1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-5-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жеке және заңды тұлғалар



бет5/16
Дата10.11.2023
өлшемі50.04 Kb.
#482891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Өлшем БҚ ету

6-5-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жеке және заңды тұлғалар
Жеке және заңды тұлғалардың:
1) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысуға;
2) қажет болған кезде өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша тиісті бөлімшелер мен қызметтер құруға;
3) осы Заңның 18-бабына сәйкес өлшем құралдарына салыстырып тексеру және калибрлеу жүргізуге;
4) осы Заңның 18-бабына сәйкес өлшемдерді орындау әдістемелерін әзірлеу және метрологиялық аттестаттау жөніндегі жұмысты жүргізуге;
5) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеуге;
6) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөніндегі жұмысты жүргізуге құқығы бар.
Ескерту. 2-тарау 6-5-баппен толықтырылды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).


7-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесiнiң объектiлерi
Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесiнiң объектiлерi мыналар болып табылады:
1) шама бірліктері;
2) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары;
3) шама бірліктерінің эталондары;
4) өлшем құралдары;
5) стандартты үлгілер;
6) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері;
7) өлшемдерді орындау әдістемелері;
8) өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелері;
9) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілер, техникалық регламенттер, стандарттау жөніндегі құжаттар.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).


8-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөнiндегi құжаттар
1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөнiндегi құжаттар "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленеді және қолданылады.
2. Нормативтік құқықтық актілердің талаптарын іске асыру үшін:
салыстырып тексеру схемалары мен метрологиялық бақылап тексеру схемаларын белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды;
өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда – өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін белгілейтін ұйымдардың стандарттарын;
аттестатталған және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген, өлшемдерді орындау әдістемелерін белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда – өлшемдерді орындау әдістемелерін белгілейтін ұйымдардың стандарттарын;
Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жарамдылығы бағалаудан өткен, өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелерін белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда – өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелерін белгілейтін ұйымдардың стандарттарын қолдануға рұқсат етіледі.
Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет