6-3-бап. Мемлекеттік органдардың өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құзыреті
Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында:
1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысуды;
2) мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін уәкілетті органмен бірлесіп бекітуді;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тарау 6-3-баппен толықтырылды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6-4-бап. Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың құзыреті
Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың құзыретіне:
1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;
2) өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу және зертханааралық салыстырмалы сынақтардың нәтижелеріне салғастыруды жүргізу;
3) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
4) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасау, жетілдіру, сақтау және қолдану;
5) шама бірліктерінің мөлшерлерін беру жүйелерін құру;
6) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды, өлшемдерді орындау әдістемелерін, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу әдістемелерін әзірлеу;
7) өлшем құралдарын шығару және жөндеу;
8) стандартты үлгілерді, аттестатталған қоспаларды, салыстырып тексерілетін газ қоспаларын шығару;
9) осы Заңның 18-бабына сәйкес өлшем құралдарына салыстырып тексеруді және калибрлеуді жүргізу;
10) осы Заңның 18-бабына сәйкес өлшемдерді орындау әдістемелеріне метрологиялық аттестаттауды жүргізу;
11) метрологиялық сараптама жүргізу;
12) шама бірліктерінің эталондарын салғастыруды жүргізу және оған қатысу;
13) өлшем құралдарына типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау, сынақ жабдықтарына аттестаттау жүргізу;
14) өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу;
15) өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттау, қайта аттестаттау және олардың сертификаттарын кері қайтарып алу;
16) салыстырып тексеру таңбаларын дайындауды ұйымдастыру;
17) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін байқаудан өткізу;
18) уақыт пен жиіліктің өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау, Жердің айналу параметрлерін айқындау;
19) заттар мен материалдардың физикалық константтары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалық деректерді әзірлеумен және енгізумен байланысты жұмыстарды орындау;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді орындау жатады.
Ескерту. 2-тарау 6-4-баппен толықтырылды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: |