1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


СӨЖ: Өзіңіз білім алып жатқан университет туралы мәліметтер жазыңыз. ОСӨЖ



бет40/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

СӨЖ: Өзіңіз білім алып жатқан университет туралы мәліметтер жазыңыз.
ОСӨЖ: «Менің университетім – менің мақтанышым» тақырыбына эссе жазыңыз.


Орта деңгей (В1)
4-апта
Қоғам және жастар
Салыстыру құрылымдарын беру тәсілдері
Қоғамымыздың ертеңгі болашағы – бүгінгі жас ұрпақ. Әр халық өзінің тарихын жалғастыратын жас ұрпағын адалдыққа, еңбексүйгіштікке, шыншылдыққа үндеп отырған.
Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократия кезеңінде. Егеменді еліміздің болашағын көркейтіп, қоғамымыздың дамуына өз үлесін қосатын – біздің жастарымыз.
Қоғам адамзат өркениетінің біліміне, адамгершілік-этикалық нормаларына тікелей қатысты дамиды. Біздің бүгінгі тәуелсіз қоғамымыз бен егемен еліміздің негізгі үміті – жастар. Жастарға сенім арту – барлық қоғамға тән құбылыс. Бүгінгі жастар – келешек ұрпақ. Қоғам дамуының алғы шарты - адам факторы, адамның білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты, қазіргі жастардың білім алуына, таланты мен дарынына орай ғылымға келуіне мемлекет тарапынан жасалып жатқан іс-шаралар, атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Жастар – ғылыми-техникалық және экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші, қоғамның жемісті дамуының кепілі.


Салыстыру құрылымдарын беру тәсілдері
Салыстыру – адамның интеллектуалдық әрекетінде көрінетін жан-жақты категория. Салыстыруды зерттеудің өзіндік ұзақ тарихы бар. Бұл мәселе көне заманнан бастап көптеген ғалымдарды қызықтырған. Көптеген зерттеушілер «салыстыру» туралы еңбектердің де молдығын айтады. 19-шы ғасырдан бастап, тіл мен ойлау процесінің даму барысында филолог ғалымдар да салыстыру құрылымдарына назар аудара бастады. Қазіргі тіл білімінде салыстыру құрылымының табиғаты әр түрлі тілдің материалында әр түрлі позицияда зерттеліп келеді.
Мысалы: Оның түрінің түтігіп кеткені сонша, қазанның түп күйесіндей еді (Д.Исабеков). Қарашада қар жауар қат-қат болып, Табан асты қара жер батпақ болып. Отыр ма екен, қалқатай жатыр ма екен Айдындағы аққудай аппақ болып. (Халық өлеңінен). Жолда жатқан тас шөккен түйедей орасан үлкен еді. Көлденең жатқан көк тасты, Тіктеп тиген тұяғы. Саз балшықтай иледі (Қобыланды батыр жырынан). Екі жастың бақытын қызғанған, Шайтан өзінің сөзі көп, көзі көк, Күлгені жылағандай, жүргені құлағандай, Албасты қызын сиқырлап жігітке, Қосады да, жігіттің сүйген аруын, Қарлығашқа айналдырып жібереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет