$$$001-000-000 1 Глоссарий Санкция


Нормативтік қайнар көздер



бет4/7
Дата23.02.2016
өлшемі1.3 Mb.
#3125
1   2   3   4   5   6   7
Нормативтік қайнар көздер

1.     Закон РК от 10 июня 1996 г. «Об авторском праве и смежных правах».

2.     Постановление Пленума Верховного Суда РК от 22 декабря 1995 г. «О судебной практике по делам о вымогательстве».

3.     Нормативное постановление Верховного Суда РК№8 от 11.07.2003 г. с изменениями от 19.12.2003 г. «О судебной практике по делам о хищениях» //ЮГ.-2003.-№44.-27 августа.

 

Негізгі әдебиеттер:

1.    Алауов Е.О. Борьба с хищениями собственности путем подлога документов. Алматы, 1995.

2.    Владимиров В.А. Квалификация похищений чужого имущества. М., 1974.

3.    Преступления против собственности (Нормативные акты и справочные материалы). Алматы, 1997.

4.    Ткаченко В.И. Квалификация хищений социалистического имущества. М., 1985.

5.    Чинхоев Ш.И. Квалификация хищений государственного и общественного имущества. Алма-Ата, 1983.

 

Қосымша әдебиеттер:

1.    Агыбаев А.Н. Понятие корыстного преступления. //Предупреждение преступности. –2004. -№1. –С. 35-39.

2.    Атаханова Г.М. Субъективная сторона хищения путем присвоения и растраты. //Мысль. –2004. -№1. –С. 39-43.

3.    Бегалиев Е.Н. разграничение фальшивомонетничества от мошенничества. //Предупреждение преступности. –2002. -№1. –С. 52-54.

4.    Кочои С.М. О хищении по новому УК РФ. //Законность. –1997. -№12. –С. 40-41.

5. Лимонов В. Отграничение мошенничества от смежных составов преступлений. //Законность. 1998. -№3. –С. 39-43.

 

8 ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАР



Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар- қылмыстық заңда көзделген материалдық және өзге де құндылықтар мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және қолдануда пайда болған қоғамдық қатынастарды, бұзатын қоғамға қауіпті, кінәлі қолсұғушылық әрекеттерді құрайды. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға көзделген жауапкершілікті анықтайтын нормалар – еліміздін экономикалық бостандығы мен еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды қорғауға арналған ҚР ҚК-нің 7-тарауының маңыздылығы осында.

Тектілік объектсін – экономикалық қызмет үрдісі барысында қалыптасқан қоғамдық қатынастар құрайды.

Аталған тараудағы кейбір қылмыстардың міндетті белгісіне қылмыс заты жатады (мысалы: тауар белгісі (ҚК 198 б), бағалы қағаздар (ҚК 202,205,206 б) және т.б.

Объективті жағынан қылмыстардың басым көпшілігі әрекет, кейбірі ғана әрекетсіздік (ҚК 195, 213, 214 б) арқылы жасалады.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың бірнеше түрінің міндетті белгісіне заңда көзделген қоғамға қауіпті зардаптардың болуы жатады (мы: ҚК 192-194, 196-198 бб).

Субъективті жағынан экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар кінәнің қасақаналық нысанымен жасалады. Кейбіреуінің міндетті белгісіне мақсат пен нысаны (мы: ҚК 192,192 б) жатады.

Аталған қылмыстардың субъектісі – 16 жасқа толған адам. Кейбір қылмыс түрлері бойынша арнайы субъект (мысалы: лау.тұлғалар – ҚК 189, 225 б.; банк қызметкері – ҚК 219, 220 б.)

Тікелей объектісіне байланысты экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды шартты түрде бірнеше түрлерге болуге болады.

1.           Экономикалық қызмет саласындағы лауазымды тұлғалардың қылмыс жасау (ҚК 189, 225 баптары);

2.           Кәсіпкерлік немесе өзге де экономикалық қызметтерді жүзеге асыру тәртібін бұзумен байланысты қылмыстар (ҚК 190-193 баптары);

3.           Несиелік қатынастар аясындағы қылмыстар (ҚК 194-195 б.);

4.           Бағалы қағаздар мен ақша айналымы саласындағы қылмыстар (ҚК 202,208 б);

5.           Кедең және салық саласындағы қылмыстар (ҚК 209,213-214,221-222 б.);

6.           Банкроттықпен байланысты қылмыстар (ҚК 215-217 б);

7.           Тұтынушылар мүдделеріне қарсы қылмыстар (ҚК 198,223 б);

8.           Кәсіпкерлік және өзге де экономикалық қызмет мүдделеріне қол сұғатын қылмыстар (ҚК 196,200,226 б.).

9.           Экономикалық қызмет саласындағы өзге де қылмыстар (ҚК 197,199,201,227 б)

Лауазымды тұлғалармен экономикалық қызмет саласында түрлі қылмыс жасалуы мүмкін: Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (ҚК 189 б) және табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмілелерді тіркеу (ҚК 225 б).

ҚР ҚК 189 б. Бойынша жәбірленуші ретінде жеке кәсіпкер немесе коммерциялық ұйымдар бола алады. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау келесі нысандарда жузеге асырмады. ¦йымдық құқықтық нысандарына немесе меншік нысандарына қарай жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу. Сол сияқты жеке кәсіпкер мен коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу, оның қызметіне өзге де заңсыз араласу, егер осы әрекеттерді лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаса, сол сияқты заңды күшіне енген сот актісін бұза отырып немесе үлкен залал келтіріп жасаса. ‡лкен залал ұғымы аталған бапта көрсетілген және ҚР ҚК 7 тарауының барлық баптарына қолданылады.

Келесі лауазымды тұлғамен жасалатын қылмыс пайда табу немесе өзге де мүдделер мақсатында табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмілелерді тіркеу (ҚК 225 б) түрінде келеді. Төменде көрсетілген іс-әрекеттердің біреуі болса қылмыс деп есептеледі: 1) Табиғат пайдалану жөніндегі көрінеу заңсыз мәмілелерді тіркеу; 2) табиғат ресурстарын мемлекеттік есепке алу мен мемлекеттік жер кадастрларының деректерін бұрмалау; 3) Табиғат ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғат ресурстарын қорғап, молықтырғаны үшін төлемді қасақана төмендету.

Кәсіпкерлік немесе өзге де экономикалық қызметтерді жүзеге асыруы тәртібін бұзумен байланысты қылмыстарға ҚК 190-193 б. көзделген қылмыстар жатады.

Заңсыз кәсіпкерлік (ҚК 190 б) және заңсыз банктік қызмет (191 б) қылмыстарының құрамын қарастыра отырып, ҚР Азаматтық кодексін, 31 тамыз 1995 ж. ҚР Президентінің заң күші бар «Банк және банктік қызмет» жарлығымен «Лицензиялау туралы» 1995 ж. 17 наурыздағы заңдарымен танысу керек.

Келесі негіздер болғанда кәсіпкерлік (банктік) қызметті жүзеге асыру заңсыз деп есептеледі: а) тіркеуден өтпеу; б) рұқсат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру; в) кәсіпкерліктің тиым салынған түрлерімен шұғылдану. Міндетті белгісіне азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтіру немесе ірі мөлшерде табыс табу болып табылады. Саралаумы нышандарын: ұйымдасқан топтың: аса ірі мөлшердегі табыс табумен ұштасып; заңсыз кәсіпкерлігі немесе заңсыз банктік қызметі үшін бұрын сотталған адам жасауы құрайды.

Жалған кәсіпкерлік (ҚК 192 б.) немесе банктік қызметті жүзеге .асыру ниетінсіз коммерциялық ұйым құру сол арқылы азаматқа,ұйымға немесе мемлкеттке ірі зиян келтіру болып табылады. Аталған қылмыстың мақсаты несие алу, салық төлеуден босатылу. ¤зге де мүліктік пайда алу немесе тиым салынған қызметті жасыру.

Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастырудың (ҚР ҚК 193 б.) объективтік жағы келесі іс-әрекеттерді жүзеге асырумен сипатталады: 1) Көпе-көрнеу заңсыз жолмен алынған ақша қаражатымен немесе өзге мүлікпен қаржылық операциялар немесе басқа да мәлімелер жасау: 2) Аталған қаражатты немесе өзге де мүлікті кәсіпкерлік немесе өзге де экономикалық қызметі жүзеге асыру үшін пайдалану.

Сараптаушы нышандарына жоғарыда аталған әрекеттерді адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; әлденешерет; адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасау. Ерекше саралаушы нысанына (25.09.2003 ж. ҚР заңы) – мемлекеттік қызметті жүзеге асыру өкілетті немесе соған теңестеріліген тұлғалар егер ол өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, сондай-ақ ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) немесе ірі мөлшерде жасалған әрекеттер жатады.

Аталған баптың ескертуінде ірі мөлшер және қылмыстық жауапкершіліктен босатудың ерекше жағдайлары қарастырылған (16.03.2001 ж. ҚР заңымен).

Несиелік қатынастар аяындағы қылмыстарға несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану (ҚК 194 б.) және несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (ҚР ҚК 195 б.) қылмыстары жатады.

Аталған қылмыстарды қарастыру барысында 1995 31 тамыздағы ҚР Президентінің заң күші бар «Банк және банктік қызметтер туралы» жарлығын басшылыққа алу керек.

Несиені заңсыз алу-шаруашылық жағдай, қаржылық жай-күй немесе кепілдік мүлік туралы көп-көрнеу жалған мәліметтерді банкке немесе өзге де несие берушіге беру. Сол сияқты несиелеуді, демеу қаржы беруді тоқтатуға, жеңілдіктерді жоюға не бөлінген несие мен демеу қаржы мөлшерлерін шектеуге әкеп соғатын мән-жайлардың пайда болуы туралы ақпаратты банкке немесе өзге несие берушіге хабарламау-қылмыстық жазалануға лайық. Сонымен қатар бұл әрекеттер ірі зиян келтіру керек.

Қылмыс субъектісі болып жеке кәсіпкер немесе ұйым жетекшісі танылады.

Егер мемлкеттік мақсаты несиені не мемлекет кепілдігімен берілген несиені тікелей мақсатында пайдаланбау, егер осы әрекет азаматқа,ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, ҚК 194 б. 2 бөлімі бойынша жауапкершілік жүктеледі.

ҚК 195 б. Бойынша үйым жетекшісін немесе азаматты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін келесідей белгілер болу керек: 1) Несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару және тиісінше тиісті сот актісі заңды күшіне енгеннен соң; 2) Ірі мөлшердегі несиелік берешекті өтеуден жалтару.

Келесі топ-бағалы қағаздар мен ақша айналымы саласындағы қылмыстар (ҚК 202, 208 б.). Бұл қылмыстарды саралай келе ҚР Азаматтық кодексімен; ҚР «Бағалы қағаздар рыногі туралы» заңымен, «ҚР бағалы қағаздармен мәміле жасауды мемлкеттік тіркеу» және т.б. заңдармен танысу керек. Қол сұғушылық пәніне: бағалы қағаздар, эмиссиясы проспектісі, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімі, бағалы қағаздар, жалған ақша немесе бағалы қағаздар.

Объективті жағынан бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу (ҚК 202 б.) қылмысы ол – көрінеу сенімсіз ақпараты бар эмиссия проспектісін бекіту, сондай-ақ бағалы қағаздар шығару жөнінде көрінеу сенімсіз есепті бекіту.

Қылмыс субъектісі ретінде бағалы қағаздар эмиссиясы тізілімін жүзеге асыратын және бағалы қағаздар шығару жөніндегі есепті бекітуді жүзеге асыратын өкілетті лауазымды түлғалар танылады.

ҚР ҚК-нің 203 бабы бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне осы бағалы қағаздарға деген құқықтық басқа адамға ауысуына әкеп соғатын көрінеу жалған мәліметтер енгізуге байланысты қатынастарға жауапкершілік жүктейді.

Саралаушы нышаны ретінде ірі мөлшерде зиян келтіру түседі (ҚК 189 б. Ескертуді қара).

ҚК 204 бабының объективті жағы мемлкеттік органдарға бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар туралы жалған мәлімет беру. Қоғамға қауіптілігі ол-ірі зиян келтіру. Сонымен қатар әрекет пен пайда болған зардаптар арасында себепті байланыстың болуы.

ҚК-тін 205 бабына жауапкершілік нәтижесінде ірі зиян келтірілген, бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бүзу орын алғанда пайда болады.

Саралаушы нышаны ретінде нақ осы әрекеттерді бірнеше рет адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша немесе ұйымдасқан топ жасағандығы танылады.

ҚК 206 бабы жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату үшін жауапкершілік жүктейді. Қылмыс құрамы формальды. Аталған әрекеттердің береуінің істелуі жеткілікті болып табылады.

Субъективті жағынан кінә түрі тікелей қасақаналықпен сипатталады және ерекше мақсаты – жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау және сақтау, сол сияқты сату.

Саралаушы нышандары: ірі мөлшерде; жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасағаны немесе сатқаны үшін бұрын сотталған адам жасауы ұйымдасқан топ жасауы (ҚК 206 б. 2,3 бөл.).

Сонымен қатар ҚР ҚК-сі жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сатуға жауапкершілік тағайындайды. Сонымен қатар бағалы қағаздар болып табылмайтын өзгеде төлем және есеп айырысу құжаттарын сату мақсатында жасау немесе сату (ҚК 207 б.) үшін жауапкершілік жүктейді.

Осы баптың 2 бөліміне сәйкес бірнеше рет немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол әрекеттер үшін жауапкершілік жүктейді.

ҚК-тың 208 бабының 1 бөлімі (16.07.99 ж. ҚР Заңы) айтарлықтай зиян келтіруге әкеп соққан акцизделетін тауарларды акциздік алым маркасымен таңбалаудың тәртібі мен ережесін бұзғаны үшін жауапкершілік жүктейді.

Ал ҚК 209 бабының 2 бөлімі акциздік алымның көрінеу жалған маркаларын өткізу мақсатында әзірлеу немесе сатып алу, сондай-ақ пайдалану немесе өткізгені үшін жауапкершілік жүктейді.

Кеден және салық саласындағы қылмыстар (ҚК 209,213-214 б) қарастырылған.

Экономикалық контрабанданың құрамын зерттегенде ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 30.04.99 ж. және 18.06.2004 ж. өзгертулер мен толықтырулар енгізілген 18.07.97 ж. № 10 «Контрабандаға қылмыстық жауапты жүктеудегі заңды қолдану практикасы туралы» қаулысымен танысу қажет.

Қылмыс пәні болып ҚР ҚК-нің 250 б. көрсетілгенді қоспағандағы тауарлар мен өзге де заттар танылады.

Объективті жағынан контрабанда ҚР кедендік шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендік тендестіру құралдарын алдап пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды, осы Кодекстің 250-бабаында көрсетілгендерін қоспағанда, не декларацияланбаумен немесе күмәнді декларациялаумен ұштасқан кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізу шектелген, кедендік шекара арқылы өтқізудің арнайы ережелері белгіленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды ірі мөлшерде өткізу болып табылады. Саралаушы нысандары бірнеше рет; лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдаланып; кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға күш қолдана отырып жасалса және ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер болып табылады.

Ерекше саралаушы нышандары (25.09.2003 ж. ҚР заңы) мемлкеттік қызмет функцияларын атқаратын немесе соған теңестірілген тұлғалар және ол қызмет бабын пайдалана отырып жасаса және ұйымдасқан топ жасауы болып табылады.9.12.2004 ж. ҚР Заңына сәйкес ҚК-тің 209 б. 1 және 2 бөлімдерінің санкциясы өзгертілді.

ҚК-тің 213 бабы ұйым басшысының ҚР заңдарына сәйкес ҚР уәкілетті банкіндегі шоттарға міндетті түрде аударылуға жататын шетел валютасындағы қаражатты шетелден ірі мөлшерде қаймармауы қайтармаған үшін жауапкершілікке жүктейді.

ҚК-тің 214 бабының объективті жағы кеден бажын, салықтарды, кеден алымдарын, лицензия бергені үшін алынатын алымдарды немесе басқа кедендік төлемдерін жалтару әрекеті ірі мөлшерде жасау болып табылады. Егер төленбеген кеден төлемдерінің кұны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асса, кеден төлемдерін төлеуден жалтару ірі мөлшерде жасалған деп танылады.

Саралаушы нышандары: бірнеше рет; лауазымды адам өз қызмет бабын пайдаланып; ұйымдасқан топпен немесе қылмыстық сыбайластықпен (қылмыстық ұйыммен) жасау болып табылады.

Келесі қарастыратың қылмыстар тобы- банкроттық кезіндегі құқыққа қарсы әрекеттер: әдейі банкроттық: жалған банкроттық (ҚК 215-217 б.). Бұларды қарастыру барысында 21.01.97 жылғы толық тырулар мен өзгертулер енген ҚР-ның «Банкроттық туралы» заңымен танысу Банкроттық жағдайын,дағы заңсыз іс-әрекеттер ол- мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік, оның мөлшері, тұрған жері туралы мәліметтерді не мүлік туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлікті өзгенің иелігіне беру,мүлікті иеліктен шығару немесе жою, сол сияқты экономикалық қызмет көрініс табатын бухгалтерлік және өзге де есеп құжаттарын жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл әрекетті банкроттық жағдайында немесе банкроттық күнілгері біле отырып, борышкер ұйымның басшысы немесе меншік иесі, не жеке кәсіпкер жасап ірі зиян келтіру болып табылады.

Қылмыс субъектісі болып басшы немесе борышкер-ұйым иесі немесе жеке кәсіпкер танылады.

Әдейі банкроттық болып (ҚК 216 б), яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің сол сияқты жеке кәсіпкердің жеке мүддесі немесе өзге адамдардың мүддесі үшін төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы ірі зиянға немесе өзге да ауыр зардаптарға әкеліп согуы танылады.

Ірі зиян келтірген, өзінің дәрменсіздігі туралы көпе-көрнеу жалған хабарлау ҚК-тің 217 бабында көзделген. Бұл қылмыстың құрамының міндетті белгісі коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сол сияқты жеке кәсіпкердің несие берушілерге тиесілі төлемдерін кеиінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу немесе борышын азайту, сол сияқты борышын төлемеу үшін несие берушілерді жаңылыстыру. Қылмыс субъектісі – басшы, коммерциялық ұйым иесі, жеке кәсіпкер.

Келесі топ – тұтынушылар мүдделеріне қарсы қылмыстарды көрінеу жалған жарнама беру (ҚК-тің 198 б) және тұтынушыларды алдау (223 б) қылмыстар құрайды.

198 баптың объективті жағы жарнамада жарнама берушінің пайкүнемдік ниетпен жасаған және ірі зиян келтірген тауарларға, жұмыстарға немесе қызмет көрсетуге, сондай-ақ оларды өндірушілерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты көрінеу жалған ақпаратты пайдалануы болып табылады.

Субъективті жағының міндетті белгісі – пайда табу мақсаты болуы.

Тұтынушыларды алдау әр түрлі тәсілдермен жасалуы мүмкін. Алайда заңшығарушы ҚК-тің 223 бабына сәйкес. Меншік нысанына қарамастан, тауарлар сататын немесе халыққа қызмет көрсететін дүкендерде немесе басқа кәсіпорындарда не сауда (қызмет көрсету) саласында кәсіпкерлер ретінде тіркелген азаматтардың кем өлшеу, кем тартуы, кем санауы, тауардың (қызмет көрсетудің) тұтынушылық қасиеттері немесе сапасына қатысты шатастыруы немесе тұтынушыларды өзгедей алдауы, егер бұл іс-әрекеттер елеулі мөлшерде жасалынуы деп бекітті.

Қылмыс істелген жер дүкендерде, кәсіпорындарда және халыққа қызмет көрсететін өзге де жерлер танылады.

Саралаушы нышандары: тұтынушыларды алдағаны үшін бұрын сотталған адам; адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топ; ірі мөлшерде жасаса.

Монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу (196 бабы) монополиялық жоғары немесе төмен бағаны белгілеу мен ұстап тұру, сол сияқты рынокты бөліп алу, рыноққа кіруді шектеу, одан экономикалық қызметтің басқа да субъектілерін ығыстыру, бірыңғай баға белгілеу немесе ұстап тұру арқылы бәсекені шектеу, егер бұл әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтіру танылады.

Саралаушы нышандары: бірнеше рет не адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топ жасаған, не адамның қызмет бабын пайдалануымен жасалған; күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып, сол сияқты бөтеннің мүлкін жойып немесе бүлдіріп не оның мүлкін жоямын немесе бүлдіремін деп қорқытып жасалған, қорқытып алу белгісі жоқ әрекеттер танылады.

Аталған баптың 1,2 бөлімдері санкциялары ҚР-ның 21.12.2002 ж. және 9.12.2004 ж. заңдары мен өзгертілген.

Коммерциялық және банктік құпияны қылмыстық-құқықтық қорғау ҚК-тің 200 бабында «Коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету» орын алған.

Коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді, құжаттарды ұрлау, коммерциялық немесе банктік құпияны білетін адамдарды немесе олардың туыстарын сатып алу немесе оларды қорқыту жолымен, байланыс құралдарында ұстап алу, компьютерлік жүйеге немесе желіге заңсыз кіру, арнаулы техникалық құралдарды пайдалану арқылы, сол сияқты бұл мәліметтерді жария ету не заңсыз пайдалану мақсатында өзге де заңсыз тәсілдермен жинау түрінде болуы мүмкін.

Қылмыстың міндетті белгісін оның мақсаты – мәліметтерді жария ету немесе заңсыз пайдалану құрайды.

ҚК 200 бабының 2 бөлімі: коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді олардың иесінің келісімінсіз, бұл құпия қызметіне немесе жұмысына байланысты сеніп тапсырылған адамның пайдакүнемдік немесе өзге де жеке басының мүддесінде заңсыз жария етуі немесе пайдалануы, бұл әрекет ірі зиян келтіру түрінде келеді.

Мәміле жасауға немесе оны жасаудан бастартуға мәжбүр ету ҚК-тің 226 б-мен сараланады. Егер де бұл қылмыс күш қолданамын деп, бөтеннің мүлкін жоямын немесе бүлдіремін деп, сол сияқты жәбірленуші мен оның жақындарының құқықтары мен заңды мүдделеріне едәуір зиян тигізуі мүмкін мәліметтерді таратамын деп қорқыту арқылы мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу, қорқытып алу белгілері болмаса.

Саралаушы нышандары: бірнеше рет; күш қолданып; ұйымдасқан топпен жасалса.

Экономикалық қызмет саласындағы өзге де қылмыстар ҚК-тің 197, 199, 201,227 баб. қамтылған.

ҚК-тің 197 бабы «Көпшілік сауда-саттықтар мен аукциондарды өткізудің белгіленген тәртібін әдейі » бұзғандығы үшін жауапкершілік жүктейді. Қылмыс мөлшері ҚР ҚК-нің 189-да анықталған ірі зиян келтірілгенде қылмыс аяқталды деп есептеледі.

Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану (ҚК 199 бабы) қылмысының пәні бөтеннің тауарлық белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, тауардың шығатын орнының атауын немесе олармен біртектес тауарларға немесе қызмет көрсетулерге арналған ұқсас таңбаларды заңсыз пайдалану, егер бұл әрекет бірнеше рет жасалса немесе ірі зиян келтіру болып табылады. Олардың анықтамасы 18.01.93 ж. «Тауарлық белгі, қызмет көрсету белгісі, тауардың шығатын орнының атауы туралы» ҚР заңында көрсетілген. Қылмыс ірі мөлшерде зиян келтірілгенде аяқталды деп есептеледі.

ҚК-тің 199- баб. 2 бөлімі ҚР тіркелген тауарлық белгіне немесе тауардың шыққан орнының атауына қатысты ескерту таңбаларын заңсыз пайдалану, егер бұл әрекет бірнеше рет жасалса немесе ірі зиян келтіргені үшін жауапкершілік жүктеледі.

Кәсіптік спорт жарыстарының және ойын-сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу қылмысы тікелей қасақаналықпен істелінеді және мақсаты-жарыстардың немесе конкурстардың қорытындысына ықпал ету. Бірнеше рет немесе ұйымдасқан топпен жасалған нақ осы әрекеттер ҚК-тің 201 б. 2 бөл. мен сараланады.

Аталған баптың 3,4 бөлімдері спортшылардың өздеріне жарыс қорытындыларына ықпал ету мақсатында берілген ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, сол сияқты спортшылардың осындай мақсатта өздеріне берілген мүліктік сипаттағы қызмет көрсетулерді заңсыз пайдалануды көздейді. ҚК 201 баб. 3 бөл. субъектісі – кәсіптік спорт жарыстарының қатысушылары – спортшылар. Ал 4 бөл. бойынша – спорт төрелігі ері, жаттықтырушылар, команда басшылары және өзге де спорт жарыстарын ұйымдастырушылар мен қатысушылар.

ҚР ҚК 227 бабының объективті жағы – заң мен қорғалатын компьютерлік ақпаратқа, яғни машиналық сақтағыштағы, электронды есептеу машинасындағы (ЭЕМ), ЭЕМ жүйесіндегі немесе олардың желісіндегі ақпаратқа заңсыз кіру, егер бұл әрекет ақпаратты жоюға, бегеуге, жаңартуға не кешіруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желісін бұзуға әкеп соқса; ақпаратты санкциясыз жоюға, бегеуге, жаңартуға не кешіруге, ЭЕМ жұмысың; ЭЕМ жүйесін немесе олардың желісін бұзуға көпе-көрінеу әкелетін ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар жасау немесе қолда бар бағдарламаларға өзгерістер енгізу, сол сияқты осындай бағдарламаларды немесе осындай бағдарламалары бар машиналық сақтағыштарды пайдалану не тарату.

ҚК-тің 227 б. 2 бөлімі (21.12.2002 ҚР заңы) компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіруді адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топ әйтпесе өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаған ададмдарға қатысты қолданады.

Аталған баптың 4 бөлігі аталған әрекеттер абайсызда ауыр зардаптар әкеп соқса жауапкершілік жүктейді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет