1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


СӨЖ: Заң, құқық бұзушылық туралы мақал-мәтелдер жазыңыз. ОСӨЖ



бет43/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

СӨЖ: Заң, құқық бұзушылық туралы мақал-мәтелдер жазыңыз.
ОСӨЖ: «Мен заңды қаншалықты білемін?» тақырыбына эссе жазыңыз.
Жоғары деңгей (С1)
4-апта
Заңды білмеу жазадан құтқармайды...

Сын есімнің құрамы: жалаң және күрделі сын есімдер
Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі, оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге де байланысты.
Мектеп жасындағы балалардың құқықтық санасының төмендігі олардың қылмысты көп жасауына, заң талаптарына өз талаптарын
қарсы қоюына әкеліп соғады. Сондықтан оқушылар қылмысының алдын алып, құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жас өспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді.
Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл – заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен, заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз.


Сын есімнің құрамы: жалаң және күрделі сын есімдер
Сын есім – заттың түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын, көлемін, иісін т.б. қасиеттерін білдіретін сөздер.
Қазақ тілінде сын есімдердің сұрақтары: Қандай? Қай?
Жалаң сын есімдер деп құрамы бір ғана сөзден тұратын сындық мағыналы сөздер аталады: әдемі, жақсы, күлкішіл, ұзын, қоңыр, таңғы т.б.
Күрделі сын есімдер деп ең кемі екі сөзден құралып, бір сындық ұғымды білдіретін сөздер аталады: күрең қызыл, қара ала, қара сұр, ақ сақалды т.б.


1-тапсырма. Төмендегі мақал-мәтелдерден сын есімдерді тауып, түрін ажыратыңыз.
1.Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды.
2.Балам бол, басқа бол, бәріңе заң біреу-ақ.
3.Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ.
4.Куәсіз істі күмән табар,
Куәлі істі куә табар».
5.Бір қазаға екі жаза жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет