Нормативтік қайнар көздер:
1. Закон РК «О недобросовестной конкуренции» от 9.06.98 г. с изм. от 15.12.2000г. //Ведомости Парламента РК. –1998. -№9-10.
2. Закон РК «О естественных монополиях» от 9.07.98г. с изм. от 13.07.99г., 29.03.2000г., 06.12.2001г., 26.12.2002г., 05.07.2004 г. //Ведомости Парламента РК. –1998. -№16.
3. Закон РК «О банкротстве» от 21.01.97г. с изм. и доп. //ЮГ. –1997. –26 февраля.
4. Таможенный кодекс РК от 05.04.2003 г. // Ведомости Парламента РК. –2003. -№7-8.
5. Закон РК «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» от 24.04.95 г. с изм. и доп. //КП. –1995. –13 мая.
6. Закон РК «О рынке ценных бумаг» от 5.03.97г. с изм. и доп. //КП. –1997. –23 марта.
7. Указ Президента РК, имеющий силу закона, «О банках и банковской деятельности» от 31.09.95г. с изм. и доп. //КП. –1995. –11 октября.
8. Указ Президента РК, имеющий силу закона, «О лицензировании» от 17.04.95 г. с изм. и доп. //КП. –1995. –21 мая.
9. Постановление Пленума Верховного Суда РК «О практике применения законодательства об уголовной ответственности за контрабанду» №10 от 18.07.97 г. с изм. и доп. от 30 апреля 1999 г. И 18 июня 2004 г. //ЮГ. –1997. –22 июля.
10. Постановление Пленума ВС РК « О некоторых вопросах применения судами налогового законодательства» №19 от 20.12.99г. //КП. –2000. –5 января.
11. Нормативное постановление Верховного суда РК «О судебной практике по делам о хищениях» №8 от 11 июля 2003 г. с изм. от 19.12.2003 г.//ЮГ.-2003.-№44.-27 августа.
12. Нормативное постановление Верховного суда РК «О некоторых вопросах квалификации преступлений в сфере экономической деятельности» №2 от 18.06.2004 г. //Бюллетень Верховного Суда РК. –2004. -№7.
Негізгі әдебиеттер:
1. Проблемы борьбы с экономической преступностью в Казахстане. Алматы, 1996.
2. Галахова А.В. Уголовная ответственность за хозяйственные преступления. М., 1987.
3. Гаухман Л.Д., Максимов С.В Уголовно-правовая охрана финансовой сферы: новые виды преступлений и их квалификация. М., 1995.
4. Кучеров И.И. Налоговые преступления. М., 1997.
5. Преступления в сфере экономики. Постатейные материалы к новому УК РФ. М., 1997.
Қосымша әдебиеттер:
1. Елюбаев Ж. Новый УК об экономических преступлениях. //ЮГ.-1997.-№41.-8 октября.
2. Елюбаев Ж. Научно-практический комментарий ст. 191 УК.//Тураби. –1997. -№4.
3. Колб Б. Отмывание денег//Законность. –2004. -№1.
4. Кравец Ю.П. Ответственность за преступления в сфере предпринимательства по действующему законодательству //Государство и право. –1999. -№4.
5. Ужегов С.Н. Анализ субъективных признаков легализации доходов, имеющих криминальное происхождение//Право и государство. –2004. -№1.
6. Утебаев Е.К. Пути совершенствования борьбы с незаконным предпринимательством, лжепредпринимательством и ложным банкротством//Право и государство. –2004. -№2.
7. Чучаев А.И., Иванова С.Ю. Таможенные преступления в новом УК РФ //Государство и право. –1998. -№11.
8. Яковлев А.М. Законодательное определение преступлений в сфере экономической деятельности// Государство и право. –1999. -№11.
9 ТАҚЫРЫП. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ¤ЗГЕ ¦ЙЫМДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТ М‡ДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ¤ЗГЕ ДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ М‡ДДЕЛЕРІНЕ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ БАСҚАРУҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Ағымдағы ҚР-ның ҚК-сі мемлекеттік қызметте және коммерциялық және өзге де ұйымдар қызметіндегі жауапты тұлғаларға жауапкершілік тағайындайды.
ҚР ҚК-нің 8 тарауы «Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар» лауазымды тұлға болып табылмайтын және мемлекеттік лауазымды атауы жоқ коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерін атқаратын адамның өз өкілеттеріне, өз қызметінің міндеттеріне қайшы қолдануы немесе өз қызметіне әділетті қарамағаны үшін жауапкершілік тағайындайды. 25.09.2003 ж. ҚР заңымен ҚК-тін 13 тарауы Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы келетін сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар құрамын құрайды. Аталған ҚК-тің тараулары объектісі мен субъектісіне байланысты ерекшелінеді.
Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстарды қарастырайық.
Олардың тектік объектісі мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары болып табылмайтын, әрекеттері жарғылық қызметпен тіркелген коммерциялық және өзге де ұйымдардың мүддесі болып табылады.
Тікелей объектілері ұйым басшысының, жекеше нотариустың, аудиторлардың, жекеше күзет қызмет қызметшілері немесе басқарушыларының өз өкілеттіктерін дұрыс (заңға сәйкес) ж.а. Қосымша объект ретінде мемлекет, қоғам, ұйым және азаматтардың құқықтары мен мүдделері танылады.
Субъективті жағынан қарастырылып отырған қылмыстардың міндетті белгісі - өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда табу немесе ұйымдарға немесе адамдарға зиян келтіру мақсаты болу керек. ҚК-тің 228 бабы қылмыс коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерін атқаратын адаммен жасалады. Бұндай тұлға болып мемлкеттік, жергілікті өзін-өзі басқару органдары немесе мемлекет үлесі отыз бес пайыздан кем емес ұйымдар (25.09.2003 ж. ҚР заңымен ҚК-тің 228 бабына ескерту) болып табылмайтын, тұрақты немесе уақытша ұйымда әкімшілік шаруашылық немесе ұйымдық - өкімдікті арнаулы өкілеттік бойынша міндеттерді атқаратын адам танылады.
ҚК-тің 229 бабы субъектісі жекеше нотариус және аудиторлар. Олардың өкілеттіктері 14.07.97 ж. ҚР-нің «Нотариат туралы» және 20.11.98 ж. «Аудиторлық қызмет туралы» заңдарымен бекітілген.
Саралаушы нышаны: көпе-көрінеу кәмелетке толмаған немесе әрекет қабілеті жоқ адамға қатысты не бірнеше рет жасалған дәл сол әрекет болып табылады.
Келесі құрам-Жекеше күзет қызметі қызметшілерінің өкілетіктерін асыра пайдалану (ҚК-тің 230 бабы).
Объективті жағы жекеше күзет қызметі басшысының немесе қызметшісінің лицензияға сәйкес, өздеріне берілген өкілеттіктерін өз қызметінің міндеттеріне қарамастан асыра пайдалануы, егер бұл әрекет күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалумен сипатталады.
¤кілеттіктерін асыра пайдалану дегеніміз - өз қызметінің міндеттеріне қарамастан немесе қалыптасқан ереже мен тәртіптерді сақтамай отырып іс-әрекеттер істеуі.
Қылмыс субъектісі арнайы. Тек жекеше күзет қызметі қызметшілері немесе басшысы бола алады.
ҚК-тін 230 баб. 2 бөлімі саралаушы нышан болып қару немесе арнаулы құралдар қолданып немесе ауыр зардап келтірген дәл сол әрекет танылады.
ҚК-тің 231 баб. заты болып ақша, бағалы қағаздар, немесе басқа мүліктер танылады.
Коммерциялық сатып алу екі дербес қылмыс құрамын қамтиды. Объектісі мен қылмыс затын салыстыруда олар объективті және субъективті жағынан және қылмыс субъектісімен ерекшелінеді.
ҚК-тің 231 баб. 1 бөл. объективті жағы коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерін атқаратын адамға заңсыз ақша, бағалы қағаздар немесе басқа мүлік беру, сондай-ақ оның өз қызмет бабына сатып алушы адамның мүддесінде пайдалануы үшін оған мүлікті сипаттағы заңсыз қызмет көрсету.
Аталған баптың 2 бөлімі саралаушы нышан ретінде бірнеше рет немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен жасалған дәл сол әрекеттерді қарастырады.
Ал, 231 баптың 3 бөлімі коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметін атқаратын адамның заңсыз ақша, бағалы қағаздар, басқа мүлік алуы, сондай-ақ өз қызмет бабын сотып алушы адамның мүддесінде пайдалануы үшін мүліктік сипатта көрсетілген қызметті пайдаланғаны үшін жауапкершілік жүктейді.
Аталған қылмыстың сараушы белгілері: адамдар тобының алдын ала сөз байласуы немесе ұйымдасқан топпен; бірнеше рет; қорқытып алумен байланысты жасалуы болып табылады.
ҚК-тің 231 бабының ескертуінде қылмыстық жауапкершіліктен босатудың арнайы жағдайлары берілген ҚК-тің 232 бабы коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерін атқарушы адамның қызметіне адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан өз міндеттерін атқармауы немесе тиісті дережеде атқармауы, егер бұл адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға соқса жауапкершілік жүктейді.
Келесі қылмыстар тобын қарастыру барысында ҚР-ның «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңдарымен, ҚР Жоғарғы Сотының 13.12.2001 ж. № 18 «Соттардың сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстарды қарастырудың практикасы туралы» нормативтік қаулысымен танысу керек.
Мемлекеттік басқару және мемлкеттік қызмет мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар бірнеше ортақ белгілерді қамтиды. Олар арнайы субъектімен – мемлекеттік функцияларын атқаруға өкілетті немесе оған теңестірілген лауазымды тұлғалар немесе жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалармен жасалады. Аталған тұлғалардың түсінігі ҚР ҚК-нің 307 бабының ескертуінде (25.09.2003 ж. ҚР-ның заңы) берілген. Бұл қылмыстар қызмет бабымен байланысты және қызметтік қажеттілікті орындаумен байланысты емес. Аталған әрекеттер мемлекет мүдделеріне қайшы мемлкеттік және жергілікті өзін-өзі басқару ақпараттарының дұрыс және заңды қызмет етуін бұзады.
ҚК-тің 13 тарауындағы қылмыстарды саралай келе 10.07.98 ж., 23.07.99 ж. , 25.09.2003 ж., 9.12.2004 ж. еңгізілген толықтырулар мен енгізулерді ескеру қажет.
ҚК-тің 307 бабының 25.09.2003 ж. ҚР Заңындағы диспозициясы лауазымды адамның өз қызметтік өкілеттігін қызмет мүдделеріне кереғар пайдалануы, егер бұл әрекет пайдакүнемдікпен немесе өзге де жеке басының мүддесі үшін жасалса және азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлкеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса жауапкершілік жүктеледі.
Қызметтік өкілеттілігін кереғар пайдалану пайдакүнемдікпен немесе өзге де жеке басының мүддесі үшін немесе азаматтар мен ұйымдар мүдделеріне елеулі түрде зиян әкелу арқылы жасалу керек.
Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға лауазымды тұлғалар. Парламент және маслихат депуттары соттар және Мемлкеттік қызмет туралы заңға сәйкес барлық мемлкеттік қызметкерлер жатады.
Сондай-ақ мемлкеттік функцияларды жүзеге асыру уәкілетті тұлғаларға келесілер теңестіріледі:
1. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған тұлғалар;
2. ҚР Президентіне, Парламентіне, маслихаттарға; сондай-ақ жергілікті өзін өзі басқару органдарының сайланбалы мүшелеріне заңды түрде тіркелген үміткерлер (кандидаттар);
3. Ақылары ҚР мемлкеттік бюджетінен төленетін жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін қызметшілер;
4. Мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталының кем дегенде отыз бес пайызы мемлкет үлесіне тиесілі ұйымдардың ұйымдастырушылық функцияларын жүзеге асыратын тұлғалар.
Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам дәл сол әрекеттерді жасаса ҚК-тің 307 б. 3 бөліміне сәйкес тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша өкіметтің өкілі қызметін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ ҚР-ның Қарулы Күштерінде, ҚР-ның басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында адамдар лауазымды тұлғалар деп танылады және осы бап бойынша жауапкершілікке тартылады.
Егер нақ осы әрекеттер ауыр зардаптарға әкеп соқса ҚК-тің 307 бабының 4 бөлімі бойынша сараланады. Тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша өкіметтің өкілі қызметін жүзеге асырушы не мемлкеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарда,сондай-ақ ҚР-ның Қарулы Күштерінде, ҚР-ның басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындаушы адамдар лауазымды тұлғалар деп танылады.
Қызмет өкілеттеррін теріс пайдалану құрамын билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (25.09.2003 ж. ҚР Заны) дан айыра білу керек. Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану – ол билікті немесе қызметтік өкілеттік асыра пайдалану, яғни лауазымды адамның құқықтары мен өкілеттігі шегінен көрінеу асып кететін және азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлкеттік заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соғатын әрекеттер жасауы.
Аталған қылмыстың субъектілері келесідегі 1 бөл. бойынша мемлкеттік функцияларды атқаруға өкілетті немесе оған теңестірілген тұлғалар; 2 бөл. бойынша – лауазымды тұлғалар; 3 бөл. бойынша – жауапты мемлкеттік лауазымда істейтін адам.
Саралаушы нышаны: ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекет, сол сияқты олар күш қолдану арқылы жасау.
ҚК-тің 309 баб. Лауазымды адамның өкілеттігін иемденгені үшін жауапкершілік жүктеледі.
Объективті жағы: лауазымды адам болып табылмайтын мемлкеттік қызметшінің лауазымды адамның өкілеттігін иемденуі және соған байланысты оның жасаған әрекеті азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соғудан тұрады.
ҚК-тің 310 бабы «Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу» 25.09.2003 ж. заңымен жаңа нұсқада берілген. Аталған бабтың 1 бөл. бойынша лауазымды адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы ұйым құруы, не мұндай ұйымды басқаруға тікелей өзі немесе заңмен белгіленген тыйым салуға қарамастан сенім білдірген адам арқылы қатысуы жауапкершілік жүктеледі.
Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіптісі – парақорлық. Ол үш құрамды біріктіреді.: Пара алу (ҚК-тің 311 б.); пара беру (ҚК-тің 312 б.); парақорлыққа депдал болу.
Бұл әрекеттердің белгілерін анықтау үшін 22.12.1995 ж. ҚР Жоғарғы Сот Пленумінің «Сыбайлас жемқорлыққа жауапкершілік тағайындаудағы соттардың практикасы» қаулысын зерттеп шығу керек. Заңға сәйкес пара заты болып ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлікке құқық немесе мүлік сипатындағы пайда танылады.
ҚК-тің 311 баб. объективті жағы (25.09.2003 ж. ҚР заңы) лауазымды адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған, өзге де мүлік, мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алуы, егер, мұндай іс-әрекет (әрекетсіздік) лауазымды адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс-әрекетке (әрекетсіздікке) мүмкіндік жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесе қызметі бойынша жол беруі.
Қылмыс кінәлінің сол пара алғаны үшін істейтін әрекеттерді соңына апарған, апармағанына қарамастан, параның затын алғаннан бастап аяқталды деп есептеледі.
Саранушы нышандары лауазымды адамның заңсыз іс-әрекет (әрекетсіздігі) үшін пара алуы (2 бөл); жауапты мемлекеттік лауазымды атқарушы адам жасаған әрекеттер (3 бөл); осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші беліктерінде кезделген әрекеттер, егер олар: қорқытып алу жолымен; адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ; ірі мөлшерде; әлденеше рет жасаса (4 бөл).
ҚК-тің 311 бөл. ескертуінде ірі мөлшердегі пара ұғымы және қылмыстық жазадан босату негіздері қарастырылған.
Пара беру (ҚК 312 баб) қылмысының объектісі мен заты пара алу қылмысымен бірдей.
Объективті жағы лауазымды адамға немесе оған теңестірілген адамға тікелей немесе делдал арқылы пара берумен сипатталады (25.09.2003 ж. ҚР заңы). Міндетті белгісі аталған тұлғаның пара затын алу болып табылады.
Қылмыс субъектісі 16 жасқа толған есі дұрыс адам.
Аталған бапқа ескерту 9.12.2004 ж. 3 тармақпен толықтырылды. Оған сәйкес: «Лауазымды тұлғаларға ҚК-тің 307 бабында көрсетілген тұлғалар және шет мемлкеттердің лауазымды тұлғалары жатады».
Парақорлыққа делдал болу (313 бап) парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыға және пара берушіге пара алу мен беру туралы олардың арасындағы келісімге қол жеткізуге немесе іске асыруға жәрдемдесу.
Аталған делдалдықтың қылмыс аяқталуына байланысты 2 түрі қалыптасқан:
1) Әрекет жүзеге асқанына қарамастан пара беру мен алу туралы олардың арсындағы келісімге қол жеткізу;
2) Параны алу немесе беруге қол жеткізу.
Субъектісі – кез келген тұлға саналады.
Саралаушы нышаны әлденеше рет немесе ұйымдасқан топ, немесе адам өзінің қызмет жағдайын пайдалана отырып жасалған дәл сол әрекеттер.
Келесі екі құрам «Қызметтін жалғандық жасау» және – «Қызметтегі әрекетсіздік» 25.09.2003 ж. ҚР заңының мәтінімен берілген.
Қызметтік жалғандық жасау (314 б.):
- ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтерді енгізу;
- құжаттарға олардың шын мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгізу;
- әдейі жалған немесе қолдан жасалған құжаттар беру.
Аталған әрекеттер пайдакүнемдікпен немесе өзге де жеке мүддеге немесе ұйымдардың мүддесіне немесе жеке тұлғалар мен ұйымдарға зиян келтіру мен жасалады.
Қылмыс субъектісі мемлекет функцияларын орындауға өкілетті немесе оған теңестірілген тұлға (1 б); лауазымды тұлға (2 б); жауапты мемлкеттік лауазымды істейтін тұлға (3 б).
Қызметтегі әрекетсіздік (ҚК-тің 315 бап) лауазымды адамның пайдакүнемдікпен немесе өзге де жеке мүддесінде өзінің қызметтік міндеттерін орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, не қоғамның немесе мемлкеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соғуы болып табылады.
Субъективті жағынан пайдакүнемдікпен немесе өзге де жеке және ұйымдардың мүддесіне және жеке тұлғалар мен ұйымдарға зиян келтірумен жасалады.
Саралаушы нышандары қызметегі әрекетсіздік, лауазымды тұлға жасауы, жауапты мемлкеттік қызмет атқаратын адам жасауы; немесе ауыр зардаптарға әкеліп соғуы.
ҚР ҚК-нің 316 бабы бойынша лауазымды адамның қызметіне адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан өз міндеттерін орындамауы немесе лайықты орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлкеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса- осы баппен жауап кершілік жүктеледі.
Салақтықтың субъективті жағы кінәнің абайсыздық нысаны мен сипатталады.
Аталған баптың 2 бөлігі абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған дәл сол әрекет үшін жауапкершілік тағайындайды.
Нормативтік қайнар көздер:
1. Закон РК «О государственной службе» от 26.12.1995 г. с изм. и доп.//КП.-1996.- 18 января.
2. Закон РК «О борьбе с коррупцией» от 2 июля 1998 г. с изм. и доп.//КП.-1998.-17 июля.
3. Закон РК «О нотариате» от 14 июля 1997 г. с изм. и доп. //КП.-1997.-20 июля.
4. Закон РК «Об аудиторской деятельности» от 20 ноября 1998 г. с изм. и доп.//КП.-1998.-10 декабря.
5. Постановление Пленума Верховного суда Республики Казахстан от 22 декабря 1995 г. «О практике применения судами законодательства об ответственности за взяточничество».//КП.-1995.-14 января.
6. Нормативное постановление ВС РК «О практике рассмотрения судами дел о преступлениях, связанных с коррупцией» №18 от 13.12.2001 г.//ЮГ.-2002.-№1.-9 января.
Негізгі әдебиеттер:
1. Агыбаев А.Н. Ответственность должностных лиц за служебные преступления. А., 1997.
2. Мельникова В.Е. Должностные преступления (вопросы уголовно-правовой квалификации). М., 1985.
3. Обзор уголовных дел о взяточничестве//Бюллетень ВС РК. –1999. -№4.
Қосымша әдебиеттер:
1. Азбергенов К. Подкуп как уголовно-правовое деяние//Мысль. –2002. -№6.
2. Кемелов О. Мировой опыт борьбы с коррупцией //Сборник слушателей 3 летнего Юридического университета. А., 1999. С.45-54.
3. Чалых Д. Особенности понятия должностного лица. //Тураби. –2002. -№2.
4. История развития законодательства об ответственности за служебный подлог//Тураби. –2001. -№4.
5. Классификация коррупционных правонарушений. //Закон и время. – 2002. -№3.
10 ТАҚЫРЫП. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
ҚР ҚК-нің 9 тарауы қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік жүктейді.
Аталған қылмыстардың текеік объектілері қоғамдық қауіпсіздік (ҚК-тің 233-256 баптары) және қоғамдық тәртіп (ҚК-тің 257,258 баптары).
Қоғамдық қауіпсіздік – жеке тұлғаның, қоғамның және мемлкеттің мүдделерінең қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сол арқылы қауіп төну мүмкін көздерден экономикалық, саяси, құқықтық және ұйымдастырушылық сипатта қорғалатын ықпал ету шаралар жүйесінің жиынтығы.
Қоғамдық тәртіп-қоғамның тыныш болуын, қоғамдық жерлерде азаматтардың еркін-жүріп тұруын, мекеме, ұйым, кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуін және қоғамдық және жеке көліктердің сондай-ақ жеке тұлғаға қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Объективті жағынан адамға қоғамдық қауіпсіздікке жататын қылмыстардың көпшілігі әрекет арқылы мысалы: бандитизм (237 б), жаппай тәртіпсіздіктер (241 б), бұзақылық (257 б), ал кейбіреулері әрекетсіздік арқылы жаза алады, мысалы: атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (253 б); қаруды оқ-дәріні жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды күзету жөніндегі міндеттерді тиісінше атқармау (254 б).
Көптеген қылмыстар құрам жағынан формальдық мысалы: заңсыз әскерилендірілен құраманы ұйымдастыру (236 б), бандитизм (237 б), бұзақылық (257б) жаза т. б. ҚК-тің 9 тарауының кейбір топтары курамы материалдық мысалы радиоактивті материалдарды ұрлау немесе қорқытып алу (248 б), тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (245 б) орт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (256 б) ж. болып табылады.
Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың басым көпшілігі қасақаналық ниетпен жасалады. Жекеленген түрлері кінәнің абайсызда ныканымен жасалады. Мысалы: атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (253 б).
Субъектісі – 16 жасқа толған, есі дұрыс адам. ҚК-тің 15 бабына сәйкес кейбір қылмыс құрамдарының субъектісі – 14 жасқа толған тұлғалар болуы мүмкін (ҚК-тің 233, 234, 242, 255, 257 б. 2, 3 бөл.; 258 бап. ). Жекелеген баптар бойынша айталық 254, 256 бап. Субъекті болып танылу үшін арнайы белгілермен сипатталу керек.
9 тарауға кіретін барлық қылмыстарды зерттей келе тікелей объектісіне байланысты топтарға бөлуге болады:
1) Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар (ҚК-тің 233-243 бап. );
2) Жұмыс өндірісі ережелері қауіпсіздігін бұзумен байланысты қылмыстар (ҚК-тің 244- 246 бап);
3) Жалынға қауіпті заттарды қолдану ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар (ҚК-тің 247-256 бап);
4) Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар (ҚК-тің 241, 257, 258 бап).
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың құрамын қарастырып өтейік.
Терроризм - қазіргі дәуірдегі ең қауіпті қылмыс түрі болып табылады.
Терроризм қылмысы объективті жағынан (19. 02. 2000 ж. ҚК Заңынан). 1) Адамдардың каза болуы, елеулі мүлікті зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау; 2) аталған іс-әрекетерді жасаймын деп қорқыту арқылы сипатталады. Қорқыту анонимді немесе ашық жазбаша немесе ауызша күйде болуы мүмкін.
Терроризм құрамы формальді қылмыстарға жатады. Осы баптың (ҚК 233 б) диспозициясында көрсетілген (қылмыс зардаптарының нақты орын алуы емес) зардапардың болу қаупінің тудырылуы жеткілікті болып табылады.
Субъективті жағынан терроризм тек қана тікелей қасақаналықпен жасалады. Жеке мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру. ҚР мемлкеттік органдарының шет мемлкеттің немесе халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету. Субъектісі – 14 жасқа толған анық есі дұрыс адам.
Саралаушы нышандары: нақ сол әрекет: бірнеше рет; атыс қаруын қолдана отырып жасалса; осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар: жаппай қырып-жоятын қаруды, радиоактивті материалдарды қолдануға немесе қолданамын деп қорқытуға және жаппай уландыруды, эпидемия мен эпизотияны таратуды, сондай-ақ адамдарды жаппай қырып-жоюға әкеп соғуы ықтимал өзге де іс-әрекеттерді жасауға немесе жасаймын деп қорқытуға үштаса; абайсызда адам өліміне өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса; адамның өміріне қастандық жасау; мемлкеттік немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық жасау.
ҚК-тің 233, 236, 252 бап. ескертулері кінәлі тұлғаларды қылмыстық жауапкершіліктен босатудың арнайы негіздерін қамтиды.
19. 02. 2002 ҚР Заңымен терроризмді насиқаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақырғаны (ҚК-тің 233 бабы) үшін және сондай ұйым құрып оған басшылық етіп, оның қызметіне қатысқаны үшін жауапкершілік енгізілген.
ҚК-тің 233-1 бабымен терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру, сондай-ақ көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату; адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып не қоғамдық бірлестіктің басшысы бола отырып не бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасаған нақ сол әрекеттер үшін жауапкершілікке тартылады.
Заңшығарушы жеке құрамдарға террористік топтың қызметіне немесе ол жасаған терроризм актілеріне қатысу – (233-2 бап. ); ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды)құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу – (235 бап); заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру (236 б); бандитизм (237 б)- сияқты қылмыстарды сипатына байланысты бөлген. Бұл нормалар жекелеген қылмыстық-құқықтық әрекеттерді қамтитын болғандықтан (құру, басшылық ету, қатысу) жоғарғыдағыдай топтастырылған.
Аталған қылмыс құрамын зерттеу барысында 21. 06. 2001 ж. №2 ҚР Жоғарғы Сотының «Бандитизм және қылмысқа қатысумен байланысты басқа да қылмыстарға жауапкершілікті тағайындаудағы соттардың заңды қолданудың кейбір мәселелері туралы» қаулысымен танысу керек.
Субъективті жағынан аталған қылмыстар тікелей қасақаналықпен сипатталады. ҚК-тің 235 баб. 2 және 3 бөл. міндетті белгілері ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасау, және сол үшін жоспарлар мен шаттар әзірлеу, ал 237 бап. – азаматтарға немесе ұйымдарға шабул жасау.
Қарастырылып отырған қылмыстардың арнайы субъектісі өзінің қызмет бабын пайдаланушы (ҚК-тің 233-2, 235, 237 бап. ) немесе қоғамдық бірлестіктің басшысы (ҚК-тің 233-2 бабы) болуы мүмкін.
Адамды кепілге алудың (234 бап) объективті жағы көпілге алынған адамды босату шарты ретінде мемлкетті, ұйымды немесе азаматты қандай да бір іс-әрекет жасауға немесе қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартуынуға мәжбүр ету мақсатында адамды көпілге немесе көпілдік ретінде ұстау.
Адамды кепіл ретінде ұстау дегеніміз – күш қолдану арқылы кепілдегі адамның бостандыққа шығуна кедергі жасау.
Жәбірленуші ретінде жасына, лауазымына қарамастан Қазақстан немесе шетел азаматы болуы мүмкін.
Адамды кепілге алу-қылмыс жәбірленушінің бас бостандығынан айырылған уақытынан бастап аяқталған деп саналады. Кепілде ұстау ұзақтағы ескерілмейді.
Субъективті жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады. Мақсаты: мемлкетті ұйымды немесе азаматты қандай да бір іс-әрекет жасауға немесе қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету және сол әрекеттерінің жаза асырылуының шарты – жәбірленушіні босату болып табылады.
Қылмыс субъектісі 14 жасқа толған адам.
Адамды кепілге асудың саралаушы нышандары: адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; бірнеше рет; өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдана отырып; қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдана отырып; көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты; айыптығы жүктілік жағдайы көрінеу мәлім әйелге қатысты; көпе-көрінеу дәрменсіз күйдегі адамға қатысты; екі немесе одан да көп адамға қатысты; пайдакүнемдікпен немесе жалдау арқылы жасау болып табылады.
ҚР ҚК-нің 238 бабы үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алу алғаны үшін жауапкершілік тағайындайды. Объективті жағы үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге коммуникацияларды басып алу немесе оларды ұстап тұру, оларды жоямын немесе бүлдіремін деп қорқыту.
Қарастырылып отырған қылмыс құрамының субъективті жағы айрнайы мақсаты көздейді. Ол: басып алғандарын босату шарты ретінде мемлкетті, ұйымды немесе азаматты қандай да бір іс-әрекет жасауға немесе қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету, мысалы: ақша сомасын беруді, көніл құралын, шет мемлкетке шығын кету, сотталушыны немесе қамалған адамды босатуды талап ету.
Егер үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алумен қататр, өзге де қылмыстық-құқықтық әрекет жасаса, онда тұлға әрекеті қылмыстар жиынтығы бойынша саралану керек. Мысалы: ішінде кепілдегі адамдарыы бар үйді басып алу.
ҚК-тің 238 баб. 1 бөл. Саралаушы нышандары: адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; бірнеше рет; өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдана отырып; қару немесе қару ретінде прайдаланылатын басқа заттарды қолдана отырып; пайдакүнемдік ниетімен немесе жалдау арқылы жасалуы танылады.
Ерекше саралаушы нышандарына ҚК-тің 238 баб. бірінші немесе екінші бөліктерінде кезделген әрекеттер, егероларды ұйымдасқан топ жасаса немесе абайсызда кісі өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соғуы жатады.
ҚР ҚК-нің 239 бабы «Әуе немесе су көлігін не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сонымен бірдей қолға» - түсіргені үшін жауапкершілік жүктейді.
Қарастырлып отырған қылмыс объектісі – қоғамдық қауіпсіздік, ал қосымша объектісі өмір, денсаулық, меншік қатынасы болуы мүмкін. Қылмыс заты-әуе, су немесе жылжымалы темір жол составы.
Объективті жағы әуе немесе су көлігін не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сол сияқты осындай көлік пен құрамды айдап әкету мақсатында басып алу.
Көлік құралдарына өз бетінше иелік етіп оны өзінің қалауынша пайдалану айдап әкету деп табылады.
Басып алуға күш қолдану, қорқыту, немесе алдау арқылы әуе, су кемесін немесе жылжымалы темір жол составын құқыққа қайшы түрде иелік етулер жатады.
Саралаушы нышандары ҚК-тің 238 бап. көрсетілген саралаушы нышандармен біртектес болып келеді.
Теңіз қарақшылығы (ҚК 240 бап) дегеніміз теңіз немесе өзен кемесіне бөтеннің мүлкін басып алу мақсатында күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып шабуыл жасау.
Қосымша объект ретінде – адамдар өмірі, денсаулығы, жеке және заңды тұлғалар меншігі танылады. Қылмыс заты – теңіз немесе өзен кемесі.
Субъективті жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен және арнайы мақсаты – бөтен мүлкін басып алу болып келеді.
Саралаушы нышандары: бірнеше рет. Не қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалса дәл сол әрекет; ұйымдасқан топ жасаса не абайсызда кісі өліміне не өзге ауыр зартаптарға әкеп соқса.
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау нормасы үшін жауапркешілік (242 бап 19. 02. 2002 ж. ҚР Заңымен) ҚР қылмыстық заңына тұнғыш рет еніп отыр. Көрінеу жалған хабарлау ол- дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау. Терроризм актісі ұғымы ҚР ҚК-нің 233 баб. баяндалған.
9. 12. 2004 ж. ҚР Заңымен ҚР ҚК-нің 242 бабына және 257 баптың 1, 2 бөл. санкциялары бас бостандығын шектеу жазасымен толықтырылған.
ҚК-тің 243 бабының заты –жаппай зақымдау қаруын, олардың жеткізу құралдарын, қару жарақ және әсери техниканы жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін және арнайы экспорттық бақылау орнатылған технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және қызмет көрсетулер.
Объктивті жағы жоғарыда аталған заттарды заңсыз экспорттау мен сипатталады. Экспорттау дегеніміз – қайтадан қайтару міндетінсіз интеллектуалдық қызмет нәтижесі, тауар, жұмыстар, қызметтерді шетелге шығарудың кедентік режимі. Шығару арнайы экспорттық бақылаусыз жүзеге асырса заңсыз деп есептеледі.
Сараптамалық бақылау – ол мемлекет тарапынан жүргізілетін ұлттық мүдделерді қорғау, халықаралық міндетемелерді сақтау, әскери техника, қару-жарақ, бірнеше салада қолданылатын тауарларды сыртқы экономикалық қызмет арқылы реттеу мақсатында тауар, жұмыс, қызметтерді шығаруды кедендік режим арқылы бақылау.
Қылмыс, заты кеден шекарасынан өткеннен бастап, аяқталды деп есептеледі.
Қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚК-тің 244-246 бап. ) қылмыстарын саралау барсында-бұл әрекеттердің жауапкершілігі бланкеттік болғандықтан, тиісінше реттейтін нормативтік актілерге сүйену керек.
Атап айтсақ «Атом энергетикасы объектілерінің қауіпсіздік ережелерін бұзу» ҚР-ның 14. 04. 97 ж. «Атом энергиясын қолдану туралы», 23. 04. 98 ж. «Тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 15. 07. 97 ж. «Қоршаған ортаны қорғау» заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілер мен танысу керек.
ҚК 245 б. қылмыс белгілерін анықтау үшін тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізудің арнайы ережелері мен танысу керек.
Тұлғаны ҚК-тің 246 б. бойынша қылмыстық жауапқа тарту үшін жарылыс қауіп бар цехтарда жұмыс істеу тәртібі ережерерінің қай тармағын бұзғандығын анықтау керек.
Қарастырылған қылмыстардың қосымша объектісі ретінде адам өмірі мен денсаулығы түсе алады.
Аталған қол сұгушылықтардың объективті жағы тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізгенде қауіпсіздік ережелерін бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соғу және абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет сондай-ақ жарылыс қауіп бар объектілерде немесе жарылыс қаупі бар цехтарда қауіпсіздік ережелерін бұзу, егер бұл кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін болса және абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет.
Келесі топ – жалынға қауіпті заттарды қолданудың (ҚК-тің 247-256 бап. ) тәртібін бұзумен байланысты қылмыстар. Қылмыс затына байланысты оларды бірнеше бөлікке бөлуге болады.
Бірінше бөліктің заты болып – радиоактивті материалдар (ҚК-тің 247-249 бап. ) танылатын қылмыстар құрайды. «Атом энергиясын қолдану» заңының 1 бабына сәйкес радиоактивті материалдарды химиялық элементтері бар, эдросы өз бетінше ыдырап кете алатын, шаруашылық қызмет нәтижесінде құралатын және болашақта қолданысқа жатпайтын материалдар құрайды.
Радиоактивті материалдарға қатысты келесі іс-әрекеттер қылмыстық жазалануға лайық:
- радиоактивті материалдарды заңсыз иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, пайдалану, бүлдіру немесе көму (ҚК-тің 247 б. 1 бөл. 19. 02. 2002 ж. ҚР Заңымен);
- радиоактивті материалдарды заңсыз өткізу, сондай-ақ өткізу мақсатымен радиоактивті материалдарды заңсыз иемденіп алу, сақтау, тасымалдау (ҚК-тің 247 б. 2 бөл 19. 02. 2002 ж. ҚР Заңымен);
- радиоактивті материалдарды ұрлау (ҚК-тің 248 б);
- радиоактивті материалдарды қорқытып алу (ҚК-тің 248 б);
- радиоактивті материалдарды сақтау, пайдалану, есепке алу, көму, тасымалдау ережелерін және олармен жұмыс істеудің басқа да ережелерін бұзу (ҚК-тің 249 бабы).
Саралаушы нышандары ҚК-тің 247, 249 бап. бойынша абайсызда кісі өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет. ҚК-тің 248 баб. 2, 3 бөл. бойынша дәл сол әрекеттер: адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; бірнеше рет; адам өз қызмет бабын пайдаланып; өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдана отырып, не осындай күш қолданамын деп қорқыта отырып жасалса; өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдана отырып немесе осындай күш қолданамын деп қорқыта отырып; ұйымдасқан топ; ұрлағаны не қорқытып алғаны үшін екі рет немесе да көп сотталған адам жасаған әрекеттер.
Келесі қылмыстар тобын бір –ақ қылмыс – айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандысы (ҚК-тің 250 б. ) құрайды.
Аталған қылмыстың затын – есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін, улы, уландырғыш, радиоактивті немесе жарылғыш заттарды, қару-жарақты, әскери техниканы, жарылғыш құрылғыларды, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді, жаппай қырып-жою қаруларын жасау үшін пайдаланылуы мүмкін материалдар мен жабдықтар құрайды.
Контрабанданың объективті жағы-кедендік бақылаудан тыс немесе жасырып жасалған не құжаттарды немесе кедендік таңестіру құралдарын алдап пайдалана отырып, аталған заттарды декларацияламай немесе жалған декларациялаумен үштастыра мемлкеттің кеден шекарасы арқылы өткізу.
Саралаушы нышандары – дәл сол әрекет: бірнеше рет; лауазымды адам өз қызмет бабын пайдалана отырып; кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға күш қолдана отырып жасалса; ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер.
ҚР-нің 31. 05. 2002 ж. Заңымен аталған қол сұғушылықтың санкциясы ұлғайтылды. Атап айтсақ 2 бөлік бойынша – бас бостандығынан айыру – 8 жылға дейін, 3 бөлік бойынша –7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
Келесі топтағы қылмыстарды зерттеу барысында 27. 10. 1993 ж. ҚР «Жекелеген қару түрлерін мемлкеттік бақылау туралы» заңымен және ҚР Жоғарғы Сот Пленумінің 21. 07. 1995 ж. «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру істері бойынша сот тәжірибиесі» қаулысын қолдану керек.
ҚР ҚК-нің 251-255 бап. заты болып – атыс қару, суық қару жаппай қырып-жою, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, жарылғыш құрылғылар танылады.
ҚК-тің 251 бабы бойынша жауапкершілік атыс қаруын (тегіс ұңғылы аңшы мылтығынан басқа), оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, біреуге беру, өтқізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүргені үшін жүктеледі.
Саралаушы нышандары: адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасаған немесе бірнеше рет жасалған дәл сол әрекеттер; жоғарыда көзделген әрекеттерді ұйымдасқан топ жасаса, ал 251 бап. 4 бөл, бойынша суық қаруды алып жүру, аңшылық кәсіпшілікке байланысты болатын реттерді қоспағанда, қанжарларды, фин пышақтарын немесе басқа да суық қаруды заңсыз алып жүру немесе сатқаны үшін жауапкершілік жүктеледі.
ҚК-тің 252 бабы 1 бөл. объективті жағы атыс қаруын, оның жинақтаушы бөлшектерін заңсыз жасау немесе жөндеу, сол сияқты оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жару құрылғыларын заңсыз жасаумен сипатталады.
Саралаушы нышандары: осы әрекеттерді адамдар тобы алдын ала сөз байласын жасауы, бірнеше рет жасауы және ұйымдасқан топ жасауы. 252 бап. 4 бөл. газ қаруын,суық қаруды, оның ішінде лақтырғыш қаруды заңсыз жасағаны үшін жауапкершілік жүктейді.
ҚК-тің 253 бабы атыс қаруын ұқыпсыз ұстағаны үшін жауапкершілік жүктейді. Міндетті белгісі атыс қаруын оны басқа адамның пайдалануы үшін жағдай түғызған ұқыпсыз сақтау және ол ауыр зардаптарға әкеп соғуы. Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды кузету жөніндегі міндеттерді тиісінше атқармау (ҚК-тің 254 бабы) бұл олардың ұрлануына немесе жойылуына не өзге ауыр зардаптардың тууына әкеліп соғу керек (мысалы: адам өмірі,денсаулыққа орташа немесе ауыр зиян келтіру, орташа, ірі мөлшерде материалдық зиян келтіру).
Аталған қылмыс субъектісі арнайы-қылмыс заттарын қорғауға тапсырылған адам.
254 бап. 2 бөл. бойынша жаппай қырып-жоятын қаруды не жаппай қырып-жоятын қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін материалдарды немесе жабдықтарды күзету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау, егер ол ауыр зардапқа әкеп соқса немесе олардың пайда болу қаупін тудыру керек.
Жеке қылмыс құрамына келесі әркеттер топтастырылған:
1) атыс қаруын, оның жинақтаушы бөлшектерін, оқ-дәріні, жарылғыш заттар немесе жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу;
2) жаппай қырып-жоятын қаруды, сол сияқты жаппай қырып-жоятын қару жасау кезінде пайдалануы мүмкін материалдарды немесе жабдықтарды ұрлау не қорқытып алу (ҚК-тің 255 бабы).
Саралаушы нышандары жоғарыда көрсетілген ҚК 248 бабының 3 бөл. сәйкес келеді.
Жеке топқа орт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (ҚК 256 б) қылмысын бөлуге болады. Аталған қылмыс объектісі адам өмірінің барлық сапасын қамтамасыз өрт қауіпсіздігі ережелерін ресми белгілеп реттейтін қоғамдық қатынастар. Қосымша объектісі ретінде адам өмірі мен денсаулығы, жеке және заңды тұлғалардың меншігін алуға болады.
Қарастырылып отырған қылмыстың объективті жағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға жауапты адамның өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуы, егер ол абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлкеттік ірі зиян келтіруге әкеп соғуы.
Қылмыс субъектісі- өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға жауапты адам.
Саралаушы нышандары ҚК-тің 256 б. 2 бөл сәйкес абайсыздан кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет танылады.
Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ішіндегі ең көп тараған және ең қауіпті түрі бұзақылық (ҚК-тің 257 б). Аталған қылмыс құрамын саралау барысында ҚР Жоғарғы Соты Пленумінің 21. 07. 95 ж. «Бұзақылық істер жөніндегі сот тәжірибесі» қаулысымен танысу керек.
Бұзақылық объектісі қоғамдық тәртіп. Қосымша объектісі ретінде денсаулық, ар-ождан, абырой, меншік қатынастары түсе алады.
Бұзақылық объективті жағынан қоғамды анық кұрметтемеуін білдіретін азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытыпумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым ерескел бұзушылық болып табылады.
Бұзақылық белгілерін анықтай келе оны жеке басқа қарсы қылмыстар, балағаттау, денсаулыққа зиян келтіру және қылмыстық жауаптылық көздейтін бұзақылықты – әкімшілік жауаптылық бұзақылықтан айыра білу керек.
ҚК-нің 257 б. 1 бөл. субъектісі – 16 жастан, ал 2 бөлігі бойынша – 14 жастан (ҚК-тің 15 бабы) басталады.
Саралаушы нышандары ретінде нақ сол әрекет, егер оны: а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса; өкімет өкіліне не қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі міндетті атқарушы немесе қоғамдық тәртіпке бұзуға тыйым салушы өзге де адамға қарсылық көрсетумен байланысты болса; бұзақылық үшін бұрын сотталған адам жасаса танылады.
Ерекше сараланатын нышаны ол атыс қаруын, газ қаруын, пышақты, кастеттерді және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы бейімделген басқа за заттарды қолданып немесе қолдану әрекеті арқылы жасалған бұзақылық.
Тағылық (ҚК-тің 258 б. ) ол ешқандай мәнсіз мәдени және материалдық құндылықтарды бұзу, айуандық.
Аталған қылмыстық заты-үйлер, ғимараттар, қоғамдық мүлік.
Объективті жағы үйлерді немесе өзге де ғимараттарды жазулармен немесе суреттермен, немесе қоғамдық адамгершілікті қорлайтын өзге де іс-әрекеттермен қорлау, сол сияқты көлікте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдіру болып табылады.
Жаппай тәртіпсіздіктің объективті жағы 241 баптың 1 бөл. қарастырылған, соған сәйкес жаппай тәртіпсіздіктер дегеніміз –күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлікті жоюмен, атыс қаруын, жарылыс заттарын немесе жарылыс құралғыларын қолданумен, сол сияқты олардың өкімет өкіліне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру.
241 б. 2 бөл. субъектісі жаппай тәртіпсіздікке тікелей қатысқан 16 жастағы тұлға.
ҚК-тің 241 б. 3 бөл. сәйкес өкімет өкілдерінің заңды талаптарына бөлсене бағынбауға және жаппай тәртіпсіздікке шақыру, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақырғаны үшін жауапкершілік жүктейді.
Достарыңызбен бөлісу: |