1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология



бет53/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   134
емтихан

Морфологияны оқытудың әдістемесі
Қазіргі кезде жаңартылған білім мазмұны бойынша қазақ тілін оқыту барысында морфология бөлек қарастырмай, функционалдық-коммуникативтік мәнмәтінде, яғни белгілі бір лексикалық тақырып негізінде оқытылады.
ЖБМ бойынша қазақ тілін оқытудың мақсаты – коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру, ал, коммуникативтік құзырет дегенімізоқушының қазақ тілін қолдана отырып, тұрмыстық, оқу, кәсіби, мәдени өмірінде өзіне өзекті болып табылатын қазақша тілдік міндеттерді шеше алуы; қазақ тілінің нормасына сай қазақша сөйлеу және жазу, тыңдау-түсіну, оқу-түсіну міндеттерін шеше алуы.

Тіл білімінде (лингвистикада) морфология грамматиканың бір саласы болып табылады.


Морфология – сөз және оның формалары туралы ілім. Морфология сөздерді жеке-жеке қарамай, жалпы сөз атаулыны алып, оларды белгілі топтарға, яғни сөз таптарына бөліп, сол топ-топтың әрқайсысына тән жалпы граммаикалық сыр-сипатын анықтайды. Соның арқасында сөздердің әр тобының өзіне лайық жалпы грамматикалық мағыналары мен грамматикалық формалары айқындалады, сөз таптары ажыратылады. Әр сөз табына тән категориялардың сыр-сипаттары ашылады.


Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Көптік, тәуелдік, септік жалғауларды қолдануда стильдік нормаларды жете білдіру көзделеді.
Мұғалім құрғақ ережені оқушыға жаттатудың зиян екенін естен шығармау керек. Жаттанды нәрсенің көпке бармай тез ұмытылып қалатыны әсте анық. Оқушының сөз таптарының қызметі, олардың орын тәртібі, түрленуі мен өзгеруі туралы жүйелі білім алуы шарт. Сабақта айтылған материалдардың барлығы оқушының есінде түгел қалмаса да, оның ішінен ең негізгісі оқушының есінде қалдыруға қол жеткізу керек. Мысалы: оқушылар арасында зат есім туралы толық мағлұмат алғандары жиі ұшырасады. Нақтылы зат атаулары қалам, қағаз, дәптер, орындық т.б зат есім екенін біледі. Ал адамның ойлау қабілеті арқылы топшылаумен түсінетін заттық ұғымдардың атауы абстракты зат есімдерді ақыл, ой, сана, қуаныш, реніш, уайым, қайғы т.б келгенде оқушы тосылып қалады. Осы жағын нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру қажет. Сын есім мен сан есімнің алдында тұратын, етістіктің сөйлемнің соңында келетіні сияқты тіл заңдылықтарын оқушының сөйлеу әрекетінде дұрыс қолдануын қадағалап отыру тіл мәдениетінің нормаларын сақтауға әкеледі.

Морфологияны өткен кезде ең бірінші сөз құрамы, сонымен байланысты түбір, түбірлес сөздерге ерекше назар аударылады. Сөз құрамын схема арқылы меңгерткен ыңғайлы. Сөз құрамындағы бөлшектерін: негізін, түбірін, жалғауын, жұрнағын ажыратып үйренбейінше, оқушылар сөз таптарын, орфографиялық ережелерді, көп сөздердің мағыналарын түсіне алмайды. Онсыз морфологияны оқыту да мүмкін емес. Оқушыларға сөздердің құрамындағы негізгі түбір, туынды түбір, жұрнақ (сөз тудырушы) және жалғауларын тапқызып, дағдыландыру үшін, арнайы тапсырмалар берілу қажет.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет