінші орында. Олар негізінен шөл, шөлейт аймақтарда жартылай орманды зоналарда себіледі.
Қарабидай туысы (Рожь -sicale). Қоңыржай климатты таулы аудандарда кең таралған 8 түрі бар. БОР флорасында 5 түрі бар. Негізінен Кавказда шоғырланған. Қарабидайдың жабайы түрі пшеница дикая – S.sylveistre. ТМДВ елдерінің Еропалық бөліктерінде Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс аудандарында, Кавказ, Сібірде таралған бір жылдық шөптесін өсімдіктер.
Арпа туысы --- (Ячмень-- Hordeum). Негізінен 26 түрі бар, оның 12- і Қазақстанда кездеседі. Жабайы түрлері Қырымда, Кавказда, Орта Азияда өседі. БОр териториясында соның ішінде Қазақстанда екі түрі көп себіледі. Олар қосқатар арпа (ячмень двурядный –Н Disitichum) және кәдімгі арпа ячмень обыкновенный Н. Vulqare. Арпаның гүл шоғыры күрделі масақ, арпа өздігінен тозаңданады, құрғақшылықта айқас тозаңдануы мүмкін. Арпа ерте піседі. Дәндерінен арпа жармасын және сыра ашытады. Мал азығы үшін пайдалы.
Сұлы туысы (Овес -Avena). 33 түрі бар. Олар Жерорта теңізі елдерінде кең таралған. БОР-да 18 түр, Қазақстанда 7 түрі кездеседі. Оның гүл шоғырын сыпырғы деп атайды. Сыпырғы бұтақшаларында масақшалар орналасады. Олардың әрқайсысында 2-4 гүлі бар. Өздігінен тозаңданады. Сұлы суыққа төзімді дақыл. Мәдени егістік сұлы –овес полевой А. Sativa. БОР- дың орталығы және Солтүстік аудандарында себіледі.
Қоңырбас туысы – (мятлик роа) . 200 түрі бар. БОР-да 110 түрі, Қазақстанда 38 түрі бар. Кейбіреулері космополит, мал азығы ретінде құнды. Соның ішінде мәдени жағдайда себілетіні жуашық қоңырбас (Poa Bulboqa), шалғын қоңырбасы (Роа pratensis) көп жерде отырғызылады.
Бидайдың туысы (пырей Aqropyron). Жер шарының қоңыржай климатты жерлерінде өседі. БОР-да 60 түр, Қазақстанда 44 түрі кездеседі. Олар горизонталь бағытта өсетін ұзын тамырсабақты немесе қысқа тамырсабақты көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жатаған бидайық – (пырей ползущий А. Repens). Өте өзгергіш түрі жабайы шөп.
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Бақылау сұрақтары
-
Қоңырбастар тұқымдас тармағы –Poaeoidae ерекшеліктері?
-
Масақшасының саны мен маңызы?
-
Бидай туысы – (Triticum - пшеница) түр айырмашылықтары?
-
Табиғи жағдайда өсуінің маңызы?
-
БОР-дағы түрлер саны?
-
Өмірлік формасының ерекшеліктері?
-
Таралуы мен факторлар әсері?
-
Қатты бидай (Т.durum) маңызы?
-
Қарабидай туысы (Рожь -sicale) ерекшеліктері?
-
Таралу аудандарының ерекшеліктері?
-
Арпа туысы (Ячмень-- Hordeum) ауылшаруашылығындағы маңызы?
-
Сұлы туысы (Овес -Avena)?
-
Қоңырбас туысы – (мятлик роа)?
15- АПТА
ОБСӨЖ №45
ОБСӨЖ тақырып : Астық гүлділер қатары.
Тарылар тұқымдас тармағы – Paniocidae.
ОБСӨЖ жоспар:
-
Тарылар тармағына жалпы сипаттама
-
Жүгері туысы
-
Күріш туысы
-
Құмай туысы
ОБСӨЖ мазмұны: Масақтарының қабықшасы (чешуя) екіден көп масағы барлық уақытта бір гүлді, кейде екінші гүлі пайда болады. Ол аталық гүл болып келеді. Жапырақ тілшелері түкті.
Жүгері туысы (кукуруза - Zea). Бір үйлі өсімдік гүлдері, гүл шоғыры әртүрлі жынысты. Гүл шоғырында екі гүлді аталық масақтары орналасады. Екі гүлді масақтың әрбір үйінде үштен аталығы болады. Аталық гүлдері собық аталатын күрделі гүл шоғырына жиналады. Собық жапырақтардың қолтығында орналасады. Олар түрі өзгерген жапырақ жамылғымен оралған. Аналық гүлдің гүл түйіні дөңгелек, мойны жібек жіп тәрізді ұзын болады. Оның ұшы екі жақтауы бар аналықтың аузымен (рыльце) аяқталады. Тозаңнан соң өсімдікте собық пайда болып, шашақталып пісіп жетіледі. Жүгеріде өздігінен тозаңдану мүлде жоқ десе де болады. Тозаң аналық аузына жел арқылы жақын өсіп тұрған өсімдіктерден келіп түседі. Шыққан жері – Мексика жылу сүйгіш өсімдік. Оның тамыры ауаның жеткілікті мөлшерде болып тұрғанын жақсы көреді. Жүгері жарықтықты жақсы көреді. Оларды бір – бірінен қашықтау егеді, күніне 1 литр суды қажет етеді.
Кәдімгі жүгері (кукуруз обыкновенная Zea mays). Биіктігі 2-3 метр бір жылдық шөптесін өсімдік. Мәдени жағдайда өседі. Европаға Оңтүстік Америкадан 1493 жылы әкелінген. Россияға Х ғасырда себе бастаған. 8 түр – тармағына бөлінеді. Тамақтық, малға азықтық, техникалық өсімдік ретінде маңызды. АҚШ –та, Аргентинада және Европада мал азығы үшін Қытай, Индия, Молдово, Грузияда астық беретін дақыл. Сорттары көп : силостық, тамақ өнімдері үшін себіледі.
Күріш туысы (рис - Oryza). Азия, Африка, Австралия, Оңтүстік Америкада таралған 24 түрі бар. Бір гүлді масақшалары сыпырғы тәрізді гүлшоғырына жиналған. Екі түрі себіледі. Маңыздысы екпе күріш (рис обыкновенный О. Sativa). Орта Азия, Шығыс Азия, Қытайда көптеп өсіріледі. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша күріштің 2 мыңнан астам сорттары бар.
Құмай туысы (Сорro - Sorqhum). 40 түрі бар. Олар тропикалық елдердің, Африканың құрғақшылыққа төзімді өсімдіктері. БОР-да себілетін немесе арам шөп ретінде кездесетін 8 түрі бар. Сабақтарының іші ұлпамен толтырылған. Сыпырғы тәрізді гүл шоғыры болады. Масақшасы бір немесе екі гүлді. Біреуі қосжынысты, екіншісі аталық болады. Дәні домалақ.
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Бақылау сұрақтары
-
Тарылар тармағына жалпы сипаттама?
-
Жүгері туысының маңызы?
-
Күріш туысына сипаттама?
-
Құмай туысының маңызы?
-
Құмайдың масақшаларының түрлері?
-
Күріштің сабақтарының ерекшеліктері?
-
Жүгерінің таралуы мен келіп шығу аймақтары?
Қолданылатын әдебиеттер тізімі негізгі.
Негізгі :
-
Комарницкий Н.А. Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Ботаника : Систематика растений учебник М. Просвещение, 1975 с. 608.
-
Курс низших растений (под ред М.В.Горленко) М. Высшая школа 1981 с520.
-
Антипина Г.С. Водоросли. Учебное пособие Петрозаводск, 1992, изд. ПГУ с 111.
-
Әметов Ә. Ботаника. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім баспасы Алматы 2000ж
-
Әметов Ә., Мырзақұлов П.М. Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы 1-бөлім Архегониальды өсімдіктер Алматы Қазақ университеті 2000ж.
-
Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. А. мектеп 1972.
Қосымша -
Назарбекова С.Т. Краткий курс лекции по систематике низших растений учебное пособие Алматы изд «Қазақ университеті» 1992г 129с.
-
Лемеза Н.А. Шуканов А.С. Малый практикум по низшим рестениям учебное пособие Минск университетская 1994 с288.
-
Буш Н.А. Систематика высших растений М.1959.
-
Тахтаджян А.Л. Систематика магнофитов Л. 1987. с 440.
ОБСӨЖ тапсырмалар мәтіні биология кафедрасының 28. 08. 2009 ж. мәжілісінде талқыланып және № 1 хаттамамен бекітілді.
Кафедра меңгерушісі, аға оқытушы Кукиев С.С.
Құрастырған: “Биология” кафедрасының
Б.ғ.к., доценті Келдібеков С.Е.
Достарыңызбен бөлісу: |