1 Аудармашылық трансформацияларды меңгерудің теоретикалық негіздері



бет6/16
Дата19.02.2022
өлшемі99.77 Kb.
#455533
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Мақаш Айнұр

Then this girl gets killed, because she’s always speeding
А потом девушка гибнет, потому что она вечно нарушает правила
Ал кейін бойжеткен қаза табады, себебі ол әрдайым ережелерді сақтамайды

Ағылшын, орыс, қазақ тілдерінің айырмашылығы олардың әртүрлі грамматикалық құрылыстарында.Сонымен қатар аударма кезінде әр тілдің өзіне тән морфологиялық, синтаксистік айырмашылықтары да ерекшк назар аударатын мәселе болып табылады. Әр тілдің өзіне тән сөзжасам, сөйлем құрылысы бар.


Тілдік бірліктердің құрылымы әр тілдің өзіне тән сөз формасынан, сөз тіркесінен, элементтердің қолдану тәртібінен, контекстуалды формалардан және мағыналық түрліліктен құралған. Әрдайым аударма процесі кезінде біз аудармаға берілген әрбір тілдік бірліктің ақпараттық қуаттылығына, лексикалық-семантикалық мағынасына, грамматикалық қасиеттеріне, сөз тіркесінің тура және ауыспалы мағынасы ерекше назар аударғанымыз жөн.
Ағылшын және орыс тілдерінің ұқсастығы олардың индоевропалық тілдер отбасынан шыққандығымен ұқсас болып келеді, бұл тілдердің зат есіснің сандық категориялары, сын есімнің салыстырмалы шырай белгілері, етістіктің шақ көрсеткіштері, сөз реті т.с.с қасиеттері ортақ белгілері.
Алайда аталған тілдің ұқсастығымен қатар бірталай айырмашылықтары байқалады, мысалға алатын болсақ екі тілдегі грамматикалық категориялардың айырмашылығы, ағылшын тіліндегі артикльдердің өзі ағылшын тілін орыс және қазақ тілдерінен бірталай өзгешелейді, ағылышн тілінің белгілі ережеге негізделген сөз тәртібі, көсемшенің болуы ағылшын, қазақ, орыс тілдерін бір-бірінен ерекшелейді. Негізінде барлық ерекшеліктер грамматикалық ережелерге байланысты болып келеді.
Ерекшеліктерді айта отыра осы тілдер арасындағы ұқсастықтарлы атап кеткеніміз жөн. Аударма процесі кезінде тілдер арасындағы грамматикалық ұқсастықтар байқалады. Кей-кездері аударма кезінде толықтай эквиваленттердің кездесуі де байқалады. Басқа жағынан қарастыратын болсақ аударма кезінде тіпті мағынасы жақын варианттардың да кездеспейтін лексикалық бірліктер де бар. Осындай кездері аудармашылар конпенсация тәсілін қолданады. Компенсация кезінде аудармашы аударылып отырған мәтіннің лексикалық және грамматикалық жағынан толықтай берілуіне назар аударуы тиіс.
Грамматикалық трансформациялар аударма кезінде сөйлем құрылысын өзгерту мен аударылып отырған мәтіндегі ақпаратты аударма тілінің ережелеріне сай етіп аударуға негізделген. Әдетте сөйлемнің тұрлаулы мүшелері трансформацияға ұшырайтын болса, толықтай грамматикалық трансформация болады. Сөйлем мүшелері алмастыруларымен қатар сөз таптарының алмастырулары жүзеге асады. Грамматикалық трансформацияларды қолдану үшін төмендегі факторларға назар аударған жөн:

- сөйлемнің синтаксистік функциялары


- сөйлемнің лексикалық толықтығы
- сөйлемнің мағыналық структурасы
- сөйлемнің контексті
- сөйлемнің экспресивті-стилистикалық функциясы.

Сөйлемнің логикалық структурасы аудармашыдан өзгертулерді ғана емес, сонымен қатар шет тілдік структураның сақталуын талап етуі мүмкін. Бұл логикалық байланысты жеткізу үшін өте қажетті.


Грамматикалық трансформациялардың ішінде ең кең тарағандары ол : сөйлемді мүшелеп бөлу, сөйлемдерді біріктіру, грамматикалық алмастырулар (сөз формасын, сөз таптарын және сөйлем мүшелерін алмастыру).

Сөзбе-сөз аударма


Сөзбе-сөз аударма дегеніміз аударма кезінде негізгі мәтіннің синтаксистік құрылысы аударма тілінің структурасына нақты солай берілетін аударма түрі. Яғни аударылып отырған мәтіннің аударма тіліндегі толық аналогы беріледі.
He is a teacher.
Он учитель.
Ол мұғалім.


He lives in Moscow.
Он живет в Москве.
Ол Мәскеуде тұрады.

Fine”, I said. “How’s Mr.Spencer?”


-Отлично, - говорю. – А как мистер Спенсер?
Тамаша, - дедім. – Ал мистер Спенсер қалай?

Hello, sir,” I said. “I got your note”…




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет