1. Басқару құрылымы бұл өзара тұрақты қарым-қатынаста болатын және қызмет етумен қамтамасыз ететін өзара байланысқан элементтердің жиынтығы


Басқарушылық қызмет әдістерін жеке түрде емес, кешенді, талғамалы түрде, қоғамда орын алған жағдайға



бет4/14
Дата01.07.2016
өлшемі0.92 Mb.
#169874
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Басқарушылық қызмет әдістерін жеке түрде емес, кешенді, талғамалы түрде, қоғамда орын алған жағдайға байланысты, болған оқиғаның сипатына және адамдардың тәртібінің деңгейіне қарай қолданған жөн. Сонымен бірге әрбір әдістің өзінің қолдану шегі бар, осыған байланысты мемлекеттік басқару органдары өздерінің басқарушылық қызметтерінде аталған әдістердің қолдану шегінен ауытқымағаны дұрыс.
2. Мемлекет функциялары жөніндегі ұғым және олардың жіктелуі
Кез келген тарихи тұрпаттағы мемлекетті ғылыми тұрғыдан танып білу биліктің ерекше ұйымы ретіндегі мемлекеттің ғана емес, жалпы қоғамның да негізгі сапалық сипаттамалары мен бағыт бағдарын білдіретін оның функцияларын қарастыруды көздейді.

Мемлекеттің функциялары – бұл мемлекеттің жалпы адами мәні мен әлеуметтік тағайындалуы көрініс табатын және нақтыланатын оның ішкі және сыртқы қызметінің негізгі бағыттары. Бұл анықтамада мемлекет функциясының маңызды белгілері көрсетілген:



  1. Мемлекеттің функциялары оның жалпы адами мәнін тікелей ашып көрсетеді және нақтылайды; олардың мазмұны қоғам мүшелерінің ұлттық, жеке бастық және топтық мүдделерін ескереді.

  2. Мемлекеттің функцияларында оның қоғам өмірінің әр түрлі саласында атқаратын рөлі айқындалып, ел ішінде және халықаралық аренада атқаратын жан-жақты практикалық қызметі көрніс табады;

  3. Мемлекеттің функциялары оның тарихи міндеттері мен мақсаттарына байланысты пайда болады және дамиды, мемлекет өзінің әлеуметтік міндетін өз қызметінің тұрақты қалыптасқан бағытын құрайтын тиісті функцияларды іске асыру арқылы атқарады;

  4. Әр түрлі тарихи тұрпаттағы мемлекеттердің функцияларында оларға тән даму ерекшеліктері мен заңдылықтары, қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани өзгерістердің деңгейі нақты көрініс табады.

Мемлекеттің әр түрлі көптеген функцияларды орындауына қарай оларды ғылыми тұрғыдан жіктеу қажеттілігі туындайды. Функциялар бір бірінен келесідей жалпы белгілері бойынша ажыратылады: біріншіден, мемлекеттік әсер ету объектісінің ерекшеліктері, өзінің қызмет ету процесінде мемлекет ықпал ететін қоғамдық қатынастардың ерекшеліктері бойынша; екіншіден, әрбір функция мазмұнының, яғни мемлекет қызметінің біртекті, бір біріне ұқсас түрлерінің өзіндік ерекшеліктері бойынша.

Мемлекет функцияларын қоғамдық өмірдің салаларына байланысты, атқаратын міндеттеріне қарай ішкі және сыртқы деп топтастыруға болады. Мысалы, экологины қорғау, экономиканы, мәдениетті, ғылым мен білім беруді дамыту – бұл оның ішкі функцияларын құрайды.елдің қорғанысы, бейбітшілікті қамтамасыз ету мен әлемдік тәртіпті қолдау және тағы басқалар мемлекеттің сыртқы функцияларына жатады.

Мемлекеттің ішкі және сыртқы функцияларының арасында негізгі және қосымша функцияларын да атап өткен жөн. Негізгі функциялар - бұл белгілі бір тарихи кезеңде түбірлі стратегиялық міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру жөніндегі мемлекет қызметінің жалпы маңызды бағыттары. Оларға бірқатар сипаттар тән: біріншіден, оларда мемлекеттің жалпы адами мәні, оның әлеуметтік бағыты айқын көрініс тапқан. Мәселен, бір жағынан байланыс құралдарын ретке келтіру, жол құрылысы мен жөндеуді қамтамасыз ету, көлік жұмыстары, өсімдіктерді аурулардан қорғау байланыс құралдарын ретке келтіру, жол құрылысы мен жөндеуді қамтамасыз ету, көлік жұмыстары, өсімдіктерді аурулардан қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияларға қатысу, эпидемияға қарсы күрес сияқты қызметтерін, екінші жағынан, мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік қызметін, азаматтардың құқықтарын мен бостандықтарын, меншіктің барлық нысандарын қорғау, елдің қорғанысын жүзеге асыру іспетті қызметінің бағыттарын салыстыру жеткілікті.

Екіншіден, арнайы органдар арқылы ( мысалы, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, жоғары білім беру, дипломатия, сыртқы сауда және т.б ) іске асырылатын мемлекеттің көптеген функцияларына қарағанда негізгі функциялар әр түрлі жағдайда мемлекеттік аппараттың көптеген буындары арқылы орындалса да жалпы мемлекеттік қызметке жатады.

Үшіншіден, өзінің мазмұны мен құрылымы жағынан негізгі функция кешенді, жинақы сипатта болады, сондықтан жүйелі талдауды қажет етеді. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы қызметінің шешуші, негізгі бағыттарының біріне күш-жігерді шоғырландырады. әлеуметтік өмірдің нақты саласындағы өзара ұқсас ауқымды қоғамдық қатынастар оның негізгі объектісі болып табылады. Осыған байланысты мемлекеттің негізгі функциялары қоғамдық қатынастарға мемлекеттік ықпал етудің басты бағыттары бойынша көптеген қосымша функцияларға топтастырылады. Бұл функциялар негізгі функциялардың құрылымдық бөліктері бола тұра, қоғамдық өмірдің нақты саласында мемлекеттің міндеттерін орындау жөніндегі қызмет бағытын білдіреді.

«Қосымша» деген термин көптеген сан түрлі функциялардың ішінен көлемі ауқымды, мазмұны бойынша жалпы мемлекеттің негізгі функцияларын анықтау үшін шартты түрде қолданылады. Негізгі функция әр қилы функциялардың жиынтығын емес, ішкі бірлігі бар, мақсатты бағытталған мемлекет қызметінің көптеген бағыттарының жүйесін білдіреді.

Мемлекеттің негізгі және қосымша функцияларынан мемлекеттік органдардың функцияларын, яғни мемлекеттік механизм мен қоғамның саяси жүйесінде алатын орны мен атқаратын қызметіне қарай жеке органдардың құзіретін, құқықтары мен міндеттерінің жүзеге асырылуын ажырата білу қажет.

өзінің мазмұны бойынша мемлекеттің негізгі функцияларының орындалуы көптеген қосымша мемлекеттік функциялар мен жеке мемлекеттік органдар функцияларының жүзеге асырылуының үздіксіз процесін білдіреді. Аталған әр түрлі мемлекеттік функциялардың арасындағы қатынас мемлекет қызметіне тән жалпылықты, ерекешелік пен бірлікті білдіреді. Сонымен қатар мемлекеттің негізгі функцияларын оның қызмет ету міндеттерімен және қағидаларымен өзара байланыста қарастыру қажет.

Мемлекеттің функциялары мен міндеттері өзара тығыз байланысқан, бірақ бір-біріне сәйкес келмейтін құбылыстар. Оларды бір- біріне қарсы қоюға да, теңестіруге де болмайды. Мемлекеттің міндетттерінде оның әлеуметттік бағыты, белгілі бір тарихи кезеңдегі миссиясы анықталады. Міндеттер функцияларға қарағанда бастапқы мәнге ие және олардың тікелей алғышартын құрайды. Өз кезегінде мемлекеттің функциялары оның міндеттерін жүзеге асыру және орындау құралдары болып табылады.

Мемлекеттің тарихи дамуы барысында оның функциялары да өзгереді: олардың кейбіреулері жойылады, басқалары - өзінің мазмұнын өзгертеді, үшіншілері – жаңадан пайда болады. Бірақ балық жағдайда олардың пайда болуы нақты тарихи кезеңдегі қоғамның экономикалық және әлеуметік құрылымымен, мемлекеттің мәнімен және әлеуметтік тағайындалумен байланысты. Сондықтан мемлекеттің функцияларын қарастырғанда оның белгілі бір қоғамдық – экономикалық жүйеге жататындығы ескерілуі қажет. Бұл мәселелерді өз елімізде жүзеге асырылып жатқан түбегейлі жұмыстармен байланыстыра қарастыратын болсақ, онда мына жағдайларға баса назар аудару ләзім.

Бүгінгі күні Қазақстан өз мемлекеттілігі дамуының маңызды кезеңін басынан кешіруде. Бұл кезең түбірлі саяси, әлеуметтік – экономикалық және рухани өзгерістерді жүзеге асырудың, адамның құқықтары менбостандықтары өзінің ең жоғары құндылығы болып табылатын азаматтық қоғам мен демократиялық, әлеуметтік, құқықтық мемлекетті қалыптастырудың өтпелі кезеңінен бастау алады. Кеңес Одағы ыдырағанда дейінгі уақытпен салыстырғанда Қазақстан мемлекетінің функциясының өзгеруі және дамуы осы міндеттерді атқарумен тікелей байланысты болады.

Нарықтық реформалар мемлекеттің экономикалық қатынастарға әсер ету механизімінің шегін белгілеп, өзгертті, жеке меншік пен еркін кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасады. Әкімшілік - әміршілдік жүйенің ыдырауы бүкіл экономиканы, халық шаруашылығының барлық саласын нарықтық жолға бейімдеп, нарықтық қатынастардың дамуына дол ашты. Экономикалық либерализм жағдайында материалдық игіліктерді мемлекеттік бөлу жүйесі жаңа экономикалық қатынастарға сай келмеді де, олардың дамуын тежеуші факторға айналды. Осыған байланысты еңбек мөлшері мен тұтыну мөлшерін мемлекеттік бақылау функциясы қажет болмады. Жаңа жағдайда бұрын әкімшілік - әміршілік басқару жүйесі жүзеге асырған шаруашылық – ұйымдастырушылық, мәдени – тәрбие және тағы басқа ішкі функциялардың мазмұны елеулі өзгеріске ұшырап, күрделенді. Сәйкесінше функциялар жүйесін және олардың атауларын нақтылау қажеттілігі туындады. Қазіргі кезеңде Қазақстан мемлекетіне келесідей негізгі ішкі функциялар тән: экономикалық; әлеуметтік; мәдениет, ғылым және білім беруді дамыту; салық салу және салық жинау; экологиялық; азаматтардың бостандығы мен құқығын қорғау; барлық меншік түрлері мен құқықтық тәртіпті сақтау.

Экономикалық функцияда шаруашылық жүргізу саласындағы –мемлекеттің рөлі толық көрініс тауып, ол басқару жүйесінде экономикалық механизмдерді кеңінен қолдануға негізделген. Өткен жылдарда нарықтық қатынастардың ең маңызды элементтерін ( экономикалық бостандық, меншік құқығы, тауарлар мен қызмет нарығы) дамытуға баса назар аударылды. Сонымен қатар экономикалық үрдісте мемлекеттің араласуының оңтайлы әдістерін іздестіру, нарықтық механизмге сәйкес келетін тиімді мемлекеттік реттеуді ұйымдастыру қажеттілігі туындады. Экономикаға толық басқару жүргізген әміршіл - әкімшіл мемлекеттің шаруашылық – ұйымдастырушылық функциясымен салыстырғанда қазіргі кездегі мемлекеттің экономикалық функциясының басты ерекшелігі де осы.

Бүгінде экономикалық функция адамға, мемлекетке, әлемдік нарыққа аса қажетті өнімдерді өндіретін экономиканың құрылымын қайта құру, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті және Қазақстан үшін стратегиялық, әлеуметтік маңызды өндіріске қолдау көрсету, өндірушілерді, оның ішінде шағын кәсіпкерлікті қолдау, мақсатты бағытталған инвестициялық саясат, ішкі және әлемдік нарықта қазақстандық компаниялардың мүдделерін қорғау, аграрлық секторда жүргізілген реформалар, ең алдымен, жерге жеке меншік құқығын қамтамасыз ету, инфляция қарқынын төмендету және баға өсуін тежеу сияқты мемлекет қызметінің бағыттарын қамтиды.

Әлеуметтік функция адамның еркін дамуына және оның тіршілік етуінің қалыпты жағдайын жасауға бағытталған. Елдегі адамдардың еңбегі мен денсаулыған қорғауды, еңбекақының кепілденген тқменгі мөлшерін белгілеуді, отбасына, ана мен балаға, мүгедектер мен қарт адамдарға мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамытуды, мемлекеттік зейнетақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік қорғау кепілдіктерін белгілеуді мемлекет өз мойнына алады. Сонымен бірге мемлекеттің әлеуметтік функциясы халықтың өмір сүру деңгейін тұрақтандыруға, кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес жүргізуге бағытталған.

Мемлекеттің мәдениет, ғылым мен білім берудіә дамыту функциясы мәдениет пен әдебиетің, өнер, театр, кино, музыка, денешынықтыру мен спорттың, радио, теледидар және басқа бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына мемлекеттік қолдау көрсетуді, тарихи – мәдени мұраны, тарихи кешендерді, қорықтық аумақтарды, мұражайларды сақтауды және қорғауды қамтиды. Ғылымның дамуына, нарықтық жағдайда оның табиғи интеграциялануына мемлекеттік қолдау көрсету, ғылыми ұжымдар мен әр түрлі бағыттағы ғылыми мектептердің шығармашылық қызметіне тиімді жағдайлар жасау, жаңа технологиялар мен іргелі теориялық зерттеулердің дамуын қолдау, жоғары мектептің ғылыми әлеуетін тиімді қолдану, жалпы білім беретін мектептердің жұмыстарын жақсарту жөнінде шаралар белгілеу де мемлекеттің аталған функциясына жатады.

Ғылыми -техникалық революцияның дамуы және оның адам өміріне тигізетін салдары мемлекеттің экологиялық фукциясына, табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану қызметіне деген қажеттілікті тудыратын объективті фактор болып табылады. Адамдарға орасан зор игіліктер әкелетін ғылыми-техникалық революцияны жедел дамыту табиғи ресурстарды қоғамдық өндіріске көптеп тартумен байланысты, ал ол өз кезегінде ауаның, су және су көздерінің, жалпы қоршаған ортаның ластануына алып келеді, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне, адамның денсаулығы мен өміріне қауіп-қатер төндіреді. Осы жағдайда экология мәселесіне жеке ел шеңберінде ғана емес, сондай-ақ халықаралық ауқымда басты назар аударылып, адамзат пен қоршаған ортаны қорғау ғаламдық проблемаға айналды. Оны қорғау бағытындағы қызметті үйлестіру мен мемлекеттік басқару, табиғи ресурстарды пайдалануды реттеу, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаның сапасын жақсатру мемлекеттің экологиялық функциясының негізін құрайды. Мемлекет заңнамалық жұмыстар арқылы аталмыш функциясын іске асыруды өз міндетіне алады.

Салық салу және салықтарды жинау функциясы мемлекеттің шаруашылық-ұйымдастырушылық қызметін қарастырғанда қамтылған болатын. Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде аталған функция рөлінің өсуіне, көлемінің ұлғаюы мен мазмұнының күрделенуіне байланысты экономикалық функциямен тығыз байланыста бола отырып, жеке негізгі функциялардың біріне айналды. Ол салықтардың барлық түрі, оның ішінде барлық меншік түріне негізделген кәсіпорындардың табыс салығы, қосымша қаржылық алым, баж салығы, төлемдер есебінен мемлекеттік қазынаны қалыптастыру мен толтыруды білдіреді. Халықаралық қатынастарда ашықтық және ынтымақтастық арқылы ұлттық мүддені жүзеге асыру, елдің ішкі дамуы мен реформаларды жүргізуге қолайлы жағдай жасау қазіргі кезеңдегі Қазақстан мемлекетінің сыртқы саясатының міндеттеріне жатады. Осыған сәйкес ол келесідей сыртқы функцияларды жүзеге асырады: елдің қорғанысы, бейбітшілікті қамтамасыз ету және әлемдік тәртіпті қолдау,ТМД елдерімен ынтымақтастық және тату көршілік қарым-қатынас жасау, әлемдік экономикаға интеграциялау және әлемдік проблемаларды шешуде басқа елдермен ынтымақтастықты дамыту.

Қорғаныс функциясы. Халықаралық ахуалдың жақсаруына қарамастан Қазақстанның сыртқы саяси проблемалары да жоқ емес. Біздің мемлекетіміздің сыртқы саяси қызметінің басты бағыттарының бірі – оның саяси, экономикалық және әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы функцияға сәйкес Қазақстан Республикасының қарулы күштері басқа мемлекеттердің тарапынан болуы мүмкін қауіп пен агрессиялық әрекеттеріне қарсы тұруға және елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оның халықаралық келісімдерге сәйкес міндеттерін орындауға арналған.

Бейбітшілікті қамтамасыз ету және әлемдік тәртіпті қолдау функциясы . Қазақстан мемлекетінің бейбітшілікті қамтамасыз ету қызметіндегі басым бағыттары жаңа ғаламдық соғыстың болуына жол бермеу және таппай қырып жою қаруы мен жаңа әскери технологиялардың таратылмауына күш салу болып табылады.

Салыстырмалы түрде алғанда жақын орналасқан елдермен ынтымақтастық және достық қарым-қатынастарды нығайту функциясы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуына байланысты пайда болды. Осыған орай жаңадан пайда болған тәуелсіз мемлекеттермен тиімді қатынастар орнату мәселесі Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының біріне айналды. Аталған функцияны жүзеге асыра отырып, Қазақстан мемлекеті, ең алдымен, экономикалық ықпалдастықты орнату, ТМД-ның ортақ нарықтық және ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру, сыртқы шекараны бірлесіп қорғау, адам құқығы мен азаматтық бостандықты, мемлекеттен тысқары жүрген қазақстандықтарды қорғау мәселесін кешенді шешу, ортаққ ақпараттық еңістікті құру бағытында ынтымақтастықты бекітуге ұмтылады.

Әлемдік экономикаға кірігу және әлемдік проблемаларды шешуде басқа елдермен ынтымақтастықты дамыту функциясы. Осы бағытта әрекет ете отырып, Қазақстан негізгі халықаралық экономикалық ұйымдарға мүше болды. Қазіргі таңда ол Америка Құрама Штаттарымен, Батыс Еуропа елдерімен қатынастарын бекітіп, іс-қимылдарды үйлестіру бағытында жұмыстар жасауда. Дүние жүзінің жетпістен аса елімен орнатқан қауырт сыртқы экономикалық байланыстары оның дүниежүзілік экономикалық кеңістікке интеграциялануының негізгі факторы болды.



әлемдік экономикаға ену отандық рынокты әлемдік рынокпен байланыстыратын оның сыртқы экономикалық қызметінің барлық механизмін қайта қарауды қажет етті. Сыртқы экономикалық байланыстардағы мемлекеттің монополиясы жойылды.

Қоғамды мемлекеттік басқарудың объективті қажеттілігі жалпы тарихи және әлеуметтік-саяси, сонымен қатар нақты қоғамның тек өзіне тән факторлардан туындайды. Аталған факторлардың бірінші тобы мемлекет болмысымен байланысты.

Қазіргі ғылыми деректерге сәйкес алғашқы мемлекет адамәдар қауымдастығының өмір сүру шартына айналған еңбек қызметінің жаңа нысандарын, өндіруші экономиканың қызмет етуін ұйымдасқан түрде қамтамасыз ету үшін пайда болады, деп жазады профессор А. Венгеров. Осыдан келіп, ең алдымен, қоғамға ақпараттық қызмет көрсетуді көздеген басқарушылық (жұмыстар туралы әр түрлі мәліметтер жинақтау және т.б.) функция туын­дайды. Қоғамнан негізгі кәсібі ұйымдастырушылық қызмет көрсету болып табылатын адамдар тобы бөлініп шығып, көптеген басқарушылық лауазымдар пайда болды: жұмысты басқарушылар, әскери басшылар, есепшілер және т.б. Бұл топ мемлекет аппаратын

- алғашқы бюрократияны құрды. Уақыт өте келе қоғамның әр түрлі топтарға жіктелуі осы топтардың мемлекетті жаулап алуына және оны өз мүдделеріне бейімдеуіне әкелді.

Топтар мен жіктерге әлеуметтік бөліну және оларға тән қарама- қайшы мүдделер мен қайшылыққа толы өзара қарым - қатынастар мемлекеттің саяси функциясына - қоғамдық және әлеуметтік қатынастарды реттеуге деген қажеттілікті туғызды. Мемлекеттік аппаратта ерекше дәрежелі топтар шоғырланғандықтан әлеуметтік реттеу функциясы негізінен осы топтардың халықтың қалған бөлігіне үстемдік орнатуын қамтамасыз етіп отырды. Осы функцияны орындау сәэтінен бастап мемлекет саяси институтқа айналады.

Қоғам мүшелерінің жүріс-тұрысының, тәртібінің жалпы ережелерін бекіту және қатаң сақтау, сондай-ақ қоғамға қажетті қызмет түрлерін (өндірістік сауда және т.б) ұйымдастыру мен реттеу мемлекеттің пайда болу мен даму кезеңінен бергі негізгі міндеті болып табылады. Аталған қауымдастықтың аумағын қорғау функциясын да үнемі мемлекет атқарып отырған.

Мемлекеттік басқару саяси бірлестікке біріккен адамдардың ортақ ерік мүддесін білдіретін орталықтандырылған билік арқылы жүзеге асты. Халық сайлайтын немесе билікті мұрагерлікпен алатын беделді тұлғалар тобы тікелей билікке ие болды.

Бүгінгі танда аталған факторлардың ешқайсысы да ұтымды басқарудың занды негізі (детерминанта) ретінде өз мәнін жоғалтқан емес. Керісінше, олар күрделене түсуде. Қоғамның көптеген басқа да объективті қажеттіліктері қалыптасты, ал ол қажеттіліктерді кез-келген мемлекет тек адамдардың біріккен қызметі мен қоғамдық қатынастардың жаңа түрлерін және формаларын саналы түрде ұйымдастыру мен басқару арқылы қанағаттандыра алады. Осыған орай ғылым мен техника саласындағы, ақпараттар жүйесіндегі жаңалықтар бірінші кезекте адамның қауіпсіздігін, оның өмір сүру ортасын сақтау мәселесін алға тартып отырғанын айта кеткен жөн. Қоғамның жаңа өндірістік-техникалық және экономикалық базисі әлеуметтік құрылымның, қоғамдық еңбек бөлінісінің, әлеуметтік институттардың, адамдар қажеттіліктерінің мазмұны мен құрылымының, олардың арасындағы байланыстың сапалы тұрғыдан өзгеруіне себеп болды, жаңа қарама-қайшылықтар мен қактығыстар туғызды. XX ғасырдың екінші жартысы мемлекеттердің адам құқығы мен бостандықтарын қорғау мәселелерін шешуге басты назар аударып, әлемнің көптеген елдерінде демократиялық режимдердің орнығуы мен даму кезеңі болып табылады.

Әрбір ел үшін аталған мәселелердің белгілі тарихи кезеңмен байланысты өзіндік ерекшеліктері болады. Егер басқарушы күштер өз қызметтерінде жалпы даму заңдылықтарын білуді басшылыққа алуға қабілеттілік танытпаса, сондай-ақ өздері басқарып отырған халықтың жағдайын, даму деңгейін, дәстүрін, оның үміттерін ескермесе онда қоғамды басқару өзінің алдына қойған міндеттерін толық атқара алмайды.

Қазіргі заманғы мемлекеттер бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл айырмашылықтар өзіңдік мәнге ие бола отырып, мемлекетті басқаруда көрініс табады.Сондықтан мемлекеттерді бір-бірінен ажырататын негізгі белгілерді қарастыру қажет. Аристотельдің жіктемесі бойынша мемлекеттер билік күшінің бастауы мен егеменді иесі (яғни дербес, тәуелсіз және жоғары) бойынша монархиялық, аристократиялық және демократиялық болып бөлінеді. Монархиялық мемлекетте жоғары билік мұрагерлік жолмен немесе туысқандық құқығымен, кейде сайлау жолымен алатын бір адамның—монархтың қолында шоғырланады. Қоғам мен мемлекет дамуының қазіргі кезеңінде монархиялардың екі түрі калыптасқан: дуалистік және парламенттік. Олар белгілі бір деңгейде мемлекеттердің тұрпатына, олардың пайда болуы мен қызмет ету жағдайларына тәуелді. Дуалистік монархияға тән ерекшелік

- бұл монарх пен парламенттің арасында мемдекеттік биліктің ресми-құқықтық бөлінуі. Атқарушы билікті тікелей монархтың өзі жүзеге асырса, заң шығарушы билік іс жүзінде монархқа бағынатын парламенттің қолында шоғырланады. Сәйкесінше аристократиялық мемлекетте жоғары билік қоғамның элитасына, оның білімді, тәжірибелі және парасатты өкілдеріне тиесілі деп саналады. Демократиялық мемлекетте биліктің бірден-бір бастауы- халық төменнен жоғары қарай қағидасы бойынша тікелей өз еркін білдіру арқылы мемлекеттік билікті қалыптастырады. Бүгінгі күні сақталған монархиялар әр түрлі нұсқада және қатынаста монархиялық, аристократиялық және демократиялық белгілерді үйлестірген конституциялык (заңмен шектелген) монархияларға айналған.

Элитаның ұйымдастырушылық бірігуінің (консолидациясының) күрделілігіне байланысты таза аристократиялық мемлекеттерді аныктау киындық тудырады. Көбіне элита монархияның болмаса демократияның атын жамылып басқарды және басқарады. «Біз, халық, бекітеміз және қабылдаймыз» деп 1787 жылы АҚШ Конституциясында жазылғанмен де демократиялық мемлекеттің қадір-касиеті мен болашағын мойындау өткен XX ғасырда жүзеге асты.

Әрбір жоғары билік тұрпатына сәйкес мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыру логикасы анықталатынын ескерген жөн. Басқару нысаны жоғары және жергілікті мемлекеттік органдардың құрылу және олардың арасындағы өзара қарым-қатынас тәртібін қамтитын мемлекетті ұйымдастыру ретінде қарастырылады. Биліктің бір адаммен жүзеге асырылуына болмаса оның ұжымдық органның қолында шоғырлануына қарай басқару нысандарының айырмашылықтары бар. Осыған сәйкес бірінші жағдайда монархиялық басқару нысаны қалыптасса, екіншісіне-республикалық басқару нысаны тән.

Басқару нысаны, яғни жалпы мемлекеттік билікгі ұйымдастыру бойынша парламенттік және президенттік республикалар болып бөлінеді. Сонымен бірге аралас нысандары да кездеседі: жартылай президенттік республика және парламенттік монархия. Ол билікті бөлу қағидасын мойындау мен оны жүзеге асыру механизмдерінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Парламенттік республикада сайланбалы заң шығарушы орган белгілі басымдыққа ие. Үкімет парламент арқылы құрылады және соның алдында есеп береді (Италия, Германия). Премьер-министрдің лауазымы бар парламенттік монархиядағы заң шығарушы және атқарушы биліктің құрылу механизмі мен арақатынасы да осындай.

Парламенттік монархия мемлекеттік билікті жүзеге асырудың барлық саласында монархтың мәртебесінің ресми және нақты шектелуімен ерекшеленеді. Заң шығарушы билік толықтай парламентке тиесілі, ал атқарушы билік өз қызметі үшін парламенттің алдында жауапты үкіметтің қолында шоғырланады. Үкіметтің құрылуына монарх қалыптасқан дәстүрді сақтау мақсатында ғана қатысады. Ұлыбританя, Жапония, Дания, Голландия, Швеция сынды алдыңғы қатарлы елдер монархиялық мемлекетгер қатарында саналады.

Президенттік республикада заң шығарушы орган (конгресс немесе «баска атауы бар орган) және атқарушы биліктің басшысы (ол мемлекеттің де басшысы) халықпен сайланады, олар өз қызметтерінде тәуелсіз, бірақ бір-бірін тежей отырып, қоғамды билеудегі тепе-тендікті қамтамасыз етеді (АҚШ, Аргентина, Мексика және т.б. елдер). Бөлінген мемлекеттік билік органдары­ның қызметін және өзара іс-әрекетін төреші және кепілгер ретінде қамтамасыз ететін Ресейдегі, Франциядағы және басқа да елдердегі мемлекет басшыларыпрезиденттер ерекше мәртебеге ие. Мұндай елдерде үкімет негізінен президент алдында жауап береді.

Жалпы мемлекеттік биліктің басқару нысанын, кұрылымын, функцияларын және басқа да параметрлерін таңдау мемлекеттік басқаруға айтарлықтай ықпалын тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет