$$$001-000-000 1 Глоссарий Санкция



бет6/7
Дата23.02.2016
өлшемі1.3 Mb.
#3125
1   2   3   4   5   6   7

Әдебиеттер:

1.         Закон РК «О национальной безопасности РК» от 26 июня 1998 г. //КП. 1998. –3июля.

2.         Закон РК от 30 декабря 1998 г. «О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия». //КП.-1998.-8 января.

3.         Указ Президента РК «О мерах по укреплению национальной безопасности, дальнейшему усилению борьбы с организованной преступностью и коррупцией» //Юрид. газета. 1997. № 46, 12 ноября.

4.         Постановление Пленума ВС РК от 21 июля 1995 г. № 5 «О судебной практике по делам о хулиганстве» //Сб. Постановлений Пленума ВС РК (КазССР) (1961-1997 г.) Алматы: Санат, 1997. т. 1.

5.         Постановление Пленума Верховного Суда РК «О судебной практике по делам о хищении огнестрельного оружия, боевых припасов, вооружения, взрывчатых веществ, незаконном приобретении, ношении, хранении, изготовлении или их сбыте и небрежном хранении огнестрельного оружия» от 21 июля 1995 г. //Бюллетень ВС РК.-1995.-№9.

6.         Нормативное постановление Верховного суда РК «О некоторых вопросах применения судами законодательства об ответственности за бандитизм и другие преступления, совершенные в соучастии» №2 от 21 июня 2001 г.//ЮГ.-2001.-№33.-18 июля.

7.         Мельников Ю.Б., Устинова Т.Д. Уголовная ответственность за бандитизм. М.:НИИП, 1995.

8.         Калмыков В.Г. Ответственность за хулиганство по сов. законодательству. Минск, 1970.

9.         Гринберг М.С. Советское уголовное право. Часть Особенная. Преступления против общественной безопасности. Свердловск, 1974.

10.              Даньшин И.Н. Уголовно-правовая охрана общественного порядка, М, 1973.

11 ТАҚЫРЫП. ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЖӘНЕ АДАМГЕРШІЛІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР

Халықтың денсаулығы қоғам мен мемлекеттің қалыпты өмір сүруінің және өркендеуінің ажырамас бөлігі және кепілі болып табылады. Адамның толыққанды өмір сүруі үшін денсаулық пен адамгершілік жәй-күйі бірқалыпты болу керек. Сондықтан да ол мемлкет тарапынан қорғалуға жататды. Сол себептен де мемлкет халықтың денсаулығы мен адамгершілігін қылмыстық-құқықтық ықпал ету арқылы қорғауды мақсат етіп алады.

ҚК-тің 10 тарауымен қарастырылған қылмыстардың тектік объектісі болып халық денсаулығы мен адамгершілікке қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар танылады.

Қарастырлып отырған қылмыстардың тікелей объектісіне байланысты 2 топқа бөліп қарастыруға болады.

1.        Халық денсаулығына қарсы қылмыстар (ҚК-тің 259-269, 272 б. )

2.        Адамгершілікке қарсы қылмыстар (ҚК-тің 270, 271, 273-276 б. )

Халық денсаулығына қарсы қылмыстар өз ішінде есірткі заттар немесе жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымы және халық денсаулығына қарсы өзге де қылмыстар болып бөлінеді.

Бірінші топтағы қылмыстардың қылмыстық затын анықтайтын өзіндік ерекшеліктері бар. Аталған қылмыс заты-есірткі немесе жүйкеге әсерететін заттар.

Есірткімен байланысты қылмыстардың қауіптілік дәрежесі мен сипаты сондай, ол адамды аурудың (наркомания) п. Б-ына әкеп соғады. Сол арқылы адамды есіртке деген физикалық және психикалық тәуелділік п. Б.

ҚК-тің 259 бабының (05. 05. 2000 және 31. 05. 2002 ж. ҚР Заңы) объективті жағы төмендегідей бір-бірінен дербес әрекеттермен сипатталады:

а) есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды сату мақсатынсыз заңсыз иемденіп алу, тасымалдау немесе сақтау;

б) есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, ұқсату, жөнелту, өткізу.

ҚК-тің 259 баб. 3 және 4 бөліктері саралаушы нышандары: алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаса; әлденеше рет; есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін заттарға қатысты ірі мөлшерде жасаса; ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдық (қылмыстық ұйым) жасаса; олар өте ірі мөлшердегі есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін заттарға қатысты жасаса- осы бап бойынша жауапкершілік жүктейді.

ҚК-тің 259 баб. ескертуінде қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері берілген. Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың ірі және аса ірі мөлшері арнайы кесте арқылы анықталады.

Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу үшін ҚК-тің 260 бабы бойынша жазаға тартылады. Заңмен есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлаудың барлық әдістері, тап айтсақ ұрлау, тонау, қарақшылық, адау, иемденіп алу, тарату қарастырылған. Қорқытып алу ол – есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды беруді талап ету немесе күш қолданам деп қорқыту, сондай-ақ бөтен мүлкін бүлдіру немесе жою қауіпін төндіріп талап ету. Күш қолдана қорқытуға – жәбірленуші немесе оның тустары туралы масқаралайтын ақпараттарды таратам деп, немесе жәбірленуші мен туыстарының мүдделеріне едәуір нұқсан келтіретін ақпараттарды таратам деп қорқыту жатады.

Саралаушы нышандары: есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу; нақ сол әрекеттерді: адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса; әлденеше рет; адам өзінің қызмет бабын пайдалану арқылы; өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану не осындай күш қолданумен қорқыту арқылы жасалса сондай-ақ ұйымдасқан топ, ірі мөлшерде есірткі заттар немесе жүйкеге әсер ететін заттар жөнінде; өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану не осындай күш қолданумен қорқыту арқылы жасалса.

Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру (ҚК-тің 261 бабы) – ол есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру.

Көндіру әртүрлі тәсілдер арқылы жасалу мүмкін, алайда ол қылмыс сарап барысында әсерін бермейді.

Нақ сол әрекет: адамдар тобы алдын ала сөз байласып; әлденеше рет; кәмелетке толмағаны көрінеу белгілі не екі немесе одан да көп адамдар жөнінде; күш қолдану немесе оны қолданумен қорқыту арқылы жасалса- ҚК-тің 261 баб. 2 бөл. сараланады.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса – ҚК-тің 261 бабының 3 бөл. сараланады.

Құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру үшін жауапкершілік ҚК-тің 262 бабында көзделген. Аталған баптың диспозициялық 1 бөлігі өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу немесе өсіру немесе сораның, көкнәрдің немесе құрамында есірткі заттар бар басқа да өсімдіктердің сорттарын өсіру қылмыстық жаза лайық деп бекітеді.

Тыйым салынған өсімдіктерді егі дегеніміз – құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйм салынған (сора, кокнар) өсімдіктердің тұқымын, көшетін егу. Бұндай өсімдіктерді өсіру – ол дегеніміз су кую, күту, айналасын қоршау арқылы сипатталатын тісіп жеткілетін жағдайға жеткізу. Құрамында есірткі заттар бар басқа да өсімдіктердің сорттарын өсіру – ол осы өсімдіктерді селекциялау нәтижесінде жаңа сорттар, гибриттер шығару, сондай-ақ қуатылыдың күшейту. Қылмыс заңда көрсетілген әрекеттердің кез-келген жаза асыруда қылмыс аяқталды деп есептеледі.

Нақ сол әрекеттер: адамдар тобы алдын ала сөз байласып; өлденеше рет; ірі мөлшерде жасалса – 262 бап 2 бөл. қылмыс құрамын жасақтайды.

ҚК-тің 263 бабы 5. 05. 2000 ж. ҚР Заңымен жаңа нұсқада берілген. ‡лы заттардың, сондай-ақ есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе үлы заттарды дайындауға немесе ұқсатуға пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы – айналымына тиым салынған.

¤зінің қызмет бабын пайдалана отырып, бір адам немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ аталған әрекеттерді жасаса – ҚК-тің 263 бабының 3 және 4 бөліктерімен қудаланады.

ҚК-тің 264 және 272 баптары әрекеттерінің объективті жағы есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін заттарға жатпайтын дәрілік немесе басқа құралдар мен заттарды пайдаланып есеңгірету үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау, сол сияқты осы мақсаттар үшін үй-жай берумен сипатталады. Заң шығарушы есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін заттарға жатпайтын адам ағзасына әсер беретін медициналық ерекшеліктерге ие дәрі немесе құралға байланысты қылмыстарды бөледі.

Притон ол – жүйелі түрде есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды қолдамайтын үй-жәй немесе жәй ғимарат.

264 баптың 2 бөл. адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаған, немесе әлденеше рет жасалған, немесе ұйымдасқан топпен жасалған ұстауды (ҚК-тің 264 б. 2 бөл. ) әрекеттер үшін жауапкершілік жүктеледі.

ҚК-тің 272 баб. 2 бөл. есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін заттарға жатпайтын дәрілік немесе басқа құралдар мен заттарды пайдаланып есеңгірету үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау, сол сияқты осы мақсаттар үшін үй-жай беруді ұйымдасқан топ жасаса жауапкершілік жүктейді.

ҚР ҚК-нің 265 баб. қарастыра отырып 5. 05. 2000 ж. ҚР Заңымен қылмыс заты қатарынан қатты әсер беретін заттар алынып тасталғаның ескеру керек.

Аталған баптың 1 бөлігі есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды өндіру, жасау, ұқсату, сатып алу, сақтау, есепке алу, босату, тасымалдау, әкелу, әкету, жөнелту не жою ережелерін бұзу, егер бұл әрекетті аталған ережелерді сақтау міндетіне кіретін адам жасағаны үшін жауапкершілік жүктейді.

ҚК 265 баб. 2 бөл. есірткі заттардың, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттардың ұрлануына не өзге елеулі зиян келтірілуіне әкеп соққан дәл сол әрекет үшін жауапкершілік жүктейді.

Келесі топ- өзге де халық денсаулығына қарсы қылмыстар ҚК 266 баб. 1 бөл. Қызметтің таңдап алынған түріне лицензиясы жоқ адамның жекеше медициналық практикамен немесе жекеше фармавцевтикалық қызметпен заңсыз айналысыу, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқса жауапкершілік жүктейді.

Құрылымы жағынан құрамы материалды. Тұлға әрекетімен адам денсаулығына зиян келтіру түріндегі пайда болған зардаптар арасында себебті байланысты анықтау керек.

Саралаушы нышандары болып абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптартарға әкеп соққан дәл сол әрекет танылады.

ҚК 266 бабы 3 бөл. (5. 05. 2000 ж. ҚР Заңымен) есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды алуға құқық беретін рецепттерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау үшін жауапкершілік жүктейді.

Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу (ҚК-тің 267 бабы) қылмысы адамдардың өміріне немесе денсаулығына, не қоршаған ортаға қауіп төндіретін оқиғалар, фактілер немесе құбылыстар туралы ақпаратты халықты осындай ақпаратпен қамтамасыз етуге міндетті адамның жасыруы немесе бұрмалау кезде аяқталды деп есептеледі.

Ал 267 баптың 2 бөл. Абайсызда кісі өліміне әкеп соққан дәл сол әрекет үшін жауапкершілік жүктейді.

ҚК-тің 268 бабы қылмыс заты Адамдардың өміріне немесе денсаулығына, не қоршаған ортаға қауіп төндіретін оқиғалар, фактілер немесе құбылыстар туралы ақпарат.

Ақпарат, өзінің қызмет бабына сәйкес міндетті түрде халықты сол ақпаратпен қамтамасыз ететін тұлғамен жасырылуы немесе өзгертілуі мүмкін. Жасыру – ол сол ақпараттарды айтпау болса. Өзгерту ол – қауіп тону туралы мән-жайларды шындыққа сай емес айту немесе толық емес ақпарат беру болып табылады. Аталған қылмыс құрамы формальды. Көрсетілген әрекеттер жүзеге асырылған соң аяқталды деп есептеледі ҚК-тің 268 б. 2 бөл. Құрамы материалды заң шығарушы абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттерді ауыр зардап ретінде қарастырады.

Келесі қылмыс құрамы – қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау не қызмет көрсету (ҚК 269 бабы). Қылмыс пәні – тұтынушылар өмірінің немесе денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін тауарлар, жұмыс, қызмет.

Объективті жағы тұтынушылар өмірінің немесе денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау не қызмет көрсету, сол сияқты аталған тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің қауіпсіздік талаптарына сай келетіндігін куәландыратын ресми құжатты заңсыз беру немесе пайдалану. Міндетті белгісі бұл әрекеттер абайсызда адам өміріне әртүрлі дәрежедегі зиян әкелу керек.

Дәл сол әрекеттер, егер олар: жас балаларға арналған тауарлар, жұмыс немесе қызмет жөнінде жасалса; абайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулығына зиян келтірілуіне әкеп соқса; абайсызда кісі өліміне әкеп соқса – ҚК-тің 269 бабы 2 бөл. Бойынша жауапкершілікке тартылады.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде кезделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекеттер үшін ҚК-тің 269 бабы 3 бөлігі жауапкершілік жүктейді.

Келесі қарастырылатын қылмыстар – адамгершілікке қарсы қылмыс құрамдары.

270 бабтың объективті жағы күш қолдану немесе күш қолданбақшы болып қорқыту, тәуелді жағдайын пайдалану, болсалау, мүлкін жою немесе білдіру арқылы не алдау жолымен жезекшелікпен айналысуға тарту. Қылмыс тарту басталғаннан аяқталды деп есептеледі. Белгілі бір ақы үшін бір рет жыныстық қатынасқа түсуге бойыұсындыру аталған қылмыс құрамына жатпайды.

Ұйымдасқан топ, сол сияқты жезекшелікпен айналасуға тартқаны, не притондар ұйымдастырылғаны немесе ұстағаны, не жеңгетайлық жасағаны үшін бұрын сотталған адам жасаған дәл сол әрекет орын алса 270 б. 2 жауапкершілік жүктеледі.

Сонымен қатар жезекшелікпен айналастыруға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық қылмыстық қудалауға жатады. Жеңгетайлық – еркек пен әйелдің жыныстық қатынасқа түсуіне ықпал ететін пайдакүнемдік сипаттағы делдалдық.

Субъективті жағы тікелей қасақаналықпен суреттеледі. Жеңгетайлық үшін пайдакүнемдік мақсаттың болуы міндетті. Притондар ұйымдастыру мен ұстау үшін жоғарғыдағы аталған белгілердің болуы міндетті емес.

Ұйымдасқан топ, сол сияқты притондар ұйымдастырғаны немесе ұстағаны, не жеңгетайлық жасағаны, не жезекшелікпен айналасысуға тартқаны үшін бұрын сотталған адам жасаған дәл сол әрекеттер (ҚК-тің 271 бабы 2 бөл. ) – саралаушы нышандары болып табылады.

Объективті жағынан ҚК-тің 273 және 274 бап. Біртектес болып келеді – ол заңсыз жасау, тарату жарнамалау, сондай-ақ сату.

Аталған қылмыс құрамдары қылмыс затына байланысты айырылады ҚК-тің 273 бабы қылмысы заты ол – порнографиялық заттар немесе материалдар: баспа басылымдары, кино немесе бейне материалдар порнографиялық сипаттағы суреттер (суреттер, открытқалар, ойын карталары және тағы басқа). Ал ҚК-тің 274 бабы қылмыс заты – қатігездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын кино-және бейне материалдар және туындылар, сондайық жоғарыда айтылған әрекеттерді насихаттайтын баспа басылымдары, кино немесе бейне материалдар.

Заңшығарушы аталған әрекеттерді яғни заңсыз жасау, тарату, жарнамалау сатуға ғана тиым салады.

Қылмыс құрамы формальді, жоғарыда аталған іс-әрекеттер ж. а. Қылмыс аяқталды деп есептеледі.

ҚК-тің 275 бабы өлгендердің мәйіттерін қорлау не олар жерленген жерлерді, құлпытас құрылыстарын немесе жерлеуге немесе еске алуға байланысты рәсімдер өткізуге арналған зират үйлерін жою, бүлдіру немесе аяққа басқаны үшін жауапкершілік жүктейді.

Нақ сол әрекеттерді: әлденеше рет; адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса; ұлттық нәсілдік немесе діни өштік не араздық тұрғысында; күш қолдану немесе оны қолданумен қорқыту арқылы жасалса ҚК-тің 275 б. 2 бөл. Бойынша жауапка тартылады.

Келесі қылмыстың (ҚК-тің 276 б. ) пәні – үй жануарлары, сондай-ақ дала және қолға үйретілген жануарлар.

Объективті жағы – бұзақылық пиғылмен немесе жауыздық әдістерді қолданып немесе жас балалардың көзінше жасалауы.

Қылмыс құрамы материалды. Жануарлар өлуі немесе мертігуі керек.

Субъективті жағы тікелей қасақаналық. Міндетті белгісі – бұзақылық пиғыл.

Адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, немесе ұйымдасқан топ жасаған, немесе бірнеше рет жасалған дәл сол әрекет – ҚК-тің 276 бабы 2 бөл. сараланады.

 

Нормативтік көздер:

1.   Конституция РК. Алматы. Казахстан. 1997.

2.   Уголовный кодекс РК. Алматы:Баспа, 1997.

3.  Закон РК от 19 мая 1997 «Об охране здоровья граждан в РК» //Казахстанская правда. 1997. 17 июня.

4.   Закон РК от 8 июля 1994 «О санитарно-эпидемиологическом благополучии населения» //Ведомости Верховного Совета РК. 1994. № 8.

5.  Закон РК О наркотических средствах, психотропных веществах, прекурсорах и мерах противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими» от 10. 07. 1998 г. //КП. 17. 07. 1998г.

6.   Постановление Правительства РК №186 от 9 марта 1998 г. «О наркотических средствах, психотропных веществах и прекурсорах, подлежащих контролю» // ЮГ. 18. 06. 1998 г.

7.   Постановление Пленума Верховного Суда Республики Казахстан №3 от 14 мая 1998 г. «О применении законодательства по делам, связанным с незаконным оборотом наркотических средств, психотропных и ядовитых веществ» с изм. от 30.04.1999 г. и 22.12.2000 г.//Юридическая газета. – 1998. - №24.

 

Негізгі әдебиеттер:

1.         Музыка А. А. Квалификация ОВД преступлений, совершаемых на почве наркомании. Киев. 1988.

2.         Исаева Н., Карикболов Б. Казахстан:наркобизнес. Алматы, 1996

3.         Абдиров Н.М., Мами К.А., Сарсеков Б.С. Уголовно-правовые меры борьбы с преступлениями, связанными с наркотиками. Учебно-практическое пособие. Алматы:Баспа. 1998.

4.         Кадыров М.М. Уголовная ответственность за посев и выращивание наркосодержащих культур. Лекция. Ташкент. 1987.

5.         Обобщение судебной практики по делам о наркотиках. //Бюллетень Верховного суда РК. –2002. -№2.

6.         Сарсеков Б.С. Контрабанда наркотиков в Казахстане: проблемы и пути их преодоления. А., 1998.

7.         Смитиенко В.Н. Уголовно-правовая охрана здоровья населения. Киев, 1989.

 

Қосымша әдебиеттер:

1. Икенов А. Проблема нравственности в рыночных условиях //Вестник МЮ. -1995.- № 3.

2. Койбагаров Т. Наркобизнес-угроза обществу //Вестник Казахстана. -1994.- № 1.

3. Хакимов Р. Совершенствование уголовно-правовых норм и институтов как элемент оптимизации процесса расследования преступлений, связанных с незаконным оборотом наркотических средств. //Сборник статей слушателей летнего университета. Алматы, 1998. –С. 34-39.

 

12 ТАҚЫРЫП. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАР

ҚР-нің ҚК-нің 11-тараауы экологиялық қылмыстарға арналған. Себебі ҚР-нің экологиялық қауіпсіздігі ең маңызды құндылықтардың бірі болып табылады.

Экологиялық қылмыстардың топтық объектісі – қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, тірі организмдерге қолайлы табиғи жағдайларды сақтау және адамдардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.

Объективті жағынан аталған қылмыстардың басым көпшілігі - әрекет арқылы, кейбірі - әрекетсіздік арқылы жасалады. Бұндай қылмыстардың көбісінің құрамы материалды. Экологиялық қылмыстардың көбісінің диспозициясы бланкетті болғандықтан, тиісінде Орман кодексаі, Су кодексі, «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Экологиялық сараптама туралы», «Жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану туралы», «Мемлкеттік шекара туралы», «Жер қойнауы туралы», «Жер туралы» және ҚР Жоғарғы Сотының 20. 07. 2004 ж. № 1 «Экологиялық қылмыстарға жауапкершілік тоғайындау жөнінде соттардың заңдылықты қолдануы туралы» қаулысымен танысу керек.

Субъективті жағынан көптеген қылмыстар қасақаналықпен немесе абайсыздық әрекетпен сондай-ақ пайда болған зардапқа кінәнің абайсыздығымен сипатталады.

Экологиялық қылмыстардың субъектісі 16 жасқа толған ақыл-есі дұрыс тұлға. Қарастырылып отырған ҚК-тің тарауының кейбір арнайы субъект (ҚК-тің 277, 294) белгілерін қамтиды.

Тікелей объектісінің ерекшеліктеріне байланысты экологиялық қылмыстар мына төмендегі түрлерге бөлінеді.

1)       Экологиялық маңызды қызметтерді бұзатын қылмыстар;

2)       Қоршаған ортаның жекелеген түрлеріне қол сұғатын қылмыстар;

3)       Флора мен фауна объектілеріне қол сұғатын қылмыстар.

Бірінші топқа ҚР ҚК-нің 277-280 баптарын қамтитын қылмыстар жатады.

ҚК-тің 277 бабы жалпы сипатқа ие бола отырып, субъектілердің шаруашылық және өзге де салалар үрдісі кезінде адам денсаулығына, қоршаған ортаға зардап келтіргені үшін жауапкершілік жүктейді.

ҚР ҚК-нің 278 және 279 баптары қылмыс құрамы мен мазмұнына байланысты ұқсас. Олардың ортақ белгісі белгілі бір іс-әрекеттер істеу нәтижесінде экологиялық талаптардың бұзылуы және бұл әрекеттер адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру қаупінің төнуі.

Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе өзге де жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы, егер бұл әрекеттер адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру қаупін төндірсе – ҚК-тің 278 бабы 1 бөл. бойынша сараланады. Ал егер микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттерді немесе токсиндерді жинап қою, жою немесе көму кезінде экологиялық талаптарды бұзу немесе оларды ҚР-на ұқсату, сақтау немесе көму үшін заңсыз әкелу, егер бұлар адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру қатерін туғызса – ҚК-тің 279 бабы 1 бөл. бойынша сараланады.

Ауырлататын белгілерді, заңшығарушы, экологиялық қауіпсіздік талаптарын бұза отырып, нәтижесінде ауыр зардап пайда болуын ескертіп тағайындаған. 2 бөлік бойынша ол қоршаған ортаның ластануына, улануына немесе зақымдануына, адамның денсаулығына зиян келтіруге, не жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне әкеп соққан, сол сияқты төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекет. Ал 3 бөлік бойынша осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде кезделген, абайсызда адамдардың жаппай ауруына немесе кісі өліміне әкеп соққан әрекет.

ҚК-тің 280 бабы өзіне екі түрлі қылмыс құрамын біріктіреді. Бірінші бөлігі ветеринарлық ережелерді бұзу індеттерге немесе өзге де зардаптарға әкеп соқса жауапкершілік жүктейді. 2 бөлігі өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелерді бұзу және ол ауыр заптартарға әкеп соқса жауапкершілік тағайындайды.

Объективті жағынан диспозицияда көрсетілген ережелерді әрекет арқылы бұзу немесе әрекетсіздікпен (анықталған зиянкестерге қарсы күрес жүргізбеу) сипатталады.

Экологиялық қылмыстардың екінші тобы ҚР ҚК-нің 281-286, 293, 294 бапбарын біріктіреді.

ҚК-тің 281 бап. Объективті жағын а) ластау; б) бітеу; в) жер беті немесе жер асты суларын бітеу; г) табиғи қасиеттерін өзге де өзгерту. Аталған әрекеттерді жүзеге асыру дарысында жануар және өсімдік әлеміне, балық қорына, орман немесе ауыл шаруашылығына елеулі зиян келуі керек.

Адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне, сол сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда не төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер ҚК-тің 281 баб. 2 бөл. бойынша сараланады.

Келесі құрам атмосфераны ластау және теңіз аясын ластау (ҚК-тің 282, 283 бап. ).

Атмосфераны ластауді дегеніміз - атмосфераға ластайтын заттар шығару ережелерін немесе қондырғыларды, ғимараттарды және өзге де объектілерді пайдалану ережелерін бұзу және бұл әрекеттер ауаның табиғи қасиеттерінің ластануына немесе өзге де өзгеруіне әкеп соғуы.

Сараланушы нышаны адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекет және ерекше саралушы нышаны абайсызда кісі өліміне әкеп соққан әрекеттер.

Теңіз аясын ластаудың объективті жағы құрғақтағы көздерден не көлік құралдарынан немесе теңізде тұрғызылған жасанды құрылыстардан адамның денсаулығы мен теңіздің жанды ресурстары үшін зиянды не теңіз аясын заңды пайдалануға кедергі келтіретін заттар мен материалдарды көму немесе тастау ережелерін бұзу салдарынан теңіз аясын ластау.

Аталған қылмыстың ауырлататын мән-жайі адамның денсаулығына, жануарлар немесе өсімдіктер дүниесіне, балық қорына, қоршаған ортаға, демалыс аймақтарына не басқа да заңмен қорғалатын мүдделерге елеулі зиян келтірген дәл сол әрекеттер.

Ал абайсызда кісі өліміне әкеп соққан нақ сол әрекеттер осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда кісі өліміне әкеп соққан нақ сол әрекет – кінәнің абайсызда нысанымен сипатталады.

ҚК-тің 284 бабында көзделген қылмыс құрамын анықтау үшін 13. 01. 1993 ж. «ҚР-ның мемлкеттік шекарасы туралы» Заңымен танысу керек. Объективті жағы ҚР-ның құрылықтық шельфінде заңсыз құрылыстар тұрғызу, олардың айналасына немесе ҚР-ның айрықша экономикалық аймағында қауіпсіздік аймақтарын заңсыз құру, сол сияқты салынған құрылыстардың және теңіздегі кеме жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарын салу, пайдалану, күзету мен жою ережелерін бұзу.

ҚК-тің 284 баб. 2 бөл. ҚР-ның құрылықтық шельфінің немесе ҚР айрықша экономикалық аймағының табиғи байлықтарына тиісті рұқсатсыз жүргізілген зерттеу, барлық, игеруге жауапкершілік тағайындалады.

ҚК 285 бабы қылмысының объективті жағын а) жерді улау; б) ластау; в) өзге тәсілдермен жерді бүлдіру құрайды. Зиян келтірудің көздері улы химикаттар, тыңайтқыштар, өсімдіктердің өсуін ынталандырғыштар және өзге де қауіпті химикалық, радиоактивтік немесе биологиялық заттар болуы мүмкін.

Қылмыс құрамы материалды. Адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіру, жердің табиғи қасиеттерінің нашарлауы байқалады.

Төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер жерді бүлдірудің саралаушы нышаны болып табылады.

Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу (ҚК 286 бабы) келесі тәсілмен жасалады, яғни кен өндіру кәсіпорындарын немесе пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты емес жерасты құрырыстарын жобалау, орналастыру, салу, пайдалануға беру және пайдалану кезінде жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу, сол сияқты пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда өз бетінше құрылыс салу, егер бұл әрекеттер едеуір зиян келтіруге әкеп соқса.

Саралаушы нышандары пайда болған зардаптардың дәрежесі ескеріле отырып анықталады. Жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында жалпы экологиялық талаптарды бұзу, мемлекетке ірі көлемде нұқсан, халықтың денсаулығына зиян келуіне әкеп соқса сондай-ақ абайсызда адамдардың жаппай ауруына немесе кісі өліміне әкеп согуы.

ҚР ҚК-нің 293 бабы диспозициясы екі қылмыс құрамын біріктіреді:

1.           Ерекше қоғалатын табиғи аумақтардың режимі бұзылып, елеулі зиян келтіруге әкеп соғуы;

2.           Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлкеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қасақана зақымдау немесе жою, елеулі зиян келтіруге әкеп соғуы.

Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау (ҚК 294 баб.) құрамы объективті жағын келесі негіздер құрайды. а) экологиялық ластауға ұшыраған жерлерде зарарсыздандыру немесе өзге де қалпына келтіру шараларын жүргізу міндеті жүктелген адамдардың осындай шараларды жүргізуден жалтаруы; б) аталған әрекеттерді жүргізбеу; в) жоғарыда аталған әрекеттерді істемеуі себебінен адам өліміне, не адамдардың жаппай ауруына, не қоршаған орта үшін өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғуы; г) әрекет пен пайда болған зардаптар арасында себепті байланыс болуы.

Қылмыс субъектісі арнайы – зарарсыздандыру өзгеде қалпына келтіру шаралары мойына жүктелген тұлға.

Келесі топ – флора мен фауна объектілеріне қарсы қылмыстар (ҚР ҚК-нің 287-292 баптары).

Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу (ҚР ҚК 287 б. 19. 12. 2004 ж. ҚР Заңымен) қылмысының міндетті белгісі ірі зиян келтіру жарылғыш және химиялық заттарын, электртоғын, не аталған су жануарлары мен өсімдіктерін жаппай жоюдың өзге де әдістерін қолдану.

Ерекше саралаушы нышандарына ҚК-тің 287 бабы 1 және 2 бөліктерінде баяндалған әрекеттерді ірі зиян келтіре отырып немесе ұйымдасқан топ жасауы жатады.

Заңсыз аншылық (ҚР ҚК 288 бабы 9. 12. 2004 ҚР Заңымен) объективті жағы: ірі зиян келтіріп; механикалық көлік құралын немесе әуе келігін, жарылғыш заттарды, газдарды және құстар мен аңдарды жаппай қырып-жоюдың өзге әдістерін қолданып; аулауға толық тыйым салынған құстар мен аңдарға қатысты; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен төтенше экологиялық ахуал аймақтарында жасалумен сипатталады.

Бірнеше рет, адам өзінің қызмет бабын пайдаланып немесе адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол әрекет – заңсыз аңшылықтың саралаушы нышандарын құрайды.

9. 12. 2004 ж. ҚР Заңымен толықтырылған ерекше саралаушы нышандары (ҚР ҚК 288 бабы 3 бөл. ) су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу (ҚР ҚК 287 бабы 3 бөл.) қылмысының ерекше саралаушы нышандарымен біртектес.

ҚР ҚК 289 бабы Республикамызда жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік жүктейді.

Объективті жағы өндірістік процестерді жүзеге асыру мен көлік құралдарын пайдалану, өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тынайтқыштар мен басқа да препараттарды қолдану кезінде, сондай-ақ аңшылық алаптары мен балық шаруашылығы тоғандарын пайдалану мен қорғау барысында жануарлар дүниесін қорғау ережелерінің бұзылуы салдарынан жануарлар дүниесінің жаппай жойылуы немесе қырылуы ірі шығынға соқтырумен сипатталады. Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әрекеттер (ҚР ҚК 290 бабы), келесі әрекеттерде көрінеді ҚР-ның Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін немесе олар мекендейтін жерлерді заңсыз алу, сатып алу, сату, сол сияқты жою.

Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу (ҚР ҚК-нің 291 бабы) құрамын қарастыру барысында 9. 12. 2004 ж. ҚР Заңымен енгізілген өзгертулерді ескеру қажет. Барлық топтағы ормандарда ағаштар мен тұталарды, сондай-ақ орман қорына кірмейтін немесе кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сол сияқты өсуін тоқтату дәрежесіне дейін зақымдау 291 бапқа сәйкес қылмыстық жазалануға тиіс.

Саралаушы нышаны ретінде ол аталған әрекеттерді әлденеше рет жасауы, адам өзінің қызмет бабын пайдаланып немесе ірі көлемде жасауы танылады.

Ерекше саралаушы нышаны (ҚК 291 б. 3 бөл. ) ҚР жоғарыда айтылған заңымен толықтырылған ол аталған баптың 1-ші және 2-ші бөліктерінде көрсетілген әрекеттерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды немесе ұйымдасқан топ жасауы.

ҚР ҚК-сі 292 бабы ормандарды жою немесе зақымдау, сол сияқты, орман қорына кірмейтін екпе ағаштарды жойғаны үшін жауапкершілік жүктейді. 1 бөлігі бойынша саралаушы нышаны отты немесе өзге де қауіптілігі жоғары көздерді ұқыпсыз қолдану, ал 2 бөлігі бойынша ормандарды, сол сияқты орман қорына кірмейтін екпе ағаштарды өртеу, өзге же жалпы қауіпті әдіспен не зиянды заттармен, қалдықтармен, тастандылармен немесе қоқыстармен ластау салдарынан қасақана жою немесе зақымдау.

 

Нормативтік қайнар көздер:

1. Закон РК «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира» от 21.10.1993 г.

2.  Закон РК «О государственной границе» от 13.01.1993 г.

3.  Закон РК «О недрах и недропользовании» от 27.01.1996 г.

4.  Закон РК от 15 июля 1997 г. «Об охране окружающей среды». //Казахстанская правда, 1997. 5 августа

5.  Закон РК «О земле» от 24.01.2001 г.

6.   Лесной кодекс РК. Алматы: Жети Жаргы, 1995.

7.   Водный кодекс РК от 9.07.2003 г.

8.   Нормативное постановление Верховного суда РК №1 от 20 июля 2004 г. «О применении судами законодательства об ответственности за экологические преступления».

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Борчашвили И.Ш. Уголовная ответственность за преступления в сфере экологии. Караганды,1994.

2. Борчашвили И.Ш. Экологические преступления: понятие и квалификация, Караганда, 1994.

3. Жевлаков Э.Н. Экологические преступления (понятие, виды, квалификация). М., 1995.

4. Яни П.С. Экологические и служебные преступления. М., 1997.

5. Плешаков А.М. Уголовно-правовая борьба с экологическими преступлениями. М., 1993.

6. Вольфман Г. И. Ответственность за преступления в области охраны природы, квалификация и наказание. Саратов, 1984

7. Жевлаков Э.Н. Экологические преступления и экологическая преступность: Учебное пособие. М., 1996.

8. Лопашенко Н.А. Экологические преступления. СПб., 2002.

 

Қосымша әдебиеттер:

1. Тяжкова И.М. Экологические преступления в новом УК РФ // Вестник Московского университета. Серия 11. - Право, 1998. - № 3.

2. Лопашенко Н. Ответственность за нарушение правил охраны и использования недр // Российская юстиция. - 2002. - № 4.

3. Зумакулов Д., Прохоров Л. Квалификация экологических преступлений //Российская юстиция. - 2000. - № 8.

4. Романов В. Административная и уголовная ответственность за нарушение лесного законодательства // Российская юстиция. - 1998. - № 5.

5. Чертова Н.А. Объективные признаки преступлений против экологической безопасности водной среды и пути их совершенствования. //Государство и право. – 2004. - №8.

 

13 ТАҚЫРЫП. К¤ЛІКТЕГІ ҚЫЛМЫСТАР

Көліктегі қылмыстар үшін жауапкершілік ҚР ҚК-нің 12 тарауының нормаларымен қарастырылған.

Көліктегі қылмыстар – труда құбырлары, автомобильді темір жол, әуе, су, теңіз көліктері қозғалысы мен пайдалану үрдісі барысында материалдық құндылықтарды сақтау, адам өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін, соны бұзғаны үшін қылмыстық заңмен жаза тағайындайтын қоғамға қауіпті әрекеттер (әрекет немесе әрекетсіздік).

Көліктегі қылмыстарды екі топқа болуге болады. Бірінші топты көлік қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу қылмыстары (ҚК 295-298, 300, 302, 306 бап. ) құраса. Екінші топты көлік қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзумен байланысты емес қылмыстар (ҚК 299, 301, 303-305 баптар құрайды).

ҚР ҚК 295 бабының объективті жағы 3 міндетті болатын белгілермен сипатталады: а) темір жол, әуе, теңіз немесе су жолы көлігі қозғалысы немесе пайдалану ережелерін орындайтын жұмысына немесе атқаратын қазметіне байланысты осы ережелерді сақтауға міндетті адамның бұларды бұзу; б) абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру; в) аталған әрекет пен пайда болған зардап арасында себепті байланыстың болуы: Егер жоғарыда көрсетілген белгілердің біреуі болмаса, тұлға әрекетінде қылмыс құармы болмайды.

Қылмыс субъектісі 16 жасқа толған ақыл-есі дұрыс темір жол, әуе, теңіз немесе су жолы көлігі қозғалысы немесе пайдалану ережелерін орындайтын жұмысына немесе атқаратын қызметіне байланысты қауіпсіздік ережелерін сақтауға міндетті адам.

Саралаушы нышандары: абайсызда кісі өліміне әкеп соққан дәл сол әрекет (ҚК 295 б. 2 бөл); абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекет (ҚК 295 б. 3 б. ); аталған баптың 1-3 бөліктерінде көзделген зардаптардың тууына әкеп соқпаса да олардың тууына көрінеу қауіп төндірсе (ҚК 295 б. 4 б. 05. 05. 2000 ж. ҚР Заңымен) .

Адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтерсе – ҚК-тің 296 баб. сараланады. Қылмыс субъектісі – автомобильді, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлік құралын жүргізуші адам.

Абайсызда кісі өліміне, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекет (ҚК 296 бабы 2, 3 бөл. ) – ауырлататын белгілеріне жатады.

Көлік құралын жүргізуші және жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзған адамның осы Кодекстің 295 бабаында көзделген заттар болған жағдайда жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін жауапкершілік ҚР ҚК-нің 297 бабын тағайындалады. Сонымен қатар осы баптың ескертуіне сәйкес зардап шеккендерге көмек көрсетуге байланысты жол-көлік оқиғасы болған жерден кеткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

ҚР ҚК 298 бабы объективті жағы ен субъект белгілері бойынша бірнеше қылмыс құрамдарынан тұрады. Аталған бабтың 1 бөлігі көлік құралдарын, қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс құралдарын не өзге көлік жабдықтарын сапасыз жөндеу, сол сияқты көлік құралдарының техникалық күйіне жауапты адамның техникалық ақауы бар екені белгілі көлік құралдарын пайдалануға шығару және бұл әрекеттер абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін жауапкершілік жүктейді.

298 бап 2 бөлік бойынша көлік құралы иесінің немесе иеленушісінің алкогольдік, есірткілік немесе өзге мастық күйдегі адамдарды көлік құралдарын жүргізуге жіберуі, және бұл абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соғыуы сараланады.

Аталған бабтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттердің абайсызда кісі өліміне әкеп соғуы (ҚК 298 б. 2 б. ) , абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғуы (ҚК 298 4 б. ) саралаушы құрамдары болып табылады.

Жолаушының, жаяу адамның немесе жол қозғалысының басқа қатысушысының (осы Кодекстің 295, 296 баптарында аталған адамдарды қоспағанда) жол қозғалысы қауіпсіздігі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы және бұл әрекеттер абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққаны үшін жауапкершілік ҚР ҚК-нің 300 бабымен жүктеледі.

Аталған қылмыстың саралаушы нышандары ҚР ҚК-нің 298 бабының саралаушы нышандарымен сәйкес келеді.

Келесі қарастырылатын қылмыстың (ҚР ҚК 302 бабы) объективті жағын үш міндетті белгілер құрайды: а) көлікте қолданатын тәртіп қорғау және қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу; б) ірі көлемде залал келтіру орташа ауырлықтағы деке зақымын келтіру; в) жасалған құқық бұзушылық пен пайда болған зардаптың арасында себепті байланыстың болуы.

Субъектісі арнайы, яғни, жол, құрылыс және басқа ұйымдарда басқару міндеттерін атқаратын және жолдарды және жол құрылыстарын, олардың жабдықтарын пайдалану, сондай-ақ жол қозғалысын ұйымдастыру үшін жауапты адам.

Дәл сол тәртіп бұзушылық ауыр зардаптарға әкеп соқса ҚР ҚК-нің 302 б. 2 бөл. жазаланады.

Сонымен қатар ұшудың халықаралық ережелерін бұзуда (ҚК-тің 306 б. ) қылмыстық жазалануға лайық.

Объективті жағы рұқсатта көрсетілген маршруттарды, қону орындарын, әуе қақпаларын, ұшу биіктігін сақтамау әрекеттерімен сипатталады. Халықаралық ұшу ережелерін өзге де бұзу деп мерзімі, өтіп кеткен рұқсатнамамен шекарадан өту, алыс байланысқа түсу құралдарын сөндіріп қою әрекеттері танылады.

Аталған қылмыс субъектісі ретінде ұшудың халықаралық ережелерін сақтауға жауапты адам түсе алады.

Кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер қылмыстың ауырлататын мән-жайларын құрайды.

Ендігі кезекте көлік қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзумен байланысты емес қылмыстар тобын қарастырайық.

Көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру қылмысына жауапкершілік ҚК 299 бабында көзделген. Әрекеттің объективті жағын көлік қүралдарын, қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс құралдарын не өзге де көлік жабдықтарын қасақана бұзу, зақымдау немесе өзге де тәсілмен пайдалануға жарамсыз күйге келтіру, сол сияқты көлік коммуникацияларына тосқауыл қою және бұл әрекеттер абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге, не ірі көлемде залал келтіруге не көлікпен байланыстың қалыпты жұмысы бұзылуына әкеп соғуы.

Абайсызда кісі өліміне әкеп соққан дәл сол әрекет ҚК-тің 299 бабы 2 бөл. сараланса, абайсызда екі немесе одан ад көп адамның өліміне әкеп соққан әрекет осы баптың 3 бөл. сараланады.

Поезды стоп-кранмен не ауа тежегіш магистральдарын ажырату жолымен немесе өзге әдіспен қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтау, және бұл кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғуы ҚК-тің 301 бабымен сараланады.

Магистральдық труба құбырларын салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу қылмысының міндетті белгісі абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру не ірі залал келтіру.

Саралаушы нышандары абайсызда кісі өліміне, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекеттер (ҚК 303 бап 2, 3 бөл. ).

Труба құбырларын зақымдау немесе қирату (ҚК 304 б. ) қылмысы адамдар денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге нақты қатер төнгеннен бастап аяқталды деп есептеледі.

Абайсызда адамдардың денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян не ірі залал келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекет, аталған баптың 2-ші бөлігі бойынша сараланады.

Қарастырылып отырған баптың ерекше саралаушы нышандары болып абайсызда бір немесе бірнеше адамның өліміне әкеп соққан әрекеттер танылады.

ҚК-тің 305 бабы 1 бөлігі объективті жағы әрекетсіздікпен, яғни теңіз немесе өзге де су жолында апатқа ұшыраған адамдарға кеме капитанның, егер осы көмек көрсету өзінің көмесіне, оның экипажы мен жолаушылары үшін елеулі қауіп келтірмейтін болғанда, көмек көрсетпеуімен сипатталады.

ҚК-тің 305 бабы 2 бөл. бойынша теңізде немесе су жолында соқтығысқан кемелердің бірінің капитанының басқа көмені құтқару үшін тиісті шаралар қолданбауы абайсызда кеменің опат болуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғуы қылмыстық жазалануға лайық болып табылады.



Нормативтік қайнар көздер:

1.     Закон РК «О транспорте в РК» от 21 сентября 1994 г.

2.     Закон РК «О безопасности дорожного движения» от 15 июля 1996 г.

3.     Правила дорожного движения. Алматы, 2000.

4.     Постановление Пленума Верховного суда КазССР от 23 сентября 1983 г. №11 «О судебной практике по делам об автотранспортных преступлениях».//Сборник постановлений Пленума Верховного суда РК (КазССР) 1961-1997гг. Алматы, 1997.

 

Негізгі әдебиеттер:

1.     Абдиров Н.М., Борчашвили И.Ш. Уголовная ответственность за угон транспортных средств и его предупреждение. Караганда, 1995.

2.     Бакишев К.А. Ответственность за нарушение правил дорожного движения и эксплуатации транспортных средств по законодательству РК. Караганда, 1999.

3.     Галахова А.В. Уголовно-правовая характеристика транспортных преступлений. Уч. пос. М., 1990.

4.     Куринов Б.А. Автотранспортные преступления. Квалификация и ответственность. М., 1976.

5.     Коробеев А.И. Транспортные преступления. Квалификация и ответственность. М., 1990.

6.     Лукьянов В.В. Проблемы квалификации дорожно-транспортных преступлений. М., 1979.

7.     Петухов Б.В. Уголовно-правовые и криминологические проблемы борьбы с автотранспортными преступлениями. Автореф. дис. к.ю.н. М., 1992.

8.     Чучаев А.И. Транспортные преступления по уголовному праву. //Актуальные проблемы борьбы с преступностью. Свердловск, 1989.

 

14 ТАҚЫРЫП. БАСҚАРУ ТӘРТІБІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР

ҚР-ның Қылмыстық кодексінің 14 тарауында басқару тәртібіндегі қауіпті жағдайлардан қорғаудың өзіндік мазмұнына бағытталған группалық нормаларды қарастырады.

Мазмұнындағы айырмашылығына қарамастан, барлық осы қылмыстар бір белгілеріне және туындау объектісіне байланысты бір тарауға біріктіріледі. Бұлар болып басқару тәртібі табылады. Яғни, өзіне қоғамдық қатынастар жүйесін, мемлекеттік – қоғамдық, кооперативтік және басқару саласындағы органдардың қалыпты қызметін қамтамасыз етілуін қамтиды.

Бұл қылмыс топтарының тікелей объектілері болып, қоғамдық қатынастардың басқару саласындағы нақты түрлері (билік органдарының қалыпты қызметі, қоғамдық қатынастар, ҚР-ның мемлекеттік құрлымын қамтамасыз ету өркениеті, облыстағы қызметтегі тұлғаларды сайлауды белгілеудегі басқару тәртібі, заңдық маңызы бар документальдық удостоверениялық, дәлелдемелердің және т.б. тәртібі).

Кейбір қылмыс түрлерінде қосымша объектілері бойынша нақты топтары болып билік өкілдерінің ар – намыс, абыройы, қауіпсіздігі, яғни өмірі мен денсаулығында табылады.

Өзіндік объективтік қасиетіне қарай басқару тәртібіне қарсы қылмыстар жан- жақты болып келеді. Басым бөлімдеріне қылмыс әрекетінің формалары болып тұжырымдалады, олардың кейбір әрекет немесе әрекетсіздік формасында істегендері жатады. (ҚК 326 – бап әскери қызметтен жалтару).

Құрылымы бойынша басқару тәртібіне қарсы қылмыстар фармальдық қылмыс құрамын құрайды және әрекет салдарының болмауын талап етеді. Осылардың ішіндегі кейбір сараланған құрамдары қылмысқа әсерін тигізетін әрекеттерді құрайды. Бұл құрамдар материалді болып келеді.

Субъективтік жағынан басқару тәртібіне қарсы қылмыстар әдейі жасалынған деп танылады. Қылмыстың жекелеген құрамдары субъективтік жағынан мақсаты мен себептерін құрайды.

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың көптеген бөлім субъектісі болып физикалық өзгеріссіз тұлғалар жатады және 16 жасқа жеткен. Бұл қылмыстар әскери қызметтен 9 бап ҚК 326 б ауытқуларынан арнайы субъектілерді ұйғару. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар тікелей объектілерге туындала отырып, келесі топтарға бөлінеді:

1.           ҚР – ның беделіне қол сұғу. (317 бап ҚК)

2.           Мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне байланысты өкімет өкілдері мен басқа адамдарға қарсы қол сұғушылық (ҚК 318-322, 328 баптар)

3.           Ресми құжаттар мен мемлекеттік марапаттамалардың айналым тәртібіне қысым көрсету (ҚК 323-325 б)

4.           Басқару тәртібін қамтамасыз ету бойынша жеке ережелерді бұзу (ҚК 326, 327, 334-338 б)

5.           Басқару тәртібіне қысым көрсетудің арнайы түрлері қылмыстың бірінші тобына бір құрам кіреді.

«ҚР мемлекеттік туды, мемлекеттік елтамбаны немесе мемлекеттік әнұранды қорлау» - ҚК 317 б. Қылмыстын объективті жағы мемлекеттік симвлдарды қорлаудан көрінеді. Қорлау тәуелсіздігін, суверинететтін білдіретін мемлекеттік симвлдарға жағымсыз әрекеттері көрсететін әртүрлі әрекеттер шенберін қамтиды. Мұндай әрекеттер мемлекетке, оның халқының патриоттық сезіміне дұрыс қарамауды куәләндырады.

Екінші топ – билік өкілдеріне, мемлекеттік органның басқарушылық қызметіне қатысты басқа да тұлғаларға қол көтеру.

ҚР ҚК 318 – бабы ҚР Президентінің ары мен намысына қол сұғу немесе жарғылықты түрде мәжбүрлеуге жауапкершілік бекіткен. Билік өкілдеріне қысым жасаудын арнайы құралы болып ҚК 319-бабында қарастырылған әртүлі белгілер табылады. Бұл бап ҚР Парламентінің депутаттарын осындай қысымнан қорғайды. Бапта құрамның үш түрі қарастырылған: ҚР Парламентінің депутатын мәжбүрлеу (1.б); бұхаралық ақпарат құралдарын қолдану арқылы осындай әрекетті жүзеге асыру (2.б); кез-келген үлгіде Парламент депутатына немесе оның жақындарына әрекет ету. Билік өкілін мәжбүрлеу (ҚК 320 б) қылмыстын арнайы құрамы болып табылады. Билік өкілін өз қызметін атқару кезінде мәжбүрлеу осы баптың 1.б. бойынша жауапқа тартылады. Айта кететін жайт, билік өкілі түсінігі ескертудің алғашқы пунктінде беріледі. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану мен жасалған бұл әрекет ауыр белгі болып табылады.

ҚК 321 бабы билік өкілдері мен олардын жақындарына қатысты күш қолдану жауаптылығын қарастырады және осы қылмыстың екі құрамын құрайды алғашқы бөлімде биік өкілінің немесе оның туыстарының өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдануға жауапкершілік қарастырылады. ҚК 321 бабының екі бөлімінде 1 бөлімде аталған тұлғаларға қатысты өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдануға қылмыстық жауапкершілік бекітілген.

2002 ж 9.08. ҚР заңында прокурордың қызметіне кедергі жасау және оның заңды талаптарын орындамау. ҚР ҚК-ның 321-1 бабында толтырылды. Егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқық қорғалатын мүлделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан жағдайда шартты түрде қылмысты болып саналады. ҚК 322 бабында қылмыстың объективтік жағы жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету. Қылмыстың субъектісі тұлға болып табылады, яғни оған мәліметтер сеніп тапсырылған немесе оның қызметтік іс-әрекетіне байланысты белгілі болған адамның жария етуі.

Сол әрекет ауыр зардаптарға әкеп соқса ҚР ҚК-нің 322-бабы бойынша жазаланады.

ҚК 328-бабында жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын өкімет өкілінің немесе лауазымды адамның атағын өз бетінше иелену осы негізде қылмыс жасаумен ұштасса, онда қылмыстық жауаптылық орнатады.

2005 ж.8.07. ҚР заңында Өздігінен лауазымды тұлға атағын алса ҚР Конституциясын орнатумен айналысқан өкілетті билігін алу мақсатында толықтырылды. Келесі топты қарастырайық, бұлар ҚР шекарасын заңсыз өткендер ҚР мемлекеттік шекарасынан белгіленген құжатсыз және тиісті рұқсатсыз әдейі заңсыз өту ҚК 330-бабында қаралды.

Сол әрекет адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен, не күш қолданумен немесе оны қолданбақ болып қорқытумен жасалған бұл 330-бапта.

Сонымен қатар 16.03.2001ж шетел азаматтарының және азаматығы жоқ адамдардың өздеріне қатысты қабылданған ҚЗ-ның шегінен шығарып жіберу туралы шешімдер ҚК 330-1 бабында толықтырылды.

22.02.2002 ж ҚР заңында ҚР аумағы бойынша заңсыз келу-кету, өту үшін өзге де қызметтер көрсету жолымен заңсыз көшіп-қонуды ұйымдастыру. ҚР ҚК мемлекеттік шекарасын құқыққа қарсы өзгерту мақсатында шекаралық белгілерді алыптастау, орнын ауыстыру немесе жою. Бірнеше рет жасалған немесе ауыр зардаптарға әкеп соққан сол әрекеттер.

Қылмыстын келесі тобы – Ресми құжаттарды және мемлекеттік наградаларды сатып алу немесе өткізу.

Қылмыстың объективті жағы ҚК 323-бабында қаралды аталған бапта бір әрекет сипатталады

1.     арнайы құжаттардың жетістігі

2.     мемлекеттік награда

3.     пәннің өтімі

Құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын ресми құжаттарды сондай-ақ ҚР немесе КСРО мемлекеттік наградаларын заңсыз сатып алу немесе өткізу.

ҚК 324-бабында екі қылмыстын құрамы қаралады қылмыс пәні және объективті жағы. ҚК 324-бабында азаматтын төл құжатын жеке бас куәлігің немесе жеке басының басқа маңызды құжатын ұрлау.

ҚК 324б-2-пйда күнемдік мақсата немесе өзгеде жеке бастын мүдесінде ресми құжаттарды мөр таңбаларды немесе мөрлерді ұрлау, бүлдіру немесе жасыру.

ҚК 324-бапта қылмыс құрамының бірнеше түрі құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын куәлікті немесе өзге де ресми құжатты қолдан жасау, не мұндай құжатты өткізу сол сияқты қалған жасалған мөр танбаларды, мөрлерді ҚР немесе КСРО-ның мемлекеттік наградаларын дайындау немесе сату.

Бірнеше рет немесе адамдар тобының алдын-ала сөз байласу бойынша жасалған әрекеттер.

Қылмыстың келесі тобы-басқару тәртібін қамтамасыз етуде жеке ережелерді бұзу.

Қылмыстың объективті жағы ҚК 326-бабында осы қызметтен босату үшін заңды негіздер болмаған кезде әскери қызметке шақырудан жалтару. Бұл әрекет өзінің денсаулығына зия келтіру арқылы, ауруды сылтаурату жолмен құжаттарды бұрмалау немесе өзге де алдау арқылы жасалса ҚР 327 б ҚК өзінше билік ету мәні заңмен белгіленген тәртіпке қарамастан басқ тұлғаның немесе ұйымдардын таласын туғызатын, азаматтын және ұйымдасатын құқықтарына немесе заңды мүлделеріне, не қоғамның немесе мемлекеттің заңымен қорғалатын мүлделеріне елеулі түрде зиян келтіретін өзінің нақты немесе болжамды құқығын өз бетінше жүзеге асыруы.

327 – баптың 2-3 күш қолданумен немесе оны қолданбақ болып қорқытумен жасалған әрекет сонымен бірге бір немесе екі бөліктерінде көзделген адамдар тобының сөз байласуы.

ҚР ҚК 334 – бабында екі құрамды қылмыс қаралады. Жиналыстарды, митингтерді, пикеттерді, көше шерулерін және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бұзу және төтенше жағдайлар кезінде тиым салынған ереуілге басшылық жасау, кәсіпорынның, ұйымның жұмысына кедергі келтіру. 334 – бап. Төтенше жағдайлар кезінде тиым салынған ереуілге басшылық жасау, сол сияқты осындай жағдайда ұйымдардың жұмысына кедергі келтіру.

ҚК 336 – бабы. Қоғамдық бірлестік мүшелерінің мемлекеттік органдарының қызметіне заңсыз араласуы. Мына түрде қоғамдық бірлестік мүшелерінің мемлекеттік органдардың заңды қызметіне кедергі жасауы немесе мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамның функцияларын иемденуі сол сияқты мемлекеттік органдарды саяси партиялар ұйымдарын құру, егер бұл әрекеттер азаматтардың құқықтары мен заңды мүлделеріне не қоғам мен мемлекеттің заңымен қорғалатын мүлдделерінің елеулі түрде бұзуға әкеп соқса қылмыстың субъектісі болып қоғамның бірлестігің мүшесі ҚК 337-бапта заңсыз қоғамдық бірлестіктер құру және олардың қызметіне қатысу.

Қылмыстық жауаптылық мынадан тұрады: азаматтарға зорлық жасаумен құқыққа қарсы өзгеде әрекеттер жасауға түрткі болған діни немесе қоғамдық бірлестіктер құру.

337 б 2 бөлімінде нәсілдік, ұлттық, рулық, әлеуметтік, конституциялық құрылысты күштеп құлатуға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге республиканың аумақтық тұтастығына қол сұғушылыққа шақыратын қоғамдық бірлестік құру.

ҚК 338 – бабында. Шет мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарына жәрдем көрсету.

Объективтік жағы саяси партияларын немесе кәсіптік одақтарын қаржыландыру, жәрдем көрсету мемлекеттің заңмен қорғалатын мүлделерінің елеулі түрде бұзуына әкеп соқса қылмыстың соңғы тобы – мемлекеттік туды заңсыз көтеру. ҚР мемлекеттік туын сауда кемесінде заңсыз көтеру 329 – бап. 332 – бап. Қызыл жарты ай және қызыл крест эмблемалары мен белгілерің заңсыз пайдалану.

  &&&

Нормативтік деректер

1.     ҚР мемлекеттік шекарасы туралы 13 қаңтар 1993ж

2.     ҚР Президенті туралы конституциялық заң 1995ж 26 желтоқсан

3.     ҚР Парламентінің депутатының деңгейі туралы конституциялық заң 1995ж16.10

4.     Мемлекеттік наградалар туралы заң 1995.26.12

5.     ҚР Президентінің бұйрығы мемлекеттің тәртібі және жыйындар, метинг, демонстрация. Салтанатты шеру туралы 17.03.1995

 

Негізгі әдебиет


1.           Преступления против порядка управления уч.пос. 1970

2.           Пинхасов Б.И. Защита документов по советскому праву 1979

3.           Поленов Г.Ф. Ответственность за пахищение, подделку документов и их использование.1980

4.           Поленов Г.Ф. Уголовный закон на страже порядка управления. 1981

5.           Елизаров П.С. Ответственность за посягательство на жизнь здоровье и достойнство работников милиции и народных дружинников. Киев 1975

6.           Ветров Н.И. Преступления против порядка управления, посегающие на нормальную деятельность ОВД М 1989

 

15 ТАҚЫРЫП. СОТ Т¤РЕЛІГІНЕ ЖӘНЕ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ ТӘРТІБІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР

Сот төрелігіне және жазаны орындау тәртібіне қарсы қылмыстар – бұл қауіпті әрекет ретінде қаралды. Сот төрелігің жүзеге асыруға кедергі жасау мақсатында соттын қызметіне қандайда болмасын нысанына араласу. Сот төрелігің немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамның өміріне қол сұғу. Кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту(344). Көрнеу заңсыз ұстау қамауға алу т.б.

Сот төрелігіне және жазаны орындау тәртібіне қарсы қылмыстың объективті жағы әрекет ету жолында іске асады 353 – бапта куәгердің немесе жәбірлеушінің жауап беруден бірге бас тартуы 362-бапта сот үкімің сот шешімің сот актісін орындамау 364-бапта қылмысты хабарламау. Кей топта қылмыс субъектісі лауазымды тұлға 344-347, 350 бап лауазымды емес субъектінің арнайы белгілері 352, 353, 355, 356, 358-360 бапта. Қалғаны ҚР ҚК 15-ші тарауында сот төрелігіне қарсы қылмыстың субъективті жағы әдейі істелінеді. Кейбір заң әдебиеттерінде түрлі сот төрелігіне жазаны орындау тәртібіне қарсы қылмыстар сараптамасы кездеседі. Көрсетілген қылмысты топқа бөледі. Қылмыстың субъектісіне тәуелді, объектіге байланысты. Қылмыстық топта қоғамдық қатынасқа қол сұғу құқық қорғаушылық орган оның міндеті мен мақсатына сәйкес (340, 343, 356, 363, 364 бап).

Дәлелдемелерді қамтамасыз ету 348, 351, 354 бап. Сщттық акт нәтижесін қамтамасыз етеді 339-бап. 1) сот төрелігің жүзеге асыруға кедергі жасау мақсатында соттын қызметіне қандайда болмасын нысанда араласу. 2) істі жан-жақты, толық және объективті тергеуге кедергі жасау мақсатында қандайда болмасын нысанда прокурордың, тергеушінің немесе алдын ала анықтауды жүргізуші адамның қызметіне араласу. 3) Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасалған әрекет ҚК көрнеу кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту. Қылмыстың объективті жағы ҚК 345 қаралды. Қылмысты жауаптылықтан көрнеу заңсыз босату. Субъект – арнайы – прокурор, тергеуші тұлға.

ҚР ҚК 346-бабында көрнеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау, 3-ші бөлігінде көрсетілгендей ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер. ҚК 347-бабында жауап беруге мәжбүр ету. Осы заңда мәжбүрлеу тәсілі көрсетілген. Қорқыту заңсыз іс-әрекеттер бопсалау.

Арнайы қылмыс субъектісі – тергеуші. Осы қылмыстың нақты квалификациалық белгісі-қинау, күш көрсету, т.б.

Осы заңға ҚК 347-бабы «қинау» толықтырылды. Бұнда адамдар тобымен немесе алдын ала сөз байласқандар тобымен, бірнеше рет, денсаулыққа орташа зиян келтіру мен кінәлі адам жүкті әйелге қатысты көрнеу жасаса немесе кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса.

Дәл сол әрекет жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге немесе абайсызда оның өліміне әкеп соқса ҚР ҚК 349-бабында коммерциялық сатып алуға не сыбайлас жемқорлық қылмысқа арандату немесе екінші бөлімінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарға арандату қылмыстың қауіптілігі мынадан тұрады: коммерциялық немесе өзгеде ұйымдарда басқару қызметтерін атқарушы адамға қылмыс жасау аймақтарын қолдан жасау не бопсалау мақсатында оның келесі міңсіз ақша, мүліктік игіліктер мен артықшылықтар беруге тырысу әрекеттері.

Келесі қылмыс құрамы 350-бап. Көрнеу әділетсіз сот үкімің, шешімін немесе өзгедей сот актісін шығару. Осы қылмыстың субъектісі тек қана судья ғана.

Екі бөлімінде бас бостандығынан айыруға соттын заңсыз үкім шығарумен байланысты немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса ҚК 365-бабында адвакаттар мен өзге де адамдардын азаматтарды қорғау және оларға заңгерлік көмек көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау мынадан тұрады.

1.           Адвакаттар мен өзге адамдардын қылмыстық процесстерде адамдарды қорғау.

2.           қызметтің дербестігің және тәуелсіздігің бұзу. Қылмыс бұл әрекеттер азаматтар мен ұйымдардын құқықтары мен заңды мүдделерін, не қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерің елеулі түрде бұзуға әкеп соқса.

Қылмыстың екінші тобы құқық қорғау мақсаты мен міндетіне сәйкес қамтамасыз ету. Осы топтың судья, прокурор, қорғаушы, эксперт, соттық пристав, соттың орындаушысы. Қылмыстық жазалауда лауазымды тұлғалардың өміріне қол сұғу (340 – бап). ҚР ҚК 341 – бапта солардың арына қатысты өлтіремін деп, денсаулыққа зиян келтірумен мүлкін бүлдірумен.

Жоюмен қорқыту. 342-бап сотты құрметтемеу. Судьяға, тергеушіге, сот приставына соттың атқарушысына қатысты жала жабу. 356 – бапта судьяға және қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтер жария ету. 363 бапта қылмысты жасыру. 364 бапта қылмыс туралы хабарламау.

Келесі топ нақты айғақтарды алуды қамтамасыз ету. ҚР ҚК 348 бап 1 бөлімінде айғақтарды бұрмалау. Қылмыстық іс бойынша ауыр немесе аса ауыр қылмыстар туралы сол сияқты ауыр зардаптарға әкеп соққан айғақтарды бұрмалау ҚК 351 баптың объективтік жағы көрінеу жалған сөз жеткізу. Сотта не алдын ала анықтау жүргізунемесе алдын ала тергеу кезінде куәгердің, жәбірленушінің, көрінеу жалған жауап беруі немесе сарапшының көрінеу жалған қорытынды беруі, сол сияқты сондай жағдайларда аудармашы жасаған көрінеу қате аударма ҚК 352 бабында. Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен, айыптаудың айғағын жасанды турде жасаумен ұштасқан, сол сияқты пайда күнемдік мақсатта жасалған әрекеттер.ҚК 353 бапта куәгердің немесе жәбірленушінің жауап беруден бас тартуы.

Қылмыстың объективті жағы 1) Куәгердің немесе жәбірленушінің сотта немесе тергеуде жауап беруден бас тартуы; 2) Аудармашыны сатып алғанда дұрыс аудармағандығы үшін; 3) Эксперттің сатып алғанда жалған қорытынды бергені үшін; 4) Куәні немесе жәбірленушіні жалған жауап беруге мәжбүр етумен; 5) Жалған қорытынды беруге сарапшыны мәжбүрлеуге; 6) Аудармашыны қате аударуды жүзеге асыруға мәжбүр етумен; 7) Аталған адамды жауап беруден бұлтаруға мәжбүр етумен.

Алғашқы үш әрекетке жауаптылық бірінші бөліммен, қалған әрекеттер үшін жауаптылық екінші бөліммен көзделген. Аталған адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз күш қолданылып жасалған әрекет немесе сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасады деп айыптауына байланысты әрекеттер. ҚК 355 бабында.

Соңғы топ. Қоғамдық қатынасқа қол сұғу соттық акт нәтижесін қамтамасыз ету.

ҚР ҚК 357 – баптың 2-1 бөлімі объективтік жағы ретінде ерекшеленеді. 1 бөлімінде объективті жағында мына әрекеттердің біреуі болатыны сипатталады хатталған, тыйым салынған немесе иелік етуге шектеу қойылған мүлікті осы мүлік сеніп берілген адамның жасаған ысырап етуі, иеліктен шығарылуы, жасарып қалуы немесе заңсыз беруі сол сияқты несие ұйымдары қызметкерінің тиым салынғаны, не жұмсау операциялары тоқтатылып қойылған ақша құжаты мен банк операцияларын жүзеге асыруы.

2 бөлімінде соттың үкімі бойынша тәркілеуге жататын мүлікті жасырып қалу немесе иемденіп кету, сол сияқты мүлікті тәркілеу тағайындау туралы соттың заңды күшіне енген үкімін орындаудан өзге де жалтару.

ҚР ҚК 357 – бабында белгіленеді.

Бас бостандығынан айыру орнынан қысқа мерзімге шақыруға рұқсат етілген сотталған адамның шығу мерзімі біткеннен кейін сол сияқты аудауылсыз құқығын пайдаланушы не қадағалауда жүрген сотталған адамның бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын одан әрі өтеуден жалтару мақсатында жасалған түзеу мекемесіне қайтып оралмады.

360 – бапта қылмыстық - атқару мекемесі әкімшілігінің талаптарына қасақана бағынбау. Ал 361 бапта былай белгіленеді: 1) Бас бостандығынан айыру орнының немесе қамауда ұстау орнының қызметтеріне қатысты. 2) Сотталған адамның түзетілуіне кедергі жасау немесе оның қоғамдық міндеттерді орындағаны үшін кек алу мақсатында оған қатысты күш қолдану мен қорқыту 2 бөлімінде адамдарға өмірге және денсаулыққа қауіпсіз күш қолдану және адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша не өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданылып жасалған әрекеттер.

Қылмыстың объективтік жағы ҚК 362 – бабында қаралды. Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау. Өкімет өкілі, мемлекеттік қызметші, жергілікті өзін - өзі басқару органының қызметкері, сол сияқты мемлекеттік мекеменің коммерциялық немесе өзге де ұйымдардың жасаған әрекеттері.

3 бөлімінде де қаралып толықтырылды. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сот белгілеген әкімшілік қадағалау ережелерін қасақана бұзу, сол сияқты қадағалаудағы адамның тұрғылықты жерінен өз бетімен кетіп қалуы немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босағаннан кейін таңдап алған тұрғылықты жеріне әкімшілік қадағалаудан жалтару мақсатымен белгіленген мерзімде бармауы.

 

Нормативтік деректер:

1. Указ Президента РК, имеющий силу закона от 20 декабря 1995 г. «О судах и статусе судей в РК» // Ведомости ВС РК, 1995

2.  Постановление ПВС КазССР №5 с изм. от 20 декабря 1996 г. № 11; «О некоторых вопросах, возникающих в судебной практике по делам о заранее не обещанном укрывательстве преступлений и о недонесении о преступлениях» // Сборник ППВС РК (КазССР) (1961-1997 г.). Алматы, 1997.

3. Закон РК «О порядке и условиях содержания под стражей подозреваемых и обвиняемых в совершении преступлений» от 30 марта 1999 г. Алматы, 1999.

4. Закон РК «О судебной экспертизе» от 12 ноября 1997 г. Алматы, 1998.

5. Закон РК «О исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей» от 30 июня 1998 г. Алматы, 1998

 

Негізгі әдебиеттер:

1.           Чучаев А. Преступления против правосудия. Научно-практический комментарий. Ульяновск, 1997.

2.           Щерба С.П., Зайцев О.А. Охрана прав потерпевших и свидетелей по уголовным делам. Уч. пособие. М., 1996.

3.           Проблемы правосудия и уголовного права. М , 1978.

4.           Лукашев А.И. Уголовная ответственность за злостное неповиновение требованиям администрации ИТУ: Учебное пособие. Минск, 1990.

5.           Власов И.С., Тяжкова И.М. Ответственность за преступления против правосудия. М., 1986.

6.           Хабибулин М.Х. Ответственность за заведомо ложный донос и заведомо ложное показания по советскому уголовному праву. Казань, 1975.

7.           Рашковская Ш.С. Преступления против правосудия. Харьков, 1986.

8.           Бажанов М.И. Уголовно-правовая охрана советского правосудия. Харьков, 1986.

9.           Кулешов Ю.И. Уголовная ответственность должностных лиц органов внутренних дел за преступления против правосудия. Хабаровск, 1988.

 

Қосымша әдебиеттер:

1.           Курманбаев Б.М. Уголовная ответственность за посягательства на некоторые конституционные принципы // Вестник ВС РК, 1996. № 1.

2.           Курманбаев Б.М. Об ответственности за принуждение к даче показаний лицом, производящим следствие или дознание // Вестник Министерства юстиции. 1996. № 5.

3.           Имангалиев С. Меры по предупреждению и борьбе с фальсификацией доказательств. //Правовая реформа.2004.№1. С.89-93.

4.           Имангалиев С. Объективные и субъективные причины совершения фальсификации доказательств. //Право и государство. 2004. №2. С.33-37.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет