1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-1-бап. Шама бірліктерінің эталондары



бет7/16
Дата10.11.2023
өлшемі50.04 Kb.
#482891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Өлшем БҚ ету

10-1-бап. Шама бірліктерінің эталондары
Шама бiрлiктерiнiң эталондары олардың мөлшерлерін осы шамалардың басқа өлшем құралдарына беру мақсатында шама бiрлiктерiн (шама бiрлiктерiнiң еселiк не үлестiк мәндерiн) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналады.
Шама бiрлiктерiнiң эталондары – Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына, ал олар болмаған жағдайда Халықаралық өлшем және салмақ бюросының маңызды салғастыру дерекқорында барабарлық дәрежесі расталған, басқа мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарына метрологиялық бақылап тексерілуге тиіс.
Ескерту. 10-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.06.09. N 558 Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


11-бап. Өлшем құралдары
Өлшем құралдары бiрлiктерi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген шамаларды айқындау үшiн пайдаланылады.
Өлшем құралдары Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына, ал олар болмаған жағдайда Халықаралық өлшем және салмақ бюросының маңызды салғастыру дерекқорында барабарлық дәрежесі расталған, басқа мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарына метрологиялық бақылап тексерілуге тиіс.
Өлшем құралдарына стандартты үлгілер де, өлшеуіш жүйелер де жатқызылады.
Техникалық құралдардың өлшем құралдарына жататындығын белгілеуді оларды дайындаушылар, берушілер немесе пайдаланушылар болып табылатын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).


11-1-бап. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерi
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерi осы Заңның 8-бабына сәйкес әзірленеді және өлшем құралдарының белгiленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн растау үшiн пайдаланылады.
Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде метрологиялық талаптар белгіленген өлшемдер кезінде қолданылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуге жатады.
Ескерту. 11-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.06.09. N 558 Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет