1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


Субьективтенген сөздерге ілік септігінің жалғануы



бет42/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

Субьективтенген сөздерге ілік септігінің жалғануы.
Ілік септік белгілі затты меншіктеуді, тәуелдеуді білдіреді. Оның формалық көрсеткіші -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің, -нікі, -дікі, -тікі. Кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап береді. Субьективтенген сөздерге ілік септігінің жалғануы: Білгеннің артығы жоқ, сұрағанның айыбы жоқ. Жақсының сөзін тыңда.


1-тапсырма.Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.
Адамдар алғаш пайда болған кезде олардың арасында дау жанжалдар, келіспеушіліктер болды. Бірақ оны шешетін заң болмады. Біздің елімізде ең алғашқы Конституция негізін қалаушы Қорқыт бабамыз. Ол кісінің конституциясы «Адат» деп аталады. Бұдан кейін Шыңғысханның «Үш жасасы» 13-ғасырда, Қасымханның «Қасқа жолы» 14-ғасырда, Есімханның «Ескі жолы» 15-ғасырда, Тәукеханның «Жеті жарғысы» 16-ғасырда болды.
Әрбір адам өз құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі керек. Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Ал тәртіп пен заң біздің қалапты тіршілігіміз үшін қажет , сонда ғана адамдар қалыпты жағдайда өмір сүреді. Сондықтан әр адам өз құқығын білуі – заман талабы.


2-тапсырма. Мақал-мәтелдердегі бос орындарға қажетті сөз тіркесін қойып шығыңыз.
1.Біреуге ор қазба ... (бәрінен ұзын) (өзің түсесің)
2.Заңның құрығы ... (еркін жүреді) (бәрінен ұзын)
3.Ұрлық түбі ... (мойныңмен көтер) (қорлық)
4.Өтірікшінің құрығы ... (тоқ жүресің) (бір-ақ тұтам)
5.Қолыңмен істегенді ... (өзің түсесің) (мойныңмен көтер)
6.Тек жүрсең ... (қорлық) (тоқ жүресің)
7.Заңды сыйлаған ... (бір-ақ тұтам)( еркін жүреді)
8.Өш алғаннан гөрі…………..(тоқ жүресің) (кешірген жақсы).
3-тапсырма.«Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?» деген тақырыпта төмендегі сұрақтардың шешімін тауып, дәптерге жазыңыз.
1.Дүкенде спирттік ішімдікпен бірге есірткі де сатылады. Сіздің әрекетіңіз?
2.Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр. Сіздің әрекетіңіз?
3.Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, ал сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтып бермеді. Сіздің әрекетіңіз?
4.Бір оқушы сыныптасына: «Ертең 20 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті. Сіздің әрекетіңіз?
5.Химиялық завод өзінің зиянды өнімін өзенге тастады, сол өңірдің ауасы бұзылды. Сіздің әрекетіңіз?
6.Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын сызып тастады. Сіздің әрекетіңіз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет