Жыл мезгілдерімен және айларымен таныстыру әдістемесі
Дайындық тобындағы математика сабағында балалар математикалық
Аспектіге назар аудара отырып, білімдерін жинақтайды және жүйелейді:
жыл мезгілдерінің саны мен тәртібі;
• бір жылдағы айлар саны;
• айлардың реті;
• айларды жыл мезгілі бойынша жіктеу
Әрбір ай табиғат құбылыстарымен, адамның іс-әрекетімен, кез-келген
Мерекемен байланысты болады. Күнтізбені зерделеу балаларға ұзақ уақыт
Кезеңдерін (күн, апта, ай, жыл) елестетуге көмектеседі. Жыртылмалы
Күнтізбе күндер «кетіп жатыр», оқиғалар «жақындап келеді», ай «аяқталуда»
Деген көрнекі түсінік береді.
«Уақыт сезімін» дамыту әдістемесі
Дайындық тобында бөлінген уақытта аяқтап болу, әрекет қарқынын
Өзгерту қабілетін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргіземіз. Бұл балаларды
Ұйымшыл, жинақы, нақты болуға шақырады.
«Уақыт сезімі» келесі негізде қалыптасады:
уақыт шамаларын білу (сағат, минут, секунд);
уақыт аралықтарының ұзақтығын сезу;
сағатсыз уақыт аралықтарын бағалай білу.
Оқытудың бірізділігі:
Сағат бойынша әрекетті орындау мерзімінің аяқталуын анықтауға
Үйрету (Өрнекті 1 минутта бояп шық!).
Іс-әрекет үстінде уақыт аралығының ұзақтығын бағалауға үйрету.
(Қанша уақыт жұмсадың?).
Көрсетілген уақыт бөлігінде жұмыс көлемін жоспарлауға үйрету. («3
Минутта қанша шеңбер жабыстырып үлгересің? Құмсағат арқылы тексер»).
Өмірдегі (тұрмыста, ойында) уақыт бөліктерін бағалауға үйрету [4].
Кеңістікте бағдарлауды қалыптастыру әдістемесі.
Екінші кіші топтың бағдарламасы балаларға кеңістікті бағыттарды
Өздерінен ажыратуға үйретуді ұсынады: алдында – артында, сол жақта – оң
Жақта.
Кеңістікті бағыттарды ажыратудың негізі ретінде балалардың өз дене
Мүшелерін нақты ажыратуы және өздерінен жақтарды анықтауы болады.
Сонымен, балаларда «алдында» ұғымы олардың бетімен, ал «артында»
(соңында) – арқасымен байланыстырылады. Жуыну немесе киіну кезінде
Тәрбиеші балалармен еркін сөйлесіп, дененің және беттің бөліктерін атайды:
«Мұрныңды, құлағыңды, иегіңді жу, маңдайыңды сүрт», «Басыңа орамал
Тақ», «Мойныңа шарф байла». Балалардың өздерін дененің және беттің
Бөліктерін атауға итермелеу қажет. Егер балалар жеткіліксіз бағдарланса,
Онда «Қуыршақты шомылдыру», «Қуыршақты ұйықтауға жатқызу»,
«Қуыршақты киіндірейік» атты дидактикалық ойындарын өткізуге болады.
Балаларды бір мезгілде жұпты өзара-кері бағыттарды ажыратуға
Жаттықтырады: үстінде – астында, алдында – артында, сол жақта – оң жақта
(сол – оң), олардың біреуі туралы ұғымдарды қалыптастыру басқасы туралы
Ұғымды қалыптастыруға тірек болады. Әсіресе балақайларға оң және сол
Қолын ажырату қиын болады. Балақайлар қай қолында қасық, қай қолында –
Нан ұстайтынын, қай қолында қарындаш, қылқалам, ал қай қолымен қағазды
Ұстайтынын білу керек.
Оң және сол қолдарды ажыратуға және атауға үйрету процесінде әр
Түрлі жақтарды өзінде анықтау қабілетінің дамуына көп көңіл бөлінеді: бас –
Үстінде, аяқтар – астында; оң аяқ, сол аяқ; оң жақ құлақ, сол жақ құлақ және т.б. Жаттығулар жүргізу кезінде балаларды бір-біріне қарсы, шеңберде
немесе бұрыштарда отырғызуға болмайды, өйткені бұл жағдайда кеңістікті
қабылдауда біртектілік бұзылады. Барлық балалар мен педагог бір жақта
бетімен қарап отыру керек. Жаттығулардың ұзақтығы 3-5 минуттан аспайды.
Балалардың осы ептілігіне сүйене отырып, оларға өздерінен кеңістікті
бағыттарды көрсетуге үйрете бастауға болады: алға, артқа, солға, оңға.
Мысалы, тәрбиеші балалардан жалаушаларды (немесе сылдырмақ) алып,
қолдарын жан жаққа созуды сұрайды. Бір сәтте балалар оң қолында көк
жалау бар екеніне назар аударады және олар сонымен оң жаққа көрсетеді;
сол қолында жасыл жалау ұстап, олар сол жаққа көрсетеді. Педагогтың
нұсқауымен балалар жалаушаларды төмен, жоғары, солға, оңға көрсетеді.
Олар сөзбен алға еңкеюге, қолдарын жоғары көтеруге, төмен түсіруге және
т.б. үйренеді. «Жасырынбақ», «Допты қай жерге лақтырды?» атты ойындар
қолданылады. Мұндай жаттығу ойындарын 6-8 рет қайталау керек, оларға
шамамен 4-5 минут беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |