Нормативтік қайнар көздер:
1. ҚР Конституциясы Алматы: Қазақстан, 1999. -48 б.
2. ҚР Қылмыстық кодексі. Алматы: Баспа. 2004. -179 б.
3. «ЖҚТБ ауыруын алдын алу жөнінде» ҚР Заңы. 5 қазаң 1994 ж. ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомостлері 1994 ж. № 16-17
4. «Психиатриялық көмек және оны көрсету барысында азаматтарға құқықтарына кепілдік беру жөнінде» ҚР Заңы 16 сәуір 1997 ж. № 96
5. Постановление Пленума Верховного суда КазССР от 12 июня 1975 г. №3 «О ходе выполнения Постановления Пленума Верховного суда СССР от 8 октября 1973 г. «О судебной практике по делам о заражении венерической болезнью» // Сборник Постановлений Пленума Верховного суда КазССР, РК (1961-2003 годы). Алматы, 2004. С. 21-23.
6. Постановление Пленума Верховного Суда Казахской ССР от 23 сентября 1983 г. №11 «О судебной практике по делам об автотранспортных преступлениях» //Сборник постановлений Пленума Верховного Суда Республики Казахстан (Казахской ССР), 1997 г., Том 1. С.342.
7. 18 желтоқсан 1992 жылғы ҚР-ның Жоғарғы Сотының «Жеке адамдардың және заңды тұлғалардың ар-намысы, қадір-қасиеті іскерлік беділін қорғау жөніндегі заңдылықтарда сот тәжірибесінде қолдану туралы» №6 Нормативтік қаулысы ҚазССР ҚР Жоғарғы сот Пленумының қаулыларының Жиынтығы (1961 - 2003 жж. ) Алматы 2004. 89-93 б. (18. 06. 2004 ж. №10 нормативтік қаулыларымен өзгертулер енгізілген)
8. 23 сәуір 2003 ж. ҚР Жоғарғы Сотының «Зорлау үшін жауапкершілікке реттейтін заңдылықтарды соттардың қолдануы тәжірибесі жөнінде» №1 қаулысы ҚР Жоғарғы Сот Жаршысы 1993 ж №2
9. 23 желтоқсан 1994 ж. ҚР Жоғарғы Соты Пленумының «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қолсұғушылық үшін жауапкершілікті реттейтін» заңдылықтарды соттардың қолдануы жөнінде №11 Қаулысы ҚР Жоғарғы Сот Жаршысы № 1
10. 22 желтоқсан 1995 ж. ҚР Жоғарғы Сот Пленумының «Қорқытып алушылық бойынша істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы» № 11 Қаулысы (Пленумның 25 шілде 1996 ж. № 10 және 5 мамыр 1997 ж. №3 қаулыларының өзгертулері) // ҚР Жоғарғы Сот Пленумының қаулыларының жинағы 1997 ж.
11. 21 шілде 201 ж. ҚР Жоғарғы Сотының «Бандитизм және қатысу арқылы жасалған басқа қылмыстар үшін жауапкершілік туралы заңдылықтарды соттардың қолдануының кейбір сұрақтары жөнінде» № 2 Нормативтік қаулысы ҚР Жоғарғы сотының бюллетені 2001 ж. № 1
12. 11 наурыз 2001 ж. ҚР денсаулық сақтау істері жөніндегі Агенттігінің бұйрығымен бекітілген «Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын бағалаудың сот-дәрігерлік Ережесі»
Негізгі әдебиеттер:
1. Бородин С.В. Ответственность за убийство: квалификация и наказание по российскому праву. М., 1994.
2. Глухарева Л.И. Уголовная ответственность за детоубийство. М.:ВЮЗИ, 1984.– 57с.
3. Квалификация отдельных видов тяжких преступлений. Учебное пособие. //Г.Б.Витенберг. –Иркутск: изд-во ун-та, 1974.–199с.
4. Рустемова Г.Р. Медико-правовые проблемы трансплантации органов и тканей человека. Алматы: Санат, 1998. – 128с.
5. Сафронов В.Н., Свидлов Н.М. Вопросы квалификации половых преступлений. Волгоград, 1984.
6. Саматова Г.Б. Схемы по особенной части уголовного права Республики Казахстан. Преступления против личности. Алматы, 2003.– 89с.
7. Саркисов Г.С., Красиков Ю.А. Ответственность за преступления против жизни, здоровья, свободы и достоинства личности. Ереван, 1990.
8. Ткаченко В.И. Преступления против личности. М.:ВЮЗИ, 1981. – 78с.
10. Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть. Учебник. Алматы, 2003. – 792с.
Қосымша әдебиеттер:
1. Абдрашит А. Ответственность за чужое здоровье: О понятии умышленного причинения тяжкого вреда здоровью по уголовному законодательству Республики Казахстан. //Мир закона.–2002.-№10.–С.33-37.
2. Ахметова Е. К вопросу о причинении вреда в состоянии аффекта. //Мир закона.–2004.- №3.–С.15-16.
3. Беляева Н., Орешкина Т. Квалификация преступлений, посягающих на личную свободу человека // Законность. -1994. -№ 11. -С. 14-19.
4. Богданович С. Преступления против половой свободы женщин. //Правовая реформа в Казахстане.-1998.-№2.–С.20-27.
5. Бриллиантов А.В. О некоторых проблемах квалификации убийства. //Российский следователь.–2000.-№4.–С.22-24.
6. Габбасов Н. Квалификация убийства матерью новорожденного ребенка. //Фемида.– 2002.-№11.–С.59-61.
7. Гаухман Л., Максимов С., Сауляк С. Об ответственности за захват заложников и похищение человека //Законность. 1994. -№ 9.- С. 43-46.
8. Каиржанов А. Квалификация признаков убийства по найму. //Закон и время.– 1999.-№2.
9. Лысов М. Ответственность за незаконное лишение свободы, похищение человека и захват заложников // Российская юстиция. 1994.- № 5.- С.40-41.
10. Нагашыбай Н. Убийство матерью новорожденного ребенка. //Закон и время.–2004.-№7.–С.47-48.
11. О жертвах насилия. //Мир закона.–2000.-№4.–С.28-29.
12. Преступления против личности. //Юридические консультации.–2004.-№2. С.21-27; 2004.-№6.–С.21-27.
13. Расторопов С. Содержание субъективной стороны преступлений против здоровья человека. //Законность.–2004.-№2.–С.56-57.
14. Рахметов С.М. Изнасилование: вопросы квалификации. //Право и государство.–2000.-№1-2.–С.56-58.
15. Сарсенбаев Т. Беспомощное состояние как квалифицирующее обстоятельство убийства. //Правовая реформа в Казахстане.–2002.-№1.–С.41-47; 2002.-№3.–С.32-38.
16. Скобликов П. Критерии добровольности освобождения похищенного и заложника. //Законность.–2002.-№7.-С.14-17.
17. Тлеукенов Н. Субъективная сторона похищения человека. //Тураби.–2000.-№4.-С.14-19.
18. Шишков С. Установление «внезапно возникшего сильного душевного волнения (аффекта)». //Законность.-2002.-№11.-С.24-28.
3 ТАҚЫРЫП. ЖАНҰЯ ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің 2 тарауы жанұя және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстарды қамтиды. Бұл қылмыстарға қатысты жеке тарауды бөліп шығару олармен қылмыстық-құқықтық күрестің басымдылық сипаты береді. Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясының жалпы танылған халықаралық құқық нормалары мен қағидалары және Қазақстанның халықаралық келісім шарттарына сәйкес.
Қарастырылып отырған қылмыс құрамдарының топтық объектісі – кәмелетке толмағандардың дұрыс дамуы және тәрбиеленуі әрі жанұяның қалыпты жағдайын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.
Тікелей объектісі – кәмелетке толмағандардың жеке тұлғасының қалыптасуы немесе жанұяның қалыпты өмір сүруімен байланысты қоғамдық қатынастар.
Жәбірленушілер боп кәмелетке толмағандар, жас балалар, ата-аналар, жұбайлар, асырап алушылар танылады.
Осы тараудағы көп қылмыстардың объективтік жағы іс-әрекеттен тұрады. Он қылмыстан төртеуі (балалары және еңбекке жарамсыз ата-аналары үшін қаражат төлеуден көрінеу жалтару, кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу міндеттерін орындамау, балалардың өмір сүруі және денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамау, еңбекке жарамсыз жұбайын қаражатпен қамтамасыз етуден көрінеу жолтару) әрекесіздік жолымен жасаланады.
Бұл қылмыс құрамдары конструкциясы бойынша формальды, яғни объективтік жағының міндетті белгісі бойынша қандайма болмасын қоғамға қауіпті нәтиженің туындауын анықтамайды.
Жанұя және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар ҚК 138 б. «балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» көзделген қылмыстан басқасы кінәнің тікелей қасақаналық нысанында сипатталады. Кей құрамдардың субъективтік жағының міндетті белгісі пайдакүнемдік немесе өзге жамандық ниетпен сипатталады.
Бұл қылмыстардың субъектісі – он сегіз жасқа жеткен кез-келген адам немесе кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндеттері заңмен жүктелген ата-анасы, педагог немесе өзге адамдар, еңбек қабілеті бар балалары, мемлекеттік қызметкерлер кәмелетке толмағандарды саудаға салу және баланы ауыстыру үшін ғана жауапкершілі он алты жастан туындайды.
Тікелей объектісіне байланысты бұл тараудың қылмыстарын келесі топтарға болуге болады.
1. Кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы әрекеттерге тарту, кәмелетке толмағандарды қылмыстық іске тарту, кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тартудан тұратын кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар.
2. Кәмелетке толмағандардың жеке бостандығына қарсы қылмыстар: кәмелетке толмағандарды саудаға салу, баланы ауыстыру.
3. Жанұяны қорғау және кәмелетке толмағандарды қаржыландыру, тәрбиелеуге қажетті шарттар жасақтауға қол сұғатын қылмыстар: баланы асырап алу құпиясын жария ету, балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару, еңбекке жарамсыз жұбайын асыраудан жалтару, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау, балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау, қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын теріс пайдалану. ҚР ҚК 131 және 132 баптарында көзделген қылмыс құрамын зерттеу барысында 11 сәуір 2002 жылғы ҚР-ның Жоғарғы Соты Пленумының № 6 «Кәмелетке толмағандардың қылмыстары және оларды қылмыстық не басқа қоғамға қарсы әрекеттерге тарту жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» Нормативтік қаулысымен танысу қажет. Ол келесі мәселелер: тарту түсінігі, қылмыстардың аяқталу уақыты, кінәнің мазмұны және саралаушы белгілері бойынша түсініктеме береді.
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тарту деп кәмелетке толмаған адамның бойынан қалау, тілеу, қылмысты жасауға қатысуға дайындық сыңайын білдіру қасиетін қалыптастырудан тұратын қылмыста тартушының мақсатты әрекетін түсіну керек. Ересек адамның әрекеті белсенді сипатта және психикалық әрі физикалық әсерді пайдаланудан (ұрып-соғу, қорқыту, көндіру, үркіту, сатып алу, адау, кек алуды өршікту, қөралмаушылық және басқа жаман пиғылдарды өрбіту) турады.
Қарастырылып отырған әрекеттердің субъектісі 18 жаңа толған адам. Кәмелетке толмаған адамды қылмыс жасауға тартудан тұратын басқа кәмелетке толмағаннның әрекеті бұл қылмыстың құрамын құрайды.
ҚР ҚК 132 бабы кәмелетке толмағандарды қоғамға қауіпті әрекеттерді жасауға тарту үшін жауапкершілікті көздейді. Қоғамға қарсы әрекеттер деп заң есірткелік не есеңгірететін заттарды медициналық емес тұрғыда тұтану, спирттік ішімдіктерді удайы тұтану, жезөкшілікпен, қаңғыбастық немесе қайыршылықпен айналасуды таниды.
ҚР ҚК 131 және 132 баптарындағы қылмыстар кәмелетке толмағандарды қылмыс немесе басқа қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға көндіріп, ересек адамның ықпалынан оның санасында осы әрекеттерді жүзеге асыруға қасақаналық пайда болған уақыттан бастап аяқталған деп есептеледі.
Ересек адамның кәмелетке толмаған адамды қылмыс жасауға тарту және оған қатысқан әрекеті жас өспіріммен тірге қатысушылық арқылы нақты қылмыс жасағаны және оны қылмыстық әрекетке тарқаны үшін жауапкерншілікті көздейтін баптардың жиынтығы бойынша сараланады. Белгілі бір жасқа жетпеген адаммен бірге жасалған әрекет адамдар тобы жасаған әрекет деп саранбайды. Қылмысты орындаушы деп ҚК 28 б 2 б бойынша кәмелетке толмағанды қылмысқа тартқан ересек адам танылады.
ҚР ҚК 131 б. Саралаушы белгісі ретінде бұл қылмысты кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттері заңмен жүктелген ата-анасы, педагог және басқа адамдардың жасауы; күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы, кәмелетке толмағандарды ауыр немесе саса ауыр қылмыс жасауға тарту танылады.
Кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тартудың саралаушы белгілері; оларды ата-анасы, педагогы және кәмелетке толмағандарды қорғау міндеттері заңмен бекітілген өзге адамдардың жасауы, бірнеше мәрте, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы жасалған әрекеттер.
Кәмелетке толмағандарды сааудаға салу үшін қылмыстық жауапкершілік ҚР ҚК бірінші рет енгізілген. Кәмелетке толмағандарды саудаға салу деп тек қана сатын алу-сату емес, оны біреуге беру немесе оны иемдену жөніндегі өзге мәмілелер жасау танылады (ҚР ҚК 133 б). ҚК 133 б. 2 б. Кәмелетке толмағандарды саудаға салудың сараланған белгілер: 1. Бірнеше мәрте, екі немесе одан да көп кәмелетке толмағандарға қатысты, 3. Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топпен жасалған, 4. Адамның өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, 5. Кәмелетке толмаған адамды ҚР-нан тыс жерге заңсыз әкету немесе оны ҚР заңсыз әкелумен байланысты жасалуы, 6. Кәмелетке толмаған адамды қылмыс жасауға, қоғамға қарсы өзге де әрекеттер жасауға тарту мақсатында жасалса, 7. Кәмелетке толмаған адамның мүшелерін немесе тінін ауыстырып салу үшін алу мақсатында жасалғаны. Ерекше саралаушы белгісі кәмелетке толмағандарды саудаға салу барысында ол адамның өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға абайсыздықпен әкеп соққан әрекеттер. Өзге де әрекеттер деп кәмелетке толмағанды сауда саттыққа салу нәтижесінде оның өзін-өзі өлтіру, жағындарының өз-өзін өлтіруі, психикалық ауыруға шалдығуы т. б.
Баланы қасқана ауыстыру (ҚК 134 б) баланы алып оны екі жақтық әке-шешесінің хабарынан тыс немессе бір баланың ата-анасының хабарынан тыс ауыстыру. Тірі баланы өлген баламен, дені сау баланы науқас балаға, ұлды қызға керісінше ауыстыру мүмкін.
Тағы айта кететін жай бөтен баланы бөтен балаға немесе өзінің баласына, соның ішінде бір баланың ғана ата-анасының келісімімен, бірақ бір жағының келісімінсіз ауыстыру мүмкін. Егер ауыстыру екі жақтың келісімімен болатын болса, жауапкершілік кәмелетке толмағандарды саудаға салу үшін туындайды. Бөтен баланы ауыстырусыз алып қою адам ұрлауды құрайды.
Баланы ауыстыру пайдакүнемдік немесе өзге жамандық ниетпен жасалған, ол осы қылмыстың сараланған түрін құрайды. Пайдакүнемдік ниет дегеніміз кінәлінің мүдделі адамдардан баланы ауыстырғаны үшін материалдық кіріс өндіріп алуы. Жамандық ниет-моральға жат, жалпы адамдық құндылықтан ада, жамандық келтірумен байланысты мақсат. Мысалы, баланың ата-анасынан кек алу, болашақта баланың органдарын ауыстырып салуға ұмтылу, ауыру баланы дені сау балаға анасының ауыстыруы.
Қолсұғушылықтардың келесі тобы-от басы мүдделері және кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге және асырауға қажетті шарттарды бұзатын қылмыстар.
Кәмелетке толмаған ата-анасы жоқ балалар әр-түрлі себептермен асырап алуға жатады. 24 желтоқсан 1998 ж. қабылданған «Неке және отбасы туралы» заңда от басының қалыпты өмір сүруі, асырап алынған кәмелетке толмағанның тиісті өсуі, қанды туысқаны боп табылмайтын адамдардың тыныштығын сақтау үшін асырап алу құпиясы бекітілген.
Асырап алу құпиясын жария ету (ҚК 135 б) асырап алынған адамға, немесе өзге адамдарға шыққан тегі жөнінде, асырап алумен байданысты басқа да жағдайлар мен деректерді хабарлау. Қылмыс асырап алу жөніндегі деректерді жария еткен уақыттан бастап аяқталған деп есептеледі.
Қарастырылып отырған қылмыстардың субъеткісі екі топқа бөлінеді. Ріншісін арнайы субъектілер асырап алу фактісін қызметтік немесе кәсіби құпия ретінде сақтауға міндетті (судья, адвокат). Екінші тобын он алты жасқа толған, асырап алу фактісінен хабардар кез келген адам құрайды.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей қасақаналық түріндегі кінәмен сипатталады. Ниетті пайдакүнемдік немесе өзге жамандық ниеттер.
«Неке және отбасы туралы» заңда ата-анасы мен балалары, жұбайларының өз-ара асырауы жөнінде құқтары мен міндеттері бекітілген. Еңбек қабілеті жоқ балалары, ата-аналары, жұбайларын асырау үшін қаражат толеуден жалтару үшін жауапкершілік ҚР ҚК 136 б. және 140 б. көрсетілген ҚР ҚК 136 б 1 б. ата-анасының кәмелетке толмаған балаларын немесе 18 жасқа толған еңбек қабілеттілігі жоқ балаларын асырау үшін қаражат төлеуден әдейі жалтару үшін жауапкершілік көзделген, ал екінші бөлімінде кәмелетке толған еңбекке жарамды адамның өзінің еңбекке жарамсыз ата-анасын асырау қаражатын төлеуден жалтаруы сипатталған. ҚК 140 б. еңбекке жарамсыз жұбайын асыраудан әдейі жалтар үшін жауапкершілік белгіленген. Жалтару-балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға қаражат төлеу жөнінде қабылдаған сот заңды күшінде енген шешімін орындамау. Қаражатты төлеуден жалтару сот шешімін орындаудан тікелей бас тартумен қатар, өмір сүру орнының ауысуы, жұмыс орнының өзгертуі, нақты кірісін жасыру жолымен жасалады. Жалтару кінәгі, яғни кінәлі үш ай бойы қаражат төлеуден жалтарады.
ҚК 136 б. 1 б. бойынша пайдасына қаражат төлеу жөнінде сот шешім шығарған. Кәмелетке толмағанының немесе еңбекке жарамсыз кәмелетке толған адамның ата-анасы және асырап алушылары қылмыс субъектісі болып табылады. Қамқоршысы және қорғаушылары бұл қылмыстың субъектісі болып танылмайды. ҚК 136 б. 2 б. бойынша кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалары немесе асырап алынған балалар. ҚР ҚК 140 б. бойынш қылмыс субъектісі тіркелген некеде барған немесе некедегі жұбайлары танылады.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей қасақанамен сипатталады. Жалтарудың ниеті әртүрлі қылмысты саралауға ықпалы болмайды.
5 мамыр 2000 жылғы ҚР заңы бойынша қарастырылып отырған бабтардың санкциясы сотталғанның жалақысының немесе айлық есептік көрсеткіштің 200-ден 500 мөлшерінде 2-5 жылға дейін айыппұл салу түріндегі жазамен толықтырылған. Балаларын тәрбиелеу, олардың денсаулығы физикалық, писхикалық, рухани, моральдық даму бойынша қамқорлау жөніндегі ата-аналардың немесе ондай міндеттер тағайындаған өзге де адамдардың міндеттері ҚР-ның 24 желтоқсан 1998 жылғы «Неке және отбасы туралы» заңының 62, 108, 112 баптарында көзделген. Осы аталған міндеттерді орындамау немесе тиісті дәрежесінде орындамау үшін ҚР ҚК-нің 137-138 б. бойынша жауапкершілікке тартылады. ҚК 137 б. бойынша жауапкершілікке тартудың міндетті шарты кәмелетке толмаған балаға қатал қараумен сипатталады. Қатал қарау деп кәмелетке толмаған балаға ұрып-соғу, азаптау, тамақ, су, баспана, киім бермеу, оларды өмір сүруге мүмкіндік жоқ жерлерге орналастыру арқылы физикалық, психикалық қинау танылады. Қылмыстың аяқталуы үшін белгілі бір зардаптардың туындауы міндетті емес. 21. 12. 2002 ж. ҚР заңы бойынша қарастырылып отырған баптың санкциясы 100-200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту және 2 жылға дейін бостандығын шектеу жазамен толықтырылған. Бас бостандығынан айру түріндегі жаза алынып тасталған.
ҚК 138 бабы балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді қызметі бойынша өзіне осындай міндеттер жүктелген адамның не осы міндеттерді арнайы тапсырма бойынша орындаушы немесе мұндай міндеттерді ерікті түрде өзіне алған адамның тиісінше орындамауы, егер бұл жас баланың денсаулығына абайсызда ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқса – жауапкершілік тағайындалады.
Әрекет қабілеттілігі жоқ (әрекет қабілеттілігі шектелген) тұлғаны, оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мүлкін қорғау және басқа жағдайларда («Неке және отбасы туралы» ҚР-ның заңына сәйкес) қамқоршы немесе қорғаншы тағайындалады. Қамқоршы және қорғаншы қамқорындағы адамға тәрбиелеуге, оларды денсчаулығын және дамуын қамтамасыз етуге міндетті.
Қамқоршылықты немесе қорғаншылықты пайдакүнемдік немесе қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы) балаға зиян келтіру үшін өзге арам мақсаттарға пайдалану немесе қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) баланы қасақана қадағалаусыз немесе қажетті көмексіз қалдыру қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі нұқсан келтіруге әкеп соқса ҚР ҚК 139 б. бойынша жауапкершілік тағайындалады. Мысалы, қамқорындағы адамның тұрғын жайын тартып алу, оны малай ретінде пайдалану, қамқоршысының өз міндеттерін орындамау, қамқоршылықтағы баланың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету т. б. Қарастырылып отырған қылмыстың субъективтік жағы – кінәнің қасақана нысанынан тұрады. Сонымен қатар тағы да міндетті белгісі қылмыстың пайдакүнемдік немесе өзге де жамандық мақсаттардан тұрады.
Қылмыстың субъектісі болып қамқоршы немесе қорғаншы танылады.
Нормативтік қайнар көздер:
1. «Неке және отбасы туралы» ҚР заңы. 17. 12. 1998 ж.
2. «ҚР-ғы балалардың құқықтары туралы» ҚР заңы. 8. 08. 2002 ж.
3. «балалардың құқықтары жөніндегі конвенцияны жалпы тану туралы» ҚР Парламентінің қаулысы. 8 маусым 1994 ж.
4. «Кәмелетке толмағандардың қылмысы және оларды қылмыстық немесе басқа қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасауға тарту туралы істер бойынша Сот тәжірибесі жөнінде» ҚР-ның Жоғарғы Сотының №6 Нормативтік Қаулысы.
5. Кәмелетке толмағандардың қылмысы және оларды қылмыстық немесе өзге қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге тарту жөнінде Сот тәжірибесінің шалуы. ҚР Жоғарғы Сотының Бюллетені 2002 ж. №5
Негізгі әдебиеттер:
1. Борьба с вовлечением несовершеннолетних в преступную деятельность. Киев, 1986.
2. Ветров Н.И. Охрана семьи уголовно – правовыми средствами. М., 1990.
3. Савельев В.С. Уголовная ответственность за преступления против несовершеннолетних. М., 1992.
4. Сперанский К.К. Вопросы теории и практики борьбы с вовлечением несовершеннолетних в преступную и иную антиобщественную деятельность. Краснодар, 1978.
5. Марцев А.И. Эффективность борьбы с вовлечением несовершеннолетних в преступную деятельность. Омск, 1985.
Қосымша әдебиеттер:
1. Ещанов А.Ш. О некоторых аспектах деятельности ОВД РК по профилактике групповой преступности несовершеннолетних //Предупреждение преступности. –2002. -№1.
2. Сабырбаева Г.Б. Вовлечение несовершеннолетнего в преступную деятельность// Предупреждение преступности. –2002. -№1.
4 ТАҚЫРЫП. АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСҚА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ БОСТАНДЫҚТАРЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
ҚР ҚК 3 тарауы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қол сұғушылықтар үшін жауапкершілік тағайындайды. ҚК-нің аталған тарауындағы қылмыстардың топтық объектісі болып адамдардың конституциялық және басқа құқықтары мен бостандығықтары танылады. Объективтік жағы бойынша қарастырылып отырған топтың көптеген қылмыстары іс-әрекет арқылы бірақ, кейбіреуі әрекетсіздік арқылы (ҚК 152 б) жасалады. ҚК-нің қарастырылып отырған тарауында формальдік құрамдар (ҚК 141, 143, 147, 149, 151, 153, 155 б. ) сонымен қатар материалдық құрамдар (ҚК 142, 148, 150, 152 б. ) кездеседі.
Кейбір баптарда қылмыстың жасалу жолы қылмыс құрамының міндетті белгісі ретінде берілген (ҚК 151-153 б). Субъективтік жағы бойынша қарастырылып отырған топтың қылмыстары қасақана жасалады. ҚК 144 б. көрсетілген «Дәрігерлік құпияны жария ету» және 152 б. «Еңбек қорғау ережелерін бұзу» қылмыстары абайсызда да жасалады. Қылмыстың ниеті міндетті белгі ретінде ҚК 141 және 148-да көзделген.
Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың субъектісі 16 жасқа толған есі дұрыс адам танылады. Кейбір құрамдарында арнайы субъект көрсетілген (ҚК 144, 147, 148, 150-153 б. ) 9. 12. 2004 жылы ҚР заңы бойынша ҚК-нің 154 бабы «Азаматқа ақпарат беруден бас тарту» алынып тасталғанын айта кету керек.
Адамның конституциялық бостандықтарына қарсы қылмыстар қол сұғушылықтың тікелей объектісі бойынша келесі топтарға бөлінеді:
1. Саяси құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар (ҚК 141, 146, 147, 150, 151, 153 б);
2. Адамның және азаматтың әлеуметтік және экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар (ҚК 148, 152, 155 б);
3. Адам және азаматтың жеке құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар (ҚК 142-145, 149 б).
Адамның және азаматтың саяси құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстарды қарастырайық.
Азаматтың конституциялық құқығын қорғау оның жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге қатыстылығы, сеніміне қарамай өзімен тең адамдармен теңдігін қылмыстық-құқықтық қорғау болып есептеледі. Ол ҚК 141 б. белгіленген. Қылмыстың объективтік жағы адамның тегі, лауазымдық немесе меншіктік жағдайы, жынысы, кәсілі, ұлты, тілі, дінге қатыстылығы, сенімі, тұрғылықты мекені, қоғамдық ұйымдарға қатыстылы және басқа жағдайларға байланысты, бірақ адамның жеке қасиеттерін есептемеген жағдайда, оның құқықтарын тікелей немесе жанама шектеуден тұрады.
Қарастырылып отырған қылмыс тек қана тікелей қасақаналық пен жасалады. Қылмыстың ниеті әр түрлі: өзге ұлт өкілдерін жек көру, белгілі бір нәсілдің басымдылығы жөнінде жалған сенім т. б.
ҚК 141 б 1б бойынша қылмыс субъектісі – жалпы субъект. ҚК 141 б. 2 б. сол әрекеттерді өзінің қызметтік жағдайын пайдаланған лауазымды адам немесе қоғамдық ұйымның басшысы жасаған жағдайда жауапкершілік туындайды.
Азаматтардың сайлау құқықтарының жүзеге асырылуының кепілі ҚК 146 және 147 б танылады.
Берілген қылмыстардың объектісі – ҚР азаматтарының мемлекетті басқаруға қатысу мүмкіндігін және сайлау комиссиялары мен республикалық референдум комиссиясының қалыпты қызметін қамтамасыз ететін сайлау құқықтары.
Объективтік жағы күрделі. Қылмыс өз бетінше үш іс-әрекеттермен жасалады: 1) сайлаушының өзінің сайлау құқығын немесе референдумға қатысты құқығын еркін жүзеге асыруына кедергі жасау, 2) сайлау комиссияларының немесе референдум жүргізу жөніндегі комиссияның жұмысына заңсыз араласу, 3) дауыс беруге, кондидаттарды тіркеуге, дауыстарды сынауға және сайлауды немесе референдумдағы дауыс беру нәтижелерін анықтауға байланысты міндеттерін атқаруына кедергі жасау. Қылмыс осы аталған әрекеттерді жүзеге асырған уақыттан бастап аяқталған болып есептеледі.
Қарастырылып отырған баптың 2 бөліміне 09. 07. 2004 жылы ҚР Заңымен осы әрекеттер электрондық сайлау жүйесінің бекітілген қызмет тәртібін бұзу арқылы жасалған түрі толықтырылған. Осы заңмен ҚК 146 б 1 б осы қылмыстың лауазымды адамның қызмет бабын пайдаланып жасауы саралаушы белгі ретінде енгізілген.
ҚК 147 б сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау және дауысты дұрыс есептемеу үшін жауапкершілікті бекітеді. Қылмыстың объективтік жағын өз-ара заңды табиғаты бойынша ұқсас балама әрекеттер:сайлау құжаттары мен референдум құжаттарын бұрмалау, бюллетень немесе қол қоятын қағаздарға жалған жазулар жазу, дауысты көпе-көрінеу дұрыс есептемеу сайлау нәтижесі мен референдум қорытындысы дұрыс емес бекіту, дауыс беру құпиясын бұзу құрайды.
Құжаттарды бұрмалау сайлау және референдум құжаттарына жалған мәліметтерді саналы енгізу, құжаттарды әдейі терістеу, мысалы жазуды сызу, керісінше шешімі бар құжатпен ауыстыру т. б.
Көпе-көрінеу берілген дауысты дұрыс емес есептеу дегеніміз «иә», «жоқ» деп берілген дауыстың көбейуін не азайюын сипаттайтын деректерді бұрмалау.
Сайлау нәтижесін немесе референдум қорытындысын дұрыс айқындамау оның нәтижесін бұрмалауды білдіреді.
Дауыс беру құпиясын бұзу дегеніміз сайлау учаскелерінде сайлау комиссиясы дауыс берушілердің еркін қадағалау мүмкіндігіне ие болу жағдайын туындату (дауыс беру қабиналарының жоқтығы, сайлаушылардың әрекетін байқау мүмкіндігі).
Қылмыс субъектісі – арнайы: ҚР Президентіне кандидатының сенімді адамдары немесе депутатқа кандидаттың сенімді адамдары, сайлау комиссиясы немесе референдум бойынша комиссияның мүшелері.
09. 07. 2004 ж. ҚР Заңымен қарстырылып отырған бап дәл сол әрекеттер электронды сайлау жүйесінің бекітілген қызмет тәртібін бұзу жолымен жасалса деген сараланған белгімен толықтырылды.
Қоғамдық бірлестіктердің қызметіне кедергі жасау (ҚК 150 б) олардың әр түрлі ұйымдастырушылық шараларын өткізуге, олардың құқықтық шешімдерін қабылдамау және қоғамдық бірлестіктердің өз қызметін жүзеге асыруға кедергі болатын әрекеттерден тұрады. Мысалы, қоғамдық бірлестіктердің жиналыс өткізу тиым салу жөнінде заңды шешімдерін заңсыз өзгерту, тіркеу бойынша заңсыз рұқсат бермеу. Бұл қылмыс құрамы болу үшін қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен мүдделерінің елеулі түрде бұзылуы керек.
Субъективті жағы тікелей қасақаналық пен сипатталады. ҚК 150 б. бойынша тек қана өз қызмет бабын пайдаланатын лауазымды адамдар танылады.
ҚР ҚК 151 б. кезделген қылмыс құрамын қарастыру барысында 17 наурыз 1995 ж. «Жиналыс, митингілер, көше шерулері және бой көрсету өткізу тәртібі туралы» заң күші бар ҚР Президентінің жарлығымен танысу керек.
Бұл қылмыстың объективтін жағын іс-әрекет әрі әрекетсіздік арқылы жасалаты келесі әрекеттер құрайды: а) жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру, пикет өткізуге заңсыз қарсылық білдіру, ә) оларға қатысуға заңсыз қарсылық білдіру, в) аталған шараларға қатысуға күштеу. Қылмыс күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы жасалады.
Субъективтік жағын тікелей қасақаналық құрайды. Қылмыс субъектісі - өз қызметтік жағдайын пайдаланған лауазымды адам.
ҚК 153 б. көзделген қылмыс объектісі деп ҚР азаматтарының ереуілге қатысу немесе одан бас тарту мүмкіндігін қамтамасыз ететін дауда өзінің әлеуметтік – экономикалық және біліктілік талаптарын канағаттандыруға күресі құқығын танимыз. Қосымша объектісі ретінде азаматтардың ден саулығы табылады.
Қылмыстың объективтік жағы – адамның еруілге қатысуға немесе оған қатысуға бас тартуы құқығын жүзеге асыруын күштеу, азаматқа физикалық, психикалық әсер ету құрайды. Қылмыстық субъективтік жағы бойынша ол тек қана қасақана жасалады. Субъектісі - өзінің қызмет бабын пайдаланған лауазымды тұлға.
Адам және азаматтық әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстарға еңбек туралы заңдылықты бұзу, еңбекті қорғау ережелерін бұзу, журналистің заңды кәсіптік қызметіне кедергі келтіру жатады.
ҚК 148 б 1 б бойынша жауапкершілік көзделген қылмыстың объективтік жағы: а) жеке пиғылмен қызметкерді заңсыз жұмыстан босату, б) жұмысқа қайтадан орналастыру жөнінде соттың шешімін орындамау, в) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына елеулі зиян келтіруді туындатқан еңбек туралы заңдылықты өзге де бұзу.
Бұл қылмыстардың субъективтік жағы тікелей қасақаналық нысанындағы кінәмен сипатталады. Кінәлі өзінің заңсыз әрекеттері арқылы еңбек туралы заңдылықты кәнігі бұзып жатырғанын, қызметкердің мүддесін бұзғанын сезінеді және осы әрекеттерді жасауды қалайды.
Қылмыстың субъектісі еңбек туралы заңдылықты қорғау жүктелген адамдар, мемлекеттік, коммерциялық және өзге ұйымдарға қызметке алушы және жұмыстан босату функциясын атқаратын лауазымды адамдар, мемлекеттік мекемелер, ұйымдар, мекемелерде осы міндеттер жүктелген лауазымды емес адамдар.
ҚК 148 б 2 б бойынша әйелді оның жүктілік себебі бойынша жұмысқа қабылдаудан негізсіз бас тарту немесе жұмыстан негізсіз босату немесе үш жасқа дейінгі баласы бар әйелді нақ сол себеппен жұмысқа қабылдаудан негізсіз бас тарту немесе жұмыстан босату, сол сияқты кәмелетке толмағанды оның кәмілетке толмағандығы себепті жұмысқа қабылдаудан негізсіз бас тарту немесе негізсіз жұмыстан босату үшін жауапкершілік тағайындалған.
Қарастырылып отырған баптың 3 бөлімі ақша қаражатын өзге мақсаттарға пайдаланумен байланысты жалақының толық көлемінде не белгігенген мерзімде төленуін бірнеше рет кідірту.
Бірнеше рет деген жыл бойы екі немесе одан да көп рет жағдайын білдіреді. Бұл қылмыстың субъектісі – ұйымдастырушылық уәзіпен атқаратын адам.
Еңбекті қорғау ережелерін бұзудың (ҚК 152 б) объективтік жағы қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария ережелерін немесе еңбекті қорғаудың өзге де ережелерін осы ережелерді сақтауды бұзу барысында абайсызда ауыр немесе орташа ауырлықтағы зардап келтірген әрекет құрайды.
Қылмыс субъектісі осы ережелерді сақтауды ұйымдастыратын және қамтамасыз ету міндеті жүктелген адамдар: лауазымды адамдар, коммерциялық немесе өзге ұйымдарда еңбекті қорғау ережесін сақтау функциясы жүктелген адам, мемлкеттік мекеме, ұйымдарда осы міндеттер жүктелген лауазымды емес адамдар. Субъектіге тән белгі бұл міндеттердің өзінің қызмет бабы негізінде немесе белгілі бір жұмыс учаскесінде еңбекті қорғау немесе техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау міндетті арнайы шешім қабылдаумен жүктелген адам.
Субъективтік жағын кінәнің абайсыздық нысаны (менмендік немесе немқұрайдылық) сипаттайды. Бұл қылмыстың сараланған түрі-еңбекті қорғаудың ережелерін бұзу кезінде абайсызда адам өміріне қаза келтіру.
Журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтіру (ҚК 155 б) баспа бостандығы және басқа бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығына қарсы жалалады.
Қылмыстың объективтік жағы ақпарат таратуға немесе таратудан бас тартуға күштеу жолымен журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтіру әрекетімен өрнектеледі.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей қасақаналықпен сипатталады. Кінәлі өз әрекетімен ақпаратты тарату немесе таратудан бас тартуға күштеу жолымен заңды кәсіптік қызметіне кедергі жасап отырғанын сезінеді және оны жасауды қалайды.
Келесі топ адам және азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтарға қарсы қылмыстардан тұрады.
ҚК 142 б жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу үшін жауапркешілікті көздейді. Қылмыс заты адамның жеке өмірі, оның жеке және отбасылық құпиясын құрайтын деректерден тұрады.
Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу осы деректерді жинау немесе таратудан тұрады. Әрекеттің заңсыздығы заңсыз немесе заңға бағынышты актілермен өкілеттелмеген жәбірленушінің келісімінсіз оның жеке өмірі туралы деректерді жинау немесе тарату.
Деректерді жинау деп кейін тарату үшін деректерді ұрлау немесе басқа жинаудың нысандары. Тарату деректерді ең болмаса бір адамға хабарлау. Жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірілген жағдайда қылмыс аяқталған болып есептеледі. Егер адамның жеке өмірі туралы хабарланған деректер оның беделін көтеруге себепші немесе оның конституциялық құқықтары мен заңдық мүдделеріне зиян келтірмесе, әрекет қылмыс деп танылмайды.
Жеке өмірге қол сұғушылықтың сараланған белісі адамның қызметтік бабын пайдаланып жасаған әрекеті, адамның жеке өмірі туралы деректерді көпшілік алдында сөз сөйленгенде, көпшілікке көрсетілетін шығармаларды немесе бұқаралық ақпарат құралдарында тарату.
Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу ҚК 143 б көзделген. Азаматтардың хат жазысу, пошталық, телеграф хабарларымен танысу, бөтеннің сөйлесуін тыңдау, телетайп, телефакс, басқа да телекомуникация жолдарымен түскен ақпаратпен танысу кезінде бұл әрекет қылмыс деп танылады.
Қылмыс субъектісі – жалпы субъект. Егер бұл әрекетті өз қызмет бабын пайдаланған адам немесе арнайы техникалық құрамдар қолданып жасаған адам ҚК 143 б 2 б бойынша жауап береді.
ҚК 143 б 3 б ақпаратты жасырын алуға арналған арнаулы техникалық құрамдарды өткізу мақсатында заңсыз жасау, өндіру, өткізу немесе сатып алу үшін жауапкершілік көзделген.
Дәрігерлік құпиясы таратудың (ҚК 144 б) қоғамдық қауіптілігі пациенттің қатты күйзелуі, оның ауыруының күшейуі, тіпті өліміне әкеп соғатын, сонымен қатар жақындарының қиналуын туындататын медициналық куәландыру нәтижесі туралы немесе ауыру туралы алдын-ала хабарлаудан тұрады.
Қылмыс құрамы ауыруы туралы деректер және дәрігерлік куәландырудың нәтижесімен бөтен адамдар немесе пациенттің өзі таныс болған уақыттан бастап аяқталған деп есептеледі.
Бұл қылмыс тек медицина қызметкерімен қасақана жасалынады.
Қылмыстың сараланған түрі – АИТ/ЖҚТБ-мен ауыруы туралы деректерді тарату. Аталған баптың 3 бөл. ауыр зардаптарға әкеп соққан түрі үшін жауапкершілік көзделген.
Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу (ҚК 145 б) онда тұрып жатырған адамның еркіне қарсы тұрғын үйге баса көктеп кіруден тұрады. Баса көптен кіру ден тұрғын үй иесінің еркінен тыс ашық немесе олар жоқ кезде жасырын тұрғын үйге өз бетімен кірудің кез-келген жолын түсінуіміз керек. Тұрғын үй деп бір немесе бірнеше адамдар уақытша немесе үнемі өмір сүру үшін ыңғайланған орын немесе ғимарат танылады. Соның ішінде жеке немесе жалға алынған пәтер, үй, дача, қонақүйбөлмесі, каюта оған жалғасқан веранда, терраса, шатыр, ұра жатады. Көп пәтерлі үйлердің шатыры мен ұралары жатпайды. Сонымен қатар теңіз және өзен көліктері жатқазалады.
Кез-келген жолмен тұрғын үйге құқыққа қарсы баса көктен кірген уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп есептеледі. Қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады. Ниеті мен мақсаты әрқалай болуы мүмкін. Бірақ ҚК 145 б 1 б көрсетілген қылмыстың ниетін анықтау, оны өзінше билік ету (ҚК 327 б) ажыратуға мүмкіндік береді. ҚК 145 б 2 б келесі сараланған белгілерді береді: күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту, адамдар тобымен жасалған баса-көктеп кіру, түнгі уақытта баса-көктеп кіру, заңсыз тінтумен ұштасқан баса-көктеп кіру, тұрғын үйден заңсыз шығарып тастау. Ерекше сараланған белгісі өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып лауазымды адамның баса-көктеп кіру болып танылады.
ҚК 149 б көрсетілген қылмыстық тікелей объектісі азаматтық ар-ождан және діни наным бостандығы құқығын реттейтін қоғамдық қатынастар танылады. Діни ұйымдардың қызметіне кедергі жасау дегеніміз – сиыну орындарының қызметін тоқтату (шіркеулер, намаз оқитын үйлер, мешіттерді жабу) және діни салттарды жүзеге асыруға тыйым салатын әрекеттерді жасау (пәктеу, неке қию т. б. ). Қылмыс субъектісі болып лауазымды әрі жеке адам танылады. Діни ұйымдардың қызметі және салт-дәстүрлерін жүзеге асыруға өзінің қызметтін жағдайын пайдаланып кедергі жасайтын лауазымды адам қылмыстық нақты жағдайларына байланысты ҚК 13 тарауына сәйкес баптары бойынша жауапқа тартылады.
Достарыңызбен бөлісу: |