1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


-тапсырма. Көп нүктелердің орнына тиісті қосымшаларды қойыңыз



бет41/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

1-тапсырма. Көп нүктелердің орнына тиісті қосымшаларды қойыңыз.
тар - тар........., қызыл – қызыл.........., қызыл........; ақ – ағ......, ақ......., ақ .......; биік – биіг......, биік........; аласа – аласа....., аласа.....; ыстық – ыстығ ......., ыстық ......; жақсы –жақсы....., жақсы.......; нашар – нашар....., нашар......; әдемі - әдемі....., әдемі........
Жұрнақтары: ырақ, ірек, рақ, рек, лау, леу, дау, деу, тау, теу, шыл, шіл.
2-тапсырма. Бағаналардағы антонимдерді тауып, оларды бір-бірімен сызықтар арқылы қосыңыз.
Ағырақ кемдеу
Жақсылау қысқарақ
Ұзынырақ қаралау
Арзандау жамандау
Артықтау қымбаттау


3-тапсырма. Көп нүктелердің орнына тиісті сөздер мен тіркестерді қойыңыз.
Біздің бұрынғы үйіміз .......... жақсырақ. Қазіргі пәтеріміз ......... жылырақ. Көршіміздің үйі ...... кеңдеу. Қонақ бөлменің терезелері ........ үлкенірек. Жатын бөлмеміз .......... кішірек. Жеке үйлер ......... қымбатырақ.
Қажетті сөздер: пәтерлерден; бұрынғы пәтерімізден; жатын бөлменікіне қарағанда; біздікінен; қазіргі үйімізден; қонақ бөлмеден.


СӨЖ: Қазіргі қоғамдағы жат қылықтарға әдеттенген жастар туралы мәліметтер жазыңыз.
ОСӨЖ: «Жастар – ел болашағы» тақырыбына эссе жазыңыз.
Ортадан жоғары деңгей (В2)
4-апта
Заман және заң.
Субстантивтенген сөздерге ілік септігінің жалғануы.
Заңды білу – заман талабы. Әрбір адамның өз құқығын бес саусағындай жақсы білуі, қоғамда болып жатқан әрекеттердің заңға қарама-қайшылығын немесе сәйкестігін сараптай алуы оның құқықтық сауаттылығымен тікелей байланысты.
Азаматтардың басым көпшілігі өз құқығын жете білмесе де, оны білуге аса қызығушылық танытпауда.
Заман ағымына сай заңдар жүйесіне де өзгерістер енгізіліп тұрады. Адамдар да осы ағымнан қалмай, қатар жүруге үйренуі тиіс. Себебі, біздің өз құқығымыз бен заңды жетік білуімізден жауапкершілігіміз туындайды. Әрине, барлық адамның заң баптарын жаңылмай айта алуы шарт емес. Десек те, адамның өмірі мен қызметіне қатысты құқықтық-заңдық сауаттылығының тым төмен болуы оны талай бас ауыртар мәселемен бетпе-бет жүздестіруі мүмкін.
Құқықтық білімнің керек емес жері жоқ. Қайда барсаң да алдыңнан құқық саласына қатысты мәселе көлденең шығады.
Бар болғаны өз еліміздің заңдарын күнделікті оқып біліп жүру. Әр үйде, әркімнің қызмет орнында «Қазақстан Республикасының Конституциясы» деген кітап міндетті түрде болу керек деген ойдамын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет