1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесiнiң құрылымы



бет3/16
Дата10.11.2023
өлшемі50.04 Kb.
#482891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Өлшем БҚ ету

6-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесiнiң құрылымы
Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесiнің құрылымына:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкілетті орган;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар;
4) мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық;
5) жеке және заңды тұлғалар кіреді.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).


6-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құзыретіне:
1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
2) мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықты айқындау жатады.
3) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 2-тарау 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


6-2-бап. Уәкілетті органның өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құзыреті
Уәкілетті органның құзыретіне:
1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
2) мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықты айқындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну беру;
3) мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
4) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын бекіту;
5) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондарын жасау, бекіту, сақтау, қолдану және салғастыру тәртібін айқындау;
6) шама бірліктері эталондарының сыныптамасын бекіту;
7) мемлекеттік метрологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;
8) метрология жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
9) өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан өткізу және олардың сертификаттарын кері қайтарып алу тәртібін, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын айқындау;
10) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау тәртібін айқындау;
11) өлшем құралдарының типін бекіту туралы және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттардың нысандарын бекіту;
12) салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану тәртібін айқындау;
13) өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу тәртібін айқындау;
14) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге, сондай-ақ мемлекетаралық және ұлттық стандарттарға метрологиялық сараптама жүргізу тәртібін айқындау;
15) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін әзірлеу, бекіту, өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және қолдану тәртібін айқындау;
16) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру;
17) өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу тәртібін айқындау;
18) мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін қалыптастыру тәртібін және оларға қойылатын метрологиялық талаптарды айқындау;
19) мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдерге метрологиялық талаптарды мемлекеттік органдармен бірлесіп белгілеу;
20) өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу және өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу тәртібін айқындау;
21) өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және типті бекіту белгісінің нысанын белгілеу тәртібін айқындау;
21-1) өлшем құралдарын бастапқы салыстырып тексеру нәтижелері бойынша айналымға шығарылатын өлшем құралдарының тізбесін бекіту;
21-2) дайындаушы немесе сатушы өлшеп-ораған кез келген түрдегі қаптамадағы өнімнің, сондай-ақ өткізу кезіндегі импорттаушы әкелген өлшеніп-оралған өнімнің және сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнім санының сәйкестігін мемлекеттік метрологиялық бақылау мақсатында анықтау жөніндегі тәртіпті айқындау;
22) аккредиттеу кезінде аккредиттеу субъектілері мен заңды тұлғалар үшін өлшемді метрологиялық бақылап тексеруді қамтамасыз ету тәртібін айқындау;
23) стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу тәртібін айқындау;
24) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
25) уақыт пен жиіліктің өлшем бірлігін қамтамасыз етуге және Жердің айналу параметрлерін айқындауға бағытталған жұмыстарды өңіраралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және орындау;
26) стандартты үлгілерді әзірлеумен және енгізумен байланысты жұмыстарды өңіраралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және орындау;
27) заттар мен материалдардың физикалық константтары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалық деректерді әзірлеумен және енгізумен байланысты жұмыстарды өңіраралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және орындау;
28) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Ескерту. 2-тарау 6-2-баппен толықтырылды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет