Ι. Пәннің мақсаты мен міндеттері,оның оқу процесіндегі ролі


Студенттер орындайтын тапсырмалар



бет7/8
Дата17.06.2016
өлшемі1.01 Mb.
#142235
1   2   3   4   5   6   7   8

Студенттер орындайтын тапсырмалар:


Тест тапсырмасы

1. Раушангүлдер тектес бос желектілер қатарлар тобы.

  1. Итмұрындар алмалар, раушангүлдер тұқымдастары.

  2. Шамшаттар, қайыңдар, талдар тұқымдастары.

  3. Алқалар, шырмауықтар, ерінгүлділер тұқымдастары.

  4. Сарғалдақтар, бөріқарақаттар, түңғиықтар тұқымдастары.

Е) Қалақайлар, алабұталар, тарандар тұқымдастары.

2. Раушан гүлдердің жемісі

  1. Көп сүйекті жидек

  2. Дәнек

  3. Сүйекше

  4. Қауашақ

  5. Бұршаққап

3. Табылғылар тұқымдасы тармағы гүлінің формуласы.

  1. Са5 С05 АsG 5

  2. РО АОG(2); Р2 А2 GО

  3. Са(5)Со (5) А5G(2)

  4. Са(5)Со (5) А10G(5)

  5. Са(4)Со 4а А2+4G(2)

4. Раушангүлдер тұқымдасына жататын өсімдіктер.

  1. Алма, шие, итмұрын, өрік

  2. Қияр, қауын, қарбыз

  3. Күнбағыс, жусан, бақ-бақ

  4. Капуста, ридиска, бақташы сөмкесі.

  5. Тал, терек, чозеня

5. Раушангүлділер тұқымдасына тән белгілер.

  1. Гүлшоғыры жай шатыр, гүлі бес жоспарлы, қосжыныста актиноморфты, гүлсерігі қосарланған

  2. Гүлшоғыры сырға тәрізді, гүлсерігі қарапайым, гүлдері даражынысты

  3. Гүлшоғыры шоқпарбас, түйнек бактериялармен симбиоз құрайды.

  4. Гүлшоғыры күрделі масақ, сыпырғы, жемісі дәнек.

  5. Гүлшоғыры себет 4 шеңберлі күлтесі 5 мүшелі, жемісі тұқымша.

  1. Алмұрт туысын көрсет?

А. Pyrus

В. Angiospermatophyta , magnoliophyta

С. Bryophyta

Д. Polypodiophyta

Е. Еguisetophyta

7. Алмұрт туысының БОР – ғы санын көрсет?



  1. 17

  2. 7,500

  3. 10,000

  4. 12,500

  5. 15000

8. Алмұрт туысының Қазақстандағы санын көрсет?

  1. 2

  2. 7,500

  3. 10,000

  4. 12,500

  5. 15000



Реферат тақырыптары

              1. Шие туысы - (вишня Cerasus)

              2. Өрік туысы (абрикос - Armeniaca)

              3. Раушангүлділер тұқымдасы – Rosaceal

8-АПТА

ОБСӨЖ №23

ОБСӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: Бұршақ тұқымдасының жалпы сипаттамасы

Алқагүлділер қатары.


ОБСӨЖ жоспар:

  1. Бұршақ тұқымдасының жалпы сипаттамасы

  2. Сиыр, жоңышқа туысы

  3. Асбұршақ туысы

  4. Беде, жоңышқа туыстары

  5. Фасоль, соя, люпик туыстары


Сабақтың мазмұны: Бұршақтар тұқымдасының 120 мыңдай түрі бар (490 туыс). Олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты. Бұлардың өкілдерінің көпшілігі БОР-дың климаты құрғақ болып келетін субтропикалық және Солтүстік қоңыржай салқын климатты аудандарындағы өсімдіктер. Жабынының қалыптасуында маңызды негізгі өмірлік формалары : ағаштар, бұталар, көпжылдық, біржылдық шөптесін өсімдіктер.

Бұршақ тұқымдасы түйнек бактерияларымен симбиоз түзіп ауадағы бос жүрген азотты бойына сіңіруге мүмкіндігі болып шаруашылық практикасында маңызды роль атқарады. Бұршақ тұқымдастардың жапырақтары күрделі болып, олардың қосалқы жапырақтары бар. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры шашақ, масақ, шоқпарбас болып келеді. Гүлдерінің тостағаншасы біріккен жапырақшалардан тұрады, бес тісті дұрыс немесе зигоморфты (екі ерінді). Күлтесі зигоморфты бес күлте жапырақшаларының бір – бірімен бірігіп кетеді. Гинецейі бір мүшелі апокарапты, гүл түйіні жоғарғы көптеген түрлерінің гүлінің формуласы.

Са5 Со 3 +(2) А (9)+1 G1 жемісі Sos – дәні екі жағынан ашылатын немесе ішінде дәндері болатын бөліктерге бөлінеді. Дәндерінде белоктың мөлшері өте жоғары, асбұршақта (ropox -pisum) –34%, ноқатта (Cicor) – 31%. Белоктың сапасы бойынша фасоль –phascolus пен жасымақ (rerebuna- lens) жоғарғы орында тұрады. Олардың белоктық құрамында аминокислоттар бар. Бұршақтар тұқымдастары халық шаруашылығында маңызды азықтық,

жем –шөп ретінде құнды пішен немесе дәне алу мақсатында мәдени жағдайға ендірілген.

Егістік сиыр жоңышқа (вика посевная V. sativa) пішен, дән алу мақсатында өсірілетін бір жылдық шөптесін өсімдік. Олардың түрлері сиыр жоңышқа (вика мохнатая – V. villosa).Түкті сиыр жоңышқа вика волосатая

V. hirsut.

Асбұршақ туысы – (горох pisum). Түрлер саны белгісіз. БОР-да 6 түр бір жылдық, көп жылдық өсімдіктер.Сабақтары жұмсақ мұртшалары арқылы басқа өсімдіктерге жабысып өседі. Егістік асбұршақ (горох pisum). Бір жылдық шөптесін өсімдік, егісті дақыл ретінде көп таралған.

Беде туысы (клевер Trifolium) түрлер саны 300-дей БОР флорасында 65 түр, Қазақстанда 11 түрі кездеседі. Жер бетінің барлық құрлығында кездеседі. Сабақтары тік сиректеу жерге төселіп өседі. Жапырағы үш құлақ сиректеу 5-9 жапырақшадан тұрады. Гүлдері сары, қанық қызыл, ашық қызыл болып келеді. Күлте жапырақшалары түп жағынан біріккен. Жемісі



    1. дәнді екі ерінді қоңырау тәрізді тостағаншаға еніп тұрады.

Қызылбас беде клевер луговой –Т pratense биіктігі 30-50см болатын көп жылдық шөптесін өсімдік мамырдан күзге дейін гүлдейді. Гүлдері қызыл, шоқпарбас, дәндері біреуден болады. Мәдени жағдайда көп өсіріледі.

Қызғылт беде (клевер розовый Т. Hybridum) күлте жапырағының үсті солғын қызыл түсті болады. Ақ беденің (клевер ползучий белый Т. repens) күлте жапырағы ақ түсті болады. Мал азығы ретінде пайдаланады.

Жоңышқа туысы (люцерна - Medicaqo) 100- дей түрі бар көптеген регионда өседі. Борда –36 түр, Қазақстанда 18 түрі бар. Көпжылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер жапырағы 3 құлақ, сиректеу бұталар. Бобтары бір дәнді формасы бүйрек немесе орақ тәрізді. Сортаң сор топырақтарға жақсы өседі. Мал азығы үшін маңызы зор.

Сарбас жоңышқа –(люцерна желтая – М falkata) биіктігі 100 –120см болатын күлте жапырақшасының түсі сары құрғақшылыққа, ыстыққа суыққа төзімді өсімдік. Борда жабайы және мәдени жағдайда өседі.

Фасоль туысы (Phaseolis) 200-дей түрі бар. Азия, Африка аймақтарында өседі. Бір жылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары көп жағдайда шырмалып өседі. Жапырақтары 3 құлақ күрделі. Күлте жапырақшалары сары, ақ қызғыштау сары, қоңыр қызыл, сия көк түсті. Борда 20 түрі бар. Олар мәдени жағдайда өседі.

Кәдімгі фасоль (фасоль обыкновенный ph vulqaris) көкеніс дақылы Солтүстік Санкт Петербургте өседі.

Соя туысы – Glycine 40 түрі бар Борда бір түр уссурий соясы (соя уссурская) өседі. Шаруашылықта маңыздысы түкті соя (соя щетенистая - Ghispida) биіктігі 30-50см бір жылдық өсімдік, бір дәні болады. 1тонна дәнде 115кг май, 725кг ұн алынады.Дән құрамында 35% белок бар. Соядан әртүрлі тағамдар дайындалады.

Люпий туысы -(Lupinus) 400 түр бар шөптесін өсімдік, жартылай бұталар гүлдері ақ, сары, көк түсті болып келеді. Сәндік өсімдік ретінде өсіріледі.



8 -АПТА

ОБСӨЖ №24

(2 балл)

ОБСӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: Бұршақтар тұқымдасы – Fabaceal, Papilionaceal
ОБСӨЖ жоспар:

  1. Бұршақ тұқымдасының жалпы сипаттамасы

  2. Сиыр, жоңышқа туысы

  3. Асбұршақ туысы

  4. Беде, жоңышқа туыстары

  5. Фасоль, соя, люпик туыстары


Студенттер орындайтын тапсырмалар:

Реферат тақырыптары

        1. Бұршақтар тұқымдасы

        2. Соя туысы – Glycine

        3. Люпий туысы -(Lupinus)

        4. Фасоль туысы (Phaseolis)

        5. Қызғылт беде (клевер розовый Т. Hybridum)

        6. Асбұршақ туысы – (горох pisum).

        7. Егістік сиыр жоңышқа (вика посевная V. sativa)


Тест тапсырмасы

1. Бұршақ тұқымдасына жататын өсімдіктер.

  1. Жоңышқа , беде, асбұршақ

  2. Бидай, арпа, күріш

  3. Картоп, темекі, бұрыш.

  4. Сәбәз укроп,селдери

  5. Мақта , жалбыз тікен, алти.

2. Алқалар тұқымдасына жататын өсімдікер.

  1. Картоп, темекі, бұрыш

  2. Бидай, арпа, күріш

  3. Жоңышқа , беде, асбұршақ

  4. Сәбәз укроп,селдери

Мақта , жалбыз тікен, алти

3. Бұршақтар тұқымдасына тән белгілер.

  1. Гүлшоғыры шоқпарбас, түйнек бактериялармен симбиоз құрайды.

  2. Гүлшоғыры жай шатыр, гүлі бес жоспарлы, қосжыныста актиноморфты, гүлсерігі қосарланған

  3. Гүлшоғыры сырға тәрізді, гүлсерігі қарапайым, гүлдері даражынысты

  4. Гүлшоғыры күрделі масақ, сыпырғы, жемісі дәнек.

  5. Гүлшоғыры себет 4 шеңберлі күлтесі 5 мүшелі, жемісі тұқымша.

4. Асбұршақ туысын ата?

  1. горох pisum

  2. Бидай, арпа, күріш

  3. Жоңышқа , беде, асбұршақ

  4. Сәбәз укроп,селдери

5. Беде туысы (клевер Trifolium) түрлер саны

    1. 300

    2. 2

    3. 3

    4. 4

    5. 5

6. Беде туысы (клевер Trifolium) түрлерінің БОР ғы саны?

    1. 65

    2. 2

    3. 3

    4. 4

    5. 5

7. Фасоль туысы (Phaseolis) түрлерінің саны?

    1. 200

    2. 2

    3. 3

    4. 4

    5. 5

8. Соя туысы – Glycine түрлер саны?

    1. 40

    2. 2

    3. 3

    4. 4

    5. 5

9. Люпий туысы -(Lupinus) түрлер саны?

    1. 400

    2. 200

    3. 300

    4. 40

    5. 50


9-апта

ОБСӨЖ №25

ОБСӨЖ тақырып : Құлқайырлар тұқымдасының жалпы сипаттамасы
ОБСӨЖ жоспар:

  1. Құлқайырлар тұқымдасының жалпы сипаттамасы

  2. Мақта туысының морфологиялық ерекшеліктері

  3. Сельдрейлер тұқымдасының жалпы сипаттамасы


ОБСӨЖ мазмұны: Құлқайырлар тұқымдасының 15 мыңдай түрі бар (82 – 92 туыс). Өмірлік формалары : ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер. Табиғи жағдайда дүние жүзінің барлық құрылықтарында негізінен, тропикалық аудандарда, әсіресе Оңтүстік Америкада кездеседі. Гүлдері үлкен жалғыздан жапырақтың қолтығында немесе ерекше бұтақтарында орналасады. Гүлсерігі қосарланған болып келеді, одан басқа тостағанша асты жапырақшалары болады. Тостаған асты жапырақшалары гүл асты жапырақшаларынан пайда болады. Андроцейі екі шеңбер түзіп орналасқан 10 аталықтан тұрады. Оның сыртқысының аталықтары редукцияға ұшыраған, ал ішкі шеңбердің аталықтары бөлінеді де, олардың жіпшелері трупкаға бірігеді, тозаңқап (тозандық) ішінде екі тозаң ұясы бар бір жартыдан тұрады. Гинецейі ценокарпты 5 жеміс жапырақшадан тұрады. Олар сиректеу 2,3 –5 көп ұялы болып келеді. Әрбір ұяның ішінде біреуден, немесе көптен тұқым бүршігі болады. Жемістері көп жағдайда сыртқы қабы құрғақ қорапша, сиректеу шырынды болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Олар тұтас немесе саусақ салалы, қосалқы жапырақшалары түсіп қалып отырады. Көп жағдайда шырышты заттар жинақталатын лизогендік қуысы (орын) немесе жекелеген шырышты клеткалары болады.

Мақта туысы - Gossypium 66 – ға жуық түрі бар. Шыққан жері жер шарының тропикалық, субтропикалық аймақтары. Батыс Индияда біздің эрамыздан 3 мың жыл бұрын еге бастаған. Талшықты өсімдік бір дәнді 7 мыңға дейін талшығы болады. Талшығы таза целюлозадан тұрады. Олар бір клеткалы ақ, сары түсті болып келеді. Ұзындығы 60мм –ге дейін жетеді. 70-75% жарамды талшық, 20% дейін май береді. Күнжарасы малға азық.

Мәдени жағдайда 5 түрі бар. Орта Азия, Қазақстанда төмендегі түрлері егіледі : орта талшықты Ce. Hirisutum шыққан жері Мексика, қысқа талшықты С. herboceum шыққан жері Ирак Орта Азия, Египет, ұзын талшықты С. peruvianum шыққан жері - Перу. Басқа туыстарынан талшық алынатын бөрітарақ кендірі – Hibiscus cannabinus. сабақтарынан бамия (Н. Lsculentus), авицения канатнигі. Қазақстан флорасында бұлардан басқа құлқайыр тұқымдасынан жалбыз- тікен туысын Althaeal, дәрілік жалбыз тікен А. Offcinalis кездеседі.

Шатыргүлділер немесе Сельдерейлер тұқымдасы – Umbelliferae. 300 –ден аса түрі 300 туыс жатады. БОР-да 800 түр, Қазақстанда 230 түр кездеседі. Жер шарының барлық жерінде кездеседі. Өмірлік формалары көп жылдық щөптесін өсімдіктер, бұталар. Сабағының іші қуыс биіктігі 4м, диаметрі 6см. Жапырақтары кезектесіп өседі. Гұлшоғыры күрделі шатыр, қарапайым шатыр, немесе шоқпарбас гүлдері актиоморфты азырақ зигоморфты 5 мүшелі. Тостағанша жапырақтары редукцияға ұшыраған. Күлтесі үстіңгі жағында ойығы бар 5 жеке жапырақшадан тұрады. Аталық саны 5 гинецейі ценокарпты 2 жеміс жапырақшасынан тұрады.

Гүл формуласы : Са(5-0) Со5 А5 G(2).

Көптеген түрлері овощтық, жем шөптік және хош иісті өсімдіктер, кейбіреулері алкалоидты.

Сәбіз туысы – (морковь -Daucus) 60 түрі бар. 2,1 жылдық шөптесін өсімдік. Еуропа, Азия, Африка, Австралия, Америкада кеңінен таралған. Тамаққа пайдаланылатын сорттары ұзын, сиректеу ашық сары, қызғыш түсті тамыр жемісті мал жейтіндері ақ, ақшыл түсті, салмағы 2кг-ға дейін. Сәбізде каротин провитамин А,С,В,В2 витаминдері болады.

Петрушка туысы –(Petrosetinum) 6 түрі бар. Қазақстанда БОР-да жалғыз түр петрушка обыкновенная немесе петрушка кудрявая Р. Crispum бар. Шатыргүлдердің Боршевик, Утамыр туыстары да бар.

Боршевик туысы –(Heracleum). Дүние жүзі бойынша 70-тей түрі бар. БОР-дың флорасында 36 түр, Қазақстанда 2 түр кездеседі. Табиғи жағдайда қоңыржай климатты облыстарда және Еуропаның, Азияның, Африканың, Солтүстік Американың тауларында өседі. Мал азығы ретінде перспективті өсімдік көк балауса береді. БОР-дың көптеген жерлерінде себіледі, кейбір түрлері улы өсімдіктер.

Сібір боршевигі (Н Sibiricum) биіктігі 1м-ден асатын өсімдік жапырақтары үлкен, қауырсынды тілімделген. Кәдімгі боршевик 1 метрге дейін баратын көп жылдық шөптесін өсімдік. Жапырағы ұш құлақ болып келеді, улы өсімдік.

Утамыр туысы (bex - Cicuta) бұл туыстың 20-дай түрі бар, олар негізінен Солтүстік Америкада кеңінен таралған өсімдіктер. БОР-дың флорасында кәдімгі утамыр (вех ядовитый –Cicuta virosa) деген жалғыз түрі бар. Оның сабағының биіктігі 50-80 (150см)-ге жететін, жоғарғы жағы бұтақтанып келетін өсімдік. Жапырақтары 2 рет қауырсынды тілімденген, ұзын сабақты болады, тамыр сабағы жекеленген камераларға бөлінген, улы алкалоидтар жинайды (цикутотоксин, цикутин). Осы өсімдіктен ауылшаруашылық жануарларының улануы жиі кездесіп отырады
9-апта__ОБСӨЖ_№26__(3_балл)__ОБСӨЖ_тақырып_:_Құлқайырлар_тұқымдасы_–_Malvacea._ОБСӨЖ_жоспар'>9-апта

ОБСӨЖ №26

(3 балл)

ОБСӨЖ тақырып : Құлқайырлар тұқымдасы – Malvacea.
ОБСӨЖ жоспар:


  1. Құлқайырлар тұқымдасының жалпы сипаттамасы

  2. Мақта туысының морфологиялық ерекшеліктері

  3. Сельдрейлер тұқымдасының жалпы сипаттамасы


Студенттер орындайтын тапсырмалар:

Бақылау сұрақтары

  1. Құлқайырлар тұқымдасының жалпы сипаттамасы?

  2. Мақта туысының морфологиялық ерекшеліктері?

  3. Сельдрейлер тұқымдасының жалпы сипаттамасы?

  4. Сібір боршевигі (Н Sibiricum) биіктігі?

  5. Утамыр туысы (bex - Cicuta) сипаттамасы?

  6. Сәбіз туысы – (морковь -Daucus)?

  7. Шатыргүлділер немесе Сельдерейлер тұқымдасы?

  8. Құлқайырлар тұқымдасы?

  9. Мақта туысы – Gossypium?

  10. Петрушка туысы –Petrosetinum?


Тест тапсырмасы

1. Мақта жемісі

  1. Көп сүйекті жидек

  2. Дәнек

  3. Сүйекше

  4. Қауашақ

  5. Бұршаққап

2. Жабайы сәбіз

  1. daucus carota

  2. solonum

  3. Cucurbita maxima

  4. Gassupium herbascum

  5. Tulipa regeli

3. Сәбіздің гүлшоғыры

  1. Күрделі шатыр

  2. Жай шатыр

  3. Себет

  4. Күрделі масақ

  5. Сыпырғы

4. Майлы тукымдары бар осйимдик …

А буршак урмебуршак

Б кунбагыс макта

С карамык

Д тары

5. Құлқайырлар тұқымдасына жататын туыстар.


  1. Бидай, арпа, күріш

  2. Жоңышқа , беде, асбұршақ

  3. Картоп, темекі, бұрыш

  4. Сәбәз укроп,селдери

  5. Мақта , жалбыз тікен, алти .


9-апта

ОБСӨЖ №27

ОБСӨЖ тақырыбы: Раушандар тектес біржабынды өсімдіктерге жалпы сипаттама
ОБСӨЖ жоспары:

  1. Шамшаттар тұқымдасы

  2. Қайыңдар тұқымдасы

  3. Талдар тұқымдасы


ОБСӨЖ мазмұны: Бұл топтық құрылысының барлығына ортақ белгілеріне жататын ерекшеліктері: гүлдері ұсақ, антиноморфты, дара жынысты немесе қос жынысты, гүлсерігі тостағанмен жапырақшалар түрінде болады. Гүлшоғыры симподиальды жиналып сырға түзеді.

Шамшаттар тұқымдасы – Faqaceal. 900 түрі бар (8-9 туыс) мәңгі жасыл, немесе жапырақтары қысқа қарай түсіп отырады. Ағаштар, бұталар олар қоңыржай климаты, субтропикалық елдерінде кеңінен таралған. Жапырақ қатары тұтас немесе қауырсынды кезектесіп орналасады. Гүлдері ұсақ, көріксіз, дара немесе қос жынысты актиноморфты жиналып сырға, масақ немесе шоқпарбас түзеді. Гүлдері 6 мүшелі бос орналасқан, аналығы 3-6 ұялы. Аталық гүлдің гүлсерігінің түп жағы біріккен болып келеді. Әртүрлі түске қоңыр, қызыл, жасылға боялған. Гүлсерігінің саны 3+3 не болмаса 3-7, аталықтар саны гүлсерігінің санымен бірдей.

Емен туысы (дуб). Дүние жүзі бойынша 300 түр. БОР –да 19 түр, Қазақстанда 1 түр бар. Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты елдерінде сиректеу субтропикада кеңінен таралған. Діңі жуан, биіктігі 40м – ге дейін барады. Гүл формасы :Р6 АоСе (3) Р(6-8) А6-10. Кавказ, Украина, Шығыс бүгі өседі.

Қайыңдар тұқымдасы –Вetulaceae. Тұқымдас құрамында 130 түр (6 туыс) бар. Солтүстік ендікте тропикалық емес облыстарда өседі. БОР-да 64 түр, Қазақстанда 17 түр кездеседі. Өмірлік формалары жапырақтары қысқа қарай түсетін ағаш, бұталар. Гүлшоғы сырға тәрізді, дара жынысты (бір үйілі өсімдік). Гүлдері ұсақ, дұрыс және бұрыс гүлдер, гүлсерігі болмайды. Жемісі тұқымша, қанатша.

Қайың туысы -(береза)- Вetulaceae. Түрлерінің жалпы саны 60, борда40, Қазақстанда 15 түр. Салқын қоңыржай климатты зоналарда кең таралған ағаштар, бұталар. Гүл формуласы : Р6, А0, С(2), Р2, А2, С0.

Аталық, аналық гүлдері 3-тен орналасқан сырға түзеді. Жемісі қанатша. Түрлері : қотыр қайың, үлкен қайың.

Орман жаңғақ туысы – лещина (Сorylus) 8 түрі бар. БОР-да 7, Қазақстанда 1 түр. Қысқа қарай жапырақтары түсіп қалады. Ағаштар, бұталар бір үйлі жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүл формуласы : Р40(2), Ро, А40. Аталық гүлі бір гүлден тұрады, ұзын сырғалы, анылық гүлі екі гүлді, жапырақ қолтығында жайласқан бүршіктермен қоршалып тұрады, түрлері кәдімгі орман жаңғақ, аю жаңғақ.

Талдар тұқымдасы – Salicaceae. Бұталар ағаштары Солтүстік ендіктің қоңыр жай климатты елдерінде кең таралған. Кейбір түрлері қиыр Солтүстікте төселіп өсетін аласа формалар түзеді. (карлик форма) жапырақтары кезектесіп орналасатын жай жапырақтар. Аталық, аналық гүлдері бөлек жетілген (дара жынысты). Гүлсерігі болмайды. Аталық гүлдерінде 2-30 оданда көп аталықтары (тычинка) болады. Аналық гүлдерінде екі жеміс жапырақшасынан бір аналық (пестик) болады. Гүл түйіні бір ұялы. Тұқымбүрі көп, жемістері екі жақты ашылатын қауашақтар. Талдар тұқымдасына 400 түр жатады, олар 3 туыстан тұрады : терек (тополь -populus) – 25-30 түр, тал (ива -salix) 350-370 түр, чозеня – Chosenia –1түр.

Терек туысы – Populis. БОР –да 30 түр, Қазақстанда 14 түр. Аталық гүлі бірнеше аталықтан (тычинки). Аналық гүлінде жалғыз аналықты қоршап тұратын екі парокарпты біріккен жеміс жапырақтан түзілген болады. Гүл формуласы : Р0, А0, Се(2) Р0 , А12 – 20 Сl0. Бұл туысқа көк терек (осина), қара терек (тополь), жатады. Бұлар тез өседі, халық шаруашылығында маңызды.

Тал туысы – ива Salix. БОР –да 170 түр, Қазақстанда 46 түр. Талдың гүлдерінің түрі жағынан қоршап тұратын дискасі болады. Кейбір түрлерінде нектарниктерлер болады. Аталық сырғасында 1-ден бірнешеге дейін аталықтары болады. Аналық сырғаларында аналығы (гинецейі) 2 мүшелі парокарпты және 2 аузы (рыльца пестика) болады. Талдар жапырақтары шықпас бұрын немесе олармен бірге гүлдейді. Олар насекомдармен тозаңдануы сиректеу желмен тозаңдайды. Түрлі заттар үшін киіз үйдің керегелері, барлық торлары үшін қолданылады. Қабықтарынан иілік заттар алынады. Олар өте оңай тамыр беріп вегетативтік жолмен көбейеді. Бал беретін өсімдік.

Чозения туысы –Chosenia 1 түрі бар. Россия қиыршығысында Жапонияда Қытайда өседі. Бұлар тал туысына жақын тұрады.

10-апта

ОБСӨЖ№ 28

(2 балл)

ОБСӨЖ тақырып : Раушандар тектес бір жабынды өсімдіктер қатарлар

тобы – Melophita monochlamydel.
ОБСӨЖ жоспары:


  1. Раушандар тектес біржабынды өсімдіктерге жалпы сипаттама

  2. Шамшаттар тұқымдасы

  3. Қайыңдар тұқымдасы

  4. Талдар тұқымдасы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет